Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және
кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы
Астана қаласында 2010 жылғы 24 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 7931-KZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ АРАСЫНДАҒЫ
Қарыз туралы келісім
(Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы)
Күні 2010 жылғы 24 қараша
ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 7931-KZ
ҚАРЫЗ АЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
201_ жылғы «__» ________ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ДҮНИЕЖҮЗIЛIК ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы келiсiм. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
І БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда олармен бекітілген мағыналарына ие болады.
ІІ БАП – ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімге (Жобаға) 1-қосымшада сипатталған жобаны қаржыландыруды қолдау үшін осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімде және шарттарда жиырма тоғыз миллион екі жүз отыз мың АҚШ долларына ($29,230,000) тең соманы (қарыз) беруге келісті.
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның ІV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы Банкке қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының (0,25%) төрттен бір пайызына тең комиссия төлейді. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы сыйақыны әрбір Пайыздық кезең ішінде Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР ставкасына Құбылмалы спрэдті қосқанға тең ставка бойынша төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер алынған қарыз қаражаты сомасының кез келген бөлiгi уақтылы төленбей қалған және отыз күн iшiнде төленбесе, ондай жағдайда Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшерi Жалпы шарттардың 3.02 (d) бөлiмiнің ережелеріне сәйкес есептелуi тиiс.
2.05. Төлем күндерi – әр жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
2.06. Қарыз алушы Қарыздың негiзгi сомасын осы Келiсiмге 3-қосымшада көрсетілген өтеу кестесiне сәйкес өтейді.
ІІІ БАП – ЖОБА
3.01 Қарыз алушы өзiнің Жоба мақсаттарына бейілділігі туралы мәлімдейді және осы мақсатпен Жобаны Жалпы шарттардың V бабының ережелерiне сәйкес ҚР БҒМ арқылы жүзеге асырады.
3.02 Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелері үшін шектеусіз және егер Банк пен Қарыз алушы арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы Жобаны осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП — ҚАРЫЗДЫҢ КҮШIНЕ ЕНУI; БҰЗЫЛУЫ
4.01. Қарыз алудың күшiне енуiнiң қосымша шарттары мыналармен тұжырымдалады:
(а) ЖБТ Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшiн қолайлы болып табылады.
(b) Консультативтiк Кеңестi Қарыз алушы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшiн қолайлы болып табылады.
(c) Жобаға Банк үшiн қолайлы операциялық нұсқаулықты Қарыз алушы бекiткен.
4.02. Күшiне енудiң соңғы мерзiмi осы Келiсiмнiң күнінен кейiн бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн болып табылады.
V БАП — ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКIЛI; МЕКЕНЖАЙЫ
5.01. Қарыз алушының өкiлi Қазақстан Республикасының Қаржы министрi болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
Қаржы министрлiгi
Жеңiс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) 7-7172-717785
5.03. Банктiң мекенжайы:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
1818Н Street,N.W.
Вашингтон, О.К. 20433
АҚШ
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(МСI) 1-202-477-6391
Вашингтон, О.К. 64145(МСI)
Жоғарыда көрсетiлген күнi мен жылы Астана қаласында, Қазақстан КЕЛIСIЛГЕН.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН
Уәкiлеттi өкiл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА
ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI
Уәкiлеттi өкiл
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаты саяси тетiктер мен институционалдық әлеуеттi жетiлдiру жолымен техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң (ТжКБ) өзектiлiгiн, сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Жоба мынадай құрауыштардан тұрады:
1-құрауыш: Кәсiби стандарттар және техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi бағалау
Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету және оқыту: (а) ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн және ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн құру; (b) кәсiби стандарттар әзiрлеу және бiлiктiлiктi бағалау жүйесiн қайта қарау; (с) тәуелсiз институционалдық аккредиттеу үшiн әдiстер мен рәсiмдердi әзiрлеу және енгiзу.
2-құрауыш: Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi басқаруды және қаржыландыруды жаңғырту
Тауарларды, консультациялық қызметтердi көрсету және келесi мақсаттарға арнап оқыту және қосымша операциялық шығыстарды қаржыландыру: (а) басшылық ету және басқару жүйесi, сондай-ақ ТжКБ жүйесiнiң рәсiмдерi мен институционалдық құрылымдары саласындағы саяси тетiктердi жаңғырту; (b) таңдалған салаларда ТжКБ мекемелерiн жан басына шағып қаржыландыру жүйесiн енгiзу; (c) ТжКБ мониторингi мен оны бағалаудың тиiмдi тетiктерiн құру және енгiзу; (d) Жобаны үйлестiру, iске асыру және басқару процесiн қолдау.
3-құрауыш: Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының әлеуетiн күшейту
(а) Мемлекеттiк деңгейдегi құзыреттiлiкке негiзделген бiлiм беру стандарттары мен үлгi оқу бағдарламаларын әзiрлеу мақсатында тауарларды беру және консультациялық қызметтер көрсету; (b) құзыреттiлiкке негiзделген, мұғалiмдердi даярлаудың iрiктелген өңiрлiк орталықтарында модульдiк бағдарламаларды енгiзу үшiн жұмыс орнында оқытушыларды оқыту бағдарламаларын әзiрлеу үшiн кiшi жобаларды iске асыру үшiн бенефициарларға кiшi гранттар беру және (c) Институционалдық даму жоспарын (ИДЖ) әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi кiшi жобаларды жүзеге асыру үшiн бенефициарларға кiшi гранттар беру.
2-ҚОСЫМША
Жобаны орындау
I бөлiм. Iске асыру тетiктерi
А. Институционалдық тетiктер
Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа уағдаластықтарға сәйкес Жобаны iске асыруы тиiс:
1. Жобаның Үйлестiру комитетi (ЖҮК) Жобаны қадағалау және Жобаның Операциялық нұсқаулығында (ЖОН) көрсетiлген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастыру тетiктері мен операциялық рәсiмдерге сәйкес стратегиялық басшылық жасау үшiн жалпы жауапты болады.
2. Қарыз алушы Жобаны ҚР БҒМ арқылы, Жобаның Консультативтiк Кеңесінiң (ЖКК) сараптамалық қолдауымен Жобаның Операциялық нұсқаулығында және Қоршаған ортаны басқару стратегиясында (ҚОБС) көрсетiлген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастыру тетiктері мен операциялық рәсiмдерге сәйкес iске асыруға тиiс және Банктiң алдын ала мақұлдауынсыз Жобаның Операциялық нұсқаулығын немесе ҚОБС-тың қандай да бiр ережелерiн бiреуге беруге, өзгерiс енгiзуге, жоюға немесе олардан бас тартуға тиіс емес.
3. Жобаны iске асырудың бүкіл кезеңi бойында Қарыз алушы құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшiн қанағаттанарлық болып табылатын, Жобаның Үйлестiру Комитетiнiң, Жобаны Басқару Тобының және Жобаның Консультативтiк Кеңесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
4. Қарыз күшiне енген күннен кейінгі отыз (30) күннен кешiктiрмей Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Банк үшiн қолайлы нысанда ЖБТ бухгалтерлiк есеп жүйесiн жаңартуды жүзеге асырады.
В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Қарыз алушы Жобаны Банктiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi нұсқаулығының ережелерiне сәйкес iске асыруды қамтамасыз етедi.
С. Кiшi жобалар
1. Жобаның 3 (b) және 3 (c) құрауыштарын орындау мақсатында Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Жобаның Операциялық нұсқаулығымен шартталған iрiктеу критерийлері мен рәсiмдерiне сәйкес бенефициарларға мыналарды: (а) Кiшi жобалар бойынша ұсыныстарды Жобаның Операциялық нұсқаулығымен, Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықпен, Консультаттарды жалдау жөнiндегi нұсқаулықпен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi нұсқаулықпен және ҚОБС-пен шартталған қағидаттар мен рәсiмдерге сәйкес iрiктейтiн, iске асыратын және бағалайтын; және (b) кіші жобаларды іріктеу критерийлері жер сатып алуға немесе Қоныс аударуға тыйым салуын қамтамасыз етуін қамтитын кiшi гранттар бередi.
2. Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Банк мақұлдаған шарттарда Кiшi грант туралы келiсiм шеңберiнде әрбiр Бенефициарға мыналарды қамтитын:
(а) Кiшi гранттар Теңгемен немесе АҚШ долларымен деноминацияланатын болады; және
(b) Қарыз алушы, өзiнiң және Банктiң мүдделерiн қорғау үшiн мыналарды қоса алғанда: (i) Бенефициардың кiшi грант қаражатын пайдалануға құқығын тоқтата тұруды немесе жоюға не Бенефициар Кiшi грант туралы келiсiм шеңберiнде қандай да бiр мiндеттерiн орындамаған жағдайда кiшi грант сомасының барлық немесе бiр бөлiгiн өтеуге сұрау салуға; және (ii) әрбiр Бенефициардан мыналарды: (А) (1) өзiнiң кiшi жобасын Қарыз алушыдан басқа қарыз қаражатын алушыларға қолданылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi нұсқаулықтың ережелерiн қоса алғанда, Банк үшiн қолайлы тиiстi техникалық, экономикалық, қаржылық, басқару, экологиялық және әлеуметтiк стандарттарға және практикаға сәйкес тиісінше және тиiмдi iске асыруды; (2) қолданыстағы объектiлердi жөндеу және/немесе қалпына келтiру бойынша жұмыстарға тыйым салу; және (3) ҚОБЖ мен ЖОН-да көрсетiлгендей жұмыстардың нақты учаскесi үшiн осы 2-қосымшаның II.А. Бөлiмiнде көрсетiлген iске асыру барысы туралы есептерде тиісті ҚОБЖ мен ҚОӘБ –ны іске асыру бойынша тиісті ақпаратты қамтитын, Банк үшін қолайлы экологиялық стандарттарды сақтау мақсатында жұмыстардың нақты учаскесi үшiн қажетті ҚОБЖ-ны немесе ҚОБЖ мен Қоршаған ортаға әсер ету бағасын (ҚОӘБ) уақтылы жасауды; (В) нақты мақсаттар үшiн талап етiлетiн ресурстарды уақтылы беруді; (С) осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес кiшi грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуды; (Д) мониторингтi және бағалауды, кiшi жобаның iске асырылу барысы мен оның мақсаттарына қол жеткiзудің Банк үшiн қолайлы көрсеткiштерiне сәйкес жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиісті қағидалар мен рәсiмдердi белгiлеудi талап етуге; (Е) (1) қаржылық басқару жүйесi мен қаржылық есептердің дайындалуын кiшi жоба шеңберiнде операцияларды, ресурстар мен шығыстарды тиісінше көрсететiн, Банк үшiн қолайлы бухгалтерлiк есептiң дәйектi түрде қолданылатын стандарттарына сәйкес ұстауға; және (2) Банк үшiн қолайлы қаржы есептерiнің деректеріне Банктiң немесе Қарыз алушының талабы бойынша тәуелсiз аудит жүргiзу және Қарыз алушы мен Банкке аудиттен өткен есептердi уақтылы ұсынуға; (F) Қарыз алушыға немесе Банкке кiшi жобаны, оның іске асырылу барысын, сондай-ақ кез келген жазбалар немесе құжаттарды тексеру жүргiзуге мүмкiндiк беруге; және (G) Қарыз берушi мен Банке жоғарыда баяндалғанға қатысты негiзді сұратылған ақпараттың бүкілін дайындауға және беруге тиiстi құқықтарға ие болады.
3. Қарыз алушы өзiнiң құқықтарын әрбiр Кiшi грант туралы келiсiмнiң шеңберiнде Қарыз алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғау үшін, сондай-ақ Қарыздың мақсаттарына қол жеткiзетіндей етіп жүзеге асырады. Банк өзгешеге келiсiм берген жағдайды қоспағанда, Қарыз алушы қандай да бiр Кiшi грант туралы келiсiмдi немесе оның қандай да бiр ережесiн беруге, өзгерiстер енгiзуге, жоюға немесе одан бас тартуға тиіс емес.
II Бөлiм. Жоба мониторингi бойынша есептiлiк және бағалау
А. Жоба бойынша есептер
1. Қарыз алушы Жобаның iске асырылу барысының мониторингін жүзеге асырады және бағалайды және Жалпы Шарттардың 5.08-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес және Банкпен келiсiлген индикаторлар негiзiнде Жоба бойынша Есептердi дайындайды. Жоба бойынша әрбiр Есеп бiр күнтiзбелiк тоқсан кезеңiн қамтуы және Банкке аталған есептi қамтитын кезең аяқталғаннан кейiн қырық бес күннен кейiн кешiктiрмей табыс етілуі тиіс.
2. Қарыздың күшiне ену мерзiмінен кейiн он бес айдан (15) кешiктiрмей Қарыз алушы Банкпен бiрлесiп, Жобаны iске асыру барысында қол жеткiзiлген прогреске орта мерзiмдi шолу (бұдан әрi «Орта мерзiмдi шолу») жасайды. Орта мерзiмдi шолуда басқалардың арасында мыналар:
(а) Жобаның мақсатына қол жеткiзудегi прогресс; және
(b) Осы Бөлiмнiң 1-тармағында аталған Жобаны тиiмдi iске асыру индикаторларымен салыстыра отырып Жобаны iске асырудың жалпы нәтижелерi сипатталуға тиіс.
3. Қарыз алушы Банкке Орта мерзiмдi шолуға дейiнгі, кем дегенде 4 (төрт) апта бұрын Жобаның әрбiр құрауышының iске асырылу барысын сипаттай отырып, жекелеген есепті және Жобаның жалпы iске асырылуы туралы жиынтық есепті бередi.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есептiлiк және аудит
1. Қарыз алушы қаржылық басқару жүйесiн Жалпы Шарттардың 5.09-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзуге немесе жүргізілуін қадағалауға мiндеттi.
2. Қарыз алушы Банкке әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн қырық бес күннен кешiктiрмей Банк үшiн қолайлы нысан мен мазмұн бойынша Жоба бойынша тоқсанға аралық аудиттелмеген қаржы есебiн дайындайды және ұсынады.
3. Қарыз алушы өзiнiң қаржылық есептiлiгiнің аудитін Жалпы Шарттардың 5.09 (b) бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзедi. Қаржылық есептіліктің әрбiр аудитi Қарыз алушының 1 (бiр) қаржы жылындағы кезеңiн қамтуы тиiс. Әрбір осындай кезең үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік Банкке әрбiр осындай кезең аяқталғаннан кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей ұсынылады
III. Бөлiм Сатып алу
А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар мен жұмыстар. Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықтың I Бөлiмiнде қамтылған немесе оларға сiлтемелер бар талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.
2. Консультанттардың қызметтер көрсетуi. Жоба үшiн қажеттi және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың барлық қызметтерi Дүниежүзiлiк банк қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеу және жалдау жөнiндегi нұсқаулығының (Консультанттар жөнiндегi нұсқаулық) I және IV Бөлiмiнде қамтылған немесе оларға сiлтемелер бар талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. осы Бөлiмде, бас әрiптерден басталатын, банктің белгілі бір келісімшарттарды сатып алудың әдістерін немесе қараудың белгілі бір әдістерін сипаттау үшiн төменде пайдаланылған терминдер нақты жағдайға қарай, Сатып алу жөнiндегi нұсқаулықта немесе Консультанттар жөнiндегi нұсқаулықта сипатталған тиiстi әдiске сәйкес келеді.
В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың ерекше әдiстерi
1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегi 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсiмдерiне сәйкес жасалған келiсiмшарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың өзге де әдiстерi. Кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықта тауарларға қатысты пайдаланылуы мүмкін болған қолданылатын сатып алу әдiстерiнен басқа көрсетiлген. Сатып алу жоспарында белгілі бір әдістер қолданылуы мүмкін болатын мән-жайлар қамтылуы тиіс.
Сатып алу әдiсi |
(а) Ұлттық конкурстық сауда-саттық осы 2-қосымшаға Толықтырылған қосымшада көрсетiлген қосымша шарттарға жатады. |
(b) Еркін саудадағы сатып алу |
(с) Келiсiмшарттарды тiкелей жасасу |
С. Консультанттардың қызметтерiн сатып алудың ерекше әдiстерi
1. Сапа және құн негiзiндегi iрiктеу. Егер төмендегi 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтердi сатып алу Сапа және құн негiзiндегі ірiктеу рәсiмiне сәйкес тағайындалған келiсiмшарттар шеңберiнде жүзеге асырылады.
2. Консультанттар қызметiн сатып алудың басқа да әдiстерi. Төмендегі кестеде сатып алудың, консультанттардың қызметтерiн сатып алу кезiнде пайдаланылуы мүмкiн болатын Сапа және құн негiзiндегi ірiктеуден басқа әдiстерi берiлген. Сатып алу жоспарында белгілі бір әдістер қолданылуы мүмкін болатын мән-жайлар қамтылуы тиіс.
Сатып алу әдiсi |
(а) Тіркелген бюджет кезiндегi iрiктеу |
(b) Құны ең төмен болған кездегі iрiктеу |
(c) Консультанттардың бiлiктiлiгi негiзiндегi iрiктеу |
(d) Бiр көзден сатып алу |
(e) Жеке консультанттарды iрiктеу үшiн Консультанттар жөніндегі нұсқаулықтың 5.2 және 5.3-параграфтарында белгiленген рәсiмдер |
(f) Жеке консультанттарды конкурстық емес негiзде iрiктеу |
D. Банктiң сатып алу жөнiндегi шешiмдердi қарауы
Сатып алу жоспарында Банктің Алдын ала қарауына жататын келiсiмшарттардың тiзiмi көрсетiледi. Барлық басқа келiсiмшарттар Банктiң Кейiннен қарау мәнi болып табылады.
IV Бөлiм. Қарыз қаражатын шоттан алу
А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Бөлiмнiң Жалпы шарттарының II бабының ережелерiне және Қарыз алушыға Банк хабарламада көрсететiн сол қосымша нұсқауларға сәйкес (2006 жылғы мамыр айымен белгіленген, осындай нұсқаулықтарға сәйкес Банк мерзімді түрде қайта қарап отыратын және осы Келісімге қолданылатын «Дүниежүзiлiк Банктiң жобалардың қаражатын игеру бойынша нұсқаулығын» қоса алғанда) төмендегi 2-тармақтың кестесiне сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшін ала алады.
2. Төмендегi кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін болатын Заңды шығыстар санаты («Санат»), Қарыздың бөлiнген сомасы әрбiр Санат бойынша және әрбiр Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесi айқындалған.
Санат |
Қарыздың бөлiнген сомасы (долларлық баламада) |
Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесi |
(1) Тауарлар мен жұмыстар, консультанттардың қызметтерi, қосымша операциялық шығыстар және Жоба жөнiнде оқыту |
[3,600,000] |
100% |
(2) 3 (b) Құрауышынiң шеңберiндегi кiшi гранттар мен Жобаның 3 (с) құрауышы |
[25,630,000] |
100% |
Жалпы сомасы |
$29,630,000 |
---|
Жоғарыда көрсетiлген кестенi орындау мақсатында:
(а) «Қосымша операциялық шығыстар» деген термин мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақыларынан басқа кеңселік үй-жайды жалға алуға, коммуналдық қызметтер, көлiк, кеңселiк керек-жарақтарға фотокөшiрме, баспа, жарнама, банктiк төлемдер, коммуникациялық қызметтер, жол жүру және тәулiктiк шығыстар мен көмекшi персоналға Жобаны басқару тобының (ЖБТ) Жобаны iске асыру барысында шыққан негізделген шығыстарын бiлдiредi; және
(b) «Оқыту» Жоба шеңберiндегi оқыту турларын, оқыту курстарын, семинарларды және оқу материалдарына, үй-жайларды жалдау мен жабдықтарға, ел iшiндегi жол жүрулерге, бiлiм алушылардың тәулiкақылары мен оқытушылардың қызмет ақыларын, сондай-ақ аударма қызметтерiне төлеуге арналған шығыстарды қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердi сатып алуға арналған келiсiмшарттар тiзiмiне кiрмеген, басқа да оқу iс-шараларын бiлдiредi.
В. Алу шарттары; Алу кезеңi
1. Осы Бөлiмнiң А бөлiгiнiң ережелеріне қарамастан қаражат мынадай жағдайларда:
(а) Қарыз шотынан Банкке қарыз қаражатын резервте ұстауға комиссия толық көлемде төленбей тұрып; не
(b) осы Келiсiмнiң күнiне дейiн жасалған төлемдер бойынша алынуға тиісті емес.
2. Жабылу күнi - 2013 жылғы 31 желтоқсан.
2-ҚОСЫМШАҒА
Толықтырылған қосымша
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттықтың рәсiмдерi төмендегiдей ережелердi сақтаған жағдайда Жоба шеңберiнде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн:
А. Мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысуы
Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттiк кәсiпорындар олар заңды және қаржылық түрде тәуелсiз екендiгiн және коммерциялық құқыққа сәйкес әрекет ететiнін және тапсырыс берушiнiң тәуелдi агенттігі болып табылмайтынын растаған жағдайда конкурстық сауда-саттықта қатысуға құқылы. Бұдан әрi, мемлекеттiк кәсiпорындар да басқа қатысушылар сияқты осындай конкурстық шарттармен және қауiпсiздiк талаптарында қатысады.
В. Конкурстық құжаттар
Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшiн қолайлы тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшiн тиісінше конкурстық құжаттарды пайдаланады.
С. Ұсыныстарды ашу және бағалау
(а) ұсыныстар конкурстық ұсыныстарды беру мерзiмі аяқталғаннан кейiн дереу жариялы түрде ашылатын болады;
(b) ұсыныстарды бағалау конкурстық құжаттарда көрсетiлген ақшалай түрдегі критерийлерге қатаң сәйкестiкпен жүзеге асырылатын болады;
(c) жеңiлдiктер отандық өндiрушiлер мен өнiм жеткiзушiлерге қолданылмайды; және
(d) келiсiмшарттар конкурстық iрiктеуден өткен, қандай да бір келiссөздерсiз толығымен сәйкес ең төмен баға ұсынысын берген қатысушыларға берiледi.
D. Бағаны түзету
Ұзаққа созылатын құрылыс жұмыстары (он сегiз (18) айдан астам) баға түзету туралы тиiстi ереженi қамтитын болады. Мерзiмі ұзаққа созылмайтын құрылыс жұмыстарына арналған келiсiмшарттар (он сегiз (18) ай немесе одан да аз) баға түзету туралы тиiстi ережелердi талап етпейдi.
Е. Сауда-саттықты болдырмау
Тендердi өттi деп санамау немесе жаңа ұсыныстарды тарту тек Банкпен алдын ала келiсілген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
F. Нақты ұсыныстардан бас тарту
Жекелеген ұсыныстар мынадай жағдайларда ғана кері қайтарылуы мүмкiн:
(а) Сауда-саттық қатысушысы конкурстық талаптарға сәйкес емес;
(b) Сауда-саттыққа қатысушы өзінің конкурстық ұсынысына тапсырыс берушiнiң Тендерлiк Комиссиясының арифметикалық қателердi түзетуiн қабылдамайды; және
(c) Сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттарға қатысты талаптарға жауап бермейдi.
3-ҚОСЫМША
Өтеу кестесi
1. Келесi кестеде негiзгi борышты Өтеу күнi көрсетiлген және негiзгi борышты («Өтеу үлесі») Өтеудiң әрбiр күнiне арналған өтеуге жататын Қарыздың жалпы сомасының пайызындағы үлесi көрсетiлген. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты Өтеудiң бiрiншi күнiнде толығымен алынған болса, онда Қарыз алушының негiзгi борышты Өтеудiң әрбiр осындай күнiне өтеуі тиіс Қарыздың негiзгi сомасын Банк мынадай: (а) Қарыздың негiзгi борышты Өтеудiң бiрiншi күнiне алынған сомасы мен (б) негiзгi борышты Өтеудiң әрбiр күнiне төлемнiң Өтеу үлесiн көбейту жолымен белгiлейтiн болады.
Негiзгi борышты өтеу күнi |
Өтеу үлесi (пайыздық түрде) |
2014 жылғы 15 шiлдеден бастап, 2024 жылғы |
4,55 % |
2025 жылғы 15 қаңтарға |
4,55 % |
2. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты Өтеудiң бiрiншi күнiне толығымен алынбаса, онда Қарыз алушының негiзгi борышты Өтеудiң әрбiр осындай күнiне өтеуі тиіс Қарыздың негiзгi сомасы былайша айқындалатын болады:
(а) Негiзгi борышты Өтеудiң бiрiншi күнiне алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнде алынған Қарыздың сомасын өтеуi тиiс.
(б) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнен кейiн алынған кез келген сома әрбiр осындай алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағының кестесiнде көрсетiлген төлем үлесiнiң бастапқы сомасы осы Негiзгi борышты өтеу күнi үшiн алымы болып табылатын (Төлемдi өтеу үлесiнiң бастапқы сомасы), ал бөлшегi осындай күнге немесе одан кейiн негiзгi борышты өтеу күнiнде Төлемдердi өтеу үлесiнiң бастапқы сомаларының барлық қалған сомаларының сомасы болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнiнен кейiн негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтелуге тиiс.
3. (а) Негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне төленуге тиiс негiзгi борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне дейiн күнтiзбелiк екi ай iшiнде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiне алынды және өтелмедi деп есептеледi және алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiнен бастап негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтеуге жататын болады.
(b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк толем мерзiмдерi бойынша шоттарды шығару жүйесiн қабылдаса, осы ретте шоттар негiзгi борышты өтеудiң тиiстi Күнiне немесе одан кейiн берiледi, шоттарды шығарудың осындай жүйесi қабылданғаннан кейiн жасалған қандай да алуға осы тармақшаның ережесi қолданылмайтын болады.
ҚОСЫМША
I БӨЛIМ. Анықтамалар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнiндегi нұсқаулық» - осы Қосымшаның III Бөлiмiнде көрсетiлген өзгерiстерiмен 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДА кредиттерi мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi нұсқаулықты» бiлдiредi.
2. «Бенефициар» Операциялық нұсқаулықта көрсетiлгендей, Жобаның 3 (b) немесе 3 (c) Құрауышы шеңберiнде кiшi грант алушыны білдіреді; және «Алушылар» бiр алушыдан неғұрлым көп дегендi бiлдiредi.
3. «Санат» осы Келiсiмге 4-қосымшаның IV Бөлiмiнiң кестесiнде көрсетiлген санатты бiлдiредi.
4. «Консультанттар жөнiндегi нұсқаулық» Банктiң 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда және 2010 жылғы мамырда қайта қаралған «Дүниежүзiлiк банк қарыз алушыларының консультанттарын iрiктеу және жалдау жөнiндегi нұсқаулықты» бiлдiредi.
5. «ҚОБС» Қарыз алушы дайындаған және Банк үшiн қолайлы, 2010 жылғы 12 ақпанда ел iшiнде жарияланған және Банк үшiн Infoshop веб-сайтында 2010 жылғы 26 ақпанда орналастырылған, ережелердi сипаттайтын, қоршаған орта әсерiн бағалау нұсқаулары мен рәсiмдерiн басқаратын, сондай-ақ Банк тарапынан алдын ала жазбаша келiсiм болған жағдайда уақыт өте келе өзгерiстер мен толықтыруларға ұшырауы мүмкiн шарттарды сақтау бойынша тиiстi iске асыруды және тұрақты керi байланысты қамтамасыз етуге қабiлеттi институционалдық және мониторинг пен есептiлiк тетiктерiмен қатар Жоба шеңберiндегi iс-шараларды iске асыруға байланысты қолайсыз әсерлердi азайту, жеңiлдету немесе жою шараларын қамтитын қоршаған ортаны басқару стратегиясын бiлдiредi.
6. «ҚОБЖ» Жобаның 3 (b) және 3 (c) Құрауыштарының шеңберiнде Бенефициар жүзеге асыратын iс-шараларға қатысты «ҚОБС» талаптарына сәйкес санаттардың кiшi жобалары үшiн нақты жұмыс учаскесi бойынша қоршаған ортаға әсердi бағалаумен қатар Бенефициар дайындайтын, Банк үшiн қолайлы нақты жұмыс учаскелерi үшiн қоршаған ортаны басқару жоспары; және «Қоршаған ортаны басқару жоспарлары» бiр ҚОБЖ-дан неғұрлым көпті бiлдiредi.
7. «Жалпы Шарттар» - осы Қосымшаның II Бөлiмiнде ұсынылған өзгерiстерді ескере отырып, 2005 жылғы 1 шiлдедегi (2008 жылғы 12 ақпандағы түзетулерiмен) «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң қарыздары үшiн жалпы шарттар».
8. «ҚР БҒМ» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, яғни Қарыз алушы немесе оның кез келген құқық мирасқоры немесе құқық мирасқорларын бiлдiредi.
9. «Жобаны операциялық басқару» ҚОБС-ты қоса алғанда, Жобаны iске асыруға арналған операциялық және әкiмшiлiк мiндеттердi, рәсiмдер мен ережелердi, Банк тарапынан алдын ала жазбаша келiсiм болу шартымен уақыт өте келе өзгерiстер мен толықтыруларға ұшырауы мүмкiн Жобаның 3 (b) және 3 (c) Құрауыштарының шеңберiнде кiшi жобалардың қаржылық рәсiмдерi, өлшемдерi мен iрiктеу рәсiмдерi бойынша нұсқаулықты анықтайтын осы Келiсiмнiң 4.01.(c) Бөлiгiне сәйкес Қарыз алушының бекiтуiне жататын нұсқаулықты бiлдiредi.
10. «ЖБТ» - құрамына Жобаның 1 және 2 Құрауыштары үшiн Жобаның директоры (i); сатып алулар бойынша маман (ii); қаржылық басқару бойынша маман (iii); үйлестiрушi (iv); Жобаның 3 Құрауышы үшiн үйлестiрушi (v); және әкiмшi ассистент/аудармашы (v) кiретiн, мiндетi Жобаны күнделiктi басқару болып табылатын, осы Келiсiмнiң 4.01 (а) Бөлiмiне сәйкес құрылған ҚР БҒМ жанындағы Жобаны басқару тобы.
11. «Сатып алу бойынша нұсқаулық» Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда және 2010 жылғы мамырда қайта қаралған «ХҚДБ қарыздары мен ХДА кредиттерi шеңберiндегi сатып алу бойынша нұсқаулықты» бiлдiредi.
12. «Сатып алулар жоспары» көрсетiлген тармақтардың ережелерiне сәйкес кезең-кезеңiмен түзетiлуi мүмкiн сатып алулар бойынша Нұсқаулықтың 1.16-тармағында және консультанттар бойынша Нұсқаулықтың 1.24-тармағында сiлтемесi бар 2010 жылғы 12 мамырдағы Жобаға арналған Қарыз алушының сатып алу жоспарын бiлдiредi.
13. «Жобаның Консультативтiк Кеңесi» Операциялық нұсқаулыққа сәйкес ЖБТ-ға арналған сараптау консультацияларын ұсынуға жауапты, осы Келiсiмнiң 4.01 (b) Бөлiмiне сәйкес құрылатын техникалық сарапшылар кеңесiн бiлдiредi.
14. «Жобаның Үйлестiру Комитетi» Жобаны қадағалауға, стратегиялық басшылық етуге, сондай-ақ ҚР БҒМ-нiң Жауапты хатшысының не жеке сектор мен тиiстi үкiметтiк органдардан негізгі мүдделi тараптарды қамтитын тиiс тағайындалған өкiлдiң жетекшілігімен Жобаны жалпы үйлестiруге жауапты Жобаның ҚР БҒМ шеңберiндегi комитетін білдіреді.
15. «Қоныс аудару» (i) ғимараттарды және егiстi өзiмен ала кететін осы жерде өсетін немесе тұрақты бекітілген: (А) орын ауыстыру немесе баспанасын жоғалту; (В) мүлiкті немесе мүлiкке қол жетімділікті жоғалту; немесе (С) табыс көзiн немесе тіршілік құралын жоғалту, зардап шеккен адамдарға басқа орынға қоныс аудару қажет пе әлде жоқ па барлығын қоса алғанда, жердi ерiксiз басып алу; немесе (ii) заңмен белгiленген парктерге немесе зардап шеккен адамдардың тіршілігіне қолайсыз әсер ететін, парк маңайында немесе қорғалатын аумақтарда тұратын адамдарға немесе Жобаны iске асыру уақытында және iске асырып болғаннан кейiн парктiң аумағында немесе қорғау аумағында өмiр сүруiн жалғастыратындарға қатысты ресурстарды пайдалануды қорғау органдарына баруға ерiксiз шектеуді бiлдiредi.
16. «ҚОӘБ нақты жұмыс аумағы үшiн» Банк үшiн тиiмдi, Бенефициар дайындайтын iс-шараларға қатысты ҚОБС-тың талаптарымен сәйкес, Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрауыштарының шеңберiнде Бенефициар жүзеге асыратын нақты жұмыс аумағы үшiн Жобаның бағалау әсерiн бiлдiредi, жағдайға байланысты басқаларды қосады: (i) жобаның iс-шаралары өтетiн жерде жұмыс аумағы/территориясының сипаттамасы; (ii) жоғарыда (i)-тармағында айтылған iс-шараларға әлеуметтiк, экологиялық жағымсыз әлеуеттi және нақты әсерi; және (iii) ҚОБС-қа сәйкес қажет жеңiлдету шараның, мониторингтiң, сонымен қатар институционалдық шараның сипаттамасын бiлдiредi.
17. «Кiшi грант» Бенефициарға Жобаның 3 (b) немесе 3 (c) Құрауыштары шеңберiндегi кiшi жобаның аясында тауарларды, жұмыстарды және консультанттардың қызметтерiн қаржыландыру үшiн берiлген немесе ұсынылған грантты бiлдiредi.
18. «Кiшi грант туралы келiсiм» Жобаның 3 (b) және 3 (c) Құрауыштары шеңберiнде Кiшi жобаны қаржыландыру мақсатында Қарыз алушы мен Бенефициар арасында жасалған келiсiмді бiлдiредi.
19. «Кiшi жоба» кiшi грант қаражаттарын пайдалана отырып, Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрауыштарының шеңберiнде Бенефициар iске асыратын нақты Жобаны бiлдiредi.
20. «Теңге» Қарыз алушының заңды валютасын бiлдiредi.
II Бөлiм. Жалпы шарттарға түзетулер
Жалпы шарттарға мынадай өзгерiстер енгiзiлген:
1. 2.07 Бөлiмнiң (а) Параграфы мынадай редакцияда айтылады:
«2.07 Бөлiм. Қайта қаржыландыруға дайындау үшiн аванс; Қарыз бен сыйақыны алу үшiн комиссияны капиталдандыру
(а) Eгep Қарыз туралы келiсiм Банк немесе Қауымдастық Берген Қарыз қаражатынан аванс төлеудi («Дайындыққа арналған аванс») көздесе, онда Банк Қарыз бойынша Тараптардың атынан Қарыз шотынан осы сома алынған күнi алынған және өтелмеген аванс сомасын өтеу үшiн қажет осындай сома күшiне енген күнi немесе одан кейiн осы соманы Қарыз шотынан алуға тиiс және егер мұндай қолданылатын болса, осы күнге аванс сомасына есептелген және төленбеген барлық алымдарды төлеуге тиiс. Банк осылайша алған соманы өз пайдасына немесе мән-жайларға қарай Қауымдастық пайдасына төлейдi және аванстың алынбаған сомасын жоюға тиiс».
2. 7.02 Бөлiмнiң (1) Параграфы мынадай редакцияда айтылады:
«7.02-бөлiм. Банктiң Келiсiмдi тоқтатуы
...(1) Қойылатын талаптарға сәйкессiздiк. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны (Мүше мемлекеттен басқа) немесе жобаны iске асыру жөнiндегi ұйымдарды Банк немесе Қауымдастық: (i) Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушы немесе жобаны iске асыру жөнiндегi ұйымды алаяқтықта, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарында немесе Банк немесе Қауымдастық ұсынған кез келген қаражатты пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысатынын айқындау нәтижесінде; және/немесе басқа қаржы мекемесi Қарыз алушы (мүше мемлекеттерден басқа) немесе жобаны iске асыру жөнiндегi ұйымның осы қаржы мекемесінің Қарыз алушы (мүше мемлекеттерден басқа) немесе жобаны iске асыру жөнiндегi ұйым алаяқтықта, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарында немесе Банк немесе Қауымдастық ұсынған кез келген қаражатты пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысатынын айқындауы нәтижесінде аталған қаржы мекемесінен қаржыландыру алуға не аталған қаржы мекемесi толығымен немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауда немесе iске асыруда қатысуға құқығы жоқ деп мәлімдеме жасауы нәтижесінде Банктен немесе Қауымдастықтан қандайда бiр қаржыландыруды алу немесе Банк немесе Қауымдастық толығымен немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауда немесе iске асыруда өзге де бір қатысу үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп жариялауы».
III Бөлiм. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi нұсқаулыққа түзетулер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi нұсқаулыққа түзетулер мынадай редакцияда берiледi:
1. 5-бөлiм 5(а) бөлiм ретiнде қайта нөмiрленген және мынадай редакцияда 5(b) жаңа бөлiм қосылған:
«...(b) Аталған Нұсқаулық Банктiң Қарыз алушыға (мүше мемлекеттерден басқа) қолданатын санкциялары мен тиiстi шараларын қарастырады немесе нақты тұлға немесе заңды тұлға аталған мекеменiң анықтауы нәтижесiнде басқа қаржы мекемесiмен шеттетiлетiн жағдайда Қарыздың қаражатын алушы болып табылатын басқа тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға немесе (Қарыз алушы немесе нақты тұлға немесе заңды тұлға аталған қаржы мекемесi ұсынған қаржылық қаражаттарды пайдалануға байланысты алаяқтықта, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарында немесе ымыраласуға қатысатын болса.
2. 11-бөлiм (а) келесi редакцияда өзгертiлдi:
«...(а) Қарыз алушыға (Мүше мемлекеттен басқа) (fn14) немесе нақты тұлғаға немесе заңды тұлғаға, Қарыз алушының жария арызын қоса (шектеусiз), нақты тұлғаға немесе құқық берiлмеген заңды тұлғаға, немесе белгiсiз мерзiм немесе нақты кезең уақытына санкция салу Банк рәсiмдерi мен саясатына (fn13) сәйкес санкцияларын Қолдану: (i) Банк жағынан тұлға үшiн қаржыландыру келiсiмiн алу үшiн; (ii) немесе Банк қаржыландыратын, қаржы және басқа қатынаста, қосалқы мердiгер ретiнде, келiсiмнiң пайда алушы ретiнде қызмет ету; және (iii) жобаны немесе басқа жобаны iске асыру немесе әзiрлеуге қатысу, Банк iшiнара немесе толық қаржыландыратын, аталған Қарыз алушы, нақты тұлға немесе заңды тұлға алаяқтықта, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарында немесе ымыраласуға, егер, Жобаны iске асыру жөнiндегi Қарыз алушы немесе ұйым жобаны iске асыру бойынша аталған қаржылық мекеменiң қаржысын алуға құқығы жоқ, немесе аталған қаржы мекемесi ұсынатын кез келген қаражатты пайдалануға байланысты алаяқтықта, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарында немесе ымыраласуға қатысуға жол бермеу туралы мәселелерiн орындау мақсатында қаржыландыру мекемесi Банкпен бiрлесiп келiсiм жасады (fn15)».
Сiлтемелер:
«13. Банктiң ережелерi мен рәсiмдерiне сәйкес санкция салу бойынша рәсiмдер аяқталған соң, немесе Банк тыйым салу туралы келiсiмге екi жақты қол қойылған басқа қаржы мекемесi салған ағымдағы санкциясына байланысты немесе санкциядан кейiнгi рәсiмдердiң шеңберiнде уақытша шеттету немесе ерте уақытша шеттету, қаржы мекемесi берген ақпарат нәтижесiнде фирма немесе нақты тұлға алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, мәжбүрлi iс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыруды пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысқан нақты тұлға немесе заңды тұлға Банк қаржыландыратын келiсiмдi беру үшiн заңсыз тұлға ретiнде анықталуы мүмкiн.»
«14. Мүше мемлекет Сатып алу бойынша нұсқаулықтың 1.8 (b) тармағының шеңберiнде конкурстық сауда-саттыққа қатысуға немесе Консультанттар бойынша нұсқаулықтың 1.11 (c) тармағының шеңберiнде қатысуға құқығы жоқ ұлттық үкiметтiң немесе оның саяси немесе әкiмшiлiк бөлiмшелерiнiң және мемлекеттiк мекемелер мен агенттiктердiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнен тұрады.»
«15. Банк санкциялар бойынша Кеңес құрды, сондай-ақ осындай шешiмдердi қабылдау мақсатында тиiстi рәсiмдердi жасады. Санкциялар бойынша Кеңес рәсiмдерi Банкте қолданылатын санкциялардың толық жинағын айқындайды. Сонымен қатар, Банк iшкi хаттаманы қабылдады, онда басқа қаржы мекемелерi жүргiзетiн шеттетулер жүзеге асырылу кезiнде назар аударылуға тиiс үдерiсi қамтылған, сондай-ақ тоғыспалы жол бермеу Банктiң веб-сайтында қалай жарияланатындығы және қызметкерлердiң және басқа да мүдделi тараптардың назарына жеткiзiлгендiгi түсiндiрiлген.»
Осымен 2010 жылғы 24 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадр жұмыстарын үйлестіру
және бақылау департаментінің
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова