Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1307 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1307 қаулысымен  
мақұлданған     

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері,
      Тараптардың экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетін растай отырып,
      осы Келісім негізінде Тараптардың мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу саласындағы заңнамаларын үндестіру қажеттілігін сезіне отырып;
      мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу саласында келісілген саясатты жүргізуге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Осы Келісімде қолданылатын терминдердің анықтамасы

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер қолданылады:
      1) мемлекеттік және муниципалдық (олар болған жағдайда) сатып алу (бұдан әрі - сатып алу) - тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуы және Тарап мемлекетінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражаттың есебінен өзге сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қарым-қатынастар;
      2) бірыңғай сатып алу веб-порталы (бірыңғай ресми сайт) (бұдан әрі - веб-портал) - егер бұл Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделсе, сатып алу туралы ақпаратқа және көрсетілген ақпаратты орналастыруға, сондай-ақ электрондық қызметтерге (сатып алуға) қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін әрбір Тараптың Интернет желісіндегі сайт (ақпараттық жүйе және электрондық ақпараттық ресурс);
      3) тапсырыс беруші - мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы (ол болған жағдайда), бюджеттік ұйым (оның ішінде мемлекеттік және муниципалдық мекемелер), сондай-ақ Тарап мемлекетінің заңнамасында анықталған жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Тараптар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында мемлекеттік және муниципалдық (олар болған кезде) бірыңғай кәсіпорындарға және мемлекеттік және муниципалдық қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты осы Келісімнің қолданылуын алып тастауды көздеуге құқығы бар.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында қызметі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушының құрылуы (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін;
      4) сатып алу туралы ақпарат - хабарлама, құжаттама, хабарламаның және (немесе) құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарт (келісімшарт) жобасы, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталған сатып алу туралы шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай шартқа (келісімшартқа) жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру-қабылдап алу актілері туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген көлемде веб-порталда міндетті түрде жариялауға жатады. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы Келісімде көзделген Тараптың веб-порталында орналастырылатын сатып алу туралы ақпараттың тізбесін кеңейтуге құқылы;
      5) ұлттық режим - әрбір Тарап Тараптардың аумақтарынан шығарылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу мақсаттары үшін осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін өнім берушілер мен әлеуетті өнім берушілер үшін өз мемлекетінің ұлттық тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне), осындай тауарларды ұсынатын, сондай-ақ жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін өнім берушілері мен ықтимал өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз етеді деп көздейтін режим.
      Тауардың шыққан елі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында әрекет ететін тауарлардың шығу елін анықтау қағидасына сәйкес анықталады;
      6) электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы - ұйымдастыру-құқықтық нысанына, меншік нысанына қарамай заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік тіркелуі Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған, Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңы (электрондық алаңы), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық-аппараттық құралдары бар және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке тұлға;
      7) әлеуетті өнім беруші (мердігер, орындаушы) (бұдан әрі - әлеуетті өнім беруші) - ұйымдастыру-құқықтық нысанына, меншік нысанына, орналасқан орнына немесе капиталдың шығу орнына қарамастан, кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер. Тараптардың кез келгені Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында барлық Тараптардың жеке тұлғаларының және (немесе) мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар болған кезде), бюджеттік ұйымдарының (оның ішінде мекемелердің) сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеуге құқылы;
      8) өнім беруші (орындаушы, мердігер) (бұдан әрі - өнім беруші) - шарт (келісімшарт) жасасқан тұлға;
      9) неғұрлым қолайлылық режимі - Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге), сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін өнім берушілеріне және әлеуетті өнім берушілеріне үшінші елдердің аумақтарынан шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және үшінші елдердің осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін өнім берушілеріне, ықтимал өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режим ұсыну;
      10) үшінші елдер - үкіметтері осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер;
      11) электрондық сатып алу нысаны (форматы) - Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алу рәсімі;
      12) электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) - электрондық нысанда (форматта) сатып алуды жүргізу үшін Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) осы бөліктің 2-тармағында көрсетілген сайт болып табылуы мүмкін деп белгіленеді.
      2. Осы Келісімді қолданған кезде Тарап мемлекеті заңнамаларының терминдері мен ережелерінен осы Келісімде белгіленгеннен өзге мағына туындамаса, онда Тарап мемлекетінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіру талап етілмейді.

2-бап. Келісімнің қолданылу саласы

      1. Осы Келісімнің қолданылуы сатып алу саласындағы қарым-қатынастарға таралады.
      2. Осы Келісім олар туралы мәліметтер Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды.

3-бап. Сатып алу саласына қойылатын талаптар

      Тарап мемлекетінің заңнамасы, сондай-ақ сатып алу осы Келісімге және мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) сатып алу саласындағы қарым-қатынастарды Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында ғана тікелей реттеу;
      2) Тараптар мемлекеттерінде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
      3) ұлттық режим ұсыну;
      4) неғұрлым қолайлылық режимін ұсыну;
      5) сатып алудың, оның ішінде:
      - әрбір Тараптың ақпаратты барынша кең іздеуді қамтамасыз ететін сатып алу туралы ақпаратқа кедергісіз және ақысыз қол жеткізуімен веб-портал құруы;
      - веб-порталда Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жариялауы арқылы жүзеге асырылатын сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
      6) сатып алу жүргізілуі мүмкін электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі санын белгілеу;
      7) сатып алуды осы Келісімде көзделген тәсілдермен жүргізу;
      8) электрондық форматта (нысанда) жүргізілетін сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге электрондық цифрлық қолтаңбаны кедергісіз беруді қамтамасыз ету;
      9) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына, сондай-ақ сатып алу шарттарына өнім берушілерге, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілік етілмейтін кез келген талаптар енгізуге тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға ерікті түрде қол жеткізуіне тыйым салуды белгілеу;
      10) әлеуетті өнім берушілердің оларды беру туралы талап сатып алу туралы хабарламада және (немесе) құжаттамада белгіленбеген құжаттар мен мәліметтерді осындай өнім берушілердің бермеу негіздері бойынша сатып алуға жіберуден бас тартуына тыйым салуды белгілеу;
      11) сатып алу шарттарын, оның ішінде өнім берушілер, әлеуетті өнім берушілер санын шектеуге әкеп соқтыратын сатып алу шарттардың (келісімшарттардың) талаптарын белгілеуге тыйым салу;
      12) тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін орындаудан бір жақты бас тартуына тыйым салуды белгілеу;
      13) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарын өзгертуге, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын өзгертуге тыйым салуды белгілеу. Тараптар өз мемлекетінің заңнамасында шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарын өзгертуге, оның ішінде көрсетілген өзгерістерге жол берілетін нақты жағдайларды белгілей отырып, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын өзгертуге рұқсат ететін ережелерді алып тастауға ұмтылады. Бұл ретте инфляциялық өзгерістерге, валюта бағамының өзгеруіне, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне жол берілмейді, сондай-ақ сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын тепе-тең төмендетусіз тауарлардың санын (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін) азайтуға жол берілмейді;
      14) бағалау өлшемдердің, сондай-ақ жеңімпазды объективті емес және (немесе) әкімшілік етусіз анықтауға әкеп соқтыратын конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыру тәртібін белгілеуге тыйым салу;
      15) өнім берушілердің, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
      16) сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органды құру (анықтау);
      17) сатып алу нәтижелеріне жеке мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде конкурсқа, аукционға немесе баға белгілеуді сұратуға қатысуға өтінімдер берген жеке тұлғалар), конкурсқа, аукционға немесе баға белгілеуді сұратуға қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің қызметкерлері не әлеуетті өнім берушілер не әлеуетті өнім берушілер әсер етуге қабілетті жеке тұлғалар (оның ішінде осы ұйымдардың қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының мүшелері, әлеуетті өнім берушілердің кредит берушілері болып табылатын жеке тұлғалар), сондай-ақ сатып алу саласындағы бақылаушы органның сатып алу саласындағы тікелей бақылауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар комиссия мүшелері бола алмайды;
      18) сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу;
      19) сатып алу саласындағы бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.

4-бап. Ұлттық режимді қамтамасыз етудің ерекшеліктері

      Ерекше жағдайларда Тараптар екі жылдан аспайтын мерзімге бір жақты тәртіппен Тарап мемлекетінің заңнамасымен ұлттық режимнен алуларды белгілей алады.
      Бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу саласында нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органы немесе тиісті мемлекеттің Үкіметі тікелей алдын ала, бірақ олар енгізілгенге дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Кеден одағының комиссиясын (бұдан әрі - КОК) және басқа да Тараптарды осындай алуларды белгілеу қажеттілігін негіздей отырып, осындай алуларды белгілеу туралы хабардар етеді.
      Мұндай хабарлама алған Тараптар оны жіберген Тарапқа осы бапта көзделген алуларды белгілеуге қатысты консультациялар өткізу туралы ұсыныспен жүгіне алады.
      Осы бапқа сәйкес алулар белгілейтін Тарап басқа Тарапқа осындай консультациялар өткізуден бас тарта алмайды.
      КОК Тарап алуды енгізу туралы нормативтік құқықтық акт қабылдаған сәттен бастап бір жыл ішінде Келісімнің кез келген Тарапы белгілеген ұлттық режимнен алуды жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер КОК белгіленген алуды ұлттық режимнен жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осындай алуды белгілеуге бастамашылық еткен Тарап екі ай мерзімде алуды белгілеген тиісті ұлттық актіні жоюды қамтамасыз етеді. Бұл ретте КОК ұлттық режимнен алуларды жою туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай ұлттық актінің әрекет етуі қолдануға жатпайды.

5-бап. Сатып алуды жүргізу тәсілдері

      Сатып алу мынадай тәсілдердің кез келгенімен жүргізіледі:
      1) конкурс (ашық) - (бұдан әрі - конкурс);
      2) егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату);
      3) аукцион (ашық) (бұдан әрі - аукцион);
      4) егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, биржа сауда-саттығы;
      5) бір кезден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не, егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, Тарап актісі негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып алу.
      Осы баптың 5-тармағында көрсетілген сатып алу, осы баптың 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізусіз сатып алу 12-бапқа және осы Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-бап. Өнім берушілерге, әлеуетті өнім берушілерге
қойылатын талаптар

      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген өнім берушілерге, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмеуге тиіс.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген мәліметтердің негізінде, егер көрсетілген тізілімді жүргізу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген және оны Тараптың уәкілетті органы жүзеге асыратын болса, әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуы шектелуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуда қатысуы сондай-ақ осы Келісімнің 14-бабында көзделген жағдайларда шектелуі мүмкін. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін өндіріп алуға жол берілмейді.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тапсырыс берушінің сатып алу жүргізген кезде әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету туралы талап, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы талап белгілеуге құқығы немесе міндеті көзделген болуы мүмкін.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мөлшері мен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері белгіленуі мүмкін. Бұл ретте сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлеуі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету мөлшері сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының бес пайызынан, ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының отыз пайызынан аспайды. Бұл жағдайда сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері кемінде аванстың мөлшерін құрауға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің артық мөлшері аванс мөлшерінен отыз пайыздан аспайды.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде екі тәсілі (түрі) белгіленуге тиіс.

7-бап. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қойылатын талаптар

      Сатып алу туралы құжаттама және өзге де құжаттар сатып алу жүргізген кезде, егер мұндай талаптар өнім берушілер, әлеуетті өнім берушілер санын шектеуге әкеп соқтыратын болса, сатып алынатын тауар тапсырыс беруші пайдаланатын тауармен сәйкес келмеген және мұндай тауарлардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттігі жағдайларын қоспағанда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қойылатын талаптарды қамтымауға тиіс. Оның ішінде тауар өндірушіге қойылатын талаптар белгілеуге жол берілмейді.

8-бап. Конкурс

      1. Тапсырыс беруші сатып алуды электрондық форматта (нысанда), оның ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді электронды құжат нысанында беруді көздейтін конкурс тәсілімен жүзеге асырады.
      Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында конкурсты өткізу аяқталғанға дейін әлеуетті өнім беруші туралы ақпараттың құпиялылығы туралы талапты сақтау қажеттігіне байланысты конкурсты өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
      2. Конкурс мынадай талаптарды ескере отырып өткізіледі:
      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
      2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;
      3) конкурс өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталған күнге дейін кемінде 20 күн бұрын веб-порталда орналастыру. Тапсырыс беруші конкурс өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің мерзімі енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін мұндай мерзім кемінде 15 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді;
      4) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және Тарап мемлекетінің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында белгіленген санда, мерзімде және тәртіппен мұндай түсіндірулерді веб-порталда жариялау (орналастыру);
      5) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді электронды құжат нысанында беру;
      6) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық құжаттаманы ашуы және (немесе) қарауы, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашудың және (немесе) әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат берудің тиісті хаттамаларын веб-порталда жариялау (орналастыру) және (немесе) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әрбір әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу нәтижелері және (немесе) осындай өнім берушінің конкурсқа қатысуына рұқсат алғаны (рұқсат беруден бас тартылғаны) туралы хабардар ету;
      7) әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (ұсыныстарын), оның ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған электронды құжат нысанындағы баға ұсыныстарын бағалау, салыстыру, конкурс жеңімпазын анықтау және конкурс қорытындыларының хаттамасын веб-порталда жариялау (орналастыру);
      8) конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасатын әлеуетті өнім берушімен әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген шарттармен, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу немесе Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сондай-ақ, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігіне сүйене отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурсты өтпеді деп тану жағдайында тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.

9-бап. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату)

      1. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алу, егер осындай тәсіл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын бастапқы (ең жоғарғы) бағасынан аспайтын жағдайларда, оның ішінде осы Келісімге 2-қосымшада көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жүзеге асырылады. Айрықша жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасына қарамастан, баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алу анықталған болуы мүмкін.
      2. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы занңамасына сәйкес сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) жеңімпазы болып танылады.
      3. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде оны өткізу туралы хабарлама Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, бірақ баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгілеуді сұратуға) қатысуға арналған өтінімдерді (ұсыныстарды) беру аяқталатын күнге дейін кемінде төрт жұмыс күні бұрын веб-порталда жарияланады (орналастырылады).
      4. Тараптардың кез келгені баға ұсыныстарын сұратудан (баға белгілеуді сұратудан) артықшылығы бар электрондық форматта (нысанда) аукциондар өткізуге көшуге тырысады.

10-бап. Аукцион

      1. Аукцион тәсілімен сатып алу, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ең аз тізбесі бойынша электрондық форматта (нысанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукцион жолымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің неғұрлым кеңірек тізбесін белгілеуге құқылы.
      Сатып aлу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.
      2. Аукциондарға қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, кемінде үш жылға веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) міндетті түрде аккредиттелуге жатады.
      3. Аукцион мынадай талаптарды ескере отырып өткізіледі:
      1) аукцион туралы құжаттаманы бекіту;
      2) аукциондық комиссияның құрамын бекіту;
      3) аукцион өткізу туралы хабарламаны және аукциондық құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда), бірақ аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде 20 күн бұрын мерзімде орналастыру. Тапсырыс беруші аукцион өткізу туралы хабарламаға және (немесе) аукциондық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда аукционға қатысуға арналған өтінімдерді берудің мерзімі енгізілген өзгерістер веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жарияланған (орналастырылған) күннен бастап аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін мұндай мерзім кемінде 15 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукционды қысқа мерзімде өткізуге мүмкіндік беретін сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасы көзделген болса, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы тармақта белгіленген мерзімге қарағанда неғұрлым қысқа мерзімдерді қолдану белгіленуі мүмкін;
      4) тапсырыс берушінің аукцион туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген санда және тәртіппен мұндай түсіндірулерді веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
      5) электронды құжат нысанындағы аукционда қатысуға арналған өтінімдерді Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес веб-порталға және (немесе) электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға) беру;
      6) аукционды өткізу аяқталғанға дейін әлеуетті өнім беруші туралы ақпараттың құпиялылығы туралы талапты сақтай отырып, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін аукциондық комиссияның аукционда қатысуға арналған өтінімдер мен аукциондық құжаттаманы қарауы (бұл ретте өтінімдер мен аукцион туралы құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бөлігінде қарау аукцион аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады);
      7) әрбір әлеуетті өнім берушіні осындай өнім берушінің аукционға қатысуға рұқсат алғаны (рұқсат беруден бас тартылғаны) туралы хабардар ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, аукционда қатысуға өтінімдерді қарау хаттамасын веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
      8) аукционды сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасын төмендету жолымен өткізу. Егер аукционды өткізу кезінде сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасы нөлге дейін төмендейтін болса, аукцион егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу құқығына сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасын көтеру жолымен жалғасады;
      9) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы занңамасына сәйкес аукцион хаттамасын веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
      10) аукцион қорытындысы бойынша, онымен шарт (келісімшарт) жасалатын әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімінде және осындай әлеуетті өнім беруші ұсынған баға бойынша аукциондық құжаттамада көрсетілген шарттармен Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу немесе Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталған жағдайларда аукционды өтпеді деп тану. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сондай-ақ, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігіне сүйене отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ аукцион өтпеді деп тану жағдайында тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.

11-бап. Биржалық сауда-саттық жүргізу жолымен сатып алу

      Биржалық тауарларды сатып алу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осындай, оның ішінде осы Келісімге 2-қосымшада көзделген тауарды сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін тауар биржаларының шектеулі саны белгіленуі (не бір тауарлық биржа анықталуы) тиіс. Сатып алынуы тауар биржасында жүзеге асырылуы мүмкін тауар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен анықталады.

12-бап. Бір көзден алу тәсілімен (жалғыз өнім берушіден
(орындаушыдан, мердігерден) осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4
және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбестен,
сондай-ақ Тарап актісінің негізінде нақты сатып алуды
орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу

      Егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен көзделген жағдайда, бір көзден алу тәсілімен (жаңғыз берушіден (орындаушыдан, мердігерден) осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбей, Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып, осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Егер Тарап осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жағдайлардың тізбесін толықтыру қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Келісімге 1-қосымшаның 26-тармағында көрсетілген актіні қабылдау қажет болған жағдайда Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы, не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылау органы немесе Тараптың тиісті мемлекетінің Үкіметі тікелей алдын ала, бірақ оларды қабылдағанға дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда КОК-ты және басқа Тараптарды хабардар етеді.
      Егер осы Келісімге 1-қосымшаның 11, 12-тармақтарында көрсетілген акт қабылданған жағдайда, Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы, не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылау органы немесе көрсетілген актіні қабылдайтын Тараптың тиісті мемлекетінің Үкіметі тікелей бұл туралы КОК-ты және басқа Тараптарды оны қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
      Осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жағдайлар тізбесін толықтыру, осы Келісімге 1-қосымшаның 11, 12, 26-тармақтарында көрсетілген актіні қабылдау Тарап оны қабылдаған сәттен бастап 1 жыл ішінде ұлттық режимнен алып тастау бөлігінде осы Келісімнің 4-бабында көзделген тәртіппен жойылуы мүмкін. Бұл ретте осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жағдайлар тізбесін қысқартуды, сондай-ақ осы Келісімге 1-қосымшаның 11, 12, 26-тармақтарында көрсетілген актіні жоюды Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында әрбір Тарап бір жақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.
      Осы Келісімге 1-қосымшаның 11, 12, 26-тармақтарында көрсетілген актіні қабылдау ерекше жағдайларда жүзеге асырылады. Осындай актінің қолданылу мерзімі, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау өндірістік циклының ұзақтығы екі жылдан астам уақытты құрайтын жағдайды қоспағанда, екі жылдан аспауы тиіс.
      Әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген сатып алуды жүргізу тәртібін белгілеуге құқылы.

13-шарт. Сатып алу туралы шарт (келісімшарт)

      Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) сатып алу туралы осындай шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін барлық тараптардың жауапкершілігі туралы міндетті шартты қамтуы тиіс.
      Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) ақы төлеудің, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің оның сәйкестігіне, оның ішінде осындай шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға саны, жиынтығы, көлемі және сапасы бойынша сәйкестігіне қабылдауды жүзеге асыру тәртібі туралы міндетті шартты қамтиды.
      Тараптың веб-порталында сатып алу туралы, оның ішінде тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталған сатып алу туралы шарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай шарттарға (келісімшарттарға) жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтерді және де сатып алу нәтижелерін тапсыру-қабылдау актілері туралы мәліметтерді қамтитын шарттардың (келісімшарттардың) тізілімі жариялануға (орналастыруы) тиіс.
      Тараптар электрондық форматта (нысанда) сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) жасауға көшуге, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды), қосымша келісімдерді, сатып алу нәтижелерін төлеу және тапсыру-қабылдау актілері туралы мәліметтерді сатып алу туралы шарттардың (келісімшарттардың) тізіліміне қосуға ұмтылады.

14-бап. Жосықсыз өнім берушілер тізілімі

      1. Әрбір Тараптың уәкілетті органы осы Тараптың сатып алуы бойынша жосықсыз деп танылған өнім берушілер, әлеуетті өнім берушілер және өзге адамдар туралы мәліметтер енгізілетін жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыруы тиіс.
      2. Жосықсыз өнім берушілер тізілімі Тарап мемлекетінің Тараптың сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылады және жүргізіледі, сондай-ақ осы Тараптың веб-порталында жарияланады (орналастырылады).
      3. Тараптың жосықсыз өнім берушілерінің тізіліміне мынадай:
      1) сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
      2) олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне осы Тараптың сатып алу бойынша жосықсыз деп танылған өзге адамдары туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
      Жосықсыз өнім берушілер тізілімі Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес соттың және (немесе) ұлттық бақылаушы органның шешімі негізінде осы бөліктің 1, 2-тармақтарында көзделген фактілерді белгілеу кезінде қалыптастырылады.
      Осы бапта көзделген мәліметтер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге енгізіледі.
      4. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптың тапсырыс берушісінің осы Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген мәліметтеріне сүйене отырып, қатысуға рұқсатты жүзеге асыруға құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
      5. Тарап мемлекетінің заңнамасында барлық басқа Тараптардың жосықсыз өнім берушілер тізілімдерінде бар мәліметтерге сүйене отырып, сатып алуға рұқсатты жүзеге асыруға тапсырыс берушінің құқығы (немесе тиісінше міндеті) белгіленуі мүмкін.
      6. Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізілген адам жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілгенін сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

15-бап. Сатып алуға қатысу кезінде адамдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету

      Тараптардың әрқайсысы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды.
      Осы бапқа сәйкес қамтамасыз етілетін сатып алу саласындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің көлемі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталады.
      Сатып алу саласындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптардың әрқайсысы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұлттық бақылаушы органды құрады (анықтайды), оның құзыретіне сондай-ақ:
      1) сатып алу саласында, оның ішінде тексерулер жүргізу жолымен бақылауды жүзеге асыру;
      2) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзатын тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары операторларының (электрондық алаңдар), веб-портал (сондай-ақ шарттар (келісімшарттар) тізілімі) операторларының, тауар биржаларының, комиссияның, сатып алуды жүзеге асыру кезінде өзге адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау. Бұл ретте тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары операторларының (электрондық алаңдар), веб-портал (сондай-ақ шарттар (келісімшарттар) тізілімі) операторларының, тауар биржаларының, комиссияның, сатып алуды жүзеге асыру кезінде өзге адамдардың сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін жасалған әрекетіне (әрекетсіздігіне) сатып алуға қатысуға арналған өтінімді беруіне қарамастан, кез келген әлеуетті өнім беруші шағымдануға құқылы;
      3) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды тоқтату бойынша, оның ішінде Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы нұсқаманы міндетті орындау үшін беру жолымен шаралар қабылдау;
      4) Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайда жосықсыз өнім берушілер тізілімін жүргізу.

16-бап. Келісімді іске асыру

      1. Осы Келісімнің іске асырылуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
      1) 1-кезең (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы үшін) - 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіруге бағытталған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына өзгерістер енгізу, осы Келісімге сәйкес электрондық форматта сатып алуды өткізу процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы үшін ұлттық режимді енгізу.
      2) 2-кезең - (Қазақстан Республикасы үшін) 2012 жылғы 1 шілдеге дейін Тарап мемлекетінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіруге бағытталған Тарап мемлекетінің заңнамасына өзгерістер енгізу, осы Келісімге сәйкес электрондық форматта сатып алуды өткізу процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу.
      3) 3-кезең - (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы үшін) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Тараптар мемлекеттерінің барлығы үшін ұлттық режим енгізу.
      2. Әрбір кезеңнің аяқталуы туралы әрбір Тарап ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіне (Кеден одағының жоғары органы) дереу хабарлайды.
      3. Егер Тараптардың бірі Келісімді іске асыру бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, басқа Тараптар осы мәселені КОК отырысында қарау үшін КОК-қа жүгінуге құқылы. Қарау нәтижелері бойынша КОК мынадай:
      1) іске асыру бойынша міндеттемелерді бұзу фактісінің жоқтығы туралы;
      2) Келісімді іске асыру бойынша міндеттемелердің бұзылу фактісін тану туралы және анықталған бұзушылықты Тараптың жою қажеттілігі туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      4. Егер осы баптың 3-тармағының «2» тармақшасында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап екі ай өткен соң оған қатысты тиісті шешім қабылданған Тарап КОК-тың шешімін орындамаса, онда әрбір басқа Тарап бір жақты тәртіппен осы Келісімнің осы бабының 5-тармағында көзделген жауап қайтару шараларын қабылдауға құқылы.
      5. Тараптар осы Келісімде көзделген міндеттемелерді, бұл туралы басқа Тараптарға және КОК-қа дереу хабарлама жіберіп, Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған Тарапқа (Тараптарға) таратпауға құқылы.

17-бап. Дауларды шешу

      Осы Келісімді қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар бірінші кезекте мүдделі Тараптардың консультациялары және (немесе) келіссөздері жолымен, ал келісімге қол жетпеген жағдайда, Тараптардың бірінің екінші Тарапқа жіберген оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші күнінен бастап бір жыл өткен Тараптардың кез келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға жіберуі мүмкін.

18-бап. Қосымшалар мәртебесі және осы Келісімге өзгерістер
енгізу тәртібі

      1. Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келісімге және оған қосымшаларға осы баптың 2-бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тараптардың жеке хаттамаларымен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      2. Егер Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актісімен бір жақты тәртіппен осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген тізбеге толықтырулар енгізілмеген және КОК осы Келісімнің 12-бабында көзделген тәртіппен осындай нормативтік құқықтық актіні жою туралы шешім қабылданбаған жағдайда, осындай толықтыру автоматты түрде осы Келісімге 1-қосымшаны өзгерту болып табылады және жеке хаттамамен ресімдеуді талап етпейді.

19-бап. Қорытынды ережелер

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді барлық Тараптардың орындағаны туралы хабарламаларды алғаны туралы депозитарийдің ақпараты болған жағдайда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі (үкіметтер басшылары деңгейінде) оның күшіне енуі туралы шешім қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім оған Кеден одағының мүшелері болған басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
      Осы Келісім Тараптарға осы Келісімнің Тараптары болып табылмайтын мемлекеттермен сатып алу саласында халықаралық шарттар жасасуға кедергі жасамайды.
      2010 жылғы «___» ______ __________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын КОК-та сақталады.
      Депозитарий осы Келісімге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь                   Қазақстан                Ресей
  Республикасының             Республикасының         Федерациясының
    Үкіметі үшін               Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу
туралы келісімге        
1-қосымша            

Бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан,
мердігерден), не Тараптың актісі негізінде нақты сатып
алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып
алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4 және
5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу
жағдайларының тізбесі

      Бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден), не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау (сұйытылған газды сату жөніндегі қызметтерді қоспағанда) қызметтері, Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес реттелетін баға (тариф) бойынша инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылу (бірігу), электрмен жабдықтау немесе электр энергиясына кепілдік беретін өнім берушімен электр энергиясын сатып алу-сату қызметтері сатып алынса, сондай-ақ табиғи монополиялар қызметі саласына жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылса;
      2) мәдени құндылықтарды, оның ішінде мұражайлық бұйымдар мен мұражайлық коллекцияларды, сондай-ақ мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотоқорды және өзге ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркем немесе өзге мәдени маңызы бар, көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және бағалы бұйымдарды, қолжазбаларды, мұрағаттық құжаттарды, жеткізу жүзеге асырылса;
      3) жұмылдыру дайындығы бойынша жұмыстар сатып алынса;
      4) орындауды немесе көрсетуді тек атқарушы билік органдары өз өкілдіктеріне сәйкес немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, тиісті өкілдіктері Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін мемлекеттік біртұтас кәсіпорындар жүзеге асыра алатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынса;
      5) осыған байланысты уақыт шығынын талап ететін өзге сатып алу тәсілдерін қолдану орынсыз, еңсерілмес күштің, оның ішінде төтенше жағдайдың (төтенше жағдайлардың салдарын оқшауландыру және/немесе жою), аварияның, шұғыл медициналық араласу қажеттілігі салдарынан белгілі бір тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қажеттілік туындаса;
      6) егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындары жүзеге асырса, тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындары жүзеге асырады;
      7) Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда сатып алу рәсімдері өтпеген деп саналса;
      8) елдің қорғанысы, мемлекеттің қауіпсіздігі және құқық тәртібін қамтамасыз ету мұқтаждары үшін байланыс қызметтері сатып алынса;
      9) Тарап мемлекетінің заңнамасында бір көзден (жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етілетін мәмілелердің шекті сомасы (не шекті тоқсандық немесе жылдық көлемі) белгіленетін болады. Бұл ретте, көрсетілген мөлшер жеке сипатта болмауы тиіс. Осы Келісімнің Тараптары сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қол жеткізуін барынша кеңейту мақсатында көрсетілген шекті барынша азайтуға ұмтылады;
      10) Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жалғыз өнім берушіден қару-жарақ пен әскери техниканы беруге тапсырысты орналастыру жүзеге асырылса;
      11) Тарап мемлекеті Президентінің жарлығымен немесе өкімімен анықталған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу жүзеге асырылса;
      12) Тарап мемлекеті Президентінің шешімі немесе тапсырмасы бойынша Тарап мемлекеті Үкіметінің өкімімен (шешімімен) анықталған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу жүзеге асырылса;
      13) белгілі бір авторлардың әдебиет және өнер шығармаларын (жалға беру мақсатында киножобаларды сатып алу жағдайларын қоспағанда), нақты орындаушылардың орындауларын, нақты өндірушілердің фонограммаларын, егер жалғыз тұлғаға осындай шығармаларға, орындауларға, фонограммаларға айрықша құқығы тиесілі болған жағдайда, сатып алу жүзеге асырылса;
      14) белгілі бір мерзімді баспа және электрондық басылымдарға жазылу жүзеге асырылса, сондай-ақ егер көрсетілген басып шығарушыларға осындай басылымдарды пайдалануға ерекше құқық тиесілі болса, белгілі бір авторлардың баспа және электрондық басылымдарын сатып алу, мемлекеттік және муниципалдық білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және муниципалдық кітапханалардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін электрондық басылымдарға қол жеткізуді беру бойынша қызмет көрсету жүзеге асырылса;
      15) хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге, спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру жүзеге асырылады;
      16) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысуға төлемді сатып алу жүзеге асырылса;
      17) жеке тұлғалардан оқытушылық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылса;
      18) концерттік қызметті жүзеге асыратын театр, мекеме, оның ішінде концерттік ұжым (би ұжымы, хор ұжымы, оркестр, ансамбль), телерадио тарату мекемесі, цирк, мұражай, мәдениет үйі, мәдениет сарайы, клуб, Тараптар мемлекетінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес нақты жеке тұлғалардан, жалғыз өнім берушіден - сценарий авторынан, орындаушы әртістен, балетмейстерден, теле немесе радио бағдарламаны жүргізушіден, дизайнерден, дирижерден, драматургтен, қолға үйретушіден, цирк нөмірлерінің инженерінен, композитордан, концертмейстерден, либреттисттен, кино-бейне, дыбыс жазба операторынан, жазушыдан, ақыннан, режиссерден, репетитордан, мүсіншіден, хореографтан, хормейстерден, жазушыдан не орындаушыдан тапсырысты орналастыру тізбесіне енгізілген мәдениет және өнер туындыларын жасауға тапсырысты орналастыруды жүзеге асырса;
      19) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуді авторлық бақылау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, қайта жаңартуды, күрделі жөндеуді авторлық қадағалауы бойынша қызметтерді сатып алу жүзеге асырылса;
      20) Тараптардың мемлекеттері халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткіші) сақтау бойынша жұмысты жүргізуді техникалық және авторлық қадағалауды жүргізуге тапсырысты орналастыру жүзеге асырылса;
      21) қызметкерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты қызметтерді (қызметтік іссапар орнына және кері жол жүру, тұрғын үй-жайды жалдау, көліктік қызмет көрсету, тамақты қамтамасыз ету) сатып алу жүзеге асырылса, сондай-ақ өкілдік шығыстар жүзеге асырылса;
      22) шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттердің үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар, парламенттік делегациялар, үкіметтік делегациялар, шет мемлекеттер делегациялары басшыларының сапарларын қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді көрсетуге тапсырыс (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) орналастыру жүзеге асырылса;
      23) Президент, заңнамалық жиналыс палаталары, Тарап мемлекетінің Үкіметі тікелей өткізетін көшпелі іс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қызметтер көрсетуге тапсырыс орналастыру жүзеге асырылса (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету);
      24) Тараптар мемлекеттерінің Олимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт құрама командаларын дайындау, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің спорт құрама командаларының Олимпиадалық ойындарға және параолимпиадалық ойындарға қатысуы үшін қажетті спорт мүкәммалын және жабдықтарын, спорт киім-кешегін жеткізуге тапсырысты орналастыру жүзеге асырылса;
      25) жазаларды орындайтын мекемелер тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін шикізат, материалдар және жинақтаушы заттарды сатып алу көрсетілген азаматтық-құқықтық шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда заңды тұлғалармен жасалған азаматтық құжаттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында тауарларды ендіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін осындай мекемелер шикізат, материалдар және жинақтаушы заттарды сатып алса, мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды жеткізуге жалғыз өнім берушіге тапсырысты орналастыруға құқылы;
      26) нақты тапсырмаларды орналастырудың ерекшеліктері Тарап мемлекеті Үкіметінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленуі мүмкін;
      27) материалдық резервтердің мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінен іске асырылатын материалдық құндылықтар;
      28) белгілі бір өнім берушіде сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушіде, ұйымдастырушыда, уәкілетті ұйымда осындай тауарлардың қосымша санына қажеттілік туындаса. Бұл ретте қосымша сатып алынатын тауар келісімшартта көзделген тауарлар санының он пайызынан аспайды. Қосымша берілген тауар бірлігінің бағасы осындай тауар санының келісімшартында көзделген келісімшарттың бастапқы бағасынан бөлуден жеке меншік ретінде анықталуы тиіс;
      29) егер көп пәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес көп пәтерлі үйде үй-жайлардың меншік иелерінің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көп пәтерлі үйді басқару жөніндегі қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады;*
      30) егер осы қызметтер басқа тұлғаға немесе өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын үй емес үй-жайларды пайдаланатын тұлғаларға көрсетілген жағдайда, мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырыс берушіге қайтарусыз пайдалануға берілген бір немесе бірнеше тұрғын үй немесе үй-жайларды техникалық ұстау, күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады;*
      31) егер мұндай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша алғашқы ай ішінде жүзеге асырылған жағдайда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болады. Осы жағдайда сатып алудың көлемдері сатып алуды өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің тұтынушылығын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санынан аспайды;**
      32) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін тауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      33) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;**
      34) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      35) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді, егер жеке тұлға өз бетімен кредиттік (банктік) ұйымды анықтаған жағдайда алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақы төлеуді есептеу үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде сатып алу;**
      36) зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;**
      37) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;**
      38) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген осы Қосымшада анықталған тәсілдердің тізбесін, сайлау туралы заңнамада көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      39) Тараптар мемлекетінің Үкіметі тікелей бекіткен тізбе бойынша Тараптардың халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Тарап мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      40) Тарап мемлекетінің ұлттық валютасының банкноталары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізіп беру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      41) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Тарап мемлекетінің Үкіметіне тікелей, Тарап мемлекетінің Ұлттық Банкіне өтеусіз негізде ұсынатын гранттар ақшасын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;**
      42) жеке тұлғалар үшін (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өз бетімен таңдаған жағдайда) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      43) Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      44) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып aлу;**
      45) Тараптар мемлекеттерінің шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;**
      46) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;**
      47) монетарлық қызметті, сондай-ақ Тарап мемлекетінің Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      48) Тарап мемлекетінің Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тарап мемлекеті Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;**
      49) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;**
      50) Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      51) Тарап мемлекетінің заңнамасында анықталған нақты тұлғаның тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін (оның ішінде, егер тұлға мемлекеттік монополия болып табылған жағдайда және Тараптардың мемлекеттері заңының мемлекеттік монополиясымен анықталғанда), сондай-ақ орындалуы немесе көрсетілуі атқарушы билік органдарымен олардың өкілеттіктеріне немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік (біртұтас) кәсіпорындарға, акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға сәйкес айрықша жүзеге асырылуы мүмкін болатын, тиісті өкілеттіктері Тараптар мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін жұмыстар немесе қызметтер сатып алынған жағдайда сатып алу;**
      52) статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      53) Тараптардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін; Тараптардың банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін; Тараптардың жер заңнамасына сәйкес өткізілетін; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;**
      54) адвокаттардың Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;**
      55) Тараптардың мемлекеттерінің заңнамасымен белгіленген жағдайда нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;**
      56) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      57) Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген жағдайда ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;**
      58) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;**
      59) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;**
      60) өзі шығарған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарынан (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда), емдеу-өндірістік (еңбек) профилакторийлері және Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-өндірістік (еңбек) шеберханалары, сондай-ақ мүгедектер саны қызметкерлердің тізім санының кемінде 50 пайызын құрайтын ұйымдарда (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда), «Белхудожпромыслы» мемлекеттік өндіріс сауда бірлестігі және оның құрамына кіретін ұйымдар (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда) көркем кәсіпшілік бұйымдарын сатып алуға;***
      61) мемлекеттік органдарды және президенттік, үкіметтік, жедел, арнайы байланыстың басқа да түрлерінің өзге де ұйымдарын қамтамасыз ету мақсатында сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) Тараптардың мемлекеттерінде және Тараптар мемлекеттерінің одан тыс тұрған ұйымдарында ақпаратты жасырын алуды ұйымдастыру және осындай байланыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;***
      62) алып қойылған, тыйым салынған, тәркіленген немесе өзге тәсілмен мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктер, оның ішінде орындалмаған салық міндеттемелерін, төленбеген өсімпұлдар есебінен төлету салынған мүліктер;***
      63) Көп пәтерлі үйде үй-жайларды иемденушілері немесе, егер көп пәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекет меншігінде немесе муниципалдық меншікте болса басқару ұйымының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергілікті өзін өзі басқару органы таңдау негізінде көп пәтерлі үйді басқару бойынша қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады;***
      64) егер осы қызметтер өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимаратта тұрған тұрғын үй емес үй-жайларды пайдаланатын басқа адамға немесе адамдарға көрсетілген жағдайда мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырыс берушінің өтеусіз пайдалануына берілген бір немесе бірнеше тұрғын үй емес үй-жайларды техникалық ұстау, қорғау және қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады;***
      65) сатып алу қорытындыларын жасағанға және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы сұранысты сатып алуды, егер осындай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, жүзеге асыру қажеттілігі бар. Осы жағдайда сатып алу көлемі сатып алуды жүргізудің екі айдан аспайтын мерзімі ішінде тапсырыс берушінің сұранысын қамтамасыз ету үшін қажет тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің санынан артуы мүмкін емес;***
      66) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;***
      67) табиғатты пайдалану құқығына ие болу;***
      68) шетелде қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді сатып алу;***
      69) егер жеке тұлға өздігімен кредиттік (банктік) ұйымды анықтаған жағдайда, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақшалай қаражаты бойынша операциялар бөлігінде алушылар шотына (жеке тұлғалар) жалақыны есептеу қызметтерін көрсету бөлігінде рейтингтік агенттіктер қызметтерін, қаржы қызметтерін сатып алу;***
      70) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу;***
      71) осы Қосымшасында анықталған тәсілдермен оларды сатып алу тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген қызметтерді таңдауға байланысты сатып алулар;***
      72) тарап мемлекетінің Үкіметі тікелей бекіткен тізбе бойынша, сондай-ақ Тарап оның мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Тараптардың халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылған тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;***
      73) тарап мемлекетінің банкноталары мен ұлттық валюта монеталарының дизайны, дайындау, сақтау, жеткізу бойынша жұмыстарды, қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен оларды дайындау үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;***
      74) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусіз негізде тікелей Тарап мемлекетінің Үкіметіне, Тарап мемлекетінің Ұлттық Банкіне беретін гранттар ақшасын, сондай-ақ оларды ұсыну туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінетін ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;***
      75) Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын емдеу бойынша, сондай-ақ оларды тасымалдау және сүйемелдеу бойынша қызметтерді сатып алу;***
      76) зияткерлік меншік объектілері болып табылатын сатып алынатын тауарларға, қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар адамдардан тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;***
      77) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;***
      78) монетарлық қызметті, сондай-ақ Тарап мемлекетінің Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;***
      79) тарап мемлекетінің Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тарап мемлекеті Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;***
      80) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;***
      81) статистикалық бақылау деректерін өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алу.***
__________________________
      Ескертпе:
      * Ресей Федерациясы үшін бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайларының қосымша тізбесі
      ** Қазақстан Республикасы үшін бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайларының қосымша тізбесі
      *** Беларусь Республикасы үшін Бір кезден алу тәсілімен, не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден), не Тараптың Үкіметі актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алудың, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алудың қосымша тізбесі

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу
туралы келісімге        
2-қосымша            

Аукцион тәсілімен электрондық форматта жүзеге асырылатын
тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірыңғай ең аз
тізбесі

      1. Ауыл шаруашылығы өнімі; аңшылық кәсіпшілігі өнімі; ауыл шаруашылығы мен аңшылықтағы қызметтер; (тірі жануарлардан; аңшылықпен, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіру өнімдері және олармен байланысты қызметтер; аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа).
      2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері. Орман өсіру мен ағаш дайындауға арналған қызметтер.
      3. Балық аулау, балық питомниктері және балық фермаларының өнімдері; балық аулаумен байланысты қызметтер.
      4. Тас көмір және лигнит, шымтезек.
      5. Шикі мұнай және табиғи газ; іздестіру жұмыстарын қоспағанда, оларды қазып алу бойынша қызмет.
      6. Металл рудалары.
      7. Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері.
      8. Тамақ өнімдері және сусындар.
      9. Темекі бұйымдары және темекі өнеркәсібі өнімдері, басқалар.
      10. Тоқыма бұйымдары.
      11. Киім, тері және теріден жасалған бұйымдар (бала киімдерін қоспағанда).
      12. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер, аяқ киімдер жасайтын бұйымдар.
      13. Сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, жиhаздан басқа тығындар, шығыр және өрімдер.
      14. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар.
      15. Полиграфиялық және баспа өнімдері (Жарнама материалдары, суреттер, сызбалар, басып шығарылған фотосуреттер; кәдесый және сыйлық жиындары (қойын дәптер және жазба кітапшалары); сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа).
      16. Кокс пештері өнімдері.
      17. Мұнайды қайта өңдеу өнімдері, мұнайды қайта өңдеу газы мен пиролизасы, газды қайта өңдеу өнімдері.
      18. Органикалық және органикалық емес синтез өнімдері.
      19. Резеңке және пластмасса бұйымдары.
      20. Металл емес минералды өнімдер, басқа (шыны шаруашылық - тұрмыс және интерьерге арналған бұйымдар; керамикалық, құрылыстық емес, отқа төзімсіз бұйымдардан басқа).
      21. Металлургия өнеркәсібі өнімдері.
      22. Машиналар мен жабдықтардан басқа, металды қайта өңдеу өнімдері (ядролық реакторлардан басқа).
      23. Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар (кару-жарақтан, оқ-дәрі және олардың бөлшектерін; халық шаруашылығы мақсатындағы жарылғыш қондырғылар мен жарылғыш заттардан басқа).
      24. Кеңсе, бухгалтерлік және электрондық-есептеу техникасы.
      25. Басқа топтамаларға енгізілмеген электр қозғалтқыштары мен электротехникалық аппаратура.
      26. Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратурасы.
      27. Медициналық жабдық және аппаратура; өлшем құралдары; фото-және киноаппаратура, сағаттар.
      28. Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдер үшін қораптар, автомобильдерге бөлшектер мен қажет заттар, гараж жабдығы.
      29. Басқа да көлік құралдары (сауда-саттық және жолаушы тасымалы кемелерінен; әскери корабльдер; әуе және ғарыштық ұшу аппараттары, ұшу аппараттарының жабдықтары мен бөлшектері;).
      30. Дайын бұйымдар (зергерлік бұйымдары және солармен аралас тауарлар; музыкалық аспаптар; ойындар мен ойыншықтар; еңбек процесімен оқыту үшін жабдық; мектеп оқу құралдары мен жабдықтары; көркем көркем кәсіпшілік бұйымдары; өнер туындылары мен коллекциялық заттар; экспозицияланған кинопленкалар; адам шашы, жануарлар, синтетика материалдары және одан жасалатын бұйымдардан басқа).
      31. Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы шығындылар мен сынықтар.
      32. Табиғи су және мұз.
      33. Күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтері және құрылыс объектілері (күрделі құрылыстың аса қауіпті, техникалық күрделі объектілері, егер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы ерекшеліктер белгіленген және Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осындай объектілердің нақ тізбесі берілген жағдайда автомобиль жолдарының құрамына енгізілген жасанды жол құрылыстары).
      34. Автомобильдер мен мотоциклдер сауда-саттығы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.
      35. Автомобильдер мен мотоциклдер сауда-саттығы жөніндегі қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда-саттық.
      36. Бөлшек сауда қызметтері.
      37. Қонақ үйлер мен ресторандар қызметтері.
      38. Құрлықтағы көлік (теміржол көлігі қызметтері; метрополитен қызметтері; құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерінен басқа) қызметтері.
      39. Су көлігі қызметтері.
      40. Көліктік көмекші және қосымша қызметтер; туризм және экскурсия саласындағы қызметтер (саяхат бюросынан және туристік агенттіктерден басқа; туристерге көмек көрсету бойынша көрсетілетін өзге де қызметтер).
      41. Байланыс (ұлттық почта қызметтерін қоспағанда курьерлік қызметтерден басқа; электр байланыс қызметтері).
      42. Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету, облигациялық қарыздарды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша қызметтер.
      43. Қаржы делдалдығына қатысты көмекші болып табылатын қызметтер (бағалау қызметтерін қоспағанда).
      44. Жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер.
      45. Көліктік көмекші және қосымша қызметтер; туризм және экскурсия саласындағы қызметтер (саяхат бюросынан және туристік агенттіктерден басқа; туристерге көмек көрсету бойынша көрсетілетін өзге де қызметтер).
      46. Байланыс (ұлттық почта қызметтерін қоспағанда курьерлік қызметтерден басқа; электр байланыс қызметтері).
      47. Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету, облигациялық қарыздарды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша қызметтер.
      48. Қаржы делдалдығына қатысты көмекші болып табылатын қызметтер (бағалау қызметтерін қоспағанда).
      49. Жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер.
      50. Көліктік көмекші және қосымша қызметтер; туризм және экскурсия саласындағы қызметтер (саяхат бюросынан және туристік агенттіктерден басқа; туристерге көмек көрсету жөніндегі өзге де қызметтер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады