"Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 450 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қаруына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Санкт-Петербург қаласында 2009 жылы 11 желтоқсанда қол қойылған Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Сыртқы сауда статистикасы және өзара сауда статистикасы деректерін беру тәртібі туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді іске асыру мақсатында,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттама Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығына (бұдан әрі - Орталық) Тараптардың Орталыққа деректер беруге жауапты уәкілетті органдарының кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін (бұдан әрі - сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректері) беруді жүзеге асыруының негіздерін анықтайды.

2-бап

      Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін Орталыққа беру үшін дайындау мен қалыптастыруды Тараптардың уәкілетті органдары сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады.
      Тараптардың уәкілетті органдары сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін Орталыққа беруді Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін берудің техникалық шарттарына (бұдан әрі - техникалық шарттар) сәйкес жүзеге асырады.
      Техникалық шарттарды Тараптардың уәкілетті органдарымен келісім бойынша Кеден одағының комиссиясы әзірлейді және бекітеді. Техникалық шарттарда осы Хаттаманың 4-бабында келтірілген сыртқы және өзара сауда көрсеткіштері тізбесіне сәйкес берілетін ақпараттың пішіміне және деректер беру құралдарына қажетті талаптар болуы тиіс.
      Осы Тараптардың уәкілетті органдары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі 40 күнге, күнтізбелік жылдың басынан деректерді өзектендірумен, электронды түрде Хаттамаға сәйкес деректерді беруді жүзеге асырады. Өткен жылғы деректерді өзектендіру ол аяқталғаннан кейінгі 180 күнге жүзеге асырылады. Есепті кезең деп күнтізбелік ай саналады.

3-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары Техникалық шарттарға сәйкес берілетін деректердің толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
      Тараптардың уәкілетті органдары өзекті өндірілген нормативтік-анықтамалық ақпаратты Орталыққа уақтылы жеткізілуін жүзеге асырады.

4-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары Орталыққа беретін статистикалық деректерінде мынадай мәліметтер болуға тиіс сыртқы сауда бойынша:
      КО СЭҚ бірыңғай ТН (10 белгі) сәйкес тауар коды;
      өткізу бағыты;
      кезең (айы);
      статистикалық құны (АҚШ долларында);
      таза салмағы (кг);
      КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;
      қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;
      межелі елі;
      шығарылған елі;
      жөнелтуші ел;
      сатушы ел;
      шекарадағы көлік түрі;
      өзара сауда бойынша:
      КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес тауар коды;
      өткізу бағыты;
      кезең (айы);
      құны (АҚШ долларында және ұлттық валютада);
      таза салмағы (кг);
      КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;
      қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;
      межелі елі;
      шығарылған елі;
      жөнелтуші ел;
      сатушы ел.

5-бап

      Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар бірінші кезекте консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
      Егер дауды дау Тараптары консультациялар мен келіссөздер жолымен бір дау тудырушы Тараптың екінші дау тудырушы Тарапқа оларды жүргізу туралы арнайы жазбаша өтініш жасаған күнінен бастап, алты ай ішінде реттемесе, дау тұғызушы Тараптар арасында оны шешуде өзге уағдаласушылық болмаған жағдайда, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына бере алады.

6-бап

      Осы Хаттамаға Тараптардың уағдаластығы бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

7-бап

      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі одан шығуы және оған қосылуы кеден одағы шартты-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену тәртібі туралы 2007 жылғы 6 қазандағы Хаттамамен айқындалады.
      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табыла отырып әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь            Қазақстан           Ресей
  Республикасының      Республикасының    Федерациясының
   Үкіметі үшін         Үкіметі үшін       Үкіметі үшін

      Аталған мәтін үкімет басшысы деңгейіндегі 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған «2008 жылғы 25 қаңтарда Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімнің негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі халықаралық шарт туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі № 31 шешімінің (кеден одағының жоғары органы) толық және тең түпнұсқа көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
      Беларусь Республикасы Үкіметінің атынан - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорский;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;
      Ресей Федерациясы Үкіметінің атынан - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путин.
      Түпнұсқалық данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.

Барлығы тігілген, қолымен және
мөрмен бекітілген 6 парақ    

      Кеден одағы комиссиясы
      Хатшылығының Құқықтық
      департамент директоры                              Н.Б. Слюсарь

      Осымен 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауданың статистикалық деректерін беру тәртібі туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық
      департаментінің кеңесшісі                            М. Халимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады