Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2022 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 183 қаулысымен
бекітілген

Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2022 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;

      жол жүру құжаты – босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүріп-тұру үшін берілетін құжат;

      пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы олардың босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      пана іздеген адамның куәлігі – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;

      уәкілетті орган – босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.10.2024 № 912 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Босқын мәртебесін беру және ұзарту тәртібі

      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуі шартымен босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.

      Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады, бұл туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде пана іздеп жүрген адамға хабарланады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.10.2024 № 912 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Босқын деп тану туралы шешімді жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Босқын мәртебесі берілген адамға жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін береді.

      Босқын деп танылған адамның отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелері туралы мәліметтер ата-анасының біреуінің босқын куәлігіне, ал ата-анасы болмаса заңды өкілінің босқын куәлігіне не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерінің жүріс – тұрысына, тәрбиесіне және оларды асырауға өз еркімен жауапкершілік алған бір мүшесінің босқын куәлігіне жазылады. Кейіннен көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған соң олардың еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жергілікті атқарушы орган оларға босқын куәлігін береді.

      Босқын деп танылған, он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасынсыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамға да босқын куәлігі тапсырылады.

      Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.

      6. Егер адам өзін босқын деп тану туралы шешімнің көшірмесі өзіне жіберілгеннен кейін үш ай ішінде босқын куәлігін алу үшін жергілікті атқарушы органға келмесе және осы адамның өзі көрсеткен мекенжайда тұрмайтыны туралы хабарлама келіп түссе немесе осы адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткені не адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүргенін растайтын басқа да анық ақпарат алынса, жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өз шешімінің күшін жояды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Босқын деп танылған адам босқын куәлігін алған кезде жергілікті атқарушы орган босқыннан оған бұрын берілген пана іздеуші адамның куәлігін алып, оны босқынның жеке ісіне қосады.

      Босқын куәлігін алған кезде босқын деп танылған адамның ұлттық (азаматтық) паспорты және (немесе) жеке басын куәландыратын басқа да құжаттары осы адамның босқын деп танылу мерзіміне жергілікті атқарушы органда сақтауға қалдырылады.

      8. Босқын куәлігі жергілікті атқарушы органда осы адамның босқын деп танылу мерзіміне тіркеледі.

      Босқын Қазақстан Республикасының аумағындағы болатын жерін ауыстырған кезде оның жеке ісінің материалдары босқын жаңадан есепке қойылған жердегі жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Пана іздеп жүрген адамға Заңның 12-бабында көзделген негіздерге сәйкес босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе оның болатын жеріне жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын хабардар етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.10.2024 № 912 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімге сотқа және (немесе) уәкілетті органға шағым жасалған кезде жергілікті атқарушы орган пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімін шағымның қаралу кезеңіне ұзартады. Пана іздеген адам шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот қаулысын алған жағдайда пана іздеген адамның куәлігі жергілікті атқарушы органға тапсырылуға тиіс.

      11. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқынның шыққан елінде Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін бір жылға және босқынның көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бір ай бұрын берілген өтініші негізінде әрбір келесі жылға ұзартады.

      Мерзімді ұзартқан кезде жергілікті атқарушы орган босқынның босқын куәлігінің, тұруға ықтиярхатының (бар болса), жол жүру құжатының бар-жоғын тексереді, отбасы жағдайындағы, отбасы құрамындағы, болатын мекенжайындағы өзгерістер туралы мәліметтерді нақтылайды және бұл өзгерістерді босқынның жеке ісіне енгізеді.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып хабардар етеді, сондай-ақ босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған адамға қабылданған шешім және босқын куәлігін жарамсыз деп тану туралы хабарламаны тапсырады немесе жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Босқын мәртебесінен айыру және оны тоқтату

      13. Егер адам:

      1) босқын мәртебесін беруге негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса;

      2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса;

      4) Біріккен Ұлттар Ұйымының және Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса;

      5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінің негізінде босқын мәртебесінен айырылады.

      14. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы адамға осы шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.10.2024 № 912 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Босқын мәртебесі, егер ұзартылмаса, қолданылу мерзімі өткен соң, сондай-ақ егер адам:

      1) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алса және өзі азаматы болған мемлекеттің қорғауын пайдаланса;

      2) өзін босқын деп тануға негіз болған мән-жайлар өзгергендіктен, бұдан әрі өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауын пайдаланудан бас тарта алмайтын болса;

      3) өзінің бұрынғы мемлекетінің жоғалтқан азаматтығын өз еркімен қайта қабылдаса;

      4) өзі азаматы болған елдің қорғауын өз еркімен қайта пайдаланса;

      5) өзіне босқын мәртебесін беру негіздері жойылғандықтан, шыққан еліне қайтып оралуға тілек білдірсе;

      6) қудалау қаупінің салдарынан тастап шыққан немесе кетіп қалған еліне өз еркімен қайта оралса;

      7) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе, осы негіздемелер бойынша босқын мәртебесі тоқтатылады.

      16. Адамның босқын мәртебесі тоқтатылған кезде жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінің тоқтатылу себебі мен оның басталу мерзімін көрсете отырып, босқынның жеке ісіне белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы ішкі істер органдарын және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген болса, мәртебесі тоқтатылған адамды хабардар етеді.

      Осы Қағидалардың 15-тармағында жазылған мән-жайлардың туындауы, атап айтқанда:

      1) 1), 3) тармақшалар бойынша – тиісті азаматтық алған күні;

      2) 2) тармақша бойынша – өзі азаматы болып табылатын елдегі, өзін босқын деп тануға негіз болған мән-жайлардың өзгергені туралы жергілікті атқарушы орган хабардар еткен күн;

      3) 4), 6) тармақшалар бойынша – өзі азаматы болып табылатын елге өз еркімен қайта оралған күн;

      4) 5) тармақша бойынша – босқынның өзінің шыққан еліне қайтуға ниет еткені туралы жергілікті атқарушы органды хабардар еткен күні;

      5) 7) тармақша бойынша – Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұруға кеткен күн;

      6) ұзартуға келмеген кезде – растаушы құжаттар ұсынылса, дәлелді себеп бойынша жағдайларды қоспағанда, босқын мәртебесінің мерзімі өткеннен кейінгі оныншы күн босқын мәртебесі тоқтатылуы басталған кез болып табылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 07.08.2024 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2024 № 912 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17. Босқын куәлігі жоғалған жағдайда куәліктің иесі жергілікті атқарушы органға оның жоғалуы және телнұсқа беру туралы өтініш береді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей босқынға босқын куәлігінің телнұсқасын береді, онда "Телнұсқа" деген мөртабан қойылады.

      18. Жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту немесе босқын мәртебесінен айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      19. Босқын мәртебесін беруден бас тартылған пана іздеген адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ босқын мәртебесін жоғалтқан немесе босқын мәртебесінен айрылған адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу уақыты Қазақстан Республикасының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылатын заңнамасымен реттеледі.

      20. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру, оны ұзарту, одан айыру және оны тоқтату не босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы ақпаратты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға енгізеді.

  Босқын мәртебесін беру,
ұзарту, одан айыру және
оны тоқтату қағидаларына
қосымша

Босқындарды, сондай-ақ босқын мәртебесін беруден бас тартылған адамдарды есепке алу журналы

Р/с№ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні және туған жері Азаматтығы Отбасылық жағдайы Қабылданған шешімнің №, күні Бас тарту туралы қабылданған шешімнің №, күні Босқын мәртебесі тоқтатылған күн Ескертпе
беру туралы ұзарту туралы айыру туралы беруден ұзартудан
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
















































Об утверждении Правил присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2010 года № 183.

      Сноска. В заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется в соответствии с постановлением Правительства РК от 13.05.2022 № 306 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О беженцах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 9 марта 2010 года № 183

Правила присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца

      Сноска. Правила – в редакции постановления Правительства РК от 13.05.2022 № 306 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О беженцах" (далее – Закон) и определяют порядок присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      беженец – иностранец, который в силу обоснованных опасений стать жертвой преследований по признаку расы, национальности, вероисповедания, гражданства, принадлежности к определенной социальной группе или политическим убеждениям находится вне страны своей гражданской принадлежности и не может пользоваться защитой своей страны или не желает пользоваться такой защитой вследствие таких опасений, или лицо без гражданства, находящееся вне страны своего постоянного места жительства или гражданской принадлежности, которые не могут или не желают вернуться в нее вследствие этих опасений;

      удостоверение беженца – документ, удостоверяющий личность и подтверждающий статус беженца;

      проездной документ – документ, выдаваемый лицу, которому присвоен статус беженца, для передвижения за пределами территории Республики Казахстан;

      лицо, ищущее убежище, – иностранец или лицо без гражданства, изъявившее желание обратиться за убежищем в Республике Казахстан, до принятия местным исполнительным органом области, города республиканского значения и столицы окончательного решения по их ходатайству о присвоении статуса беженца;

      свидетельство лица, ищущего убежище, – документ, выдаваемый местным исполнительным органом области, города республиканского значения и столицы, подтверждающий регистрацию ходатайства о присвоении статуса беженца;

      уполномоченный орган – государственный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство в сфере регулирования отношений по вопросам беженцев.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 31.10.2024 № 912 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок присвоения и продления статуса беженца

      3. Решение о присвоении статуса беженца принимается местным исполнительным органом областей, городов республиканского значения и столицы (далее – местный исполнительный орган) в течение трех месяцев со дня регистрации ходатайства о присвоении статуса беженца при условии прохождения данным лицом дактилоскопической регистрации в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      В случаях, когда для принятия решения требуется дополнительная проверка, вынесение окончательного решения откладывается на срок не более одного года, о чем в течение двух рабочих дней со дня принятия соответствующего решения уведомляется лицо, ищущее убежище.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции постановления Правительства РК от 31.10.2024 № 912 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Решение о признании беженцем вручается местным исполнительным органом в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Лицу, которому присвоен статус беженца, местным исполнительным органом в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения выдается удостоверение беженца.

      Сведения о членах семьи лица, признанного беженцем, не достигших возраста восемнадцати лет, заносятся в удостоверение беженца одного из родителей, а при отсутствии родителей – в удостоверение беженца законного представителя либо удостоверение беженца одного из членов семьи, достигшего возраста восемнадцати лет и добровольно взявшего на себя ответственность за поведение, воспитание и содержание членов семьи, не достигших возраста восемнадцати лет. Впоследствии указанным лицам местным исполнительным органом выдается удостоверение беженца по достижении ими возраста восемнадцати лет на основании их письменного заявления, поданного в произвольной форме.

      Лицу, признанному беженцем, не достигшему возраста восемнадцати лет и прибывшему на территорию Республики Казахстан без родителей или законных представителей, также вручается удостоверение беженца.

      Удостоверение беженца действительно на всей территории Республики Казахстан.

      6. Если лицо в течение трех месяцев после отправления ему копии решения о признании его беженцем не явилось в местный исполнительный орган за получением удостоверения беженца и поступило уведомление о том, что данное лицо по указанному им адресу не пребывает, или получена информация о выезде данного лица за пределы территории Республики Казахстан либо другая достоверная информация, подтверждающая нахождение лица за пределами территории Республики Казахстан, местный исполнительный орган аннулирует свое решение о присвоении статуса беженца.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При получении удостоверения беженца лицом, признанным беженцем, местный исполнительный орган изымает у беженца ранее выданное ему свидетельство лица, ищущего убежище, и приобщает его к личному делу беженца.

      Национальный (гражданский) паспорт и (или) другие документы, удостоверяющие личность лица, признанного беженцем, при получении удостоверения беженца остаются на хранении в местном исполнительном органе на срок признания данного лица беженцем.

      8. Удостоверение беженца регистрируется в местном исполнительном органе на срок признания данного лица беженцем.

      При перемене беженцем места пребывания на территории Республики Казахстан материалы его личного дела пересылаются в местный исполнительный орган по новому месту постановки на учет беженца.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В случае, если лицу, ищущему убежище, отказано в присвоении статуса беженца согласно основаниям, предусмотренным в статье 12 Закона, местный исполнительный орган в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения об отказе вручает или направляет данному лицу по месту его пребывания копию решения с указанием причин отказа и разъяснением порядка обжалования принятого решения, а также информирует уполномоченный орган и органы внутренних дел.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции постановления Правительства РК от 31.10.2024 № 912 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. При обжаловании решения об отказе в присвоении статуса беженца в суд и (или) в уполномоченный орган местный исполнительный орган продлевает срок действия свидетельства лица, ищущего убежище, на период рассмотрения жалобы. В случае получения лицом, ищущим убежище, судебного постановления об отказе в удовлетворении жалобы свидетельство лица, ищущего убежище, подлежит сдаче в местный исполнительный орган.

      11. Статус беженца присваивается сроком на один год. При сохранении в стране происхождения беженца прежних обстоятельств, предусмотренных подпунктом 1) статьи 1 Закона, срок статуса беженца продлевается местным исполнительным органом на один год и на каждый последующий год на основании заявления беженца, поданного им за месяц до окончания указанного срока.

      При продлении срока местный исполнительный орган проверяет наличие у беженца удостоверения беженца, вида на жительство (при наличии), проездного документа, уточняет сведения об изменениях в семейном положении, составе семьи, адресе пребывания и вносит эти изменения в личное дело беженца.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. В случае отказа в продлении статуса беженца местный исполнительный орган в течение пяти рабочих дней информирует уполномоченный орган и органы внутренних дел с представлением копии принятого решения, а также вручает или направляет лицу, которому отказано в продлении статуса беженца, уведомление о принятом решении и признании удостоверения беженца недействительным.

      Сноска. Пункт 12 – в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Лишение и прекращение статуса беженца

      13. Лицо лишается статуса беженца на основании соответствующего решения местного исполнительного органа, если оно:

      1) сообщило заведомо ложные сведения либо предъявило фальшивые документы, послужившие основанием для присвоения статуса беженца;

      2) было осуждено за преступление против мира, военное преступление или преступление против человечества в определении, данном этим деяниям в международных актах, заключенных в целях принятия мер в отношении подобных преступлений;

      3) было осуждено за тяжкое преступление не политического характера, совершенное за пределами Республики Казахстан до прибытия на ее территорию;

      4) было осуждено за совершение деяний, противоречащих целям и принципам Организации Объединенных Наций и международных организаций, членами которых является Казахстан;

      5) было осуждено за участие в деятельности террористических, экстремистских, а также запрещенных религиозных организаций.

      14. Местный исполнительный орган в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения о лишении статуса беженца вручает или направляет данному лицу копию решения с указанием причин данного решения и разъяснением порядка обжалования принятого решения, а также информирует о принятом решении уполномоченный орган и органы внутренних дел.

      Сноска. Пункт 14 – в редакции постановления Правительства РК от 31.10.2024 № 912 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Статус беженца прекращается по истечении его срока при отсутствии продления, а также на основании, если лицо:

      1) приобрело гражданство Республики Казахстан или иного государства и пользуется защитой государства, гражданином которого оно стало;

      2) не может более отказываться от пользования защитой страны своей гражданской принадлежности, так как обстоятельства, на основании которых оно было признано беженцем, изменились;

      3) утратившее гражданство своего прежнего государства, добровольно вновь приняло его;

      4) добровольно вновь воспользовалось защитой страны, гражданином которой оно являлось;

      5) изъявило желание вернуться в страну происхождения, так как основания предоставления ему статуса беженца перестали существовать;

      6) добровольно вернулось в страну, которую покинуло или из которой выехало из-за опасности преследования;

      7) выехало за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства.

      16. При прекращении у лица статуса беженца местный исполнительный орган ставит отметку в личном деле беженца с указанием причин прекращения статуса беженца и времени его наступления, а также уведомляет об этом органы внутренних дел и лицо, статус которого прекращен, в случае нахождения его на территории Республики Казахстан.

      Моментом наступления прекращения статуса беженца является возникновение обстоятельств, изложенных в пункте 15 настоящих Правил, а именно:

      1) по подпунктам 1), 3) – дата приобретения соответствующего гражданства;

      2) по подпункту 2) – дата уведомления местным исполнительным органом беженца об изменении обстоятельств в стране его гражданской принадлежности, на основании которых он был признан беженцем;

      3) по подпунктам 4), 6) – дата добровольного возвращения в страну, гражданином которого он являлся;

      4) по подпункту 5) – дата уведомления беженцем местного исполнительного органа об изъявлении желания вернуться в страну происхождения;

      5) по подпункту 7) – дата выезда за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительство;

      6) при неявке на продление – десятый день по истечении срока статуса беженца, за исключением случаев по уважительной причине при предоставлении подтверждающих документов.

      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 07.08.2024 № 629 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 31.10.2024 № 912 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. В случае утери удостоверения беженца владелец удостоверения обращается в местный исполнительный орган с заявлением об его утере и предоставлении дубликата. Местный исполнительный орган не позднее десяти рабочих дней со дня подачи заявления выдает беженцу дубликат удостоверения беженца, в котором ставится штамп "Дубликат".

      18. Решение местного исполнительного органа об отказе в присвоении, продлении статуса беженца или лишении статуса беженца может быть обжаловано в порядке, установленном законами Республики Казахстан.

      19. Время пребывания на территории Республики Казахстан лиц, ищущих убежище, и членов их семей, которым отказано в присвоении статуса беженца, а также лиц, утративших статус беженца или лишенных статуса беженца, регулируется законодательством Республики Казахстан, действующим в отношении иностранцев и лиц без гражданства.

      20. Информация о присвоении, продлении, лишении и прекращении статуса беженца либо отказе в присвоении статуса беженца заносится местным исполнительным органом в журнал по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

  Приложение
к Правилам присвоения,
продления, лишения и
прекращения статуса
беженца

Журнал учета беженцев, а также лиц, которым отказано в присвоении статуса беженца

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Дата и место рождения

Гражданство

Семейное положение

№, дата принятого решения

№, дата принятого решения об отказе

Дата прекращения статуса беженца

Примечание

о присвоении

о продлении

о лишении

в присвоении

в продлении

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12