"2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2224596 (екі миллион екі жүз жиырма төрт мың бес жүз тоқсан алты) теңге бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 1015 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі
Р/с |
Сот органының атауы және |
Талапкер |
Өндіріп |
Мемлекеттің кірісіне |
1 |
Қостанай қалалық сотының |
А.Б.Бердалинов |
350000 |
2707 |
2 |
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2010 жылғы 15 қазандағы шешімі, |
Д.С.Қабдиев |
281582 |
|
3 |
Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының 2010 жылғы 15 желтоқсандағы шешімі, |
В.В.Корнейчук |
887500 |
|
4 |
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2010 жылғы 27 шілдедегі шешімі, |
Л.В. Мороз |
152807 |
|
5 |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 сотының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі, |
Р.Е.Құсайынова |
550000 |
|
Жиыны: 2221889 2707 |
||||
Жалпы сомасы: 2224596 |