«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
1-1. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешевке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1308 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2013 № 681; 02.04.2014 № 315 қаулыларымен.
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында Инновацияларды
дамыту және технологиялық жаңғыртуға
жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
арналған бағдарлама
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010
жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Инновациялық-технологиялық дамуды
басқару, салалар мен өңірлерді
инновациялық дамыту, жоғары технологиялық
шағын және орта бизнесті дамыту үшін
жағдайлар жасау жүйесін құру, елдің
ғылыми және инжинирингтік әлеуетін
жоғарылату есебінен экономиканың бәсекеге
қабілеттігін жоғарылатуды қамтамасыз
ететін ұлттық инновациялық жүйе құру
Бағдарламаның міндеттері 1. Жаңа технологияларға сұранысты,
инновацияларға ұсыныстарды қалыптастыру
және инновацияларды енгізу және тарату
жолымен технологиялық жаңғыртуға
жәрдемдесу жүйесін дамыту.
2. Технологиялық болжау және жоспарлау,
бизнестің қажеттіліктеріне арналған
қолданбалы ғылымды бағдарлау және
инновациялық кластерлерді қалыптастыру
арқылы меншікті құзыреттерді жасау.
3. ҰИЖ элементтерін үйлестіруді
жоғарылату, инновациялық белсенділікті
насихаттау және заңнама базасын жетілдіру
жолымен инновациялық ортаны дамыту.
4. Кейін осы шешімдерді отандық
кәсiпорындарға енгiзу үшiн ғылымның
алдына нақты технологиялық міндеттер қою.
5. Денсаулық сақтау және ауыл
шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау,
тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін
ғылымды қажетсінетін және бәсекеге
қабілетті биотехнологиялық өнімдерді
жасау және енгізу.
Бағдарламаны іске 1. 2010 – 2011 жылдар:
асыру кезеңдері Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi
кезеңiнде инновацияларды дамытуды
мемлекеттiк қолдаудың кешендi тетiгiн
жасау және сынау болжанады.
2. 2012 – 2014 жылдар:
Бағдарламаны iске асырудың екiншi
кезеңiнде бiрiншi кезеңде әзiрленген
ғылыми-технологиялық процестердi қолдау
құралдарын қолдану, өз тиiмдiлiгiн
көрсеткен пилоттық жобалардан оларды
ауқымдандыруға көшу болжанады.
Нысаналы индикаторлар 1. 2015 жылға қарай халықаралық танылған
патенттердің санын 30-ға ұлғайту.
2. 2015 жылға қарай енгізілген жаңа
технологиялардың және жүзеге асырылған
тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің
санын тиісінше 200-ге және 160-қа
ұлғайту.
3. 2014 жылға дейін инновациялық
инфрақұрылымды дамыту: салалық орталықтар
саны - 2 бірлік, конструкторлық бюро - 3
бірлік, технопарктер - 4 бірлік.
4. Елдегі кәсіпорындардың инновациялық
белсенділігін 2015 жылға қарай 10%
ұлғайту.
5. Ірі шетелдік компаниялармен бірге
жоғары технологиялық өндіріс - 2
6. Инновациялық инфрақұрылым арқылы іске
асырылған жобалардың саны:
коммерцияландыру орталықтары - 90,
технопарктер - 250, конструкторлық бюро,
оның ішінде сертификатталған өнім саны -
70, сатып алынған конструкторлық
құжаттама саны - 44, әзірленген
конструкторлық құжаттама саны - 35.
7. 2015 жылға қарай ІЖӨ-нен ғылымға және
инновацияларға арналған мемлекеттік
шығыстарды - 1% жеткізу.
8. 2015 жылға қарай ІЖӨ-нің жалпы
көлеміндегі инновациялық өнім үлесін - 1%
ұлғайту.
9. 2015 жылға қарай технологиялық
инновацияларға арналған шығындар - 98 000
млн. теңге.
10. 2015 жылға қарай елдің жалпы халқының
100 мыңына шаққанда инженерлік-техникалық
персоналдың санын 2011 жылдың деңгейінен
5% ұлғайту.
11. 2015 жылға қарай технологиялық
инновацияларды әзірлеуге және енгізуге
арналған шығындардың тиімділігін бағалау
(технологиялық инновацияларға арналған
шығындардың көлеміне инновациялық өнім
көлемінің арақатынасы) - 8,6.
12. 2015 жылға қарай зерттеулер мен
әзірлемелерге iшкi шығындардың жалпы iшкi
өнiмдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту.
Қаржыландыру көздері - 2010 - 2014 жылдарға арналған
мен көлемдері бағдарламаның жалпы құны республикалық
бюджет қаражаты есебiнен 45644303 мың
теңгенi құрайды. Республикалық бюджеттен
бөлiнетiн қаражаттың жыл сайынғы көлемi
тиiстi жылға арналған бюджеттi
қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
2. Кіріспе
Инновацияларды дамыту мен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы қолданбалы ғылымды отандық өнеркәсіпті жаңғырту міндеттеріне бағдарлау, генерацияның тиімді жүйесін жасау мен экономикада білімді пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуіне бағытталған.
Әлемдік экономиканың жаһандануы аясында Қазақстан бірқатар проблемаларға кезікті, олар: экономиканың шикізаттық бағыттығы, әлемдік экономикамен елеусіз ықпалдасу, өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасында шынайы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) қаржыландырудың болмауы және т.б.
Бұл Бағдарламаны әзірлеу ықпалдасқан, жүйелік сипаттағы өзара байланысқан шаралардың, білімді шоғырландыру, тарату мен коммерцияландыруды қамтитын тиімді жұмыс атқаратын ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) кешені арқылы қалыптастыру қажеттілігінен пайда болды.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
1. Саланың (сектордың) ағымдағы жағдайына баға беру, сондай-ақ бұл саланың (сектордың) елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерi
Ескерту. 1-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгі туралы 2012 – 2013 жылдарға арналған есептің қорытындылары бойынша Қазақстан әлемнiң 144 елi арасында 51-орын алып отыр, бұл өткен жылғы позициядан 21 тармаққа жоғары болып табылады. Рейтингтiң жақсаруы, ең алдымен, макроэкономикалық тұрақтылықпен және технологиялық әзiрлiк саласындағы iлгерiлеумен түсiндiрiледi. Сонымен қатар, инновациялардың даму деңгейi бойынша Қазақстан 103-орынды иеленiп отыр, бұл мемлекеттiк саясатты және ұлттық басымдықтарды жетiлдiру үшiн негiз болып табылады.
Мемлекет тарапынан жүйелi күш-жiгердiң нәтижесiнде инновациялар Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық маңызды бағыты ретiнде айқындалды. Бастапқыда инновациялық даму мәселелерi 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарда, содан кейiн 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005 – 2015 жылдарға арналған бағдарламада көрiнiс тапты. Инновациялық қызметтi құқықтық реттеу 2006 жылы «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануынан бастау алды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың басталуы инновацияларды дамытуға жаңа серпiн бердi. Инновацияларды ынталандыру шаралары «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, 15 iлеспе заңда және 35 заңға тәуелдi актiлерде бекiтiлген болатын.
Бұдан басқа, әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі бойынша инновациялар саласындағы ұзақ мерзімді пайым және алдағы іс-әрекеттер жоспары айқындалды. Қазақстанның инновациялық саясатының келесі кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi инновациялық даму тұжырымдамасында көрініс тапты.
Ғылым саласында реформалар iске асырылды. 2012 жылы ғылымды қаржыландыру екi есе көбейтiлдi (47 млрд. теңге) және жалпы iшкi өнiмнiң 0,22 %-ына дейiн жеттi. Қаржыландырудың базалық, бағдарламалық-нысаналы және гранттық жаңа тетiктерi енгiзiлдi. Бұдан басқа, ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың қолданыс аясынан шығарылды.
Ғылыми зерттеулердiң басымдықтарын Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайды. Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды, олардың құрамына ғалымдар, бизнес өкiлдерi және шетелдiк сарапшылар кiредi. Мемлекеттiк гранттарға үмiткер ғылыми жобалардың сараптамасын жүргiзу кезiнде 2012 жылы әлемнiң 59 елiнен 659 шетелдiк сарапшы, оның iшiнде Еуропа мен Америка Құрама Штаттарынан 463 сарапшы жұмылдырылды.
Осының аясында ғылыми-инновациялық даму көрсеткiштерiнде елеулi өзгерiстер орын алды. Инновациялық белсендiлiк көрсеткiшi 2009 жылғы 4 %-дан 2011 жылы 7,1 %-ға дейiн өстi. 2009 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар 6,2 есе (31-ден 194,9 млрд. теңгеге дейiн) өстi.
Технологиялық инновацияларға салынған шетелдiк инвестициялардың 20 есе – 2,1-ден 40 млрд. теңгеге дейiн өсуi маңызды фактор болып табылады, олардың үлесi қазiргi уақытта 20 %-ды құрайды. Шығарылатын инновациялық өнiм көлемi шамамен үштен бiр бөлiкке, 142,1-ден 235,9 млрд. теңгеге өстi.
Бизнестiң, өнеркәсiптiң және ғылым саласының өзара iс-қимылының үдемелi ұлғаюы орын алып отыр. Зерттеулер мен әзiрлемелер бойынша бiрлескен жобалар саны 2009 жылы 235-тен 2011 жылы 390-ға дейiн немесе 40 %-ға өстi. Бұл ретте ғылыми ұйымдармен бiрлескен жобалар саны екi есеге 60-тан 134-ке дейiн өстi, осы жобалардың үлесi 25-тен 34,3 %-ға дейiн артты. Сондай-ақ жоғары оқу орындарымен бiрлескен жобалар саны (15-тен 45-ке дейiн) ұлғайды, жоғарғы оқу орындары әзiрлемелерiнiң үлес салмағы 6,4-тен 11,5 %-ға дейiн өстi.
Инновациялық бизнес жаңа серпiлiс алды. Егер 2003 жылдан бастап 2009 жыл аралығы кезеңiнде шамамен 180 инновациялық жобаға қолдау көрсетiлген болса, 2010 – 2012 жылдар iшiнде 400-ден астам жоба қолдау тапты.
2. Аталған саланың (сектордың) күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерге талдау жасау
Жүргізілген SWOT талдау нәтижесінде ҰИЖ-ні дамытудың мынадай факторлары анықталды:
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
---|---|
1. Саяси тұрақтылы |
1. Ғылым, технология және инновация саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың жеткіліксіз дәйексіздігі |
Мүмкіндіктер | Қауіп-қатерлер |
1. Өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-әрекетті жақсарту есебінен ҰИЖ тиімділігінің өсуі |
1. Дамушы елдер арасындағы |
3. Тиісті саланың (сектордың) негізгі проблемалары, үрдістері және дамуының алғышарттары
ҰИЖ-нің дамуын тоқтататын негізгі факторлар ретінде мыналар көрсетілген:
1. Инновацияларды дамудың бірыңғай стратегиясының болмауы;
2. Инновациялық даму институттары және шешімдер мен жауапкершіліктің бірыңғай орталығы арасындағы үйлестірудің болмауы;
3. Кәсіпорындардың төмен инновациялық белсенділігі және инновацияларға сұраныстың болмауы;
4. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктері мен нақты іске асырылатын стратегияны жасауды есепке алмағанда, инновациялық инфрақұрылымның ретсіз дамуы;
5. Ғылым мен бизнестің әлсіз байланысы;
6. Инновациядағы инвестицияларды ұстап тұратын капиталдың жоғары құны, сондай-ақ инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының дамымағандығы;
7. Әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялардың іс жүзінде талдауының мен олардың Қазақстан Республикасында пайдалану мүмкіндіктерінің болмауы.
Инновациялық даму секторындағы жоғарыда аталған себептер салдарларынан мыналар байқалады:
шетелдік мектептермен салыстырғанда отандық ғылымның әлсіз бәсекеге қабілеттігі, жеке сектор үшін ҒЗТКЖ-ны өткізудің жоғары қатері (шығындарды ішінара өтеу) және мемлекет тарапынан қолданыстағы қатерлерді бөлудің болмауы;
ұзақ мерзімді технологиялық жоспарлаудың ғылыми-негіздемелік жүйенің болмауы;
технологиялар трансферті бойынша қызметтердің дамымауы;
зияткерлік меншік құқығының әлсіз қорғанысы мен технологияларды коммерциялау бойынша кәсіби қызметтердің болмауы;
- зияткерлік меншік объектілерін патенттеу мерзімдерінің ұзақтығы;
- шетелде патенттелген индустриялық-инновациялық даму саласындағы отандық зияткерлік меншік объектілерінің жеткіліксіз саны;
өңдеуші өнеркәсіптегі тікелей шетелдік инвестициялардың төмен деңгейі;
жаңа өнімді әзірлеу және үдерістер саласындағы білікті техникалық кадрлардың тапшылығы;
қоғамның (әсіресе жастардың) инновациялық және ғылыми-техникалық тақырыпқа қызығушылығы мен оның инновациялық салаға тартылуының төмендігі және өнімділікті арттыруға бизнесті әлсіз ынталандыруы.
Аталған мәселелердің шешу экономиканың тиісті секторы дамуының алғышарттары ретінде қарастыруға болады.
4. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриялық-инновациялық даму саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыруға жауапты уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, оның функцияларына мыналар кіреді: инновациялық қызметінің басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстарды енгізу; инновациялық гранттарды бөлу; инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу және орындау тиімділігін бағалау; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды, оның ішінде инновациялық дамудың шаралар кешенін атқаруды мемлекеттік бақылау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі елде жүргізілетін барлық іргелі және қолданбалы зерттеулерді қалыптастыруға, іске асыруға және үйлестіруге, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымның жағдайы мен дамуына, ғылыми кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруына, сондай-ақ, мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын ғылыми жобалар мен бағдарламалардың Мемлекеттік ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізуге жауапты болып табылады.
Инновациялық қызмет елде Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» және «Ғылым туралы» заңдарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (бұдан әрі – ілеспе Заң) заңдары инновациялық бизнесті дамыту мәселелерін шешу мақсатында 2012 жылы қаңтарда қабылданды.
Инновацияларды дамытудың барлық кезеңдерінде инновацияларды мемлекеттік қолдаудың ең жоғарғы ықтимал көлемімен қамтамасыз ету Заңның түйінді идеясы болып табылады. Заң халықаралық үрдістерге сәйкес инновация саласындағы терминологияны жетілдірілді, ол аса ауқымды ұғым – жаңа немесе жетілдірілген өндіріс түріндегі жеке және заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Бұдан басқа, Заңда мемлекеттік органдардың құзыреттері неғұрлым анық бөлінді, индустриялық-инновациялық жүйенің құрамы құрылды, елді технологиялық жоспарлау жүйесінің негізі қаланды, индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудың тиімділігін талдау тетігі ұсынылды, инновацияларды қолдау мен ынталандырудың жаңа тетіктері көзделді және қолданыстағы тетіктері жетілдірілді. Заңда индустриялық-инновациялық дамуды қолдаудың, оның ішінде инновациялық гранттардың 9 жаңа түрін қамтитын 14 құралы айқындалды.
Сонымен қатар, ілеспе Заңға сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың үлесін салықтық ынталандыру шаралары енгізілді. Олардың арасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыстардың салық салу базасынан шегерімдер 50 % мөлшерінде және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған жиынтық жылдық табысынан жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын тура салық – 1 % мөлшерінде.
5. Индустриялық-инновациялық дамудың шетелдік жағымды тәжірибесіне шолу
Инновациялық-қабілетті бизнестің сындарлы көлеміне қол жеткізу индустриялық дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Салыстыру үшін Қазақстанмен экономика құрылымы мен өзге де факторлар бойынша ұқсас елдер Канада мен Австралияда компаниялардың жалпы санынан инновациялық-белсенді бизнестің үлесі тиісінше 65% және 50% құрайды, Канадада бұл ретте олардың ішінде шамамен 12,2% әлемдік деңгейдегі бір жаңалықты жасайтын болатын.
Экономикалық дамыған елдердің тәжірибесі жаһандық экономикалық бәсекелестіктегі экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологиялар мен әзірлемелерді енгізудің жоғары деңгейімен негізделген. Әр түрлі бағалар бойынша дамыған елдердің 70-тен 100%-ға дейін өсуі бүгінгі күні инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.
Экономистердің бағалауы бойынша ҒЗТКӘ-ге арналған шығындардың 0,1% өсуі ЖІӨ-ні ұзақ мерзімді перспективада шамамен 1,2% ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибеде жеке секторда ҒЗТКӘ-ны ынталандырудың екі негізгі әдісі қолданады: гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тікелей қаржыландыру және салық жеңілдіктері арқылы жанама субсидиялау.
Өнеркәсіпті дамыған елдерде мынадай салық жеңілдіктері анағұрлым жиі пайдаланылады:
жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлеміндегі табысқа жеңілдік;
жиі ұлғаймалы коэффициентті қолдана отырып, ТҚЖ-ға шығындар мөлшерінде табыс салығына жеңілдік;
әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;
салық салынбайтын және ҒЗТКӘ-ны жүргізуге жіберілетін пайданың есебінен арнайы мақсаттағы қорларды құру;
зияткерлік меншіктен кірістерге төмендетілген ставкалар;
төмендетілген ставкалар бойынша табысқа салық салу (шағын кәсіпорындар үшін);
ҒЗТКӘ-ны жүзеге асыратын кәсіпорындарға салық кредиттері мен каникулдары.
Бұдан басқа шетелде зерттеулердің перспективалық бағыттары үшін ұзақ мерзімді кредиттер беру жолымен ТҚЖ-ы үкіметтік кепілдігімен ынталандыру тәжірибесі кең пайдаланады. АҚШ-та ресми үкіметтік құжаттарда ғылыми-технологиялық салаға капитал салу тіптен «болашаққа инвестициялау» деп аталады, ал ТҚЖ саласы стратегиялық ұлттық мақсаттарды жүзеге асырудың тиімді тетіктері ретінде қарастырылады.
Әлемнің көптеген дамыған елдерінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың өңірлік құраушысын пайдалану үрдісі үлкен маңызға ие болып отыр, бұл жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының тең емес деңгейлерімен түсіндіріледі.
Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет және тауарлық белгілерді қорғау саласындағы зияткерлік меншік объектілерін патенттеу жүйесі әлемдік практикада инновациялық белсенділікті жоғарылатудың құралдарының бірі болып табылады.
Канада, Швейцария, Қытай, Германия, Франция, Ресей және басқа да сияқты экономикалық дамыған елдерде индустриялық саладағы зияткерлік меншік объектілерін тиісті өнеркәсіптік ведомстволар патенттейді.
Қазіргі уақытта, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы өңірлік халықаралық ұйымдар жоқ. ТМД елдерінің Еуразиялық кеңістіктегі тығыз ықпалдасуына байланысты (Кеден Одағын құру, Бірыңғай экономикалық кеңістік) тауарлық белгілерді қорғауды реттеу саласында проблемалар одан сайын туындайтын болады, өйткені тауарлық белгілердің аумақтық сипаттағы қорғауы бар.
Осыған байланысты, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы Еуразиялық ұйымды құру қажет. Қазақстан Республикасы болжамды ұйымның орналасу орны болуы мүмкін. Мысалы, Мәскеу қ., Ресей осындай Еуразиялық патенттік ұйымның (патенттерді қорғау саласында) орналасқан орны болып табылады.
6. Саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау
Ескерту. 3-бөлім 6-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
Қазіргі уақытта, әлемдік қоғамдастық үшінші индустриялық революцияға қадам басты, оның сипаттамаларының бірі сұранысты топтау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жеке тәсілді қолдану болып табылады, бұл жұмыс күшіне, өндірісті орналастыру мен ұйымдастыруға қойылатын талаптарға маңызды әсер етуге тиіс.
Осыған байланысты, Қазақстан индустриялық саясатты экономиканың басым салаларында бәсекелес артықшылықтарды мақсатты түрде пайдалануға бағыттауы қажет.
Айталық, ғылыми-техникалық даму басымдылықтарын айқындау мақсатында 2010 – 2011 жылдар кезеңінде Корея ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институтының (КИСТЕП) әдіснамалық сүйемелдеуімен 2020 жылға дейінгі кезеңге бірінші ғылыми-технологиялық болжам жасау бойынша жұмыс жүзеге асырылды.
Ғылым мен технологиялар дамуының ішкі және жаһандық трендтерін егжей-тегжейлі талдау, сондай-ақ Қазақстанның басқа елдермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі деңгейін позициялау нәтижелері негізінде сараптамалық топтар Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының пайымын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдады. Ғылыми-технологиялық дамудың пайымы мен мақсатына қол жеткізу үшін елге қажетті түйінді ғылыми-технологиялық бағыттар мен технологиялар айқындалды.
Осылайша, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан үшін 2020 жылға дейінгі кезеңге басым болатын салалар қатарына – агроөнеркәсіптік, тау кен-металлургия кешендері, энергетикалық сектор, мұнай және газ секторы, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия және мұнай химиясы кірді.
Қолда бар ресурстарды республиканың стратегиялық басымдығына шоғырландыру мақсатында айқындалған салалардың шеңберінде Қазақстанның одан әрі дамуына серпін беретін және елді жаңа технологиялық деңгейге шығаратын 75 сындарлы технологиялар айқындалған.
Сындарлы технологияларды дамыту үшін мемлекет пен бизнестің үлестік қатысуы негізінде технологиялық құзыретті жоғарылату тетігіне айналуға тиіс нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді.
4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеті, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты - салалар мен өңірлердің инновациялық-технологиялық дамытуды тиімді басқару, жоғары технологиялық ШОБ-ты дамыту үшін жағдайлар жасау және елдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін арттыру есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені құру.
2. Нысаналы индикаторлар:
Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
р/с |
Нысаналы индикаторлар |
Өлш. бір. |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
1. |
Халықаралық деңгейде танылған патенттердің санын 2015 жылға қарай 30-ға дейін ұлғайту |
Бір. |
5 |
5 |
10 |
10 |
|
2. |
Енгізілген жаңа технологиялардың және жүзеге асырылған тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын 2015 жылға қарай 200-ге дейін және тиісінше 160-қа ұлғайту |
Бір. |
20 |
50 |
60 |
70 |
|
3. |
2015 жылға дейінгі кезеңінде инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту: |
Бір. |
|||||
Салалық орталықтар - 2 |
1 |
1 |
|||||
Конструкторлық бюролар - 3 |
1 |
1 |
1 |
||||
Технопарктер - 4 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|||
Коммерцияландыру орталықтары - 70 |
9 |
15 |
21 |
25 |
|||
4. |
Елдегі кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің үлесі 2015 жылға дейін 10 %-ға артады |
% |
4,2 |
4,8 |
6,8 |
8,8 |
10 |
5. |
Ірі шетелдік компаниялармен бірігіп жоғары технологиялық өндірістер |
Бір. |
- |
- |
1 |
- |
1 |
6. |
Инновациялық инфрақұрылым арқылы іске асырылған жобалардың саны |
Бір. |
|||||
Коммерцияландыру орталықтары |
- |
7 |
15 |
28 |
40 |
||
Технопарктер |
30 |
40 |
50 |
60 |
70 |
||
Конструкторлық бюро: |
5 |
10 |
15 |
20 |
20 |
||
- сатып алынған конструкторлық құжаттама саны |
6 |
8 |
8 |
10 |
12 |
||
- әзірленген конструкторлық құжаттама саны |
- |
4 |
6 |
10 |
15 |
||
7. |
- ІЖӨ-нен % ғылымға және инновацияларға арналған мемлекеттік шығыстар |
% |
0,28 |
0,4 |
0,6 |
0,8 |
1,0 |
8. |
ІЖӨ-нің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесін ұлғайту* |
% |
0,51 |
0,6 |
0,7 |
0,85 |
1,0 |
9. |
Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға арналған шығындар |
Млн. теңге |
31034 |
45000 |
60000 |
75000 |
98000 |
10. |
2015 жылға қарай елдің жалпы халқының 100 мыңына шаққанда инженерлік-техникалық персоналдың санын ұлғайту |
% |
- |
База |
1,0 |
2,0 |
5,0 |
11. |
Технологиялық инновацияларды әзірлеуге және енгізуге арналған шығындардың тиімділігін бағалау (технологиялық инновацияларға арналған шығындардың көлеміне инновациялық өнім көлемінің арақатынасы) |
2,7 |
3,9 |
5,13 |
6,48 |
8,6 |
|
12. |
2015 жылға қарай зерттеулер мен әзірлемелерге iшкi шығындардың жалпы iшкi өнiмдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту |
% |
0,15 |
0,10 |
0,2 |
0,5 |
1 |
* Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жоғары технологиялық және орта технологиялық өнімдердің тізімінің бекіткеннен кейін қайта қарастырылады.
3. Бағдарламаның міндеті:
Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
Өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесі
Осы бағдарламаның маңызды басымдылықтары өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесін құру болып табылады, оның негізгі бағыттары 2010 - 2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі - ҮИИД бағдарлама) экономика салаларының бөлігінде макро деңгейінде айқындалған.
Осы Бағдарламамен, ҮИИД бағдарламасының кіші бағдарламасы (іс-шарасы) ретінде ғылыми-техникалық әлеуетін алға қойылған міндеттерді шешу мен ғылыми әзірлемелерді коммерциялау бөлігінде экономика салаларын технологиялық жаңғырту үшін елдің кәсіпкерлік құрылымының кең ауқымын тарту, инновацияларды және жаңа технологияларды енгізу мақсаты қойылады. Бұл ретте, технологиялар трансферті деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің технологияларды енгізу үдерісі түсініледі, оларды пайдалану құқығы құқық иегерлерінен заңды жолмен алынған.
Технологиялар трансферті жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
технологиялық қажеттіліктерді және технологиялық әзірлемелерді анықтау;
технологиялар трансфертінің Қазақстандық желісін дамыту;
технологиялық нарықтың маркетингтік зерттеулерін жүргізу;
Технологиялар трансферті жүйесінің пайдаланушыларын консультациялық және сараптық қолдау.
Жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру
Мынадай міндеттерді іске асыру жолымен жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру маңызды фактор болуы тиіс:
1) заңнама ортасының жаңа технологияларды сатып алуына ынталандыруды жасау;
2) жаңа жоғары технологиялық өнімді жасау (сатып алу) үшін мемлекеттің жәрдемдесуі;
3) басқару және технологиялық сауаттылықты көтеру.
Қойылған міндеттер мынадай жолмен шешілетін болады.
1. Сұранысты ынталандыру үшін жаңа технологияларға сұранысты жоғарылатуды қамтамасыз ететін заңнамадағы заңнамалық бастамашылықтар пакетін әзірлеу қажет болады. Негізгі шаралар салықтық, кедендік, техникалық, экспорттық және өзге де реттеу арқылы кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттыратын ҒЗТКӘ-ға және өзге де шараларға инвестициялаудың тартымдылығын арттыруға бағытталған.
2. Өңірлер мен ұлттық компаниялардың технологиялық даму бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ, тиісті бөлімдерді барлық мемлекеттік органдардың салалық бағдарламалары мен стратегиялық даму жоспарларына енгізу жолымен жаңа жоғары технологиялық өнімді жасауға жәрдем көрсету. Технологиялық дамудың бағдарламалары үшін ақпараттық негізді, оның ішінде, Экономика саласындағы зерттеулер шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды кестесі де құрайды.
Технологиялық даму бағдарламасына қойылатын жалпы талаптарды индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бағдарламада технологиялық деңгейді және салалар мен өңірлердің еңбек өнімділігін арттыруға, ШОБ желісін — жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді өндірушілерді дамытуға, елдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар қарастырылуы тиіс.
Ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ, ғылымның, білімнің және өндірістің ықпалдасуы мәселелері ғылымды 2015 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасы шеңберінде кешенді түрде шешілетін болады.
Инновациялық-технологиялық дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат кеңесімен қарастырылады және бекітіледі.
Технологиялық жаңғыртуға ауқымды жәрдемдесуге бағытталатын меншік нысанына қарамастан экономиканың басымды салаларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда технологиялық аудит жүргізу «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде маңызды шараға айналады. Аудит нәтижелері кәсіпорынның технологиялық деңгейін объективті бағалауға және өндірістің пайдаланбаған резервтерді экономикалық айналымға тарту, технологиялық жаңғырту жоспарларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар мен жабдықтарды таңдау, басқару процестерін оңтайландыру, сондай-ақ, өнімді сату өсімі және қорландыру көзін әртараптандыру кезінде жәрдемдеседі.
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган сондай-ақ, ұлттық компаниялар және ірі отандық және шетелдік инвесторлармен Қазақстан Республикасында өндіруге болатын өнімнің номенклатурасы мен оған қойылатын талаптарды анықтайтын технологиялық келісімшарттарды жасайды. Келісімшартта Қазақстан Республикасында өндірілген өнімнің бекітілген номенклатурасын ұзақ мерзімге сатып алу бойынша міндеттерді кіреді. Жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды ынталандыру мақсатында отандық өндірушілерден инновациялық өнімдерді әзірлеу мен өндіруге арналған мемлекеттік тапсырыс қарастырылады.
3. Инновациялық қызмет саласындағы субъектілердің басқарушылық және технологиялық сауаттылықтың сапалы деңгейін қамтамасыз ету.
Атап айтқанда, инновацияларды дамытуға ықпал ететін құзыреттілік деңгейі арттыру мен ортаны қалыптастыру туралы сөз болып отыр. Жаңа технологияларды енгізуге ынтаны арттыруды, оған қоса меншік нысандарына қарамастан экономиканың басым салаларында өндірістік құрылымдардың ауқымды спектрі үшін инновациялық белсенділіктің тартымдылығын қамтамасыз ету.
Бұл ретте, инновацияларды оқыту және практикада қолдану бойынша арнайы салалық білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ инновациялық процестерді ауқымды ақпараттық-насихаттық қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу мен қабылдау үлкен маңызға ие болуы керек.
Бұдан өзге, инновациялық гранттарды беру жөніндегі жаңа тәсілдер шеңберінде кәсіпорындардың басқару технологияларын енгізуге арналған шығындарын ішінара өтеу мүмкіндігі көзделетін болады.
Жаңа технологияларға ұсынысты қалыптастыру
Жаңа технологияларға тұрақты ауқымды ұсынысты қалыптастыру технологиялық сараптама мен аудит жүргізу жолымен, сондай-ақ технологияларды енгізу мен таратудың қаржылық ынталандыру шараларымен тұрақты мониторинг пен өнеркәсіп салаларының технологиялық қажеттіліктерін анықтай отырып, жүйелі түрде байланысты болуы тиіс.
Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
технологиялық сараптаманы жүргізу нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
технологиялық аудиттің нәтижелері негізінде жаңа технологияларда (сұраныс) өнеркәсіп қажеттіліктерінің тізбесін қалыптастыру;
жаңа технологиялар мен әзірлемелер (ұсыныстар) туралы ақпаратқа қол жетімділігін, оның ішінде технологиялар трансферті жүйесінің дамуы арқылы да қамтамасыз ету;
конструкторлық бюроны, инновацияларды (білім) тарату орталықтарын, коммерциялау орталықтарын және т.б. құруды қоса алғанда, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
инновациялық гранттарды, оның ішінде, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оның тиімділігін (өнімділігін) арттыруға бағытталған бизнестің қолданбалы зерттеулерге шығындарды ішінара өтеу бағдарламасын іске асыруға инновациялық гранттарды ұсыну.
1. Технологиялық сараптама құны он мың есептік көрсеткіштен асатын және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру алуға үміткер (инновациялық және ғылыми гранттарды қоспағанда) немесе мемлекеттік бағыныстағы ұйымдардың қаражаты есебінен инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік сараптаманың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Технологиялық сараптама ережелері, объектілері, өлшемдері мен тәртібі және басқа да байланысты нормативтік құқықтық актілерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі салалық ведомстволармен бірлесіп әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Технологиялық сараптаманың құрылатын нормативтік-құқықтық базасы атап айтқанда, ұсынылған технологиялық жобаларды қаржыландыру негіздемесін, болашақта ескірген немесе перспективалы емес технологиялар трансфертін болдырмау, сондай-ақ мәлімделген іс-шараларды қаржыландырудың қайталануын болдырмауды қамтамасыз етуі қажет.
Технологиялық сараптаманы жүргізуді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың қолдауымен индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын болады.
2. Жаңа технологиялар жөніндегі ұсынысты қалыптастыру ақпараттық ресурстармен толығымен қамтамасыз етуі қажет. Осыған байланысты, жаңа технологиялардағы өнеркәсіп қажеттілігінің тізбесін қалыптастыру өзекті болып табылады. Аталған тізбеге өндірістік кәсіпорындардың технологиялық аудит нәтижелері, сондай-ақ, технологиялық міндеттерді шешуге арналған олардың өтінімдері енгізілетін болады.
Тізбе индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, инновациялық даму институтының ақпараттық ресурстарында орналастырылады, бұл жаңа технологиялар мен инновацияларды өндірушілер мен тұтынушыларының ауқымды ақпарат алмасуын қамтамасыз етуге, технологиялардың өркениетті нарығын дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
3. Перспективада ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдерді енгізуге, инновациялық жобалар мен қолданбалы зерттеулерді коммерциялауға жәрдемдесе отырып, байланыстырылады.
Бұл ретте, ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Отандық ғылыми ұйымдарды жоғары деңгейге шығару мақсатында олардың жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады, олар нарыққа бәсекеге қабілетті және талап етілетін әзірлемелерді, технологияларды, қызметтерді шығара алады.
Бұл үдерісте ЖОО әлеуетін тарту ерекше рөлге ие болады. Жетекші жоғары оқу орындары базасында өз даму бағдарламалары бойынша жүзеге асыратын зерттеу университеттері құрылатын болады.
Инженерлік пәндерге ерекше назар аудара отырып, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми деңгейін тұрақты арттыру үшін жағдай жасалатын болады.
Технологиялық шешімдер туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылымды дамытуды алу. Аталған қызмет инновациялар, технологиялар мен білім трансферттері бойынша қызмет көрсетуге, қазақстандық және батыс әріптестермен бизнес-кооперцияларды белгілеуге, жаңа технологияларды, патенттер мен конструкторлық-технологиялық құжаттамаларды және т.б. сатып алуға байланысты болады.
Кәсіпорындардың жаңа талап ететін өнімдерді жетелдетіп игеруі мамандандырылған конструкторлық бюро (КБ) желілерін құруға ықпал ететін болады. Бірінші кезеңде аталған ұйымдар сұраныс нарығын және машина жасау өнімдерінің ұсыныстарын талдау, ірі тұтынушылардың тапсырыстарына ықпалдасу, осы тапсырыстарды қазақстандық машина жасау кәсіпорындарында орналастыру және оларға бұйымдардың жаңа номенклатурасын игеруге қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету мәселелерімен айналысатын болады.
Бұл ретте, қаржылық көмек бірінші кезекте, жетіспейтін жабдықтарды сатып алуды қоса алғанда, конструкторлық құжаттамалар мен өзге де зияткерлік меншіктерді, сертификаттауды сатып алу мен пысықтауға және қазақстандық және басқа да тауар нарығына шығуға байланысты өзге де шығындарға, өндірістік желілердің техникалық дайындығына бағытталатын болады. Қаржылық көмек игерілетін номенклатуралар шығындарының барабарлығы, шығындарды ішінара өтеу және бөлінетін қаржының қайтарылу принциптеріне берілетін болады.
Кейіннен, КБ өндірілетін өнімдердің сипаттамасын жақсартуда (өзіндік құнын төмендету, сапасын арттыру, тұтынушылық ерекшеліктерін жақсарту және т.б.) кәсіпорындарға жәрдемдесуге шоғырланады. Аталған екі кезеңді ойдағыдай өткеннен кейін КБ қағидаттық жаңа өнімді әзірлеуде машина жасаушы кәсіпорындарды қолдау орталығы болады.
2014 жылдың соңына дейін жоғарыда көрсетілген қағидаттарға жұмыс істейтін мынадай 5 салалық бюроны құру болжануда: мұнай-газ жабдықтары, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тау-кен металлургия жабдықтары, аспап жасау және көліктік машина жасау.
Жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлескен зерттеу және инжинирингтік орталықтар құрылатын болады. Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында салалық металлургия орталығы құрылады, ал 2011 - 2013 жылдары мұнай-газ саласы мен агроөнеркәсіптік кешенде салалық орталықтар құрылатын болады.
Бұдан өзге, аталған саладағы уәкілетті мемлекеттік орган жүйесінде Инновациялық жобаларды коммерциялаудың әдістемелік орталығын құру жоспарлануда. Ол технологияларды коммерциялау процестеріне қажетті нормативтік-құқықтық базаны, инновациялық қызмет субъектілеріне кеңес беру және оқыту бойынша жүйелік жұмыстарды, технологияларды коммерциялау тетіктеріне қатысты ауқымды мәселелері бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, коммерцияландырудың өңірлік және жеке офистерін қолдаудың бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Елдің маңызды өңірлерінде және технологиялық дамытудың басым салаларында технологияларды коммерциялаудың коммерциялық орталықтарын құруға жәрдем көрсетілетін болады. Жиынтығында бұл инновациялық қызметті үйлестіру мен жандандыруды, технологиялар трансферті кезінде шағын инновациялық компаниялар мен ірі кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Коммерцияландыру орталықтары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне әртүрлі қызметтерді (консультациялық, ақпараттық, маркетингтік, құқықтық, патенттік, білім және басқалары) көрсету жолымен инновациялық тізбектің барлық сатылары бойынша инновациялық өнімнің жылжу үдерісін нақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік Банктің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Коммерцияландыру офисі құрылатын болады.
Нақты зерттеулер мысалында ол әуелден талап етілетін нәтижеге және зерттеулердің коммерциялық маңыздылығына бағытталған қазақстандық ғылымды шетелдік мамандардың тәжірибесін пайдалана отырып, қалай ұйымдастыруға болатыны белгіленген.
Технологияларды енгізуге және таратуға жәрдемдесу
Технологияларды енгізуді және таратуды қаржылық ынталандыру жүйесін құру. Қаржылық ынталандыру инновацияларға өнеркәсіптік сұранысты жасаудың басты тәсілі болып табылады. Технологиялық жаңғыртуды жүргізетін немесе инновациялық зерттеулерді жүргізетін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаржылық қолдау жабдықтарды сатып алуға арналған салықтық жеңілдіктерді беру жолымен көрсетілетін болады.
Инновациялық гранттар беру бағдарламасы шеңберінде технологиялар мен жаңа өндіріс желілерін жобалау және іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға жәрдем көрсетілетін болады.
Инновациялық гранттар жүйесі мақұлдау рәсімінен және «Өнімділік-2020» бағдарламасына енгізуден өткен кәсіпорындардан түскен өтінімдерді бағалаудың артықшылықтық режимін көздейтін болады.
Жобалық және венчурлік қаржыландыру. Инновациялық дамуды жобалық және венчурлік қаржыландырудың тиімділігін арттыру үшін 2010 жылдан бастап экономикалық қызметі түрлерінің жалпы (ЭҚТЖ) сыныптауышына сәйкес, инновациялық даму үшін басым болып табылатын, жоғары технологиялық және орташа технологиялық өнім түрлерінің тізбесі мерзім сайын жаңартылып, бекітілетін болады. Осылайша, инновациялық салаларға инвестициялар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс көздерден бөлінетін қаражатты шоғырландыруға қол жеткізіледі.
Венчурлік капиталдың өңірлік және салалық бөлікте қолжетімділігін арттыру үшін өңірлік және салалық венчурлік қорлар құрылатын болады. Қаржыландырудың салалық басымдықтары мен өңірлік қаржыландыру құрылымын басқарушы компания әзірлейді және салалық және өңірлік венчурлік қорлардың құрылтайшылары бекітеді. Жеке және институционалдық инвесторлармен бірге технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор салалық және өңірлік венчурлік қорлардың құрылтайшылары болып табылады.
Инновациялық жобаларды жобалық қаржыландыру кәсіпорындардың жарғылық капиталында бақылаусыз қатысу жағдайында жүзеге асырылатын болады. Инновациялық жобаларды қаржыландырудың жоғары тәуекелді сипатын ескере отырып, жоғары тәуекелді жобаларға салымдардан инвестициялардың қайтарылуы міндетті, бірақ қызметтің кепілді нәтижесі емес болып табылады.
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың жарғылық капиталына қатысумен жобаларды іске асыратын кәсіпорындар инженерлік мамандықтарға шектеусіз жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға құқылы.
Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында өндірістік қуаттарын Қазақстан Республикасында орналастыру шартымен әлемнің жетекші компанияларымен технологиялық альянстар құрылатын болады.
Кәсіпорындардың жаңа технологияларды қабылдау дайындығын арттыру жүйесін құру. Технологиялық артта қалуды жедел қысқартуды ұстап тұратын негізгі фактор өнеркәсіптік кәсіпорындардың басқару құзыретінің және жұмыс персоналының жалпы біліктілік деңгейлерінің төмендігі болып табылады. Сондықтан, кәсіпорындардың жаңа технологияларға бейімділігін арттыру мемлекеттік араласуын қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығындарды өтеуге арналған гранттар болады.
Халықаралық көрмелерге, оқыту семинарларына, форумдар мен конференцияларға қатысу жаңа әлемдік инновациялық технологиялармен және әзірлемелермен таныстыру арқылы трансферт және технологияларды коммерцияландыру саласында қазақстандық мамандарды кезең-кезеңімен даярлауға мүмкіндік береді.
Трансұлттық компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру
Трансұлттық корпорациялардың қатысуымен жоғары технологиялық секторларда ірі салалық кәсіпорындарының пайда болуы өнеркәсіптік құрылымының жақсаруын қамтамасыз етеді және бүкіл экономикаға оң әсер етеді, шағын және орта бизнеске тауар жеткізуші тауашаларын иемденуге мүмкіндік береді.
Инновациялық салалар трансұлттық корпорацияларды тарта отырып, ірі сала құраушы жобаларға инвестициялар бөлу арқылы құрылады. Бұл үшін жоғары технологиялық салаларда көшбасы әлеуетті әріптестер - трансұлттық компаниялармен (ТҰК) - жүйелі жұмыс реттеледі. Инновациялық даму институттары аталған схемада Ұйымдастырушы (әлеуетті әріптестерді айқындау және келіссөздер жүргізу), сондай-ақ, сала құраушы жобаларда тең инвесторлар, сондай-ақ зәкірлі компанияларға қызмет көрсететін ШОБ кәсіпорындары рөлінде шығады.
Тартымды жағдайлар ретінде шетелдік компанияларға инфрақұрылыммен және салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз ету ұсынылады. Шетелдік әріптестер, өз кезегінде, елімізге инвестициялармен қатар технологиялар мен басқарушылық шешімдері әкелуге міндеттенеді. Елімізге трансұлттық компанияларды тартудың негізгі құралы аумағында құрылатын зәкірлі компаниялар орналасуы мүмкін арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) болады.
2015 жылға дейін Қазақстанның жоғары технологиялық және орта технологиялық секторларында кем дегенде 2 сала құраушы бірлескен кәсіпорындар құрылады.
Бұдан өзге, сала құраушы жобалар үшін тауарлар жеткізу мен қызметтер көрсетуге бағдарланған ШОБ-тың кемінде 15 кәсіпорны құрылады.
Технологиялық болжау
Технологиялық болжауды жүргізу Бағдарламаны өткізу және іске асыру кезінде ұзақ мерзімді құрал болады. Бұл, бір жағынан, өз құзыретінің дамуын қамтамасыз етуге, ал екінші жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиясын нақты айқындауға мүмкіндік береді.
Технологиялық болжау жүйесін енгізу мыналарға:
технологиялық дамудың басым салаларын айқындауға;
сындарлы технологиялар бойынша болжамды инновацияларды және технологиялық шешімдерді бағалауға;
нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған.
Қолданбалы ғылымның нарықтың қажеттілігіне бағдарлануы
Бағдарлама мақсаттардың бірі ретінде қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін, әзірлемелері мен экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне инновацияларды бағдарлауды қояды. Өнеркәсіп өтінімдері бойынша ғылыми-технологиялық бағдарламаларының шеңберіндегі зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру мен шығындарды ішінара өтеу, сондай-ақ, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді және инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге шағын және орта бизнес субъектілерін (ШОБ) тарту маңызды элемент болады.
Мақсатқа жету мынадай міндеттерді іске асыруға негізделеді:
1) технологиялық зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуге мемлекеттің шығындарды өтеуі;
2) ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
3) ғылыми-зерттеу институттарындағы, университеттеріндегі технологиялар трансферті;
4) жетекші әлемдік ғылыми мектептермен бірге ынтымақтастықты қарқынды дамыту;
5) біліктілікті жоғарылатуды қоса алғанда, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау.
1. Қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы (ТКЖ) негізгі екпін ғылымды, өндіріс пен білімді интеграциялауға; СҒТЖ басымдықтары және ғылыми-техникалық дамудың басқа да басымды бағыттары бойынша, оның ішінде, елдің Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ғылыми-зерттеу қолданбалы бағдарламаларын қалыптастыруға; жеке бизнес тапсырысы бойынша ғылыми ұйымдар орындайтын зерттеу жұмыстарын мемлекеттің шығындарды ішінара өтеуіне; қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инжиниринг саласындағы ШОБ-ты мақсатты дамытуға бағытталады.
Осы мақсатта елдегі ғылымды қаржыландыру деңгейін 2014 жылға қарай ЖІӨ-нің 1 %-ына дейін және 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 2 %-ына дейін арттыру жоспарлануда, ал мемлекеттің шығындарының үлесі 2014 жылға қарай ЖІӨ-нің 0,5 %-ын және 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 1 %-ын құрайды.
Қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жүргізудің басым бағыттарындағы технологиялық зерттеулерді ішінара өтеу кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға және инновациялық құрылымдар желілерін қалыптастыруға бағытталған.
Өнеркәсіп салаларындағы және «келешек экономикасы» бағыттарындағы технологиялық даму бағдарламаларын іске асыруды қалыптастыруды және үйлестіруді СҒТЖ көрсеткіштеріне сәйкес инновациялық қызметті әзірлеу, мемлекеттік саясатын іске асыру және үйлестіру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.
Мемлекеттік бюджет қаражатынан қолданбалы зерттеулер мен ТКЖ-ні қаржыландыру заңнамада белгіленген, оның ішінде гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру нысандарында жүзеге асырылады.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті орган қалыптастыратын болады, оларды іске асыруды ғылым саласындағы уәкілетті орган үйлестіретін болады.
2. Ғылыми инфрақұрылымды кеңейту және дамыту зерттеулердің басым салаларында технологиялық және инновациялық құрамдауыштардың мүмкіндіктерін кеңейтумен байланысты. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Бизнеспен бірлесіп, жетекші университеттердің жаңа ғылыми-зерттеу құрылымдары (бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтары) ашылатын болады. Практика мұндай жобаларды университеттердің жанынан іске асырған неғұрлым тиімді екенін көрсетіп отыр. Бұл өнеркәсіптің тапсырысы бойынша қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге профессорлық-оқытушылық құрамды, докторлар мен студенттерді тартуға және тәжірибеде ғылымның, білім мен өндірістің ықпалдасу принципін іске асыруға мүмкіндік береді.
3. Халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты қарқындандыру жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен бірге бірлескен зерттеулерді қаржыландыруға мемлекеттік көрсетуімен байланысты болады. Бұл ынтымақтастықтың басым бағыты іргелі және қолданбалы ғылымдар салалардағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын өткізу жетекші халықаралық ғылыми орталықтармен бірге халықаралық ғылыми орталықтар құру болады. Қарым-қатынас және отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарату үшін маңызды элемент шетелдік ғалымдарды тарта отырып, ғылыми симпозиумдар, конференциялар, семинарлар өткізу болады.
4. Экономиканың басым секторларының кадрларын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру саласындағы реформа нақты сектор қажеттіліктеріне, технологиялардың қазіргі заманғы деңгейіне бағдарланумен байланысты болады. Білім сапасы мен оқыту бағдарламаларының әлемдік стандарттары енгізілетін, сондай-ақ, бастапқы білім беруден бастап кадрларды даярлаудың бүкіл жүйесі қайта жасалатын, бірінші кезекті, техникалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға бағыт алынатын болады. Бұдан өзге, жоғары білім саласында инженерлік мамандықтарға арналған бюджеттік квоталар ұлғайтылатын болады.
Шетелдердің тәжірибесі бойынша ЖОО ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорындардың студенттерге жетекшілік ету жолымен, өз өндірісінде даярланған маманды одан әрі пайдалану мақсатымен кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту және жоғары технологиялық жабдықтарда оқыту мүмкіндігін ұсыну көзделетін болады.
Ірі шетелдік және өнеркәсіптік компаниялардың зерттеу және өндірістік бөлімшелерінде инженерлердің тағылымдамасы бойынша арнайы бағдарламаларды әзірлеу қажет.
Жаһандану мен ықпалдасудың әлемдік үдерістерін ескере отырып, отандық өнеркәсіптің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін бұл мәселені маңызды талап ретінде қарастыра отырып, жастарды және жұмыс істейтін инженерлік қызметкерлерді оқыту жөніндегі жүйелік жұмысты ұйымдастыру қажет.
Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін қазіргі заманғы жабдықпен зертханаларды жарақтандыру бөлігінде ЖОО мен ҒЗИ-ды материалдық қамтамасыз ету мәселесі жүйелі негізде шешілетін болады.
Аталған бағыттарды іске асыру үшін ғалымдар мен инженерлерді үшін әлеуметтік пакетті ұсыну мәселесін қамтитын (тұрғын үй, жалақыға үстемеақы және басқалары) таланттарды дамытудың нысаналы бағдарламасы әзірленетін болады.
Бұл ретте, инженерге құрмет идеологиясын дамыту, оның кәсібін беделді ету қажет. Бағдарлама отандық инженерлік карларға ғана емес, сонымен қатар, шетелден жоғары білім деңгейі бар инженерлік-техникалық қызметкерлерді тарту үшін қолайлы жағдай жасау тиіс шараларды көздеуі тиіс.
Бұдан өзге, ЖОО және ҒЗИ зерттеушілерін, сондай-ақ, кәсіби инженерлерді шетелде тағылымдамадан өткізу және оқыту көзделуі тиіс.
Бұл мәселелер егжей-тегжейлі ғылым саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін ғылымды дамытудың салалық бағдарламасында көрсетілетін және іске асырылатын болады.
Ғылымды дамыту инновациялар үшін негіз болып табылатын назарға ала отырып, бизнестің қажеттіліктеріне қайта жүктеу жолымен оны дамытуға жаңа ғылыми жүйелік тәсіл жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық кластерлерді қалыптастыру
Ірі университеттер, ғылыми орталықтар, кәсіпорындар, отандық және шетелдік инвесторлардың, инновациялық өндіріс немесе технологиялар трансфертімен айналысатын басқа да құрылымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін инновациялық ортаны қалыптастыру мақсатында инновациялық кластерлер құрылатын болады.
Инновациялық кластерлерді дамыту білімнің, ғылымның, қаржы мен бизнестің синергиясын қамтамасыз етеді.
Инновациялық кластерлерді қалыптастыру үшін мынадай талаптардың болуы қажет:
1. ЖОО-ның, ғылыми ұйымдардың, ірі компаниялардың зерттеу бөлімшелерінің, инвестициялық қордың және инновациялық ШОБ-тың болуы;
2. Еркін қолжетімділік және кластер қатысушылары арасында ақпаратпен алмасу бойынша талаптар;
3. Қолайлы кәсіпкерлік орта;
4. Тиісті инженерлік-техникалық инфрақұрылым (коммуникациялар, жолдар, тұрмыстық жағдайлар);
5. Ғылыми, инженерлік және адам қарым-қатынасының сыртқы шетел ортасымен еркін режимі;
6. Таланттарды тарту үшін жағдай жасау.
Бұл ретте, зерттеу, оқыту, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынамалау және жаңа ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізу технопарктер, бизнес-инкубаторлар, оның ішінде гранттар мен әртүрлі қорлар есебінен шағын инновациялық компаниялар құру арқылы жүргізілетін болады.
Пилоттық ретінде ұлттық деңгейде мынадай жобалар іске асырылуда - Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қаласы) және «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі және Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Научный кентінде Ғылыми білім беру кешенін (агроөнеркәсіптік кешен) құру бойынша ұсыныстар енгізілген.
Өңірлік деңгейде бұндай жобалар іске асуы мүмкін.
Өңірлік деңгейде негізін жетекші жоғары орындар немесе технопарктер құрайтын жоғары технологиялар аймағы құрылатын болады. Мысал ретінде «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі болып табылады.
Бұл ретте, 2011 жылы инфрақұрылымды салу, шетелдік басқарушы компанияны тарту, ІТ-университетті құру шеңберінде көзделетін «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі инновациялық хаб ретінде қарастырылады. Бұл мақсатта 2010 жылы «АТП» АЭА дамыту тұжырымдамасы бекітіледі және ТЭН әзірленеді, сондай-ақ, инфрақұрылым құрылысының аяқталуына қаражат бөлінді.
Бағдарламаның аталған бағытын іске асыру нәтижесінде білім беру мекемелерінде инновациялық қызметті жандандыру, сондай-ақ, инновациялық қызметті ғылыми-технологиялық сүйемелдеуге қол жеткізілетін болады, ғылымның, білім мен өндірістің ықпалдасуы пайда болады.
Инновациялық жобалар мен компанияларды ынталандыру шаралары
Инновациялық гранттар нақты бағыттар бойынша әзірленетін гранттық бағдарламалар шеңберінде берілетін болады. Гранттық бағдарлама инновациялық гранттарды алуға арналған өтінімдерді іріктеудің өлшемдерін, жылдар бойынша бағдарламаға арналған бөлінетін қаражаттың көлемін, сондай-ақ, жобаны қаржыландырудың барынша көп көлемі мен үлесін, өтеуге жататын шығыстардың рұқсат етілетін түрлерінің тізбесін, нәтижеліліктің басты көрсеткіштерін белгілейді.
Инновациялық гранттарды берудің негізгі бағыттары мыналар болады:
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тиімділігін арттыру;
ТКЖ жүргізу;
Гранттық бағдарламаларды әкімшіліктендіру жөніндегі функция технологиялық саясат жөніндегі ұлттық операторға жүктеледі.
Инновациялық грантты беру туралы шешімді кем дегенде 2/3 тәуелсіз, оның ішінде шетелдік сарапшылардан, ғылымның, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын технологиялық салалық кеңес қабылдайды.
Инновациялық гранттарды беру тәртібін Үкімет бекітетін болады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлау. Технопарктер, сондай-ақ, индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әкімшіліктендіретін тиісті тұрақты жұмыс істейтін бюджеттік бағдарлама қолдаудың аталған түрін жүзеге асыру үшін жүйелік негіз болып табылады.
Әр технопаркте қазіргі заманғы физикалық инфрақұрылым жасалатын және технопарктің қызмет кешенін пайдаланатын инноваторлар, инновациялық компаниялар мен басқа да тұлғалар келуі үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін болады.
Технопарктердің қызметі (алаңдар, консультациялық, заң, бухгалтерлік қызметтер, телефон байланысын, интернетті, мамандандырылған жабдықты пайдалану) аталған бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жеңілдікті немесе тегін көрсетілетін болады.
Жобаны инкубациялаудың ең көп мерзімі - 24 ай. Аталған мерзім ішінде жоба сатып алынатын бизнес деңгейіне шығуға немесе келешегі жоқ ретінде қолдау тоқтауы тиіс. Технопарк инкубациялаған сәтті және келешегі жоқ жобалардың арақатынасы оның жұмыс істеуінің тиімділігін бағалаудың негізі болады.
Жобаларды іріктеу тәртібі, олардың мониторингі, инкубациялау бойынша қызмет ұсыну, сондай-ақ жұмыс істеу тиімділігін бағалау тәртібі мен технопарктердің қызметін регламенттейтін өзге де құжаттарды инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекітетін болады.
Инновациялық жобаларды тікелей жобалық және венчурлік қаржыландыру.
2010 - 2014 жылдарға арналған венчурлік инвестициялар дамуының бағыттары өңірлік және салалық венчурлік қорларды құру болып табылады. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор венчурлік нарыққа қатысушыларға қаржылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсететін, сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру, олардың арасындағы ақпараттық, сараптық және өзге де өзара іс-қимылды орнату жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын болады.
Кәсіпкерлер инвестициялық қолдау объектілері болып табылады, артықшылық шағын инновациялық бизнес жобаларға беріледі. Өңірлерде инновациялық жобаларды қаржыландыруды олардың түсуі бойынша венчурлік қорлар жүзеге асыратын болады.
Тікелей жобалық қаржыландыру мынадай схема бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталған жобаларға қатысуға арналған фокус біртіндеп ауысатын болады: жаңа өндірістік жабдықты сатып алуды көздейтін кәсіпорындарды қайта құрылымдау жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі мақұлдағаннан кейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор жеңілдетілген схема бойынша жаңғырту іс-шараларын іске асыру үшін жеткілікті сомада кәсіпорынның жарғылық капиталында қатысу мүмкіндігін қарастырады. Оларды енгізуді аяқтағаннан кейін меншік иесі төлеммен оператордың үлесін, оның ішінде, белгілі бір маржамен кері сатып алуды жүзеге асырады.
Венчурлік және жобалық қаржыландыруды іске асыру үшін қажетті қаражат белгіленген рәсімдерге сәйкес жыл сайынғы негізде айқындалады.
Аталған бағыттың тиімділігін арттыру үшін заңнама тәртібімен венчурлік қорлар мен өндірістік компанияларда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың қатысу үлесін сатып алуды жеңілдету жөніндегі шаралар қарастырылатын болады.
Бұдан өзге, технологиялық даму жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық оператормен бірге «бизнес-періштелер» деп аталатын венчурлік капиталистерді Қазақстанда дамыту үшін жағдай жасауға кіріседі.
Инновациялық ортаны дамыту
Бағдарламаны іске асырудың маңызды бағыты қолайлы инновациялық ортаны дамыту үшін жағдай жасау және шараларды іске асыру болып табылады. Ол шешім қабылдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды және инновациялық саясатты, елдің инновациялық жүйелерінің барлық деңгейлерінің тиімді өзара іс-қимыл механизмдерін іске асыруды үйлестіруді қамтиды. Жүйе ұлттық, салалық, өңірлік деңгейлерде инновациялық даму саясатының тиімділігін және ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) барлық деңгейлерін үйлестіруді қамтамасыз етуге тиіс.
Бағдарлама шеңберіндегі алдағы жұмыстың маңызды аспектісі қоғамда инновациялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ол, атап айтқанда инновациялық қызметті насихаттауды, инновациялық ұлттық ділді қалыптастыруды, қоғам, инноваторлар, бизнес пен мемлекет арасындағы кері байланыс жасауды қамтиды.
Мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру және Ұлттық инновациялық жүйесін дамытуды үйлестіру
Технологиялық дамуды басқару жүйесі. Ұлттық деңгейдегі инновациялық жүйенің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету үшін шешім қабылдау мен инновациялық саясатты іске асыруды үйлестірудің иерархиялық жүйесі құрылады.
Елде индустриялық саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен уәкілетті органның жанынан тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган құрылады.
Технологиялық және инновациялық қызметті басқаруды:
Технологиялық саясат жөніндегі кеңес;
Технологиялық салалық кеңестер;
Мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және инновациялық қызметті үйлестіру саласындағы уәкілетті орган;
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор;
Салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Жүйенің жоғарғы үйлестіруші буыны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес болады. Кеңес және оның дербес құрамы туралы ереже заңнамада белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
Технологиялық даму жөніндегі комиссия мемлекеттік органдар басшыларының, ұлттық компаниялардың, ірі бизнес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің, Нобель сыйлығы лауреаттарының деңгейіндегі шетелдік сарапшылардың арасынан құрылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Бұл ретте, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, сондай-ақ, сарапшылар құрамның кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
Технологиялық саясат кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы, оның ішінде салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды бекіту және өзекті сипат беру, сондай-ақ, әзірлеуге ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тізбесі жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын анықтау;
гранттық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттарын;
жоғары технологиялы және орташа технологиялы өнімдердің тізбесін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - ИЖТМ) мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және елдегі инновациялық қызметті үйлестіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс органы болады.
ИЖТМ жыл сайын елдің технологиялық дамуының негізгі нәтижелері туралы Мемлекет басшысына баяндама ұсынатын болады.
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператор ретінде инновациялық саясатты іске асыру тиімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық даму процестерін үйлестіру және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасындағы уәкілетті органның жалғыз операторы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) АҚ-ы құрылатын болады.
Технологиялық салалық кеңестер қызметінің мақсаты «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңымен регламенттеледі және мыналар бойынша:
мемлекеттік бюджет есебінен салалық қолданбалы технологиялық бағдарламаларды өткізудің басым бағыттарын анықтау;
гранттық бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру және бекіту;
гранттық бағдарламалар шеңберінде олардың әрқайсысы бойынша қаржыландыру лимиттерін бөле отырып, жобаларды қаржыландыру;
гранттық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ, оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстардың мониторингі және тиімділігін талдау;
тиісті салаларда іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму саясатын жақсарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру бойынша ұсыныстар беруден тұрады.
Агенттік функциясына мыналар кіретін болады: Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің, технологиялық салалық кеңестердің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, инновациялық жүйені дамыту жөніндегі жұмыстар, инновациялық даму үдерістеріне ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу; технологиялық болжау және жоспарлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу,
Салалық кеңестерге қарауға ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тақырыптарын үйлестіру, сондай-ақ, жобаларды орындауға арналған конкурстарды өткізу, қаржыландыруды ұйымдастырушылық-операциялық сүйемелдеу және өткізілетін жобалардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу, инновациялық жобалар бойынша ақпараттық дерекқорды жасау және коммерцияландыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру; инновациялық инфрақұрылымды басқару, халықаралық ұйымдармен оларды ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстар мәніне тартуға ынтымақтастық.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды әзірлеу және іске асыру, олардың мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру көлемін анықтауды қоса алғанда, технологиялық бағдарламаларды келісу арқылы салалық министрліктердің, ұлттық компаниялардың және даму институттарының технологиялық даму жөніндегі қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыратын болады.
Технологиялық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды гранттық қаржыландыруды Технологиялық даму жөніндегі агенттік арқылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жүргізетін болады.
Ғылыми зерттеулерді басқару жүйесі. Білім және ғылым министрлігі ғылым және ғылыми-техникалық қызмет мәселесін үйлестіреді: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру, ғылыми-техникалық өнімді жасау және ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру сатысына дейін жеткізу, қолданбалы зерттеулер нәтижелерін растау үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерді құру жөніндегі ҒЗТКЖ жүргізу.
Бұл ретте, Жоғары ғылыми-техникалық комиссия стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағыттары бойынша айқындайды. ЖҒТК құзыретіне Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын және басымды ғылыми бағыттар бойынша технологиялық салалық кеңестердің ұсынымдарын ескере отырып, қолданбалы ғылыми зерттеулердің салалық бағдарламаларын қарау кіреді.
Технологиялық даму мен ғылыми қызметті басқарудың ұсынылатын сұлбалары осы салалардың айқын аражігін ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен ғылыми зерттеулерді басқару жүйесіне жалпы ғылыми мәні бар іргелі және қолданбалы бағдарламалар жататын болады, сонымен қатар технологиялық дамуды басқару жүйесінің құзыретіне ортақ қаржыландыру жағдайында отандық өнеркәсіптің алдында тұрған технологиялық сипаттағы көкейкесті проблемаларды шешетін ғылыми зерттеулер мен ТКӘ нәтижелерін коммерцияландыру мен көбейту кіретін болады.
Инновациялық процестерді талдамалық сүйемелдеу
Ұлттық инновациялық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру үшін осы Бағдарлама шеңберінде инновациялық даму процестерін ақпараттық-талдамалық қолдау жүйесін құру және жұмыстар блогын жүргізу жоспарланып отыр, оның барысында мынадай міндеттер шешілетін болады:
елдегі инновациялық қызметтің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу;
инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың әдістемесін әзірлеу және жүргізу;
қазақстандық статистикалық көрсеткіштерді әлемдік стандарттарға бейімдеу;
Қазақстанның инновациялық дамуының рейтингіне мониторинг жүргізу;
тұрақты негізде технологиялық форсайттың ұлттық жүйесін құру және одан әрі қолдау жөніндегі жұмысты жүргізу;
инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы жұмыстар блогын іске асыру нәтижесінде инновациялық даму үдерісін талдамалық сүйемелдеу жүйесі құрылатын болады.
Ғылымды және инновацияларды насихаттау
Ақпараттандырудың тұрақты жұмыс істейтін жүйесін құру және халықты инновациялық даму үдерістеріне тарту іске асырылатын бағдарламаның тиімділігін арттырудың басты ресурстарының бірі болып табылады.
Осы мақсатта жыл сайынғы инновациялық конгресс, инновациялық идеялар конкурстары, рационализаторлық идеялар конкурстары, инновацияларға арналған журнал басып шығару, журналистік сыйлықтар, ғылыми-танымдық түсірілімдер жоспарланған. Аталған іс-шаралар инновациялық процеске қатысушылар арасында тәжірибе, ақпарат алмасуға және ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндіктер жасайды, сондай-ақ, отандық және шетелдік жұртшылықты инновациялық даму үдерістеріне назарын аударады.
ҰИЖ-де кері байланыстың болуы Мемлекетке қоғамның мүддесі мен мұқтаждықтарын ескеруге және инновация саласында неғұрлым тиімді мемлекеттік саясат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қоғам мен мемлекеттің кері байланысын қамтамасыз ету үшін құралдардың бірі ұлттық инновациялық портал болып табылады. Инновациялық портал техникалық көзқарас тұрғысынан ҰИЖ барлық негізгі қатысушыларын белсенді өзара іс-қимылға тартуға және «бір терезе» принципі бойынша сапалы платформаны қамтамасыз етуге жарамды инновация саласындағы ең осы заманғы ұлттық Интернет-ресурс болып табылады. Онда идеяны генерациялаудан, бизнес-инкубаторлар мен технопарктерде ҒЗТКЖ жүзеге асырудан бастап және кейін әзірлемені өндіріске енгізумен аяқтап инновацияны коммерцияландырудың барлық кезеңінде инноваторларға көмектесетін барлық қызметтер іске асырылатын болады.
Қоғам мен мемлекеттің кері байланысын қамтамасыз етудің басқа өте маңызды құралы әлеуметтік сауалнамалар, инновациялық саясатты ұғыну мен қабылдау үшін халық пен бизнесті сауалнамалау болып табылады.
Заңнама базасын және инновацияларды дамытуды салықтық ынталандыру тетіктерін жетілдіру
Бұл бағдарламаның сәтті іске асырылуы «Индустриялық саясат туралы» заңда технологиялық дамудың басымдықтарын анықтайтын, технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру, технологиялық болжауды жүзеге асыру, экономиканың басым салаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық аудитін жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің рөлін, сондай-ақ жергілікті атқару органдарының рөлін үйлестіруші орган ретінде Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті бекітуді талап етеді.
Бұдан өзге, заң елдегі инновациялық қызметті үйлестіру, технологияларды коммерцияландыру, технологиялар трансферті, базалық қаржыландыру, конструкторлық бюро қызметі, өнеркәсіптің жаңа технологияларға қажеттіліктерінің тізбесін қалыптастыру, техникалық сараптамалар жүргізу, сондай-ақ инновациялық гранттар берудің жаңа тәсілдері үшін, оның ішінде шығыстарды ішінара өтеу жағдайында құқықтық негізді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы күшін жоюға қойылатын болады.
Қазақстан Республикасында зерттеулер мен әзірлемелерді тікелей жүргізуге арналған жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардан түсімдердің кем дегенде 1% міндетті аударымдар енгізілетін болады. Бұл мәселе тиісті салалық министрліктермен пысықталуда.
Қаржылық және мемлекеттің өзге де қатысуының көмегімен алынған ғылыми қызмет нәтижелерінің құнынан кірісті тікелей әзірлеушілердің алуына арналған құқық берілетін болады.
Салық кодексімен өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бойынша, оның ішінде, 100% жедел амортизацияға жататын меншікті әзірлемелер нәтижесінде алынған салық жеңілдіктерін беру көзделген.
Қажеттілік туындаған жағдайда инновацияларды дамытуды ынталандыруға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қайта қарау көзделуде.
Салық кодексімен ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға (ҒЗҒТЖ) арналған шығындарды КПН бойынша 100% көлемінде шегерім жасау көзделген. ҒЗҒТЖ-ға салымдарды ынталандыру үшін ҒЗҒТЖ-ға арналған тиісті шығындардан 50 %-ға салық салынатын табысты азайтуға құқық қосымша берілетін болады.
Сондай-ақ, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ТКЖ) салымдарды ынталандыру туралы мәселе пысықталуда.
Бұдан өзге, 5 жыл мерзімге кейбір салықтардан (корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы және әлеуеттік салық) босату түрінде жоғары технологиялық өнімді шығаратын компаниялар үшін қосымша ынталандыру шаралары бойынша мәселе пысықталатын болады.
Экологиялық стандарттар мен техникалық регламенттер әкімшілік ынталандыру және өндірістік активтерді жаңғыртуға қысым бойынша құралдарды көкейтесті ету бөлігінде күшейтілетін болады.
Өңірлік инновациялық жүйелерді құру
Толық өңірлік инновациялық жүйе құру (ӨИЖ) белгілі бір өңірді оның ерекшелігін ескере отырып дамытуда шоғырлану, жергілікті кәсіпорындардың проблемаларын шешуге кешенді түрде баруға, кәсіпкерлермен, ғалымдармен және өнертапқыштармен неғұрлым тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жалпы алғанда бүкіл ел бойынша инновациялық қызметті арттыруға едәуір әсер береді.
ҰИЖ құрамына өңірлік венчурлік қорлар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары және басқалары кіреді, олардың функцияларына инновациялық жобаларды қаржыландыруды және басқаларын қоса алғанда, өңірлік инновациялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асырылуын бақылау; өңірлерде инновациялық инфрақұрылымдар (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары және басқалары) қалыптастыру; инновациялық сала үшін кадрларды қайта даярлау; ғылымды қажет ететін инновациялық өндірістерді ұйымдастыру және дамыту үшін инвестициялар тарту; ресурс үнемдейтін және экологиялық жағынан таза технологияларды енгізу, өңірде жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту және қайта құру кіреді.
ҰИЖ Қызметін үйлестіруді Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) жанынан құру ұсынылатын өңірлік инновация кеңселері жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, әдістемелік басшылық пен барлық ҰИЖ жұмыстарын үйлестіру ИЖТМ мен ТДҰА арқылы жүргізілетін болады.
4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Жаңа технологияларға сұранысты, инновацияларға ұсынысты қалыптастыру және инновацияларды енгізу және тарату жолымен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесін дамыту.
2015 жылға қарай саны 150 жобадан кем емес болатын өз қызметін жаңа ғана бастайтын жоғары технологиялық компаниялардың ғылыми-технологиялық зерттеулері мен бизнес инкубациялау нәтижелерін коммерцияландыру модельдері сараланатын болады; технологиялар трансфертінің ұлттық желілерінің негіздері жасалатын болады; шамамен 50-дей алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар тартылатын болады; инновациялық технологияларға сатып алынған құрылыстық-технологиялық құжаттамалардың, лицензиялардың және патенттердің саны 100-ден кем емес болады. Инновациялық гранттарды берудің, оның ішінде, жұмыс істеп тұрған өндірістердің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуге бағытталған инновациялық гранттарды беру жүйесі іске қосылатын; кем дегенде саны 100 жоғары технологиялық өнімді жеткізушілер - ШОБ инновациялық кәсіпорындарының желісі қалыптастырылатын және кем дегенде 50 инновациялық жоба қаржыландырылатын болады. Бұдан өзге, сала құраушы жобалар үшін тауарларды жеткізуге және қызметтер көрсетуге бағытталған кем дегенде 15 ШОБ кәсіпорны құрылатын болады.
2. Технологиялық болжау және жоспарлау, бизнестің қажеттіліктеріне арналған қолданбалы ғылымды бағдарлау және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы меншікті құзыреттерді жасау.
2015 жылға қарай ғылыми-технологиялық болжаудың ұлттық жүйесі құрылатын, Салааралық ғылыми-технологиялық жоспар, Инновацияларды дамытудың салалық бағдарламалары әзірленетін; кем дегенде 10 ірі ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарын, 30 инновациялық компанияны, 4 бизнес-инкубаторды қамтитын кем дегенде 2 ұлттық инновациялық кластер құрылатын; заңнамаға ҒЗТКӘ-ға инвестициялау үшін ынталандыру жасау үшін өзгерістер енгізілетін; отандық инноваторлармен және инновацияларды тұтынушылармен жүйелік жұмыс принципі енгізілетін болады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 315 қаулысымен.
3. ҰИЖ элементтерін үйлестіруді арттыру, инновациялық белсенділікті насихаттау және заңнама базасын жетілдіру жолымен инновациялық ортаны дамыту.
2015 жылға қарай инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның рөлін күшейту; салалық және өңірлік деңгейлерді қамтитын инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру; Технологиялық саясат жөніндегі кеңес, технологиялық салалық және ғылыми кеңестер арқылы шешімдерді сараптық қабылдау жүйесін құру; технологиялық даму жөніндегі бірыңғай ұлттық операторды құру; инновациялық даму үдерістерін ақпараттық және үгіт-насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру; шетелдік жоғары технологиялық инвесторлармен және өнертапқыштармен жүйелік жұмыстың принциптерін енгізу жолымен шешімдерді тиісті қабылдау және инновациялық қызметті үйлестіру жүйесі құрылатын болады.
5. Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл:
Бағдарламаны іске асыру үшін мынадай мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жәрдемдесуі қажет:
Қазақстан Республикасы Индустрия мен жаңа технологиялар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері;
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ;
«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ;
«Ғылым қоры» АҚ;
«ҚазАгроИнновация» АҚ;
«Қазақстандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ;
«Парасат» ҰҒТХ» АҚ;
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2013 № 681 қаулысымен.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2010 - 2012 жж.) ғылыми және технологиялық даму жүйесін құру, нормативтік-құқықтық базаны көкейкестілендіру, сондай-ақ, инновациялық дамуды қолдаудың жаңа гранттық және өзге де бағдарламаларын әзірлеу (талдамалық қамтамасыз ету, технологиялық инкубациялау, салалық конструкторлық бюро желілерін және коммерцияландыру офистерін құру, үгіт-насихат іс-шаралары және т.б.) болжанып отыр.
Осы кезеңде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуден басқа өңірлер мен ұлттық компанияларды инновациялық-технологиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, жобалық және венчурлік қаржыландыруда жаңа тәсілдерді енгізу, техникалық регламенттер жүйесі арқылы инновацияларды ынталандыру болжанып отыр.
Аталған кезеңнің негізгі мақсаты - бірінші кезекте, өнеркәсіпті үдемелі жаңғырту үдерістерімен байланысты инновацияларға арналған сұранысты қанағаттандыруға бағытталған инновацияларды дамытуды мемлекеттік қолдаудың кешенді тетігін жасау және байқап көру.
Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінің негізгі мақсаты (2012 - 2014 жылдар) - бірінші кезеңде әзірленген ғылыми-технологиялық үдерістерді қолдау құралдарын қолдану, өз тиімділігін көрсеткен пилоттық жобалардан олардың ауқымдылығына көшу. Бұдан өзге, 2014 жылдан кейін шешуді талап ететін тиісті міндеттерге сай инновацияларды мемлекеттік қолдаудың кешенді тетігі әзірленетін болады. Шамамен алғанда, екінші бес жылдық жоспар Қазақстанда әзірленетін инновациялардың сапасын ынталандыруға бағытталатын болады.
6. Қажетті ресурстар
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттердің және инвестициялардың қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте, республикалық бюджеттің шығыстары тиісті кезеңге арналған бюджетті нақтылау кезінде Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын болады.
7. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2013 № 681 қаулысымен.
Р/с № |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындау үшін жауаптылар |
Орындалу мерзімі (жылдар) |
Болжанатын шығындар |
Қаржыландыру көздері |
Бюджеттік бағдарламаның № (бар болса) |
|||||
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
барлығы |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Технологиялар трансферті арқылы өнеркәсіпті жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесі |
||||||||||||
1. |
Инновацияларды дамыту үшін салықтық преференциялар беру мәселелері бойынша Салық салу жөніндегі консультациялық кеңеске ұсыныстар енгізу |
Консультациялық кеңес шешімі |
ИЖТМ, Қаржымині, БҒМ, МГМ, ЭДСМ, АШМ, «ҰИҚ»АҚ |
2011 жылғы I жарты-жылдық |
||||||||
2. |
«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде инновациялық гранттар беру |
Есеп |
ИЖТМ |
2010 - 2014 жылдар |
1 725 000,0 |
7 500 000, 0 |
3 478 |
4 300 000,0 |
4 300 000,0 |
21 303 000,0 |
РБ |
233-026 |
3. |
026 бюджеттік бағдарлама шеңберінде жаңа сызба бойынша Инновациялық гранттар беру қағидасын әзірлеу және бекіту |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2011 жыл |
Талап етілмейді |
|||||||
4. |
Инновациялық жобаларды қаржыландыру |
Заңды тұлғаны (жобалық компанияны) тіркеу |
«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
1 300 000,0 |
РБ |
233-066 |
|||||
5. |
Өңірлердің, салалардың және ұлттық компаниялардың инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларын әзірлеу және бекіту |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, басқа да уәкілетті салалық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ |
2011 жыл |
Талап етілмейді |
|||||||
6. |
Технопарктерді, салалық конструкторлық бюроларды, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарын басқару және үйлестіру бойынша қызметтер |
ҚР Үкіметіне есеп |
ИЖТМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
159 000,0 |
374004 |
116137 |
168416 |
168416 |
986273 |
РБ |
233-012 |
7. |
Техникалық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібін әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2011 жыл |
Талап етілмейді |
РБ |
||||||
8. |
Инвестициялық жобаларды техникалық сараптамадан өткізу мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ |
2012 жыл |
РБ |
|||||||
9. |
Технологияларды коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру бойынша қызметтер |
«ТДҰА» АҚ Директорлар кеңесiнiң шешiмi |
«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша) |
2011 - 2014 жылдар |
61 000,0 |
88 800,0 |
145 782 |
157 103 |
157 103 |
609 788 |
РБ |
233-012 |
10. |
2010 - 2012 жылдары 2 конструкторлық бюро көру және дамыту |
Заңды тұлғаны тіркеу |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «ИТТО» АҚ (келісім бойынша) |
2010 - 2012 жылдар |
600 000,0 |
869 000,0 |
869 000,0 |
2 338 000,0 |
РБ |
233-066 |
||
11. |
Шетелдік компаниялармен бірлесіп екі салалық инжирингтік орталық құру және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ |
2011 жыл |
РБ |
|||||||
12. |
Жетекші шетелдік технологиялық Көшбасшылармен екі бірлескен жоғары технологиялық өндірісті құру мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ |
2011 жыл |
РБ |
|||||||
13. |
«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу |
ИЖТМ-ге есеп |
«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
165 000,0 |
165 000,0 |
РБ |
233-085 |
||||
II. Технологиялық болжау және қолданбалы ғылым мен инжинирингті дамыту басымдықтары |
||||||||||||
14. |
Технологиялық болжамдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер, инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер |
Жол карталары бойынша басым салалар мен технологиялар тiзбесi |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келiсiм бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
100 000,0 |
234 519,0 |
91040 |
105172 |
105172 |
635903 |
РБ |
233-012 |
15. |
Орта мерзімді перспективаға Қазақстан Республикасының салааралық ғылыми-технологиялық жоспарын әзірлеу және бекіту |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, МГМ, БҒМ, Қоршаған ортамині, Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, ККМ |
2010 - 2012 жылдар |
Талап етілмейді |
|||||||
16. |
Білім беру гранттарының жалпы санында өнеркәсіптің басым салалары бойынша Рh. D магистрлары мен докторларын даярлауға арналған гранттар үлесін ұлғайту жөніндегі мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2011 - 2014 жылдар |
РБ |
|||||||
17. |
Назарбаев Университеті инновациялық кластерін құру және дамыту, оның ішінде Халықаралық пәнаралық құралдар мектебін құру; |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ, ИЖТМ, Назарбаев Университеті |
2011 - 2014 жылдар |
1 755 588, |
РБ |
||||||
18. |
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ инновациялық кластерін құру бойынша ұсыныстарды енгізу |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ, ИЖТМ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ (келісім бойынша) |
2011 жыл |
РБ |
|||||||
19. |
«Алатау» АТП АЭА одан әрі дамыту мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ, «Алатау» АТП АЭА |
2011 жыл |
||||||||
20. |
*Ақмола облысының Шортанды ауданын Научный кентінде ғылыми-білім беру кешенін (агроөнеркәсіптік кешен) құру1 |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
АШМ, Қаржымині, ЭБЖМ, БҒМ, Әділет министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «ҚазАгроИнновация» АҚ |
2010 - 2014 жылдар |
134 451,0 |
675 000,0 |
3 391 250,0 |
6 547 500,0 |
6 547 500,0 |
17 295 701,0 |
РБ |
212-105 және 048 |
21. |
Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша мемлекеттік тетіктерді іске асыру бойынша қызметтер |
ҚР Үкіметіне есеп |
ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша) |
2011 - 2014 жылдар |
180 000,0 |
306 181,0 |
339 626 |
368 491 |
368 491 |
1562789 |
РБ |
233-012 |
22. |
4 өңірлік (венчурлік) қор құру мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), тиісті облыстардың әкімдіктері |
2011 жыл |
РБ |
233-066 |
||||||
23. |
4 салалық венчурлік қор құру мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ, АШМ, БҒМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «ИТТО» АҚ (келісім бойынша), «Қазагроинновация» АҚ (келісім бойынша) |
2011 жыл |
РБ |
233-066 |
||||||
24. |
СҚО өңірлік технопарктің екінші кезегін құру және жарақтандыру мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ |
2012 жыл |
РБ |
233-066 |
||||||
25. |
Астана қаласындағы өңірлік технопарктің екінші кезегін құру және жарақтандыру мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИЖТМ |
2012 жыл |
233-066 |
|||||||
26. |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жоғары технологиялық және орта технологиялық болып табылатын өнім түрлерінің тізбесін қалыптастыру |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2011 жыл |
- |
Талап етілмейді |
||||||
27. |
Шетелдік әріптестермен бірге «Болашақ» бағдарламасы бойынша университеттерде, ҒЗИ-да жұмыс істейтін жас мамандар, ғалымдар, ірі өнеркәсіптік компаниялардың R&Dбөлімшелерінде және институттарда жұмыс істейтін ғалымдар үшін арнайы тағылымдама бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ |
2011 - 2014 жылдар |
РБ |
|||||||
28. |
Тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізу бойынша ғылыми-техникалық бағдарлама жасақтау жөніндегі мәселені пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ, ИЖТМ |
2011 - 2014 жылдар |
РБ |
|||||||
29. |
«Бастау» студенттік бизнес-инкубаторын одан әрі дамыту жөніндегі мәселені пысықтау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ, ШҚМТУ |
2011 жыл |
ШҚГТУ бюджеттік емес қаражаты |
|||||||
30. |
«ІРГЕТАС» инженерлік бейінінің зертханасын одан дамыту жөніндегі мәселені пысықтау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ, ШҚМТУ |
2011 - 2013 жылдар |
РБ |
|||||||
31. |
Тәжірибелік-өндірістік аймақ құру жөніндегі мәселені пысықтау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ, ШҚМТУ |
2011 - 2012 жылдар |
Белгіленген тәртіппен бекітілген ҚЭН-ге сәйкес қаржыландыру көлемі |
РБ |
||||||
III. Инновациялық орта қалыптастыру |
||||||||||||
32. |
Инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер, оның ішінде өнертапқыштық қызметті және инновациялық белсенділікті ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа мен электрондық өнімді шығару және тарату |
Есептер, орындалған жұмыстар актісі |
ИТЖМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
186 570,0 |
307091 |
130954 |
144117 |
144117 |
912849 |
РБ |
233-017 |
33. |
Салалық технологиялық кеңестердің және Технологиялық саясат бойынша кеңестің қызметін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау |
Бюджеттік өтінім |
ИТЖМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2011 жылдар |
РБ |
|||||||
34. |
ҚР технологиялық дамыту бойынша ұлттық операторды құру |
Президент Жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы |
ҚР ПӘ, ИТЖМ, Әділетмині, ЭДСМ, Қаржымині |
2011 жыл |
Талап етілмейді |
|||||||
35. |
Инновациялардың өңірлік кеңселерін құру ережесін әзірлеу және бекіту |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, Әкімдіктер, ЭДСМ, Қаржымині |
2011 жыл |
Талап етілмейді |
|||||||
36. |
ӘКК жанынан инновациялардың өңірлік кеңселерін құру |
Әкімдік қаулысы |
Әкімдіктер, ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), даму институттары |
2011 - 2014 жылдар |
ЖБ |
|||||||
37. |
Өндірістік активтерді жаңартуға және ескірген технологияларды пайдалануды шектеуге бағытталған техникалық регламенттер әзірлеу және енгізу |
Бекітілген техникалық регламенттер және экологиялық стандарттар |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2011 - 2012 жылдар |
Әзірлемелердің нормаларына сәйкес |
РБ |
||||||
38. |
Қазақстандағы технопарктердің даму тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту |
ИЖТМ бұйрығы, тұжырымдама |
ИЖТМ |
2011 жыл |
Талап етілмейді |
|||||||
39. |
Инновацияны дамытуды ынталандыру және ескірген технологияларды енгізуге тыйым салу бөлігінде «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер |
ИЖТМ, Әділетмині |
2012 жыл |
Талап етілмейді |
1) қаржыландыру көлемі тиісті кезеңдерге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ТЭН әзірлеу нәтижелері бойынша түзетуге жатады
* - республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылардың жыл сайынғы көлемі
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ШҚМТУ - Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
«ҰИҚ» АҚ - «Ұлттық инновациялық қоры» акционерлік қоғамы
«ИТТО» АҚ - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«ТДҰА» АҚ – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы
«Алатау» АТП АЭА - «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағы
СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы
РБ - республикалық бюджет
ЖБ - жергілікті бюджет