Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1016 Қаулысы

      "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2224596 (екі миллион екі жүз жиырма төрт мың бес жүз тоқсан алты) теңге бөлінсін.
      2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 1015 қаулысына 
қосымша     

Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі

Р/с

Сот органының атауы және
шешім шығарылған күн

Талапкер

Өндіріп
алушының
пайдасына
мемлекеттік
бажды ескере
отырып,
жұмсаған сот
шығыстары
(теңге)

Мемлекеттің кірісіне
мемлекеттік баж

1

Қостанай қалалық сотының
2010 жылғы 3 желтоқсандағы шешімі,
Қостанай облыстық соты апелляциялық сот алқасының
2011 жылғы 31 қаңтардағы
қаулысы,
Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының
2011 жылғы 30 наурыздағы қаулысы

А.Б.Бердалинов

350000

2707

2

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2010 жылғы 15 қазандағы шешімі,
Қарағанды облыстық соты апелляциялық алқасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы қаулысы,
Қарағанды облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 17 наурыздағы қаулысы

Д.С.Қабдиев

281582


3

Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының 2010 жылғы 15 желтоқсандағы шешімі,
Қостанай облыстық соты апелляциялық алқасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы қаулысы,
Қостанай облыстық соты апелляциялық алқасының 2011 жылғы 2 наурыздағы қаулысы,
Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 6 сәуірдегі қаулысы

В.В.Корнейчук

887500


4

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2010 жылғы 27 шілдедегі шешімі,
Шығыс Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысы,
Шығыс Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысы

Л.В. Мороз

152807


5

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 сотының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі,
Солтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот сатысының 2011 жылғы 28 ақпандағы қаулысы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының
2011 жылғы 23 маусымдағы қаулысы

Р.Е.Құсайынова

550000


Жиыны:                         2221889                 2707

Жалпы сомасы:              2224596

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады