Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 2187 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 964 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:
      5-тармақта:
      «заң қызметтері» деген сөздерден кейін «, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «(бұдан әрі - заң қызметтері)» деген сөздер алып тасталсын;
      89101213-тармақтардағы «заң қызметтеріне», «Заң қызметтері», «заң қызметтері», «заң қызметі» деген сөздер тиісінше «тиісті құрылымдық бөлімшелеріне», «Тиісті құрылымдық бөлімшелер», «тиісті құрылымдық бөлімшелер», «тиісті құрылымдық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Заңға тәуелді кесімдерге мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін (ішкі ведомстволық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-кадр және қаржылық-материалдық сипаттағы актілерді қоспағанда) ұсынады.»
      12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      20-тармақтағы «қосымша» деген сөз алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады