Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1156 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесінде:
      3-тармақтағы «9163470000 (тоғыз миллиард бір жүз алпыс үш миллион төрт жүз жетпіс мың)» деген сөздер «8968499000 (сегіз миллиард тоғыз жүз алпыс сегіз миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады