Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1251 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы «алуға» деген сөзден кейін «, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацы «агенттігі» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ «агенттігіне» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ «агенттігіне» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесінде:
      тақырыбындағы және бүкіл мәтіндегі «алуға» деген сөзден кейін «, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      «35-қосымшасына» деген сөздер «35 және 35-1-қосымшаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «8 968 499 000 (сегіз миллиард тоғыз жүз алпыс сегіз миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың)» деген сөздер «9 819 097 000 (тоғыз миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион тоқсан жеті мың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады