"Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 629 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру оны тоқтату қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Босқын деп тану туралы шешімді жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Егер адам өзін босқын деп тану туралы шешімнің көшірмесі өзіне жіберілгеннен кейін үш ай ішінде босқын куәлігін алу үшін жергілікті атқарушы органға келмесе және осы адамның өзі көрсеткен мекенжайда тұрмайтыны туралы хабарлама келіп түссе немесе осы адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткені не адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүргенін растайтын басқа да анық ақпарат алынса, жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өз шешімінің күшін жояды.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Босқын Қазақстан Республикасының аумағындағы болатын жерін ауыстырған кезде оның жеке ісінің материалдары босқын жаңадан есепке қойылған жердегі жергілікті атқарушы органға жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Пана іздеп жүрген адамға Заңның 12-бабында көзделген негіздерге сәйкес босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептері мен қабылданған шешімге шағымдану тәртібі көрсетілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе оның болатын жеріне жібереді, сондай-ақ қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып, уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын хабардар етеді.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді ұзартқан кезде жергілікті атқарушы орган босқынның босқын куәлігінің, тұруға ықтиярхатының (бар болса), жол жүру құжатының бар-жоғын тексереді, отбасы жағдайындағы, отбасы құрамындағы, болатын мекенжайындағы өзгерістер туралы мәліметтерді нақтылайды және бұл өзгерістерді босқынның жеке ісіне енгізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып хабардар етеді, сондай-ақ босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған адамға қабылданған шешім және босқын куәлігін жарамсыз деп тану туралы хабарламаны тапсырады немесе жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы адамға қабылданған шешімнің себептері көрсетілген және оған шағымдану тәртібін түсіндірілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып хабардар етеді.";

      16-тармақтың екінші бөлігіндегі "16" деген цифрлар "15" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады