"Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 912 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларында:

      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;";

      2-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы олардың босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      пана іздеген адамның куәлігі – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы беретін құжат;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуі шартымен босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.

      Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады, бұл туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде пана іздеп жүрген адамға хабарланады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Пана іздеп жүрген адамға Заңның 12-бабында көзделген негіздерге сәйкес босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе оның болатын жеріне жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын хабардар етеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы адамға осы шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.";

      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Адамның босқын мәртебесі тоқтатылған кезде жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінің тоқтатылу себебі мен оның басталу мерзімін көрсете отырып, босқынның жеке ісіне белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы ішкі істер органдарын және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген болса, мәртебесі тоқтатылған адамды хабардар етеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады