Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қаржыландыру көздерi мен көлемдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздерi мен көлемдері |
- «2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның жалпы құны республикалық бюджет қаражаты есебiнен 45644303 мың теңгенi құрайды. Республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.»; |
«4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеті, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
«Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-кіші бөлімнің 5-тармағы мынадай мазмұндағы он екінші және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»;
«7. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 4, 13, 36-жолдардың 4-бағанындағы «ҰИҚ» АҚ» деген аббревиатуралар «ТДҰА» АҚ» (келісім бойынша) деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 2, 6, 9, 14, 21, 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. |
«Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде инновациялық гранттар беру |
Есеп |
ИЖТМ |
2010 - 2014 жылдар |
1 725 000,0 |
7 500 000,0 |
3 478 171,0 |
4 300 000, 0 |
4 300 000, 0 |
21 303 000, 0 |
РБ |
233-026 |
»;
«
6. |
Технопарктерді, салалық конструкторлық бюроларды, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарын басқару және үйлестіру бойынша қызметтер |
ҚР Үкіметіне есеп |
ИЖТМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
159 000,0 |
374 004 |
116 137 |
168 416 |
168 416 |
986 273 |
РБ |
233-012 |
»;
«
9. |
Технологияларды коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру бойынша қызметтер |
«ТДҰА» АҚ Директорлар кеңесiнiң шешiмi |
«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша) |
2011 - 2014 жылдар |
61 000,0 |
88 800,0 |
145 782 |
157 103 |
157 103 |
609 788 |
РБ |
233-012 |
»;
«
14. |
Технологиялық болжамдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер, инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер |
Жол карталары бойынша басым салалар мен технологиялар тiзбесi |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келiсiм бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
100 000,0 |
234 519,0 |
91 040 |
105 172 |
105 172 |
635 903 |
РБ |
233-012 |
»;
«
21. |
Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша мемлекеттік тетіктерді іске асыру бойынша қызметтер |
ҚР Үкіметіне есеп |
ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша) |
2011 - 2014 жылдар |
180 000,0 |
306 181,0 |
339 626 |
368 491 |
368 491 |
1 562 789 |
РБ |
233-012 |
»;
«
32. |
Инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер, оның ішінде өнертапқыштық қызметті және инновациялық белсенділікті ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа мен электрондық өнімді шығару және тарату |
Есептер, орындалған жұмыстар актiсi |
ИТЖМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша) |
2010 - 2014 жылдар |
186 570,0 |
307 091 |
130 954 |
144 117 |
144 117 |
912 849 |
РБ |
233-017 |
»;
реттік нөмірі 20-жолдағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
«ТДҰА» АҚ – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов