Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 346 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "72-1) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;".

      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеде:

      7-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "заң қызметтерi қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру, оның iшiнде әдiлет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында заң қызметтерi қызметкерлерiн жүйелi түрде тағылымдамадан өткiзу үшiн тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "заң қызметтері қызметкерлерінің санын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5%-ы болатындай қамтамасыз ету. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5 %-ды есептеу 500-ден жүргізіледі;";

      8-тармақта:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Премьер-Министр Кеңсесінде және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады;";

      он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;

      шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Осы Үлгі ереженің 8-тармағының он бірінші абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты:

      1) келісілуге жіберілген Заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының (бұдан әрі – жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) санын;

      2) келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;

      3) мынадай ескертулердің сипаты бойынша бөлінген:

      Конституцияға қайшы келетін;

      жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      редакциялық ескертулер;

      заң техникасы бойынша ескертулер бойынша пысықтауға қайтарылған жобалар және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА санын;

      4) норма шығармашылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс.

      8-2. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша берілген ақпаратты талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға қорытылған ақпаратты жібереді.

      Қорытуда осы Үлгі ереженің 8-1-тармағында көзделген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдары бар қорытындыны талдау қамтылуға тиіс.".

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 108 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 486 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады