Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.05.12 № 987 Жарлығымен
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 388-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Айғазиев - «Шығысмашзауыты» акционерлік қоғамының бас
Асқар Тәжібайұлы директоры (келісім бойынша),
Балушкин - «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамының бас
Анатолий Михайлович директоры (келісім бойынша),
Потапов - «VITA» акционерлік қоғамының бас директоры
Петр Михайлович (келісім бойынша),
Тұрсынов - «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы»
Алмат Жанәбілұлы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бас директоры (келісім бойынша);
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген жолдағы «орынбасары» деген сөз «бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Кеңестің құрамынан: Т.Р. Исатаев, Р.Т. Сәрсенов, М.Қ. Сейсембаев шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев