Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 937 Қаулысы

      "Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 67 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын және жартыжылдық пен жыл қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігіне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты 15 тамызға және 15 ақпанға дейін ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 998 Қаулысымен.
      3. Астана қаласының әкімі жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты 1 қыркүйекке және 1 наурызға дейін ұсынсын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 998 Қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2009 жылғы 18 маусымдағы
N 937 қаулысымен
бекітілген   

Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі
стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі
2009 - 2012 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 998 Қаулысымен.

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар, млн. теңге*

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету

1.1. Инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет үшін жағдай жасау

1.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 998 Қаулысымен.

2.

Астана қаласында құрылып жатқан технологиялық парк базасында қаланың өндірістік кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшыларын инновациялық менеджментке оқытуды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ИСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, БҒМ, "ИТТО" АҚ (келісім бойынша), "ҰИҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді


3.

Астана қаласының кәсіпорындарына өндірістік қуаттарын ұлғайту, негізгі өндіріс құралдарын жаңғырту, оларды технологиялық жаңа жабдықтармен алмастыру үшін мүмкіндіктерді іздестіруге, оның ішінде мемлекеттік даму институттары арқылы ықпал ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ" (келісім бойынша)

Жыл сайын

Инвестициялық жобаларға сәйкес

Мемлекеттік даму институттарының қаражаты, банк кредиттері

4.

Ғылыми-техникалық алмасу, технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу мақсатында Астана қаласының өңіраралық және халықаралық ынтымақтастығын жолға қою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, "ИТТО" АҚ (келісім бойынша)

Ұдайы

Талап етілмейді


5.

Астана қаласында ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, БҒМ

2009 жыл

Талап етілмейді


1.2. Бәсекелестікті дамыту, қолайлы инвестициялық ахуал құру және қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының салалық бағдарламалары бөлінісінде басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру

ИЖТМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жарты жылда бір рет

Талап етілмейді



7.

Астана қаласының оң имиджін халықаралық деңгейде арттыру жөнінде жұмыс жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ММ, СІМ Астана қаласының әкімдігі

Ұдайы

Талап етілмейді


8.

Сана менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізген Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарына ынталандыру және көтермелеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу

ИСМ-ге ұсыныстар

Астана қаласының әкімдігі

2009 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді


9.

Орнықты өңірлік даму саласында бірлескен бастамаларды іске асыруға қатысу үшін қалалардың халықаралық ұйымдарымен ынтымақтыстығын жолға қою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

Жыл сайын

Талап етілмейді


1.3. Туризм саласын дамыту

10.

Астана қаласының әлеуетті туристік ресурстарының тізбесін қалыптастыру, оларды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарларын, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарын пайдалана отырып, елордада туристік кластерді дамытудың нақты тетігін әзірлеу

ТСМ-ге ұсыныстар

Астана қаласының әкімдігі

2009 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


11.

Мүгедек балалардың қатысуымен «Астана — менің Отанымның елордасы» әлеуметтік жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

ТСМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

Жыл сайын

2011 жыл - 2,2 2012 жыл - 2,5

Жергілікті бюджет

12.

Астана қаласының туристік мүмкіндіктерін көрсету мақсатында халықаралық туристік көрмелерге қатысу

ТСМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

Жыл сайын

2011 жыл - 8,0 2012 жыл - 9,2

Жергілікті бюджет

13.

Астана қаласында қазақ халқының төл ауыз әдебиетімен, дәстүрімен және мәдениетімен таныстыру мақсатында тұрақты негізде жұмыс істейтін Қазақ ұлттық шығармашылық орталығын ашу туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ТСМ, МАМ, "Елордалық туристер қауымдыстығы" ЗТБ (келісім бойынша)

2009 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді


1.4. Халықты қолжетімді жоғары сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету

14.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 998 Қаулысымен.

15.

Астана қаласында электр және жылу энергиясын тұтынуды коммерциялық есептеу жүйелерін енгізуге жәрдемдесу

ИЖТМ-ге, ТМРА-ға ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2009 - 2012 жылдар

Талап етілмейді


1.5. Қаланың ұзақ мерзімді қаржылай орнықтылығын қамтамасыз ету

16.

Астана қаласында қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басым, жаңа жұмыс орындарын құра алатын және Астана қаласының кіріс базасын жоғарылата алатын жаңа өндірістерді ұйымдастыруға жәрдем көрсету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ИЖТМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 - 2012 жылдар

Талап етілмейді


17.

Астана қаласында сауда қызметін дамыту мақсатында бажсыз сауда аймағын құру мүмкіндігін зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, ИСМ, Қаржымині

2009 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді


18.

Коммуналдық меншік объектілерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2009 - 2012 жылдар

Талап етілмейді


19.

Астана қаласының бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдердің уақтылы және толық түсуі үшін шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині

Ұдайы

Талап етілмейді


2. Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс істейтін инфрақұрылымды қолдау

2.1. Орнықты қалалық жоспарлау және дизайн

20.

Астана қаласының Бас жоспарын түзетудің бірінші кезеңін іске асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2009 - 2010 жылдар

2009 жыл - 63,5 2010 жыл — 72,9

Жергілікті бюджет

21.

Астана қаласының материалдарына, сәулет жобаларына қойылатын талаптарды жетілдіру мақсатында "Астана қаласын жоспарлау және салу" құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды дайындау және енгізу

ИСМ-нің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының бұйрығы

Астана қаласының әкімдігі

2010 жылғы 3 тоқсан

2010 жыл - 26,5

Жергілікті бюджет

22.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 998 Қаулысымен.

23.

Ақмола облысының іргелес аумақтарында Астана қаласының агломерациялық ресурстарын қалыптастыру бағдарламасына сәйкес Астана қаласының қала маңы аймағы аумақтарының қала құрылысын дамыту жобасын бекіту

Астана қаласы мәслихатының шешімі

Астана қаласының әкімдігі

2010 жылғы 4-тоқсан

2009 жыл - 69,5

Жергілікті бюджет

24.

Орнықтылық өлшемдерін, қаланың тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындарында пайдаланылатын жабдықтардың нормалары мен стандарттарын ескере отырып, қаланың инфрақұрылым объектілерінің құрылысына қойылатын қолданыстағы технологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу

ИСМ-ге ұсыныстар

Астана қаласының әкімдігі

2010 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді


2.2. Астана қаласының орнықты экологиялық және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету

25.

Астана қаласының жасыл аймағын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, БҒМ, "Жасыл Аймақ" РМҚ (келісім бойынша)

2009-2011 жылдар

2009 жыл - 1764,7 2010 жыл - 1718,2 2011 жыл - 2045,6

Республикалық бюджет

26.

Қаланың тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарында энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, энергетикалық мониторинг жүйесін қолдану, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды қамтитын Астана қаласының энергия үнемдеу бағдарламасын бекіту

Астана қаласы мәслихатының шешімі

Астана қаласының әкімдігі, Қоршағанортамині, ЭМРМ, ИСМ, АШМ, БҒМ

2009 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


27.

Концессияға беру болжанатын коммуналдық инфрақұрылым объектілері бойынша ұсыныстар енгізу

ЭДСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі

Жыл сайын

Талап етілмейді


28.

Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суы басып қалуынан қорғау жобасын іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТЖМ

2009-2010 жылдар

2009 жыл - 4200,4  2010 жыл - 3516,0

Республикалық бюджет

3. Әлеуметтік-орнықты қоғам қалыптастыру

3.1. Мәдениетті, ақпарат пен спортты дамыту

29.

Астана қаласы әкімдігінің муниципалды телевизиялық арнасын құру мүмкіндігін зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, МАМ, АБА

2009 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді


30.

Астана қаласында "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша жиналған неғұрлым маңызды құндылықтар жиналатын халықаралық деңгейдегі мұражай ашу жөніндегі ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, ММ, БҒМ

2011 жыл

Талап етілмейді


3.2. Білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

31.

Астана қаласының жалпы білім беретін мектептері базасында жекелеген пәндер шет тілдерінде оқытылатын эксперименттік алаңдар ашу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, БҒМ

2011-2012 жылдар

Талап етілмейді


32.

Астана қаласының білім беру мекемелеріндегі білім беру үдерісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу тұжырымдамасын бекіту

Астана қаласы әкімдігінің қаулысы

Астана қаласының әкімдігі

2009 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


33.

Астана қаласында мектепте тамақтандыру комбинатын ашу жолымен мектепте тамақтандыру индустриясын дамытуды қамтамасыз ету

БҒМ-ға ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2012 жыл

Бөлінген қаражат шегінде

Республикалық, жергілікті бюджеттер және инвесторлар қаражаты

34.

Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушыларын бір реттік ыстық тамақпен толық қамтуды қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2011 жыл

2011 жыл - 1116, 2012 жыл - 1194,0

Жергілікті бюджет

35.

Астана қаласында жұмыс істеп тұрған Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығын дамыту жоспарын әзірлеу

Астана қаласының әкімдігінің қаулысы

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының ІІД

2009 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


4. Қалалық басқару жүйесін жетілдіру

36.

Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің және қаланы дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг пен бақылау, көрсеткіштердің теңгерімді жүйесі негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау жүйесінің келісіп жұмыс істеуі жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

2009 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



Барлығы:

2009-2012 жылдар

15822,8 2009 жыл - 6103,2 2010 жыл - 5342,1 2011 жыл - 3171,8 2012 жыл - 1205,7


13244,9 2009 жыл - 5965,1 2010 жыл - 5234,2 2011 жыл - 2045,6

Республикалық бюджет

2577,9 2009 жыл - 138,1 2010 жыл - 107,9 2011 жыл - 1126,2 2012 жыл - 1205,7

Жергілікті бюджет

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қаржымині                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ                       - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                            министрлігі
ИСМ                       - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                            сауда министрлігі
МАМ                       - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                            ақпарат министрлігі
БҒМ                       - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                            министрлігі
ЭМРМ                      - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                            минералдық ресурстар министрлігі
Қоршағанортамині          - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                            қорғау министрлігі
ТСМ                       - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                            министрлігі
АШМ                       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                            министрлігі
ТЖМ                       - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                            министрлігі
ИЖТМ                      - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                            жаңа технологиялар министрлігі
ЭДСМ                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                            және сауда министрлігі
ММ                        - Қазақстан Республикасы Мәдениет
                            министрлігі
АБА                       - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
                            және байланыс агенттігі
ТМРА                      - Қазақстан Республикасы Табиғи
                            монополияларды реттеу агенттігі
Астана қаласының ІІД      - Астана қаласының Ішкі істер департаменті
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ  - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                            АҚ
"ҰИҚ" АҚ                  - "Ұлттық инновациялық қор" АҚ
"ИТТО" АҚ                 - "Инжиниринг және технологиялар трансферті
                            орталығы" АҚ
"ҚазАгро" ҰБХ"АҚ"         - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ
"Елордалық туристер       - "Елордалық туристер қауымдастығы" заңды
қауымдастығы " ЗТБ          тұлғалар бірлестігі.

      * Іс-шаралар жөніндегі шығыстар көлемі тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылау кезінде пысықталатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады