1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің "Нұр Отан" ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асырудың іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 2 маусымдағы
N 326 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
2009 жылғы 15 мамырда "Нұр Отан" ХДП-ң кезектен тыс
ХІІ съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
2010.09.24 № 442 Өкімімен.
N |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
I. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ | ||||
---|---|---|---|---|
1.1. Жедел индустриалдық-инновациялық дамудың жүйелік мәселелері | ||||
1. |
2010-2014 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық жедел даму Мемлекеттік бағдарламасын 7 трлн. теңгеден асатын жылдық қосылған құнды қосымша құруды қарастыратын, жылдарға бөлінген айқын нақты мақсатты міндеттер мен индикаторлармен әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
2. |
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарына сәйкес келетін уақтылы түрде жаңа әлеуетті-бәсекелестік экономиканың секторларын айқындап, тиісті бағдарламаларды дайындау бойынша ұсыныстарды енгізу |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар |
Үкімет |
жыл сайын 20 ақпанға дейін 2010-2015 жылдарда |
3. |
2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес басым бағыттар шеңберінде нақты ішкі салалар бойынша салалық бағдарламаларды (мастер-жоспарларды) әзірлеу мен бекіту |
нормативтік құқықтық актілер |
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро ҰБХ" АҚ |
2009 жылғы желтоқсан |
4. |
Барлық іске асырылып жатқан бағдарламалардың 2010-2014 жылдарға арналған экономиканың дағдарыстан кейінгі дамуына қойылған міндеттерге сәйкестігіне талдау жасап, оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2009 жылғы 1 тамыз |
5. |
2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның Индустрияландыру картасын әзірлеу, оған өңірлердің ресурстық базасы мен инфрақұрылымды дамытуды байланыстыра отырып, өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың схемасын қосу |
нормативтік құқықтық акт |
Үкімет, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2009 жылғы 15 қазан |
6. |
Мемлекет басшысына экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмыс туралы есеп беру |
Мемлекет басшысына баяндау |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
жарты жылда бір рет |
7. |
Алдыңғы қатарлы технологияларды тиімді тартатын және инновациялар мен адам капиталына инвестиция салатын компанияларды ұзақ мерзімді сатып алуға кепілдік беру механизмдерін қоса алғанда мемлекеттік қолдау шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
8. |
Қазақстанның, Беларусь пен Ресейдің Кеден одағын қалыптастыру |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет |
2009 жылғы желтоқсан |
9. |
"Индустриалдық саясат туралы" Заң жобасын әзірлеу |
Заң жобасы |
Үкімет |
2010 жыл |
1.2. АӨК және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу | ||||
10. |
2015 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін экспорттың жалпы көлемінде 8 пайызға дейін жеткізуге және АӨК жалпы қосылған құнын кем дегенде 16 пайызға ұлғайтып, 10 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын құруға бағдарланған АӨК дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
1.3. Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіруді дамыту | ||||
11. |
Құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдары өндірісін ұйымдастыру жөніндегі құрылыс кешенінің жалпы қосылған құнын кем дегенде 76 пайызға ұлғайтып отандық өндіріс есебінен құрылыс материалдарына экономика қажеттіліктерін 80 пайыздан астамын қанағаттандыруға бағдарланған шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
1.4. Мұнай өңдеу және мұнай-газ сектор инфрақұрылымын дамыту | ||||
12. |
Мұнай өңдеу және мұнай-газ сектор инфрақұрылымын дамыту жөніндегі отын-энергетикалық кешеннің жалпы қосылған құнын кем дегенде 30 пайызға арттыруға және 2014 жылға қарай отандық өндіріс есебінен жоғары сапалы мұнай өнімдеріне - жанармай мен авиакеросинге ішкі сұраныстың 100 пайыздық қанағаттандырылуына жетуге бағдарланған шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
13. |
Битум зауытының пайдалануға берілуін қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігі мен Үкіметке ақпарат |
ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2011 жылғы желтоқсан |
14. |
"Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" магистральдық газ құбырының пайдалануға берілуін қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігі мен Үкіметке ақпарат |
ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2012 жылғы желтоқсан |
15. |
Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының, олардың жиынтық қуатын жылына 17 млн. тоннаға дейін жеткізіп, жедел жаңғыртылуын қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігі мен Үкіметке ақпарат |
ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2013 жылғы желтоқсан |
1.5. Металлургияны және дайын металл өнімдерін шығаруды дамыту | ||||
16. |
2015 жылға қарай металлургия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру мен экспорттау көлемін екі есе ұлғайтып, қайта өңдеуді тереңдету және жаңа бөліністі құру есебінен металлургияның жалпы қосылған құнын кем дегенде 107 пайызға өсіруге бағдарланған металлургияны және дайын металл өнімдерін шығаруды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
1.6. Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін жедел дамыту | ||||
17. |
Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
18. |
Хлор, каустикалық сода, күкірт қышқылы, азот, фосфор және калий минералды тыңайтқыштарын, синтетикалық жуу заттарын өндіру жөніндегі келешегі бар жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет |
жарты жылда бір рет |
19. |
Кіріккен газ-химия кешенінің жедел салынуын іске асыруды қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет |
жарты жылда бір рет |
20. |
2014 жылға қарай дәрілік препараттарды ішкі тұтынудың 50 проценттен астамын отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуге жету мақсатында фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
21. |
Дәрілік препараттарды (вакциналарды, инсулинді, антибиотиктерді және басқаларын) өндіруді ұйымдастыру мәселесін пысықтау |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет |
2009 жылғы шілде |
22. |
2011 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын технологиялық жаңғырту және қару-жарақ пен әскери техниканы шығаруды дамыту бағдарламасын бекіту |
Үкімет қаулысы |
Үкімет |
2010 жылғы желтоқсан |
1.7. Таза энергетиканы қоса алғандағы, энергетика | ||||
23. |
2015 жылға қарай еліміздің электр энергиясына ағымдағы және болашақ сұранысының 100 проценттік қанағаттандырылуына, экономиканың энергиялық сыйымдылығының 10 процентке кемітілуіне бағдарланған "таза" энергетиканы дамытуды қоса алғандағы энергетиканы дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
1.8. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту | ||||
24. |
Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту бойынша көлік және телекоммуникация инфрақұрылымының қосылған құнын 63 процентке өсіруге, жабдықтарының жекелеген түрлерін өндіруді ұйымдастыра отырып, цифрлы телевизияны ендіруге бағдарланған шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет |
2009 жылғы 1 қыркүйек |
1.9. Ұлттық қаржылық жүйені дамыту | ||||
25. |
Индустриалдық-инновациялық жедел даму мен дағдарыстан кейінгі даму міндеттерін іске асыру үшін ішкі ресурстарды тартуға бағдарланған ұлттық қаржы жүйесінің жаңа тұжырымдамасын әзірлеу |
Жарлық жобасы |
ҰБ, ҚҚА, Үкімет |
2009 жылғы тамыз |
1.10. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы | ||||
26. |
Инновациялық индустриаландырудың мақсаттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет |
2009 жылғы 4 тоқсан |
1.11. Инновациялық экономика үшін кадрлар даярлау | ||||
27. |
Жұмыспен қамту мен жаңа экономика үшін елдің еңбек ресурстарын жаңғыртудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет |
2009 жылғы желтоқсан |
28. |
"Елдің жаңа экономикасы үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері" тақырыбына мүдделі ұйымдар мен сарапшыларды тарта отырып, дөңгелек үстел өткізу |
дөңгелек үстел |
Үкімет |
2009 жылғы қыркүйек — қараша |
II. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІМЕН КАДР САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ | ||||
2.1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру | ||||
29. |
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде әртараптандыру процесінің негізгі үйлестірушісі ретінде Индустрия және сауда министрлігін институционалдық нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеу |
Жарлық жобасы |
Үкімет, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2009 жылғы 1 қазан |
2.2. Кадр саясатын жетілдіру | ||||
30. |
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің рөлін күшейту |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар |
МҚА, МЭБП |
2009 жылғы тамыз |
31. |
Саяси мемлекеттік қызмет кадрлық резервін қалыптастыру мен онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін жетілдіру |
Жарлық жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет, МҚА |
2009 жылғы қазан |
32. |
Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға конкурстық іріктеу жүйесін жаңғырту |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар |
МҚА |
2009 жылғы қараша |
33. |
Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне этикалық нормалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуын күшейту бөлігінде өзгерістер енгізу |
Жарлық жобасы |
МҚА, ЭБЖМ, ӘМ |
2009 жылғы қараша |
34. |
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауды өткізу тәртібін жетілдіру |
Жарлық жобасы |
МҚА, ЭБЖМ |
2010 жылғы ақпан |
35. |
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын Заң жобасын әзірлеу |
Заң жобасы |
Үкімет, МҚА, "Нұр Отан" ХДП ОА |
2010 жыл |
2.3. Сыбайлас жемқорлықпен күрес | ||||
36. |
Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті белсендіру бойынша шаралар кешенін дайындау |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
БП, ІІМ, ЭСЖКА, Әділетмині ҚАЖК, Қаржыминінің КБК |
2010 жылғы қаңтар |
37. |
Партияның аймақтық филиалдары мен құқық қорғау органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен азаматтарды бірлесе қабылдаудың тұрақты тәжірибесін қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Отан" ХДП әлеуетін пайдалану |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
БП, ІІМ, ЭСЖКА, "Нұр Отан" ХДП ОА (келісім бойынша) |
жарты жылда бір рет |
38. |
Республикалық және жергілікті деңгейде азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында қоғамдық кеңестер құру |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
ГП, МВД, АБЭКП, КУИС МЮ, КТК МФ |
2009 жылғы 3 тоқсан |
39. |
Халықтың, әсіресе жастардың, сыбайлас жемқорлықты қаламауы бойынша алдын-алу және түсіндіру жұмысын жүргізу |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
ІІМ, АБЭКП |
жарты жылда бір рет |
40. |
Құқық қорғау органдарының орталық аппаратының шешуші бөлімшелері мен аумақтық басшылар лауазымдарына орталықтандырылған кадрлар резервін құруды қалыптастыруды қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
БП, ІІМ, ЭСЖКА, ҚАЖК МЮ, Қаржыминінің КБК |
2010 жылғы 1 қаңтар |
41. |
Дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдалануына бақылау жүйесінің тиімділігіне талдауды жүзеге асыру |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Есеп Комитеті, БП, ЭСЖКА |
2009 жылғы |
42. |
Бизнесті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз қол сұғушылықтан және криминалдық құрылымдардың қылмыстық қол сұғушылығынан қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау |
Президент Әкімшілігіне ақпарат |
БП, ІІМ, ҰҚҚ, ЭСЖКА |
2009 жылғы 4 тоқсан |
Ескерту:
Аббревиатуралардың мәні:
ӘдМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі
Қаржыминінің КБК - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
ҚАЖК - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы)
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау
агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
"ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" акционерлік
қоғамы
"Самұрық-Қазына" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамы
"Нұр Отан" ХДП - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы