"Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 618 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1181 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Баспасөз релизі

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы»;
      1-тармақта:
      1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      2) тармақшадағы «тізбесі;» деген сөз «тізбесі бекітілсін.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 618 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен    
бекітілген      

Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі

      1. Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар.
      2. Аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар.
      3. Дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер.
      4. Перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, шымылдықтар.
      5. Шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі.
      6. Термотөзімді брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін куртка, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, қарауыл жадағайы, резеңкеленген жадағай.
      7. Түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден тігілген костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы куртка, бүркемеленген далалық костюм, шалбар, фуфайка, теріден тігілген костюм.
      8. Әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әртүрлі жейделер.
      9. Жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық.
      10. Қолғаптар мен биялайлардың барлық атауы.
      11. Түрлі үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, беторамал, жаға астары.
      12. Жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, медициналық халаттардың барлық түрі, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары.
      13. Тері құлақшын.
      14. Аяқкиім тігу және жөндеу.
      15. Қоқысқа арналған қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, дойбы, ілгіштер, шыны банкаларға арналған металл, пластмасса қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғаныш каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка – металл дөңгелек, жануарларға арналған шынжыр, рабица тор.
      16. Құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар.
      17. Орайтын қораптар, мұрағат қораптары.
      18. Фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды шығару, жасау және сату.
      19. Биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары.
      20. Көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, ору машинасына арналған тармақ, елейтін шатун).
      21. Үй-жайлар мен аумақтарды жинау.
      22. Абаттандыру, көгалдандыру.
      23. Мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру.
      24. Жерлеу бойынша көрсетілетін қызметтер.
      25. Жерлеу бюросының көрсетілетін қызметтері.
      26. Полиграфиялық, жарнамалық, баспа қызметтері.
      27. Қылқалам-щетка бұйымдары.
      28. Мүгедектердің оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура).
      29. Ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер).
      30. Үй-жайларды жалға беру.
      31. Кресло-арбалар.
      32. Жиһаз жасау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады