Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 326 өкіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«I. Индустриялық-инновациялық даму» деген бөлімнің «1.6. Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін жедел дамыту» деген шағын бөлімінде:
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«22. 2011 - 2015 жылдарға Үкімет Үкімет 2010 жылғы
арналған Қазақстан қаулысы желтоқсан
Республикасының
Қарулы Күштерін,
басқа да әскерлері
мен әскери
құралымдарын
технологиялық
жаңғырту және қару-
жарақ пен әскери
техниканы шығаруды
дамыту
бағдарламасын бекіту ».
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев