Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 64 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1181 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 99 бұйрығын қараңыз.


      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 431 қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 431 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 431 қаулысымен.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесін, Тапсырыс берушілердің олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 574-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1257 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 191 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 80-құжат).
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен    
бекітілген      

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен     
бекітілген      

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар.
      2. Аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар.
      3. Дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер.
      4. Перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, шымылдықтар.
      5. Шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі.
      6. Термотөзімді брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін куртка, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, қарауыл жадағайы, резеңкеленген жадағай.
      7. Түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден тігілген костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы куртка, бүркемеленген далалық костюм, шалбар, фуфайка, теріден тігілген костюм.
      8. Әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әртүрлі жейделер.
      9. Жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық.
      10. Қолғаптар мен биялайлардың барлық атауы.
      11. Түрлі үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, беторамал, жаға астары.
      12. Жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, медициналық халаттардың барлық түрі, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары.
      13. Тері құлақшын.
      14. Аяқкиім тігу және жөндеу.
      15. Қоқысқа арналған қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, дойбы, ілгіштер, шыны банкаларға арналған металл, пластмасса қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғаныш каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка – металл дөңгелек, жануарларға арналған шынжыр, рабица тор.
      16. Құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар.
      17. Орайтын қораптар, мұрағат қораптары.
      18. Фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды шығару, жасау және сату.
      19. Биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары.
      20. Көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, ору машинасына арналған тармақ, елейтін шатун).
      21. Үй-жайлар мен аумақтарды жинау.
      22. Абаттандыру, көгалдандыру.
      23. Мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру.
      24. Жерлеу бойынша көрсетілетін қызметтер.
      25. Жерлеу бюросының көрсетілетін қызметтері.
      26. Полиграфиялық, жарнамалық, баспа қызметтері.
      27. Қылқалам-щетка бұйымдары.
      28. Мүгедектердің оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура).
      29. Ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер).
      30. Үй-жайларды жалға беру.
      31. Кресло-арбалар.
      32. Жиһаз жасау.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен    
бекітілген      

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды
орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған
ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2014 № 618 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений инвалидов Республики Казахстан и организаций, созданных общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 64. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1181

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2015 № 1181 (вводится в действие с 01.01.2016).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1065.
      

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 44-1 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 04.05.2014 № 431.
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) исключен постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2) перечень отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений инвалидов Республики Казахстан и организаций, созданных общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги;
      3) исключен постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 04.05.2014 № 431; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Исключен постановлением Правительства РК от 04.05.2014 № 431.
      3. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1257 "Об утверждении перечня организаций, созданных республиканскими общественными объединениями инвалидов, перечня производимых, выполняемых, оказываемых ими товаров, работ, услуг, Правил приобретения заказчиками у них товаров, работ, услуг" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 47, ст. 574);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2009 года № 191 "О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года № 1257" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 12, ст. 80).
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2011 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 31 января 2011 года № 64

                                 Перечень
             общественных объединений инвалидов Республики
            Казахстан и организаций, созданных общественными
              объединениями инвалидов Республики Казахстан,
                производящих товары и (или) поставляющих
             товары, выполняющих работы, оказывающих услуги

      Сноска. Перечень исключен постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 31 января 2011 года № 64

Перечень
отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у
общественных объединений инвалидов Республики Казахстан и
организаций, созданных общественными объединениями инвалидов
Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары,
выполняющих работы, оказывающих услуги 

      Сноска. Перечень в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Постельное белье всех наименований, одеяло, матрацы, покрывало, подушки разные, полотенце, салфетки, наперники, чехлы на матрацы, пеленки.
      2. Костюм повара, костюм пекаря, колпаки разные.
      3. Бумага туалетная, бумажные полотенца.
      4. Шторы, чехлы на машины, на кресла, полога.
      5. Сумка шахтера, мешки разные, ремни шахтерские.
      6. Костюм из термостойкого брезента, костюм рабочий хлопчатобумажный, костюм полевой хлопчатобумажный, куртка полевая камуфлированная, костюм брезентовый, костюм сварщика, аккумуляторщика, комбинезон рабочий, плащ брезентовый с водоотталкивающей пропиткой, плащ постовой, плащ прорезиненный.
      7. Бушлаты разные, куртка ватная, брюки утепленные ватные, бушлат медицинский стеганый, на синтепоне, костюм утепленный «Зима», костюм на меху, костюм теплозащитный, полукомбинезон утепленный, жилет утепленный, куртка утепленная, костюм полевой камуфлированный, брюки, фуфайка, костюм на меху.
      8. Пижамы разные, нательное мужское белье, трусы, носки, портянки, сорочки разные, рубашки разные.
      9. Комплект для новорожденного.
      10. Рукавицы и перчатки всех наименований.
      11. Косынки разные, подшлемники разные, платок носовой, подворотничок.
      12. Халат рабочий, фартуки разные, униформа, обмундирование (кроме офицерского состава), жилет сигнальный, халаты медицинские всех видов, хирургические костюмы, бахилы разные, форменная и специальная одежда, корпе, халаты госпитальные, халаты разные, школьная форма всех видов.
      13. Шапка-ушанка меховая.
      14. Пошив и ремонт обуви.
      15. Совки для мусора, пуговицы, прищепки, шахматы, шашки, плечики, крышки металлические, пластмассовые для стеклянных банок, колпачки медицинские фольговые, каски защитные, контейнеры для утилизации бытовых отходов, детали изостыковой изоляции Р-50, P-65, замки для скоросшивателей, тазы, ведра, кожухи и корпуса для приборов учета электроэнергии, бирки для животных, щетка-круг металлическая, цепи для животных, сетка рабица.
      16. Скоросшиватели, конверты, папки для бумаг, линейки.
      17. Коробки упаковочные, коробки архивные.
      18. Фармацевтическая деятельность, производство, изготовление и реализация лекарственных средств.
      19. Датчик реле температурный камерный биметаллический, автопровода, светильники, розетки, выключатели, удлинители, извещатель пожарный ИП 212-45, электрические щиты разной модификации на напряжение до 1000 В, приборы пожарно-охранной сигнализации.
      20. Запасные части для транспортных средств, сельхозмашин и тракторов (фильтры, щетки, луч для жатки, шатун для грохота).
      21. Уборка помещений и территорий.
      22. Благоустройство, озеленение.
      23. Организация отдыха и санаторно-курортного лечения инвалидов.
      24. Услуги по захоронению.
      25. Услуги похоронных бюро.
      26. Полиграфические, рекламные, издательские услуги.
      27. Кистещеточные изделия.
      28. Поставка, сборка, ремонт и обслуживание реабилитационной техники для инвалидов (костыли, трости, ходунки, подъемные устройства и механизмы, телерадиоаппаратура).
      29. Изделия из дерева (черенки разные, тарные ящики).
      30. Аренда помещений.
      31. Кресла-коляски.
      32. Производство мебели.  

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 31 января 2011 года № 64

Правила
приобретения отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых
у общественных объединений инвалидов Республики Казахстан и
организаций, созданных общественными объединениями инвалидов
Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары,
выполняющих работы, оказывающих услуги

      Сноска. Правила исключены постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 618 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).