Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 492 Қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбындағы және мәтініндегі "Алматы қаласының" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.

      Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын сапалы дайындауды қамтамасыз ету және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2011 жылғы 30 қаңтар - 6 ақпанда Астана және Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындары (бұдан әрі - Ойындар) өткізілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.

      3. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Ойындарға қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы, спорт объектілерінің салыну барысы мен Астана және Алматы қалаларының Ойындарды өткізуге дайындығы туралы есептерін тыңдасын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
      1) 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) Қазақстан Республикасы спорт делегациясының Астана және Алматы қалаларындағы 2011 жылғы Ойындарға дайындығын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етсін және жылына кемінде екі рет Ойындарды өткізуге арналған спорт құрылыстарын салу мен қайта жаңарту мәселесін қарасын.

      5. Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына кемінде екі рет әкімдіктер отырыстарында қалалардың Ойындарды өткізуге арналған инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелерді қарасын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                        Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 13 маусымдағы
N 492 қаулысымен  
бекітілген    

Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы
Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948, 2009.10.26 N 1666, 2010.07.03 N 693, 2010.12.13 N 1352 Қаулыларымен.

Мәсімов                   - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы           министрі, төраға

Досмұхамбетов             - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мыңайдарұлы        және спорт министрі, Қазақстан
                            Республикасы ұлттық олимпиада
                            комитетінің президенті, төрағаның
                            орынбасары

Тасмағамбетов             - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы         орынбасары

Есімов                    - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Ахметжан Смағұлұлы          орынбасары

Қазбеков                  - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қанат Мелдебекұлы           спорт министрлігінің Спорт комитеті
                            спорт инфрақұрылымы және
                            лицензиялау басқармасының бастығы,
                            хатшы

Балаева                   - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы

Мұқанов                   - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы

Мұқашев                   - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Мәулен Шапанбайұлы          орынбасары

Әбдіқалықова              - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы           Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
                            министрі

Баймағанбетов             - Қазақстан Республикасының
Серік Нұртайұлы             Ішкі істер министрі

Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы           министрі

Жұмағалиев                - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы             ақпарат министрі

Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы          ғылым министрі

Қайырбекова               - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы           сақтау министрі

Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұл              министрі

Күрішбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы          шаруашылығы министрі

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиақпарұлы       Көлік және коммуникация министрі

Мыңбаев                   - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы         газ министрі

Нокин                     - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы              тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                            агенттігінің төрағасы

Жошыбаев                  - Қазақстан Республикасы
Рәпіл Сейітханұлы           Сыртқы істер министрлігінің жауапты
                            хатшысы

Ермегияев                 - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы         және спорт вице-министрі

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы            даму және сауда вице-министрі
 
Петров                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович          жағдайлар вице-министрі

Тұрғанов                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Дүйсенбай Нұрбайұлы         және жаңа технологиялар вице-министрі

Жарасов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жанат Абдоллаұлы            қауіпсіздік комитеті төрағасының
                            орынбасары (келісім бойынша)

Қанағатов                 - Қазақстан Республикасы Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы        спорт министрлігі Спорт комитетінің
                            төрағасы

Досымбетов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы              Олимпиада комитетінің бас хатшысы

Қарманов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жарылқасым Сәлімгерейұлы    қауіпсіздік комитетінің Терроризмге
                            қарсы орталық штабының бастығы
                            (келісім бойынша)

Құлназаров                - "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын
Анатөлі Қожекенұлы          ұйымдастыру комитетінің атқарушы
                            дирекциясы" акционерлік қоғамының
                            президенті (келісім бойынша)

Мамин                     - «Қазақстан темір жолы» ұлттық
Асқар Ұзақпайұлы            компаниясы» акционерлік қоғамының
                            президенті (келісім бойынша)

Таласбаев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ерлан Есімғалиұлы           министрлігінің Орталық армия спорт
                            клубының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады