Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 219-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы министрі,
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы министрі,
Мамин - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Асқар Ұзақпайұлы акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша);
көрсетілген құрамнан Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шығарылсын.
2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов