Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 492 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1352 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 219-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмағұлов             - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы      министрі,

Қайырбекова           - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы       министрі,

Мамин                 - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Асқар Ұзақпайұлы        акционерлік қоғамының президенті (келісім
                        бойынша);

       көрсетілген құрамнан Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады