Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 Қаулысы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.11.28 № 1251 Қаулысымен.

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.11.28 № 1251 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.11.28 № 1251 Қаулысымен.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.11.28 № 1251 Қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.11.28 № 1251 Қаулысымен.
      5. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 354 қаулысымен  
бекітілген    

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және
(немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру
ережесі

      Ескерту. Тақырыбындағы және бүкіл мәтіндегі «алуға» деген сөзден кейін «, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.28 № 1251 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.

2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне 2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе)
сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру тәртібі

      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2010 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
      3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің 2-тармағы орындалғаннан кейін «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 35 және 35-1-қосымшаларына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 9 819 097 000 (тоғыз миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион тоқсан жеті мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) береді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.05 № 1156, 2010.11.28 № 1251 Қаулыларымен.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) қарыз алушыларға кредиттер «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі.
      5. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі өзге де шарттар кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства на 2010 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2010 года № 354

      Сноска. Заголовок с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.11.2010 № 1251.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2008 года № 1126 "Об утверждении Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства на 2010 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.11.2010 № 1251.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей;
      2) контроль за целевым использованием и своевременным возвратом кредитов в республиканский бюджет.
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.11.2010 № 1251.
      3. Местным исполнительным органам областей ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставлять информацию об освоении кредитов в Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Министерство финансов Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.11.2010 № 1251.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства и Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.11.2010 № 1251.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 26 апреля 2010 года № 354

Правила
кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и
Алматы на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение
занятости в области развития тепличного хозяйства на 2010 год
в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы

     Сноска. В заголовке и по всему тексту слова "жилья" дополнены словами ", обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства" в соответствии с постановлением Правительства РК от 28.11.2010 № 1251.

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила кредитования областных бюджетов, бюджетов городом Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства на 2010 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2008 года № 1126 "Об утверждении Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы" и определяют порядок кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства на 2010 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы.

2. Порядок кредитования областных бюджетов, бюджетов городов
Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья,
обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства
на 2010 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы

      2. Местные исполнительные органы областей (далее - заемщики) в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных бюджетах на 2010 год соответствующие поступления, предоставляют указанные решения маслихатов в Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор).
      3. Кредитор в соответствии с законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 2 настоящих Правил предоставляет заемщикам бюджетные кредиты на общую сумму 9 819 097 000 (девять миллиардов восемьсот девятнадцать миллионов девяносто семь тысяч) тенге (далее - кредиты) посредством заключения кредитных договоров согласно приложениям 35 и 35-1 постановления Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы".
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 05.11.2010 № 1156; от 28.11.2010 № 1251.
      4. Для предоставления кредитов заемщикам устанавливаются следующие основные условия:
      1) кредиты предоставляются заемщикам в тенге сроком на 5 (пять) лет 6 (шесть) месяцев по нулевой ставке вознаграждения на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства в рамках реализации Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы";
      2) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора.
      5. Прочие условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре.