Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.10 N 1041 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесінде:
4-тармақтың жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесінде:
7-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов