Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 486 қаулысымен
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген |
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын нормативтік құқықтық актілерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
4. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
5. Құқықтық мониторинг объектісі:
1) нормативтік құқықтық акті;
2) қоғамдық қатынастардың жеке аясын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
6. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған құқықтық нормативтік актілерге қатысты уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Бірнеше мемлекеттік органдардың құзыретін бір заңнамалық актімен регламенттелген жағдайда мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық мониторинг жүргізу шеңберінде алынған нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берілген ақпаратты қорытады және оны Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
Уәкілетті орган осы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін мәселелерді реттейтін сәйкес емес, қарама-қайшы немесе ескірген нормаларды анықтаған жағдайда қызметінің мәнін осы нормалар реттейтін уәкілетті органға тиісті ұсыныстар жібереді.
8. Уәкілетті органдарда нормативтік құқықтық актілердің құқықты мониторингі бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер) жүзеге асырады.
9. Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді.
2. Құқықтық мониторинг жүргізу
10. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді:
осы Қағиданың 4-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды;
2) осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес талдау анықтамасын жасауды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;
4) құқықтық мониторинг жүргізетін уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, сыбайлас
жемқорлықты тудыратын және оның құзыретіне жатпайтын тиімсіз іске
асырылатын құқық нормалары анықталған жағдайда, тиісті уәкілетті органға ұсыныс жіберуді қамтиды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.11. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде:
1) мемлекеттік органдар (Бас прокуратура, Жоғарғы Сот және басқа да мемлекеттік органдар) дайындаған заңнаманы қолдану тәжірибесіне шолулар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, Конституциялық Кеңес пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттің басқа да бағдарламалық құжаттарындағы ақпарат;
3) "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесі жүргізген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері;
4) азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен қорыту және уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен прокурорлық қадағалау актілерін, сот шешімдерін қарау нәтижелері, сондай-ақ Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары;
5) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар;
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және жалпыға ортақ қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурстарындағы, оның ішінде ғылыми жарияланымдардағы ақпарат;
7) құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері;
8) статистикалық деректер;
9) сол немесе соған ұқсас тақырыпта бұрын жүргізілген талдаулар пайдаланылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды.
Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша уәкілетті органдардың бұл актілер қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде қабылдаған шаралары туралы ақпарат әділет органдарына ұсынылады.
13. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, тиісті құрылымдық бөлімшелердің өзінің уәкілетті органының бөлімшелерімен бірлесіп, Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген, оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітіледі.
Кесте Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) мониторингін жүргізудің іс-шаралары мен нақты мерзімдерін, сондай-ақ мерзімді түрде мониторинг жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге қайта оралуды (әрбір жарты жыл сайын, осы жарты жылдықта қабылданған актілерді қоспағанда) көздейді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.14. Жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін (1 маусымға және 1 желтоқсанға дейін) бөлімшелер заң қызметтеріне немесе тиісті уәкілетті органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
15. Заң қызметтері немесе тиісті құрылымдық бөлімшелер алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және тиісті бөлімшелермен бірлесіп, олардың түскен сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды.
Мониторинг нәтижесінде әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының жобалары өткен жарты жылдықтан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірілмей, мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.
16. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан бойынша Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін ұсынады.
Әділет органдарына өткен тоқсан бойынша Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін ұсыну және оларды зерделеу тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі айқындайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның бірінші басшысы (белгіленген талап жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттарға) қолданылмайды) бекіткен Мемлекеттік органның регламентінде айқындалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 346 қаулысымен.3. Талдау анықтамасы
18. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің нысандары бойынша жеке-жеке жылына екі рет, жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес өздеріне қатысты мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса бере отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ осы Қағиданың 11-тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы ақпаратты және кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін мынадай тәртіппен:
1) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;
2) жергілікті мемлекеттік органдар - одан әрі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тапсыру үшін әзірлеу мақсатында уәкілетті органдардың мониторингі нәтижелерін талқылайды.
Мезгіл сайын, бірақ жарты жылда кемінде бір рет, әділет органдары уәкілетті органдармен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар әзірлеу мақсатында уәкілетті органдардың мониторингі нәтижелерін талқылайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 346 қаулыларымен.19. Талдау анықтамасының құрылымы:
1) кіріспе бөлігі талдауға жататын нормативтік құқықтық акті атауын қамтиды;
2) сипаттау бөлігі:
түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы анықталған қайшылықтарды, коллизиялар мен олқылықтарды, нормалардың қайталануын, декларативтік сипаттағы нормаларды көрсетуді;
қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар анықталған, қайталанатын немесе декларативтік сипаттағы нормативтік құқықтық актілердің қолдану практикасын талдауды;
сілтеме нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабында көрсетілген қағидаттар мен нормаларды қозғайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт болған жағдайда, бланкеттік және сілтеме нормаларды заң деңгейінде реттеу арқылы оларды қысқарту ұсыныстарымен талдауды;
сыбайлас жемқорлықтық әрекеттерді жасау және (немесе) шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды (норма ақауларын) талдауды;
3) қорытынды бөлік:
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің артықтығы немесе жетіспеушілігі туралы қорытындыларды;
терминдерді біріздендіру бойынша ұсыныстарды;
нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдарды (немесе езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы немесе норманың, баптың, тармақтың, тармақшаның жаңа редакциясы ұсынылады);
құқық қолдану практикасының бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды;
4) қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына талдау жүргізу күнін қамтиды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.20. Талдау анықтамасына осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес кесте қоса беріледі.
4. Тіркелімдерді жүргізу тәртібі
21. Мониторинг үшін пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат жинау, есепке алу және сақтау мақсатында әзірлеуші уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы, халықаралық шарттарды ратификациялау және күшін жою туралы актілерді есепке алмағанда);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары (халықаралық шарттарды бекіту, қабылдау және оларға қосылу туралы қаулыларды есепке алмағанда);
3) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3-1) ведомство басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
4) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тіркелімдерін (бұдан әрі - тіркелімдер) жүргізеді.
Орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары өздері әзірлеген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары бойынша тіркелімдерді жүргізеді.
Жергілікті мемлекеттік органдар мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша тіркелімдер жүргізеді.
Уәкілетті органдарда тіркелімдерді тиісті құрылымдық бөлімше жүргізеді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 346 қаулыларымен.22. Тіркелімдер электрондық тәсілмен жүргізіледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.23. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.
24. Тіркелімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс жүргізу тек қана мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде тіркелімдер тек мемлекеттік тілде жүргізілуі мүмкін.
25. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.
26. Әділет органдары:
1) Осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, құқықтық мониторинг жүргізуге жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары бойынша бірыңғай тіркелімдерді (бұдан әрі - бірыңғай тіркелімдер) электрондық түрде;
2) құқықтық мониторингтеуге жататын Қазақстан Республикасы министрлерінің және мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомство басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу тізілімі) қағаз түрінде жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрі белгілейді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 ; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.27. Әділет органдарында бірыңғай тіркелімдерді және мемлекеттік тіркеу тізілімін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жауапты хатшы белгілеген құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері;
2) әділет органдарының аумақтық бөлімшелерінде аумақтық органның бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы) белгілеген құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.28. Бірыңғай тіркелімдерді жүргізу тәртібі уәкілетті органдардың тіркелімдерін жүргізу тәртібіне ұқсас.
29. Уәкілетті органдар тіркелімдерге мәліметтерді енгізуді нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және тиісті хабарламаны бірыңғай тіркелімге енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145 қаулысымен.30. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, уәкілетті органдар тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 30 күніне дейін тіркелімдерге енгізілген нормативтік құқықтық актілер туралы актінің әрбір нысаны бойынша жеке ақпаратты Әділет министрлігінің бірыңғай тіркелімімен салыстырып қарау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады.
5. Қорытынды ережелер
31. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы Қағиданың 18-тармағына сәйкес берілген ақпаратты талдайды және қорытады, бұл ақпаратты 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне, қажет болған жағдайда уәкілетті Органдардың жүргізген нормативтік құқықтық актілері мониторингісінің нәтижелері бойынша тәртіптік немесе көтермелеу сипатындағы шаралар қабылдау жөніндегі ұсыныстарымен бірге жібереді.
32. Осы Қағиданың 18 және 30-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
32-1. Уәкілетті органдар ай сайын бекітілген кестеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг қорытындыларын толтырады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі корпоративтік порталының "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі" кіші жүйесінде орналастырады.
Ескерту. Қағида 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 145; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 346қаулыларымен.33. Уәкілетті органдардың жыл қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі туралы ақпаратын талдауларды және қорытуларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
34. Мүдделі мемлекеттік органдардың сұрау салуы және азаматтардың өтініші бойынша уәкілетті орган мен Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің жүргізіліп отырған құқықтық мониторингі туралы ақпарат береді.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына 1-қосымша |
Құқықтық мониторинг қорытындысы бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар
№ | Қолданыстағы редакция | Норманың (нормалардың) анықталған ақауы және (немесе) олардың қолдану практикалық мысалдары | Ұсынылатын редакция (ұсыныстар) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына 2-қосымша |
Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімі
(________20___жыл үшін)
Р/с № | Нормативтік құ ықтық актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Нормат втік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасаған нормативтік құкық тық актіні қаб ылдау негізі (орган ның құз ыреті) | Норма тивтік құқықтық актіні мемле кеттік тіркеу күні мен нөмірі |
Нормативтік құқықтық актіні | Норма тивтік құқ қтық актіге ө згері стер және (немесе) толық тырул ар енгізу туралы мәлім еттер | Нормативтік құқықтық актінің (немесе) олардың жекелеген бөліктерінің) күші жойылған деп тану туралы мәліметтер | Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәлімет тер | Нормативтік құқықтық актінің (немесе) олардың жекелег ен бөліктерінің) қолданылуын, қолданысы мерзімінің өтуіне немесе бұрын шығарылған нормативтік құқықтық актінің ережелері, оның бір бөлігі (бөлік) немесе бұрын шығарылған акті немесе оның бір бөлігі (бөліктері) қайшы келетін жаңа норматив құқықтық актінің қабылдануына байланысты тоқтату туралы мәліметтер | Нормативтік құқықтық актінің жойылуы туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына 3-қосымша |
Құқықтық мониторингіге жататын нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай тіркелімі
(_________20__жыл үшін)
Р/с | Нормативтік құқықтық актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актінің | Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі |
Нормативтік құқықтық актінің |
Нормативтік құқықтық актіге |
Нормативтік құқықтық актінің (немесе олардың жекелеген | Құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жауапты мемлекеттік орган |
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына 4-қосымша |
№ 1 нысан
Құқықтық мониторинг нәтижелері________________________________
(нормативтік құқықтық актінің нысанын көрсету)
______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
(сандық ақпарат көрсетіледі)
Р/с № | Мониторинг нәтижелері |
Нормативтік |
1 | 2 | 3 |
1 | Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер | |
2 | Заңнамаға қайшы келетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін нормативтік құқықтық актілер: | |
1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ||
2) күші жойылған деп тану | ||
3) қолданылуын (немесе жекелеген нормасын) тоқтата тұру | ||
4) жою | ||
3 | Құқық қолдану практикасында іске асырылуы тиімсіз, төмендегілерді талап ететін нормативтік құқықтық актілер: | |
1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ||
2) күші жойылған деп тану | ||
4 | Ескірген, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін нормативтік құқықтық актілер: | |
1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ||
2) күші жойылған деп тану | ||
5 | Заңнамаға қайшы келген, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген нормативтік құқықтық актілер: | |
1) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген | ||
2) күші жойылған деп танылған | ||
3) қолданылуы (немесе жекелеген норма) тоқтатыла тұрған | ||
4) жойылған | ||
6 | Құқық қолдану практикасында іске асырылуы тиімсіз, заңнамаға сәйкес келтірілген нормативтік құқықтық актілер: | |
1) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген | ||
2) күші жойылған деп танылған | ||
3) қолданылуы (немесе жекелеген норманың) тоқтатыла тұрған | ||
7 | Ескірген, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген нормативтік құқықтық актілер: | |
1) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген | ||
2) күші жойылған деп танылған |
Ескертпе:
1-жолда негізгі актілердің саны көрсетіледі (өзгерістер және/немесе толықтыруларды есепке алмағанда).
5, 6, 7-жолдарда актілер саны, егер акт өткен мониторинг нәтижелерінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін ретінде көрсетілген жағдайда ғана келтіріледі.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы
___________________
(Т.А.Ә)
"___" _________ 20___жыл _____________ қолы
№ 2 нысан
Заңнамаға қайшы келетін анықталған____________________________
______________________________________________________ бойынша
(нормативтік құқықтық актінің нысанын көрсету)
және олар бойынша_____________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қабылдаған немесе қабылданатын шаралар туралы ақпарат
(сипаттамалық ақпарат көрсетіледі)
Р/с№ | Нормативтік құқықтық актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Нормативтік құқықтықактілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі | Нормативтік құқықтық акті сәйкес келмейтін актінің бөлігі, абзацы, тармағы, түрі, қабылдану күні, тіркеу нөмірі және атауы | Қабылданатын шаралар | Қабылданған шаралар | ||||||
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Күші жойылған деп тану жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Жою жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Күші жойылған деп тану жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірімен атауы | Қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Жою жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы
_________________
(Т.А.Ә)
"__" ___________ 20____жыл ___________ қолы
№ 3 нысан
_____________________________іске асыру тиімділігін бағалау және олар
(нормативтік кұқықтық актінің нысанын көрсету)
бойынша______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қабылдаған шаралар жөніндегі ақпарат
(сипаттамалық ақпарат көрсетіледі)
Р/с № | Нормативті құкықтық актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарындамемлеттік тіркеу күні мен нөмірі | Құқық қолдану практикасында нормативтік құқықтық актінің тиімсіз іске асырылуы туралы бағалауды негіздеу (іске асырылады ма немесе жоқ па) | Қабылданатын шаралар | Қабылданған шаралар | ||||||
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Күші жойылған деп тану жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Құқық қолдану практикасында іске асырылмайтын жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден алып тастау жөніндегі акті жобасының атауы, нормативтік құқықтық актіні қабылдау құзыреті, оны келісу сатысы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Күші жойылған деп тану жөнін дегі актінің түрі, қабыл дау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі актінің түрі мен атауы | Құқық қолдану практикасында іске асырылмайтын жоғары тұрған норма тивтік құқықтық актілерден алып тастау жөніндегі акті жобасының атауы, нормативтік құқықтық актіні қабылдау құзыреті | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе:
бұл нысанды толтырған кезде тиімсіз деп танылған, анықталған нормативтік құқықтық акті бойынша ғана және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат енгізіледі.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), мұндай болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы
________________
(Т.А.Ә.)
"___"___________ 20___ жыл ___________ қолы
№ 4 нысан
Ескірген норманы қамтылған ______________________________________және
(нормативтік құқықтық актінің нысанын көрсету)
және олар бойынша ___________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қабылдаған немесе қабылдайтын шаралары туралы ақпарат
(сипаттамалық ақпарат көрсетіледі)
Р/с № | Норматив тік құқықтық актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы | Нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі | Ескірген норма қамтылған абзац, тармақ | Қабылданатын шаралар | Қабылданған шаралар | ||
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Күші жойылған деп тану жөніндегі акті жобасының атауы, келісу сатысы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы, келісу сатысы | Күші жойылған деп тану жөніндегі актінің түрі, қабылдау күні, тіркеу нөмірі мен атауы, келісу сатысы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысы өкілеттігі белгіленген тәртіпте жүктелген лауазымды тұлға), мұндай болмаған жағдайда — уәкілетті органның басшысы
________________
(Т.А.Ә.)
"___" 20___ жыл ______________ қолы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық келісімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 619 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 293-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1094 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 510-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 9-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 476 қаулысы.