Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 817 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен;

      2) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат; N 38, 430-құжат; 2008 ж., N 24, 226-құжат; N 42, 465-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы        көмекшісі, төрағаның орынбасары;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 52, 507-құжат; 2001 ж., N 23, 283-құжат; 2006 ж., N 50, 530-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат; N 30, 292-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің құрамына енгізілсін:

Бишімбаев                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы         көмекшісі;

      4) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.05.12 № 987 Жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады