"Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 амырдағы № 431 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1181 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»;
      2) кіріспесі мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі;
      2) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі;
      3) Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары бекітілсін.»;
      3) 2-тармақ алынып тасталсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 431 қаулысына  
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен   
бекітілген     

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,
жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
құрған ұйымдардың тізбесі

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

1

2

1. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақмола оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

980140003595

2. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

021040001300

3. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

920440000055

4. «Қазақ соқырлар қоғамының № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

941140001019

5. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 2 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

990740001939

6. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

041240007053

7. «Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

941140001564

8. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

990640000461

9. «З.Б.Бейсеков атындағы Қазақ соқырлар қоғамының «Спутник» демалыс үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100440014738

10. «Қазақ соқырлар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

950140001216

11. «Қазақ соқырлар қоғамының Семей оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100240020418

12. «Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

940340000045

13. «Қазақ соқырлар қоғамының Шемонаиха оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

490940000011

14. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

611040000049

15. «Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

050640005368

16. «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

920240000761

17. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

990540003006

18. «Қазақ соқырлар қоғамының Сәтпаев оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

930240000486

19. «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

071040005134

20. «Қазақ соқырлар қоғамының Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

011040003880

21. «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

990340000014

22. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

941240000321

23. «Қазақ соқырлар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

940940000453

24. «Қазақ соқырлар қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

940740001325

25. «Қазақ соқырлар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

941240001469

26. «Қазақ соқырлар қоғамының Леңгір оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

910340000024

27. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

030240004788

28. «Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

950140001058

29. «Қазақ соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

971040001902

30. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Щучье оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

940940001164

31. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

920140000837

32. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

660840000064

33. «Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

921040000599

34. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Семей оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

920140000533

35. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Өскемен қаласы

930240000565

36. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

920240000672

37. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

941240002407

38. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жеке меншік мекемесі

941240000490

39. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Қостанай қаласы

950140000664

40. «Қазақ саңыраулар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

950940000574

41. «Қазақ саңыраулар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі

941240002070

42. «Қазақ саңыраулар қоғамының «Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

971240002274

43. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

370340000015

44. «Қазақ саңыраулар қоғамының № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі, Алматы қ.

930640000629

45. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

980440004277

46. «Қазақ саңыраулар қоғамының № 4 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

000640004251

47. «Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі

620840000017

48. «Мүгедектерді оңалту өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Петропавл қ.

911140000273

49. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кроива-Көмекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080740016838

50. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кроива-Print» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080740016868

51. «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Инватакси» оңалту қызметтерін көрсету орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

090540009453

52. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «SU Service group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080840001259

53. «Медеу ауданы мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080240019001

54. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Оңалту техникасы орталығы – Надежда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080740016888

55. «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің «ШАНС-Кокше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100440000956

56. «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Социал 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қ.

100340021797

57. «Әлеуметтік қызметтер орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Социус 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қ.

100340021767

58. Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергілікті қоғамдық бірлестігінің «Дәм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

981240002206

59. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Павлодар қ.

130940007500

60. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Көкшетау» корпоративтік қоры

120340000609

61. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақтөбе» корпоративтік қоры

120240024810

62. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қаратал бастауыш ұйымы» корпоративтік қоры

051140011842

63. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Талдықорған» корпоративтік қоры

120340004334

64. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шелек бастауыш ұйымы» корпоративтік қоры

030540008771

65. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Атырау» корпоративтік қоры

120340006658

66. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Өскемен» корпоративтік қоры

120240008145

67. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз» корпоративтік қоры

120440020151

68. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қоры

120340001022

69. Қарағанды облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің корпоративтік қоры

101140009071

70. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай» корпоративтік қоры

111240020561

71. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры

130141012414

72. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда» корпоративтік қоры

120240004300

73. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сырдария» корпоративтік қоры

130140008728

74. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қазалы» корпоративтік қоры

121240006377

75. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Маңғыстау» корпоративтік қоры

120640008159

76. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Павлодар» корпоративтік қоры

120340018007

77. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылжар» корпоративтік қоры

120240014605

78. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сарыағаш» корпоративтік қоры

130141008347

79. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тұрар» корпоративтік қоры

121140016998

80. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Отырар» корпоративтік қоры

121240005212

81. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Бәйдібек» корпоративтік қоры

121240016624

82. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Төлеби» корпоративтік қоры

121240000102

83. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақсукент» корпоративтік қоры

121140016859

84. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Шымкент» корпоративтік қоры

110240011074

85. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Алматы» корпоративтік қоры

110640014457

86. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Іле» корпоративтік қоры

140240010278

87. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Сарқан» корпоративтік қоры

140240010319

88. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақжайық» корпоративтік қоры

140240032568

89. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Бұланды» корпоративтік қоры

130240026869

90. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Арал» корпоративтік қоры

121140019358

91. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Екібастұз» корпоративтік қоры

121240019578

92. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (республикалық мәртебе)

920140000708

93. «АСАР» Жамбыл облысы мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі

120740007918

94. «Шебер қол» оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

111240021609

95. «Жаңа Өмір 2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120140005701

96. «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

990140000671

97. «МҮГЕДЕК» Арқалық қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

041140012016

98. «Ұшқын» Қызылорда оқу-өндірістік мүгедектер кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

131140000547

99. «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Оңтүстік Қазақстан облыстық одағы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


100. «Интеграция плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

060640013142

101. «Ар-Рохим» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

100240012714

102. «Аяулы-Алақан» қоғамдық бірлестігі

051140003762

103. «Помощь инвалидам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

111240022726

104. «Тәуелсіздік-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

111240017703

105. «Астана қаласы балалы мүгедек аналар қоғамы» қоғамдық бірлестігі

020840005617

106. Ескелді ауданы «Демеу» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі

080840012690

107. «DQB BASIS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140240025099

108. «Нұр» көру кемістігі бар адамдарды әлеуметтік-еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі

131040016381

109. «Жаса» әлеуметтік-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140340006832

110. «Арба» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі

090540001130

111. «Теміртау қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

920940000777

112. «Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

911240000683

113. «СОСТРАДАНИЕ» мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

121140012698

114. «Қазақстан мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі

911140000520

115. «САМҒАУ ГРУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140140013230

116. «Биіктеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140240023013

117. «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

890340000023

118. «Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің қазақстандық республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігі

980440001113

119. «Намыс» жоғары білімді мүгедектердің қоғамдық бірлестігі

021140007531

120. «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі

041240007965

121. «Әлеуметтік қызметтер орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі

030340002676

122. «Фортуна 2013» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

131140008453

123. Талдықорған қаласы «Ерлік» қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігі

070140010449

124. Көксу ауданы «Салауат» қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Нұрлы көмек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120140021743

125. «Қамқор» Солтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

140240013482

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 431 қаулысына
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен   
бекітілген     

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды
орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған
ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім кодтары (ЭҚТӨК)

1

2

Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар

13.92.12

аспаздың костюмі, пісірушінің костюмі, түрлі қалпақтар

13.92.13

дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер

17.22.11

перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, түрлі шымылдықтар

13.92.15

шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі

13.92.21

термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай

14.12.11

түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы куртка, далаға киетін бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, теріден жасалған костюм

14.13.11

әр түрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әр түрлі жейделер

14.14.12

жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық

14.19.11

барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар

14.19.13

түрді үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, қол орамал, жаға астары

14.19.23

жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары

14.12.30

үлбір құлақшын

14.20.99

аяқ киім тігу және жөндеу

15.20.99

қоқыс тазалайтын қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка - металл дөңгелек, жануарлардың бауы, рабица тор

22.29.91

құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар, бланкілік өнім әзірлеу жөніндегі жұмыстар

17.23.12

орайтын қораптар, мұрағат қораптары

17.21.14

фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды өндіру, жасау және сату

21.20.99

биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары

27.12.31

көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, оратын сәуле, елейтін шатун)

28.30.93

үй-жайлар мен аумақтарды жинау

81.29.19

абаттандыру, көгалдандыру

81.30.10

мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру

88.10.13

жерлеу бойынша қызметтер

96.03.11

жерлеу бюросының қызметтері

96.03.12

полиграфиялық, жарнамалық, баспа

73.11.11

қылқалам-щетка бұйымдары

32.91.19

мүгедектердің оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш-көлік құрылғылары мен механизмдер, телерадиоаппаратура)

28.22.99

ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер)

16.29.14

үй-жайларды жалға беру

41.00.20

кресло-арбалар

30.92.20

жиһаз жасау

31.09.99

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 431 қаулысына  
3-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен   
бекітілген     

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды
орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған
ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары

      1. Осы Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар тапсырыс берушілердің тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген шартқа сай келетін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан (бұдан әрі – мүгедектер ұйымдары) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу тәртібін айқындайды.
      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
      1) конкурс тәсілімен өткізілуге тиісті, мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін мүгедектер ұйымдарынан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
      2) тауарларды өндіретін мүгедектер ұйымдарынан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
      3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарынан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.
      4. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың арасынан өнім берушіні таңдау Заңда көзделген ережелерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі), осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарына рұқсат беріледі.
      Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарына өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
      6. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдары арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
      7. Мемлекеттік сатып алу Заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарынан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      8. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектер ұйымдарынан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектер ұйымдары арасында электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
      Бұл ретте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу екі рет өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы.
      10. Осы Қағидаларда реттелмеген жағдайларда, тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін және Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын басшылыққа алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады