Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығын қараңыз.


      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін белгілеу бойынша ұсыныстар берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін енгізсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен   
бекітілген     

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының
шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні белгіленді.
      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының әрқайсысы бойынша бөлек айқындалады.

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу
тәртібі

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.
      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейлері мен өзгерістері бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.
      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Pi = Pbase*rav,i, мұндағы:

      pi - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына i-ші тоқсандағы бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;
      Рbase - тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы, теңгемен;
      rav,i - тауар бойынша соңғы үш жылдағы i-ші тоқсанда баға индексінің орташа өзгерісі, пайызбен;
      i - тоқсанның реттік нөмірі.
      Астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жылғы 15 қарашадағы бөлшек сауда бағасы тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы болып табылады*.
      Тауар бойынша соңғы үш жылдағы тоқсандарда баға индексінің орташа өзгерісі мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы:

      rn,i - тауар бойынша n -ші жылғы i -ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;
      rn-1,i - тауар бойынша n-1-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;
      rn-2,i - тауар бойынша n-2-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;
      n - бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленетін жылдың алдындағы жыл.
      Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері өткен екі жылдың төртінші тоқсаны үшін және n-ші жылдың қазаны үшін тауар бойынша баға индексін ескере отырып белгіленеді және мемлекеттік статистика органдары n-ші жылдың төртінші тоқсанының деректерін жариялағаннан кейін жоғарыда көрсетілген формула негізінде түзетіледі.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жыл сайын, ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша жиынтық ұсыныстар енгізеді.
      Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін уәкілетті органға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту жөнінде түзетілген жиынтық ұсыныстар енгізеді.
      6. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар жиынтық ұсыныстар бергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде макроэкономикалық талдау жүргізеді және жергілікті атқарушы органдардың жиынтық ұсыныстарымен қоса, жүргізілген макроэкономикалық талдау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына шығарады.
      7. Комиссия уәкілетті орган ұсынған материалдарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
      8. Комиссия шешімінің тиісті жобасын алғаннан кейін уәкілетті орган 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы Үкіметтің тиісті шешімін дайындауды жүзеге асырады және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және ағымдағы жылдың 25 наурызына дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған түзетілген деректерді бекітеді.

_____________________________________
*Тауар бойынша 2011 жылға арналған базалық бөлшек сауда бағасы астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 2010 жылғы 15 қарашадағы бөлшек сауда бағасы болып табылады.

3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген
мөлшерін айқындау тәртібі

      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асып кеткен жағдайда жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін және көрсетілген тауарларға бағалардың маусымдық ауытқуларына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қажеттілігі туралы өтінім енгізеді.
      Өтінімге мыналар міндетті түрде қоса беріледі:
      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының бекітілген шекті мәндері жоғарылатылған немесе өңірде бағалардың өсу қаупі бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі;
      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсу себептері немесе одан әрі өсу қаупі;
      3) көрсетілген тауарларға бағалардың маусымдық ауытқуларына байланысты тоқсандарға бөле отырып, өңір бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және тұтыну теңгерімінің ағымдағы жылға арналған көрсеткіштері;
      4) мерзімін көрсете отырып, бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеуге арналған негіздеме және бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері туралы ұсыныстар (90 күннен артық емес);
      5) сауда қызметі субъектілеріне қатысты монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану не әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірушілерін қаржылық қолдаудың қажетті шараларын, қолдаудың ықтимал көлемдері мен қаржыландыру көздерін (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, қаржы институттарының қаражаты) көрсету бөлігінде баламалы шаралар бойынша ұсыныстар;
      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының артуына жол бермеу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат.
      11. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар өтінім ұсынған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде өңірде бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін енгізудің орындылығына және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына талдау жүргізеді.
      12. Уәкілетті орган бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін енгізудің экономикалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы жинақталған қорытынды жасайды және Комиссияның қарауына енгізеді.
      13. Комиссия 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ұсынған материалдарды қарайды.
      14. Комиссияның тиісті шешімін алғаннан кейін уәкілетті орган 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының енгізілу мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын дайындауды жүзеге асырады және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      15. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар бір күн мерзімі ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы ақпарат таратады.
      16. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінен асырмауын бақылауды жүзеге асырады.
      17. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы қабылдаған шешімдеріне мониторинг және талдау жүргізеді.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік
маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия
туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеттері мына:
      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
      2) Қазақстанда сауда қызметін реттеу саласындағы саясатты қалыптастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін арттыру бойынша жергілікті атқарушы орган ұсынылған өтінімді қарайды;
      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерді белгілеу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған қорытылған экономикалық сараптаманы қарайды;
      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің орындылығы туралы ұсыныстарды қалыптастырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссияның:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
      5) Комиссия міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттік органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының бірінші басшыларын, ал олар болмаса бірінші басшының міндеттерін атқарушы адамдарды шақыруға және тыңдауға;
      6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін аудандарда, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада кіші комиссиялар құруға құқығы бар.

4. Комиссия қызметінің тәртібі

      6. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
      1) комиссия төрағасы;
      2) комиссия төрағасының орынбасарлары;
      3) комиссия хатшысы;
      4) комиссия мүшелері.
      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылау жасайды және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.
      Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      9. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу бойынша өз өкілдіктерін басқа тұлғаларға беруіне құқығы жоқ.
      10. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      11. Комиссия отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, ол заңды болып есептеледі.
      12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      14. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, комиссия хатшысы
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы

О некоторых вопросах установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2011 года № 665. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2015 года № 829

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.10.2015 № 829 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282.
 

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них.
      2. Образовать Комиссию по вопросам регулирования розничных цен на социально значимые продовольственные товары при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия) в составе согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Утвердить прилагаемое положение о Комиссии.
      4. Местным исполнительным органам областей, города республиканского значения и столицы принять меры по реализации данного постановления и в месячный срок представить в Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан предложения по установлению пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на 2011 год.
      5. Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан в двухмесячный срок внести на утверждение Правительства Республики Казахстан пороговые значения розничных цен на социально значимые продовольственные товары на 2011 год.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 июня 2011 года № 665

Правила
установления пороговых значений розничных цен
на социально значимые продовольственные товары и размера
предельно допустимых розничных цен на них

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 13) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и определяют порядок установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них.
      2. На территории области, города республиканского значения, столицы устанавливается пороговое значение розничных цен на социально значимые продовольственные товары, по перечню, утвержденному постановлением Правительства Республики Казахстан.
      3. Пороговое значение розничных цен на социально значимые продовольственные товары определяется по каждому отдельному социально значимому продовольственному товару, на территории области, города республиканского значения, столицы для каждого квартала.

2. Порядок установления пороговых значений розничных цен на
социально значимые продовольственные товары

      4. Для расчета порогового значения розничных цен на социально значимые продовольственные товары используется официальная статистическая информация, формируемая органами государственной статистики согласно Плану статистических работ.
      Источником информации являются опубликованные официальные данные по уровню и изменению цен на социально значимые продовольственные товары.
      Расчет пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары осуществляется по следующей формуле:
      pi=pbase * rav,i, где:
      pi - пороговое значение розничных цен на социально значимые продовольственные товары за i-ый квартал, в тенге;
      pbase - базовая розничная цена по товару, в тенге;
      rav,i - среднее изменение индекса цен по товару за і-ый квартал последних трех лет, в процентах;
      і - порядковый номер квартала.
      Базовой розничной ценой по товару является розничная цена социально значимых продовольственных товаров в столице, городах республиканского и областного значения на 15 ноября текущего года.*
      Среднее изменение индекса цен по товару за кварталы последних трех лет рассчитывается по следующей формуле:
             rn,i + rn-1,i+ rn-2,i 
      rav,i =  --------------------, где:
                        3

      rn,i - индекс цен по товару за і-ый квартал n-го года, в процентах;
      rn-1,i - индекс цен по товару за і-ый квартал n-1 года, в процентах;
      rn-2,i - индекс цен по товару за і-ый квартал n-2 года, в процентах;
      n - год, предшествующий году, на который производится установление пороговых значений розничных цен.
      При этом пороговые значения розничных цен на социально значимые продовольственные товары на четвертый квартал предстоящего года устанавливаются с учетом индекса цен по товару за четвертый квартал двух предшествующих лет и за октябрь n-го года и корректируются на основании вышеуказанной формулы, после опубликования органами государственной статистики данных за четвертый квартал n-го года.
      5. Местные исполнительные органы областей, города республиканского значения и столицы (далее - местные исполнительные органы) ежегодно до 20 ноября текущего года вносят в уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности (далее - уполномоченный орган) сводные предложения по утверждению пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на кварталы предстоящего года.
      Скорректированные сводные предложения по утверждению пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на четвертый квартал текущего года местные исполнительные органы ежегодно до 10 февраля текущего года вносят в уполномоченный орган.
      6. Уполномоченный орган в течение 10 рабочих дней проводит макроэкономический анализ после представления местными исполнительными органами сводных предложений в целях определения пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и выносит результаты проведенного макроэкономического анализа с приложением сводных предложений местных исполнительных органов на рассмотрение Комиссии по вопросам регулирования розничных цен на социально значимые продовольственные товары при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия).
      7. Комиссия в течение 5 рабочих дней рассматривает материалы, представленные уполномоченным органом.
      8. После получения соответствующего проекта решения Комиссии уполномоченный орган в срок не более 10 рабочих дней осуществляет подготовку соответствующего решения Правительства об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и вносит его в Правительство Республики Казахстан в установленном порядке.
      9. Правительство Республики Казахстан утверждает пороговые значения розничных цен на социально значимые продовольственные товары до 31 декабря года, предшествующего установлению пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, и до 25 марта текущего года скорректированные данные на четвертый квартал текущего года.

___________________________
      *Базовой розничной ценой по товару на 2011 год является розничная цена социально значимых продовольственных товаров в столице, городах республиканского и областного значения на 15 ноября 2010 года.

3. Порядок определения размера предельно допустимых розничных
цен на социально значимые продовольственные товары

      10. В случае превышения пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, утвержденных Правительством Республики Казахстан, местные исполнительные органы вносят в уполномоченный орган заявку о необходимости установления размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары для области, города республиканского значения, столицы и в зависимости от сезонных колебаний цен на указанные товары.
      К заявке обязательно прикладываются:
      1) перечень социально значимых продовольственных товаров, по которым произошло превышение утвержденных пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары или существует угроза роста цены в регионе;
      2) причины роста или угрозы дальнейшего роста цен на социально значимые продовольственные товары;
      3) показатели баланса производства и потребления социально значимых продовольственных товаров в разрезе региона на текущий год с разбивкой по кварталам в зависимости от сезонных колебаний цен на указанные товары;
      4) обоснование для установления размера предельно допустимых розничных цен с указанием его срока и предложения о размере предельно допустимых розничных цен (не более 90 дней);
      5) предложения по альтернативным мерам в части применения мер антимонопольного реагирования в отношении субъектов торговой деятельности, либо указании необходимых мер финансовой поддержки отечественных производителей социально значимых продовольственных товаров, возможных объемах поддержки и источники финансирования (республиканский бюджет, местный бюджет, средства финансовых институтов);
      6) информацию о проведенных мероприятиях по недопущению превышения пороговых розничных цен на социально значимые продовольственные товары.
      11. Уполномоченный орган в течение 14 календарных дней со дня подачи заявки местным исполнительным органом проводит анализ целесообразности введения размера предельно допустимых розничных цен в регионе и его социально-экономических последствий.
      12. Уполномоченный орган формирует обобщенное заключение об экономической целесообразности или нецелесообразности введения размера предельно допустимых розничных цен и вносит на рассмотрение Комиссии.
      13. Комиссия в течение 10 рабочих дней рассматривает материалы, представленные уполномоченным органом.
      14. После получения соответствующего решения Комиссии уполномоченный орган в срок не более 10 рабочих дней осуществляет подготовку соответствующего проекта решения Правительства об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары, реализуемых на территории соответствующего региона Республики Казахстан, с указанием наименований продовольственных товаров, размеров предельно допустимых розничных цен на такие товары и сроков, на которые вводятся предельно допустимые розничные цены и вносит его в Правительство Республики Казахстан в установленном порядке.
      15. В случае принятия Правительством Республики Казахстан соответствующего решения местные исполнительные органы в однодневный срок путем средств массовой информации распространяют информацию об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в регионе.
      16. Местными исполнительными органами осуществляются контроль над превышением субъектами торговой деятельности размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.
      17. Уполномоченный орган в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан проводит мониторинг и анализ действия принятых решений Правительства Республики Казахстан об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары.

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 июня 2011 года № 665

Положение
о Комиссии по вопросам регулирования розничных цен
на социально значимые продовольственные товары
при Правительстве Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Комиссия по вопросам регулирования розничных цен на социально значимые продовольственные товары при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

2. Задачи и функции Комиссии

      3. Основными задачами Комиссии являются выработка предложений по вопросам:
      1) стабилизации цен на социально-значимые продовольственные товары;
      2) формирования политики в сфере регулирования торговой деятельности в Казахстане.
      4. Комиссия в соответствии с возложенными на нее задачами осуществляет следующие функции:
      1) рассматривает заявку, представленную местным исполнительным органом по превышению установленных пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них;
      2) рассматривает обобщенную экономическую экспертизу, представленную уполномоченным государственным органом в области регулирования торговой деятельности, по установлению размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;
      3) формирует предложения о целесообразности установления размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;
      4) осуществляет другие функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Права Комиссии

      5. В соответствии со своими задачами Комиссия имеет право:
      1) взаимодействовать с центральными исполнительными и другими государственными органами, организациями, а также привлекать к работе специалистов и экспертов для реализации задач Комиссии;
      2) запрашивает от центральных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на нее задач;
      3) принимать решения и вносить предложения по вопросам, входящим в ее компетенцию;
      4) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных органов и других организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;
      5) приглашать на заседания комиссии и заслушивать первых руководителей, а в их отсутствие - лиц, исполняющих обязанности первого руководителя государственного органа, местного исполнительного органа областей, городов республиканского значения, столицы и организации, по вопросам, связанным с реализацией задач и функций Комиссии;
      6) создавать подкомиссии в районах, городах республиканского и областного значения, столицы, для рассмотрения вопросов, входящих в компетенцию Комиссии.

4. Порядок деятельности Комиссии

      6. В состав Комиссии входят:
      1) председатель комиссии;
      2) заместители председателя комиссии;
      3) секретарь комиссии;
      4) члены комиссии.
      7. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, проводит заседания комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее предложений и несет ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией.
      Во время отсутствия председателя комиссии его функции выполняет заместитель председателя комиссии.
      8. После проведения заседания Комиссии секретарь Комиссии оформляет протокол. Секретарь не является членом Комиссии.
      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.
      9. Члены комиссии не имеют права делегировать свои полномочия по участию в заседаниях другим лицам.
      10. Рабочим органом Комиссии является уполномоченный государственный орган в области регулирования торговой деятельности.
      Рабочий орган осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.
      11. Заседания Комиссии проводятся не реже одного раза в полугодие, считаются правомочными, если на них присутствует не менее половины от общего числа членов Комиссии.
      12. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к настоящей Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.
      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.
      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.
      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.
      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.
      13. Исключен постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.
      14. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.
      Сноска. Пункт 14 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

5. Прекращение деятельности Комиссии

      15. Основанием для прекращения деятельности Комиссии является решение Правительства Республики Казахстан.

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 июня 2011 года № 665

Состав
Комиссии по вопросам регулирования розничных цен
на социально значимые продовольственные товары
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель
      Министр национальной экономики Республики Казахстан, заместитель председателя
      Министр сельского хозяйства Республики Казахстан, заместитель председателя
      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан, секретарь комиссии
      Министр финансов Республики Казахстан
      председатель Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан
      председатель Комитета по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Министерства национальной экономики Республики Казахстан