"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 390 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат; 2006 ж., № 18, 166-құжат; 2007 ж., № 13, 145-құжат, № 41, 463-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат, № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы "__" ________
№ ___ Жарлығына   
1-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2005 жылғы 23 сәуірдегі
№ 1560 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу:
      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп секторын индустрияландыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау;
      нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайлар жасау;
      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестің құрамы және қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері өкілдерінің қатарынан қалыптасады.
      8. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
      9. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
      10. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары енуі мүмкін.
      11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңестің төрағасы айқындайтын мерзімде кемінде жылына бір рет өткізіледі.
      12. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарда Кеңестің соңғы жалпы отырысының шешімдерін орындаудың қорытындылары, Кеңестің жұмыс тобы қызметінің нәтижелері, Кеңестің келесі жалпы отырысына дайындық, кәсіпкерлердің ағымдағы проблемалары мен өзге де мәселелер талқыланады.
      13. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.
      14. Кеңес мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      15. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарына басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінен Кеңес мүшелерінің өкілдері шақырылуы мүмкін.
      16. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана құқылы.
      17. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      18. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
      19. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

5. Кеңестің жұмыс органы

      20. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстардың күн тәртібінің жобасын түзеді;
      2) Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Кеңес мүшелерін Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттама көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
      6) Кеңестің және оның жұмыс топтарының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

6. Кеңестің жұмыс топтары

      21. Кеңестің шешімімен өздерінің алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңестің жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
      22. Жұмыс топтарының құрамдары Кеңестің жалпы отырысында
бекітіледі.
      23. Кеңестің жұмыс топтарының қызметін басқаруды олардың төрағалары жүзеге асырады.
      Кеңестің жұмыс топтарының төрағалары министрліктер немесе ведомстволар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы тұлғалар бола алады.
      24. Кеңестің жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарларын жұмыс топтарының төрағалары бекітеді.
      25. Кеңестің жұмыс топтарының құрамыдарына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінің өкілдері кіре алады.
      26. Кеңестің жұмыс топтарының жұмысына қатысу ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы "__" _______
№ ___ Жарлығына   
2-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2005 жылғы 23 сәуірдегі
№ 1560 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Назарбаев             - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы       төраға

Мәсімов               - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы       Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары

Шөкеев                - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы        Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Исекешев              - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы         Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан
                        Республикасының Индустрия және жаңа
                        технологиялар министрі

Орынбаев              - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы       Премьер-Министрінің орынбасары

Сұлтанов              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы       көмекшісі

Марченко              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович  төрағасы

Мәми                  - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қайрат Әбдіразақұлы

Қожамжаров            - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қайрат Пернешұлы        қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                        күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы

Бахмутова             - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Елена Леонидовна        және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                        агенттігінің төрайымы

Айтжанова             - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы     даму және сауда министрі

Есенбаев              - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы       қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                        агенттік) төрағасы

Жәмішев               - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Түймебаев             - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы    министрі

Нығматулин            - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Нұрлан Зайроллаұлы      партиясы төрағасының бірінші орынбасары
                        (келісім бойынша)

Келімбетов           - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Қайрат Нематұлы        қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                       (келісім бойынша)

Мамытбеков            - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы      акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                        (келісім бойынша)

Аханов                - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы       кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Баталов               - Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің
Райымбек Әнуарұлы       төрағасы (келісім бойынша)

Беклемишев            - «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» акционерлік
Павел Иннокентьевич     қоғамының президенті (келісім бойынша)

Жүсіпов               - Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының
Шалқар Аманғосұлы       қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы
                        (келісім бойынша)

Ким                   - «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі
Владимир Сергеевич      шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің
                        төрағасы - президенті (келісім бойынша)

Қожасбай              - Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының
Ерлан Сәдуақасұлы       президенті (келісім бойынша)

Құлыбаев              - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық
Тимур Асқарұлы          экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                        бірлестігінің Президиум төрағасы (келісім
                        бойынша)

Мәжібаев              - «Группа Компаний Ресми» акционерлік
Қайрат Қуанышбайұлы     қоғамының президенті (келісім бойынша)

Павлов                - «Қазақстанның Халық Банкі» акционерлік
Александр Сергеевич     қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы
                        (келісім бойынша)

Попелюшко             - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу
Анатолий Висханович     өнеркәсібі тауар өндірушілер одағының
                        президенті (келісім бойынша)

Пішембаев             - Қазақстан машина жасаушылар одағы
Мейрам Құдайбергенұлы   басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Смағұлов              - «Астана-групп» жауапкершілігі шектеулі
Нұрлан Еркебұланұлы     серіктестігінің президенті (келісім бойынша)

Сұбханбердин          - «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы
Нұржан Сәлкенұлы        директорлар кеңесінің төрағасы (келісім
                        бойынша)

Сұлтанов              - «Қазақстанның ФармМедИндустриясы»
Серік Егелұлы           қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

Тілеубаев             - «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы  бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Худова                - Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Любовь Николаевна       қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы «__» ________
№ ___ Жарлығына   
3-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 404 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 359-құжат).
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 388-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 23) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 20) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 17) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 817 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 29, 249-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 25 қазандағы № 371 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 422-құжат).

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 23 апреля 2005 года № 1560 и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2010 года № 390

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 23 апреля 2005 года № 1560 и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан
от 23 апреля 2005 года № 1560 и признании утратившими силу
некоторых актов Президента Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 23 апреля 2005 года № 1560 "Об образовании Совета предпринимателей при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 17, ст. 199; 2006 г., № 18, ст. 166; 2007 г., № 13, ст. 145, № 41, ст. 463; 2008 г., № 20, ст. 182, № 42, ст. 465; 2009 г., № 29, ст. 249) следующие изменения:
      1) Положение о Совете предпринимателей при Президенте Республики Казахстан, утвержденное вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему Указу;
      2) состав Совета предпринимателей при Президенте Республики Казахстан, утвержденный вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему Указу.
      2. Признать утратившими силу некоторые акты Президента Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему Указу.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

ПРИЛОЖЕНИЕ 1  
к Указу Президента
Республики Казахстан
от " " 2010 года №

УТВЕРЖДЕНО        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 23 апреля 2005 года № 1560

Положение
о Совете предпринимателей при Президенте Республики Казахстан 1. Общие положения

      1. Совет предпринимателей при Президенте Республики Казахстан (далее - Совет) является постоянно действующим консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.
      2. Совет в своей деятельности руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Обеспечение деятельности Совета осуществляется рабочим органом Совета.
      4. Рабочим органом Совета является Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан (далее - рабочий орган).

2. Основные задачи Совета

      5. Основными задачами Совета являются:
      1) разработка рекомендаций и предложений по вопросам:
      совершенствования нормативной правовой базы Республики Казахстан о вопросам предпринимательства;
      создания благоприятных правовых условий для диверсификации экономики, индустриализации промышленного сектора, поддержки и развития предпринимательства;
      создания условий, стимулирующих развитие рыночной экономики;
      улучшения инвестиционного климата в Республике Казахстан;
      2) консолидации деятельности субъектов частного предпринимательства и их объединений, действующих в Республике Казахстан;
      3) рассмотрение и обсуждение по поручению Президента Республики Казахстан иных важных вопросов в сфере предпринимательства и инвестиционной политики.

3. Права Совета

      6. Совет имеет право в установленном законодательством Республики Казахстан порядке и в пределах своей компетенции:
      1) вносить предложения и рекомендации по вопросам, связанным с поддержкой и развитием предпринимательства;
      2) проводить консультации, запрашивать и получать информацию от государственных органов и должностных лиц;
      3) привлекать для участия в обсуждении проблемных вопросов предпринимателей, специалистов, ученых и независимых экспертов.

4. Состав и организация деятельности Совета

      7. Состав Совета формируется из числа представителей государственных органов, субъектов частного предпринимательства и их объединений.
      8. Председателем Совета является Президент Республики Казахстан.
      9. Постоянными членами Совета являются по должности: Премьер-Министр Республики Казахстан, заместители Премьер-Министра Республики Казахстан, Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан - Министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан, помощник Президента Республики Казахстан, Генеральный прокурор Республики Казахстан, Министр экономического развития и торговли Республики Казахстан, Министр финансов Республики Казахстан, Министр образования и науки Республики Казахстан, Председатель Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция), Председатель Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, Председатель Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство), Председатель Национального Банка Республики Казахстан, Председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына".
      10. В состав Совета могут входить иные должностные лица Республики Казахстан, определяемые Президентом Республики Казахстан.
      11. Пленарные заседания Совета проводятся не менее одного раза в год в сроки, определяемые Председателем Совета.
      12. В период между пленарными заседаниями Совета проводятся промежуточные заседания Совета под председательством Заместителя председателя Совета.
      На промежуточных заседаниях обсуждаются итоги исполнения решений последнего пленарного заседания, результаты деятельности рабочих групп Совета, подготовка к следующему пленарному заседанию, текущие проблемы предпринимателей и иные вопросы.
      13. Внеочередное заседание Совета созывается по поручению Президента Республики Казахстан.
      14. Члены Совета участвуют в его заседаниях без права замены.
      15. На пленарные и промежуточные заседания Совета могут быть приглашены представители заинтересованных государственных органов Республики Казахстан на уровне не ниже заместителя руководителя, а также представители членов Совета от субъектов частного предпринимательства и их объединений.
      16. Пленарные, внеочередные и промежуточные заседания Совета правомочны при наличии не менее двух третей от общего числа членов Совета.
      17. Решения Совета принимаются простым большинством голосов от общего числа членов Совета, присутствующих на заседании. В случае равенства голосов по обсуждаемому вопросу голос председательствующего является решающим.
      18. В случае несогласия с принятым решением член Совета вправе выразить свое особое мнение.
      19. По итогам пленарных, внеочередных и промежуточных заседаний Совета принимаются решения, оформляемые протоколом.

5. Рабочий орган Совета

      20. Рабочий орган Совета:
      1) формирует проект повестки дня пленарных, внеочередных и промежуточных заседаний на основе предложений членов Совета и ранее принятых им решений;
      2) организовывает проведение пленарных, внеочередных и промежуточных заседаний Совета;
      3) осуществляет мониторинг исполнения протокольных решений Совета;
      4) оповещает членов Совета о месте, времени проведения и повестке дня пленарного, внеочередного и промежуточного заседаний Совета и своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;
      5) в течение двух недель со дня утверждения решений Совета направляет копию протокола и иные необходимые материалы членам Совета и другим заинтересованным лицам;
      6) разрабатывает проекты нормативных правовых актов, касающихся деятельности Совета и его рабочих групп.

6. Рабочие группы Совета

      21. Решением Совета в целях реализации поставленных перед ним задач могут создаваться рабочие группы Совета.
      22. Составы рабочих групп утверждаются на пленарном заседании Совета.
      23. Руководство деятельностью рабочих групп Совета осуществляют их председатели.
      Председателями рабочих групп Совета могут быть должностные лица не ниже заместителей руководителей министерств или ведомств.
      24. Планы мероприятий рабочих групп Совета утверждаются председателями рабочих групп.
      25. В составы рабочих групп Совета могут входить представители членов Совета, являющихся руководителями государственных органов, общественных объединений предпринимателей и хозяйствующих субъектов.
      26. Участие в работе рабочих групп Совета осуществляется без права замены.

ПРИЛОЖЕНИЕ 2  
к Указу Президента
Республики Казахстан
от " " 2010 года №

УТВЕРЖДЕН        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 23 апреля 2005 года № 1560

Состав
Совета предпринимателей
при Президенте Республики Казахстан

Назарбаев                   - Президент Республики Казахстан,
Нурсултан Абишевич            председатель

Масимов                     - Премьер-Министр Республики Казахстан,
Карим Кажимканович            заместитель председателя

Шукеев                      - Первый заместитель Премьер-Министра
Умирзак Естаевич              Республики Казахстан

Исекешев                    - Заместитель Премьер-Министра
Асет Орентаевич               Республики Казахстан - Министр
                              индустрии и новых технологий Республики
                              Казахстан

Орынбаев                    - Заместитель Премьер-Министра
Ербол Турмаханович            Республики Казахстан

Султанов                    - помощник Президента Республики
Бахыт Турлыханович            Казахстан

Марченко                    - Председатель Национального Банка
Григорий Александрович        Республики Казахстан

Мами                        - Генеральный прокурор Республики
Кайрат Абдразакулы            Казахстан

Кожамжаров                  - Председатель Агентства Республики
Кайрат Пернешович             Казахстан по борьбе с экономической и
                              коррупционной преступностью (финансовая
                              полиция)

Бахмутова                   - Председатель Агентства Республики
Елена Леонидовна              Казахстан по регулированию и надзору
                              финансового рынка и финансовых
                              организаций

Айтжанова                   - Министр экономического развития и
Жанар Сейдахметовна           торговли Республики Казахстан

Есенбаев                    - Председатель Агентства Республики
Мажит Тулеубекович            Казахстан по защите конкуренции
                              (Антимонопольное агентство)

Жамишев                     - Министр финансов Республики Казахстан
Болат Бидахметович

Туймебаев                   - Министр образования и науки
Жансеит Кансеитулы            Республики Казахстан

Нигматулин                  - первый заместитель Председателя
Нурлан Зайруллаевич           Народно-демократической партии "Hуp
                              Отан" (по согласованию)

Келимбетов                  - председатель правления акционерного
Кайрат Нематович              общества "Фонд национального
                              благосостояния "Самрук-Казына"
                              (по согласованию)

Мамытбеков                  - председатель правления акционерного
Асылжан Сарыбаевич            общества "Национальный управляющий
                              холдинг "КазАгро" (по согласованию)

Аханов                      - председатель Совета Ассоциации
Серик Ахметжанович            финансистов Казахстана
                              (по согласованию)

Баталов                     - председатель Совета Форума
Райымбек Анварович            предпринимателей Казахстана
                              (по согласованию)

Беклемишев                  - президент акционерного общества
Павел Иннокентьевич           "Совместное предприятие "Белкамит"
                              (по согласованию)

Жусупов                     - председатель Совета директоров
Шалкар Амангосович            Ассоциации микрофинансовых организаций
                              Казахстана (по согласованию)

Ким                         - председатель Совета директоров -
Владимир Сергеевич            президент товарищества с ограниченной
                              ответственностью "Корпорация Казахмыс"
                              (по согласованию)

Кожасбай                    - президент Торгово-промышленной
Ерлан Садуакасулы             палаты Республики Казахстан
                              (по согласованию)

Кулибаев                    - председатель Президиума объединения
Тимур Аскарович               юридических лиц "Национальная
                              экономическая палата Казахстана "Союз
                              "Атамекен" (по согласованию)

Мажибаев                    - президент акционерного общества
Кайрат Куанышбаевич           "Группа Компаний Ресми"
                              (по согласованию)

Павлов                      - председатель Совета директоров
Александр Сергеевич           акционерного общества "Народный банк
                              Казахстана" (по согласованию)

Попелюшко                   - президент Союза товаропроизводителей
Анатолий Висханович           пищевой и перерабатывающей
                              промышленности Казахстана
                              (по согласованию)

Пшембаев                    - председатель правления Союза
Мейрам Кудайбергенович        машиностроителей Казахстана
                              (по согласованию)

Смагулов                    - президент товарищества с ограниченной
Нурлан Эркебуланович          ответственностью "Астана-групп"
                              (по согласованию)

Субханбердин                - председатель Совета директоров
Нуржан Салкенович             акционерного общества "Казкоммерцбанк"
                              (по согласованию)

Султанов                    - президент Ассоциации "ФармМедИндустрия
Серик Егельевич               Казахстана" (по согласованию)

Тлеубаев                    - президент объединения юридических
Нурлан Сактапбергенович       лиц "Зерновой союз Казахстана"
                              (по согласованию)

Худова                      - президент Ассоциации легкой
Любовь Николаевна             промышленности Республики Казахстан
                              (по согласованию)

ПРИЛОЖЕНИЕ 3  
к Указу Президента
Республики Казахстан
от " " 2010 года №

Перечень
утративших силу некоторых актов
Президента Республики Казахстан

      1. Указ Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2007 года № 404 "О создании Совета национальных инвесторов при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 33, ст. 359).
      2. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2007 года № 153 "О составе Совета национальных инвесторов при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 35, ст. 388).
      3. Подпункт 23) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 576 "О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 20, ст. 182).
      4. Подпункт 20) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 12 ноября 2008 года № 689 "О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 42, ст. 465).
      5. Подпункт 17) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 22 мая 2009 года № 815 "О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 27-28, ст. 234).
      6. Подпункт 4) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 8 июня 2009 года № 817 "О внесении дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 29, ст. 249).
      7. Распоряжение Президента Республики Казахстан от 25 октября 2009 года № 371 "О внесении изменений в распоряжение Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2007 года № 153" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 44, ст. 422).