"Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 936 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы  № 326 өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 326 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «I. Индустриялық-инновациялық даму» деген бөлімнің «1.6. Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін жедел дамыту» деген шағын бөлімінде:
      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«22. 2011 - 2015 жылдарға   Үкімет         Үкімет       2010 жылғы
      арналған Қазақстан   қаулысы                       желтоқсан
      Республикасының
      Қарулы Күштерін,
      басқа да әскерлері
      мен әскери
      құралымдарын
      технологиялық
      жаңғырту және қару-
      жарақ пен әскери
      техниканы шығаруды
      дамыту
      бағдарламасын бекіту                                     ».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады