Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11248 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 № 1065 бұйрығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі;
      2) Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 28 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 99 бұйрығымен    
бекітілген       

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесі

Р/с №

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар

1

2

1.

«Қазақ соқырлар қоғамының Ақмола оқу-өндірістік кәсіпорнының» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетаудағы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3.

«Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу өндіріс кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4.

«Қазақ соқырлар қоғамының № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5.

«Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны № 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6.

«Қазақ соқырлар қоғамы» Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7.

«Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Талғар оқу-өндірістік кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

9.

«Қазақ соқырлар қоғамының Бейсеков З.Б. атындағы «Спутник демалыс үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10.

«Қазақ соқырлар қоғамының «Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11.

«Қазақ соқырлар қоғамының Семей оқу-өндіріс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12.

«Қазақстандық соқырлар қоғамының Өскемен білім өндіріс кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13.

«Қазақ соқырлар қоғамының Шемонаиха оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

14.

«Қазақ соқырлар қоғамының Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

15.

«Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

16.

«Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндіріс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

17.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

18.

«Қазақ соқырлар қоғамының Сәтбаев оқу-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

19.

«Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

21.

«Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

22.

«Соқырлардың Қазақ қоғамының Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

23.

«Қазақ соқырлар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

24.

«Қазақ соқырлар қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25.

«Қазақ соқырлар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

26.

«Қазақ соқырлар қоғамының Ленгір оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

27.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан оқу-өндіріс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

28.

«Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

29.

«Қазақ соқырлар қоғамының Эксперименталдық кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Щучинск оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

31.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

32.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

33.

Мекеме «Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны»

34.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Семей оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

35.

«Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» Мекемесі, Өскемен қ.

36.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

37.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

38.

«Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Қарағанды қ.

39.

«Қазақ саңыраулар қоғамының оқыту-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Қостанай қ.

40.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

41.

«Қазақ саңырау қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорыны» мемлекеттік емес мекеме

42.

«Қазақ саңыраулар қоғамының Шымкенттегі «Оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

43.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

44.

«Қазақ саңыраулар қоғамының № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі

45.

«Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «№ 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

46.

«Қазақ кереңдер Қоғамының № 4 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

47.

«Астана қаласының қазақ мылқау қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі

48.

«Реабилитационное производственное предприятие инвалидов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49.

«КРОИВА-КӨМЕКШІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50.

«КРОИВА-Print» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51.

«Инватакси» Реабилитациялық қызмет орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52.

«SU Service group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53.

«Media Group» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

54.

«Центр Реабилитационной Техники – Надежда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55.

«ШАНС-Кокше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56.

«Социал 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

57.

«Социус 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

58.

Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергілікті қоғамдық бірлестігінің «ДӘМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

59.

Павлодар қаласының «Саңыраулардың қазақ қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

60.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қоры»

61.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақтөбе» корпоративтік қоры

62.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Қаратал бастауыш ұйымының» корпоративтік қоры

63.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Талдықорған» корпоративтік қоры

64.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі шелек бастауыш ұйымының» корпоративтік қоры

65.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Атырау» корпоративтік қоры

66.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Өскемен» корпоративтік қоры

67.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз» корпоративтік қоры

68.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қоры

69.

Қарағанды облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Корпоративтік Қоры

70.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай» корпоротивтік қоры

71.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры

72.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда» корпоративтік қоры

73.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сырдария» корпоративтік қоры

74.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қазалы» корпоративтік қоры

75.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Маңғыстау» Корпоративтік қоры

76.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Павлодар» корпоративтік қоры»

77.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылжар» корпоративтік қоры

78.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сарыағаш» корпоративтік қоры»

79.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тұрар» корпоративтік қоры

80.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Отырар» корпоративтік қоры

81.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Бәйдібек» корпоративтік қоры

82.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Төлеби» корпоративтік қоры

83.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақсукент» корпоративтік қоры

84.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Шымкент» корпоративтік қоры

85.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Алматы» корпоративтік қоры

86.

«Іле» корпоративтік қоры

87.

«Сарқан» корпоративтік қоры

88.

«Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақжайық» корпоративтік қоры»

89.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Бұланды» корпоративтік қоры

90.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Арал» корпоративтік қоры

91.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Екібастұз» корпоративтік қоры

92.

«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (республикалық мәртебе)

93.

«АСАР» Жамбыл облысының мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі

94.

«Учебно-производственное предприятие Шебер қол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

95.

«Жаңа Өмір 2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

96.

«Қостанай мүгедектер ерікті қалалық қоғамы» қоғамдық бірлестігі

97.

«МҮГЕДЕК» Арқалық қалалық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

98.

«Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

99.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамы бірлестігінің оқу-өнірістік кәсіпорын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100.

«Интеграция плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101.

«ар-Рохим» Мүгедектер Қоғамы» қоғамдық бірлестігі

102.

«Аяулы-Алақан» қоғамдық бірлестігі

103.

«Помощь инвалидам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104.

«Тауелсіздік-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105.

«Астана қаласы-балалары бар мүгедек-аналар қоғамы» қоғамдық бірлестігі

106.

«Ескелді ауданының «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі

107.

«DQB BASIS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

108.

«Көз жанарының қабілетіне байланысты тұлғалардың әлеуметтік және еңбектік оңалту «Нұр» қауымдастығы» заңды тұлғалардың Қауымдастық нысандағы бірлестігі

109.

«Социально-производственное предприятие «ЖАСА»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110.

«Арба» «Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек- азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі

111.

«Теміртау қалалық мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

112.

«Павлодар облыстық еркін мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

113.

«СОСТРАДАНИЕ» Мүгедектер Ерікті Қоғамы Қоғамдық Бірлестігі

114.

«Қазақстан мүгедектері ұйымдарының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі

115.

«САМҒАУ ГРУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

116.

«Биіктеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

117.

«Алматы қалалық мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігі

118.

«Ауған соғысының мүгедектерінің Қазақстан Республикасындағы қоғамы» Қоғамдық бірлестігі

119.

«НАМЫС» жоғары білімі бар мүгедектер қоғамдық бірлестігі

120.

«Лайықты өмір» мүгедектер реабилитация орталығы қоғамдық бірлестігі

121.

«Центр социальных услуг» қоғамдық бірлестігі

122.

«Фортуна 2013» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

123.

Талдықорған қаласындағы «ЕРЛІК» қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігі

124.

Көксу аудандық «Салауат» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Нұрлы комек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125.

«Қамқор» Солтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 99 бұйрығымен   
бекітілген     

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне қосу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдарды Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      орталық уәкілетті орган – денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      өтініш беруші – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі құрған ұйым.

2. Тізбеге енгізу тәртібі

      3. Тізбеге:
      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабы 13) тармақшасының шарттарына сай келетін ұйымдар;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі немесе жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі болып табылатын ұйымдар енгізіледі.
      4. Тізбеге енгізу үшін өтініш беруші Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбеге енгізуге өтініш;
      2) Кодекстің 248-бабы 13) тармақшасына сай келетіні туралы мемлекеттік кірістер органдарынан анықтама;
      3) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдардың жарғысының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;
      4) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы және жалақысы көрсетілген штаттық кесте;
      5) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінде немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдарда жұмыс жасайтын адамдардың мүгедектігі туралы анықтамаларының көшірмелері;
      6) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – өндірістік базаның болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      7) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – сапа сертификатының көшірмесін қоса, шығарылатын өнімнің тізбесі;
      8) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі;
      9) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдары үшін – егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса, лицензияның көшірмесі;
      10) жабдықтардың тізбесі.
      Осы тармақтың 3) – 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген «мәліметтер нысаны» түрінде жүзеге асырылады.
      5. Өтініш беруші құжаттарды Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жылдың бірінші және екінші тоқсаны ішінде, бірақ тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күнінен кешіктірмей береді.
      6. Тізбеге өтініш берушіні енгізуден мынадай:
      осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған;
      осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады.
      Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бас тарту туралы өтініш берушіге құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
      7. Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өтініш берген ұйымдардың тізімін облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды беру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 20 күн ішінде ұсынады.
      Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары облыс және Астана және Алматы қалалары бойынша өтініш берген ұйымдардың тізімін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, күнтізбелік 10 күн ішінде орталық уәкілетті органға ұсынады.
      8. Орталық уәкілетті органға келіп түскен өтініштерді, құрамына орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қазанына дейін қарайды.
      9. Жұмыс тобы өтініш берген ұйымдарды Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық уәкілетті орган тиісті бұйрық шығарады.
      10. Өтініш берген ұйымдарды тізбеге енгізу туралы теріс шешім болған жағдайда, жұмыс тобының хатшысы ұйымдардың тізімі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларын, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларын өтініш берушілердің осы Қағидалардың 3-тармағына сай келмейтіні туралы хабардар етеді.
      11. Тізбеге енгізілген ұйымдар орталық уәкілетті органға жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сай келетіні туралы ақпарат береді.

Тауарларды өндіретін және (немесе)     
тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, 
қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы 
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және 
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық
бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу
қағидаларына 1-қосымша                 

Нысан

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар  
басқармасының/аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына
___________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесіне енгізуге
ӨТІНІШ

____________________________________________________________________
                         (ұйымның атауы)

      Ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
      1)_____________________________;
      2)_____________________________;
      3)_____________________________;
      4)_____________________________;
      ……
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

__________________________________      __________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған                   (қолы)
      кезде) және лауазымы)

      Ескертпе: ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе сенімхат бойынша оны алмастыратын адам қол қояды.

Тауарларды өндіретін және (немесе)     
тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, 
қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық
бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу
қағидаларына 2-қосымша           

Мәліметтер нысаны

1

Ұйымның атауы


2

Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны


3

Ұйымның құрылтайшысы (аталған ұйымды құрған мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің атауы)


4

Ұйымның құрылған жылы


5

Аталған ұйымда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны, оның ішінде мүгедектердің саны (мүгедектігі туралы анықтама, штаттық кесте (Т.А.Ә. (болған кезде), лауазымы және жалақысын көрсетумен) қоса беріледі)



6

Жалақы қоры, барлығы, оның ішінде мүгедектерге, теңге



7

Өндірістің атауы (өндірістік базаның болуын растайтын құжаттар қоса беріледі)


8

Шығарылатын өнімнің тізбесі (тізбелеу және сапа сертификатын қоса беру керек)


9

Ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса, лицензия қоса беріледі)


10

Жабдықтардың тізбесі


__________________________________         __________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған                    (қолы)
      кезде) және лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады