Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 476 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 964 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:
      7-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      2) тармақшада «нормативтік құқықтық кесімдерді» деген сөздерден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің  және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      «ден қою актілерін» деген сөздер «қадағалау актілерін, сот шешімдерін, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «жарияланымдарды.» деген сөз «жарияланымдарды;»  деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің ұсынымдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды.»;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді реттеу нысанасына байланысты заңға тәуелді актілерге талдау жасайды.
      Заңға тәуелді актілердің жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті органдар қабылдаған шаралар туралы ақпаратты нормалары жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күші жойылды деп тануды  көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қоса тіркей отырып, олар қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде әділет органдарына ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне енгізілген барлық заңға тәуелді актілерге (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемей) қатысты жүйелі негізде талдау жүргізуді көздейтін заңға тәуелді актілерге тиісті құрылымдық бөлімшелердің өз уәкілетті органының бөлімшелерімен бірге мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі - Кесте) ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.
      Кесте Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемей) тіркеліміне енгізілген заңға тәуелді актілерге мониторинг жүргізудің іс-шаралары мен нақты мерзімдерін, сондай-ақ мониторинг жүргізілген заңға тәуелді актілерге кезең-кезеңмен оралуды (әр жартыжылдықта, осы жартыжылдықта қабылданған актілерді қоспағанда) көздейді.»;
      8-тармақтағы «Әр» деген сөз «Осы Ереженің 7-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әр» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші бөлікте «алынған ақпарат пен ұсыныстарды» деген  сөздерден кейін «олар түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мониторинг нәтижесінде әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының жобалары аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      «20-1. Тіркелімге мәліметтерді енгізу нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.»;
      21-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацында «қорытындылары бойынша» деген сөздерден кейін «қабылдануының хронологиялық тәртібімен Тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін заңға тәуелді актілердің тізбесін, сондай-ақ Кестенің көшірмесін қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әділет органдары кезең-кезеңмен, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет уәкілетті органдармен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар әзірлеу мақсатында уәкілетті органдардың мониторинг нәтижелерін талқылайды.»;
      22-тармақ «қорытады әрі» деген сөздерден кейін «уәкілетті органдар жүргізген заңға тәуелді актілер мониторингінің нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда тәртіптік не көтермелеу сипатында шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізе отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады