"2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының 5-бабының 3 тармағына, 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына, 18-бабының 13 және 14-тармақтарына, 31-бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 986 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының 5-бабының 3-тармағына, 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына, 18-бабының 13 және 14-тармақтарына, 31-бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының
трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының 5-бабының
3-тармағына, 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына, 18-бабының
13 және 14-тармақтарына, 31-бабының 6-тармағына Қазақстан
Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының 5-бабының 3-тармағына, 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына, 18-бабының 13 және 14-тармақтарына, 31-бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасы мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының атынан 2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының 5-бабының 3-тармағына, 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына, 18-бабының 13 және 14-тармақтарына, 31-бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қол қойылған мәлімдемені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы «__» _____
№ ___ Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

жоба  

2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының
трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының 5-бабының
3 тармағына, 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына, 18-бабының
13 және 14-тармақтарына, 31-бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасының
МӘЛІМДЕМЕСІ

      Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының (бұдан әрі - Конвенция) 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалатын қылмыстар қауіпті қылмыстарға жатқызатынын, сондай-ақ Конвенцияның 5-бабы 1-тармағының а) тармақшасының (і) тармақшасында көзделген әрекетті нақты жасау қылмыстар құрамдарының элементі ретінде көзделетінін мәлімдейді.
      Қазақстан Республикасы Конвенцияның 16-бабы 5-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұстап беру туралы күшіне енген халықаралық шарттары жасалмаған Конвенцияға қатысушы мемлекеттермен тапсыру мәселелерінде ынтымақтасу үшін Конвенцияны құқықтық негіз ретінде қолданатынын мәлімдейді.
      Конвенцияның 18-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы қылмыстық тергеуде, қудалауда өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерді алуға және оларды орындау үшін құзыретті органдарға өткізуге Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, сот талқылауында - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жауапты орталық орган болып табылатынын мәлімдейді, олар қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делдалдығына жүгінеді.
      Конвенцияның 18-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулар мен оларға қоса берілетін материалдар жолдануы тиіс қолайлы тілдер қазақ немесе орыс тілдері болып табылатын мәлімдейді.
      Конвенцияның 31-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияға қатысушы басқа да мемлекеттерге трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуде көмек көрсететін органдар осы мәлімдемеге қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары болып табылатынын мәлімдейді.

2000 жылғы 15 қарашадағы  
Біріккен Ұлттар Ұйымының  
трансұлттық ұйымдасқан   
қылмысқа қарсы конвенциясының
5-бабының 3-тармағына, 16-бабы
5-тармағының а) тармақшасына,
18-бабының 13 және     
14-тармақтарына, 31-бабының
6-тармағына Қазақстан   
Республикасының мәлімдемесіне
ҚОСЫМША         

2000 жылғы 15 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық
ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттерге
трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың алдын алу жөніндегі шараларды
әзірлеуде көмек көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы - 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Сол жақ жағалау, Министрліктер үйі, тел.: +7(7172) 71-25-00, факс 50-25-34.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті - 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 20, тел.: +7(7172) 32-72-66, факс 32-80-50.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) - 010000, Астана қаласы, Омаров көшесі, 60, тел.: +7(7172) 32-56-10, факс 32-22-16.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі - 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, тел.: +7(7172) 71-40-08, факс 71-45-64.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады