«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі 2009 — 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 937 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын және жартыжылдық пен жыл қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігіне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты 15 тамызға және 15 ақпанға дейін ұсынсын.
3. Астана қаласының әкімі жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты 1 қыркүйекке және 1 наурызға дейін ұсынсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы «, «Сарыарқа» ӘКК» ҰХ» АҚ (келісім бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. |
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының салалық бағдарламалары бөлінісінде басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру |
ИЖТМ-ге ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі |
Есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жарты жылда бір рет |
Талап етілмейді |
»;
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11. |
Мүгедек балалардың қатысуымен «Астана — менің Отанымның елордасы» әлеуметтік жобасын іске асыруды қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі |
Жыл сайын |
2011 жыл — 2,2 |
Жергілікті бюджет |
»;
реттік нөмірі 12-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жыл - 8,0; 2012 жыл - 9,2»;
реттік нөмірі 15-жолдың 2-бағанындағы «ЭМРМ» деген аббревиатура «ИЖТМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 14 және 22-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 25-жолдың 6-бағанындағы «2011 жыл - 1718,2» деген сөздер «2011 жыл — 2 045,6» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 27-жолдың 2-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ЭДСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 7 және 30-жолдардың 4-бағанындағы «МАМ» деген аббревиатура «ММ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ИЖТМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 31-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының жалпы білім беретін мектептері базасында жекелеген пәндер шет тілдерінде оқытылатын эксперименттік алаңдар ашу»;
реттік нөмірі 31-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2011-2012 жылдар»;
реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
33. |
Астана қаласында мектепте тамақтандыру комбинатын ашу жолымен мектепте тамақтандыру индустриясын дамытуды қамтамасыз ету |
БҒМ-ға ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі |
2012 жыл |
Бөлінген қаражат шегінде |
Республикалық, жергілікті бюджеттер және инвесторлар қаражаты |
»;
реттік нөмірі 34-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жыл - 1116, 2012 жыл - 1194,0»;
«Барлығы:» деген жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«15822,8;
2009 жыл-6103,2;
2010 жыл-5342,1;
2011 жыл-3171,8;
2012 жыл-1205,7;
13244,9;
2009 жыл-5965,1;
2010 жыл-5234,2;
2011 жыл-2045,6;
2577,9;
2009 жыл-138,1;
2010 жыл-107,9;
2011 жыл-1126,2;
2012 жыл-1205,7».
«Ескертуде: аббревиатуралардың толық жазылуы» «ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі»;
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ» деген жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов