Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.11.2015 № 960 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 18 қарашадағы
№ 1353 қаулысымен
бекітілген   

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және
аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - кәсіпорын) басшысын конкурстық іріктеу, тағайындау және аттестаттау тәртібін регламенттейді.
      2. Кәсіпорынның басшысын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды, оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді.
      3. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі

      4. Кәсіпорын басшысының қызметіне кандидатураларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
      1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;
      2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
      5. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
      1) он сегіз жасқа толмаған;
      2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
      6. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган):
      1) конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды;
      2) конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын анықтайды;
      3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады,
тиісті саланың уәкілетті органы өкілдерінің арасынан Комиссия төрағасын және Комиссия хатшысын тағайындайды.
      7. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
      8. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
      2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы
хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді;
      3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
      4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шешімді енгізеді.
      9. Республикалық, облыстық және аудандық кәсіпорын басшысының қызметін атқаруға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) интернет-сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.
      10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) конкурс өткізілетін күні мен орны;
      2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;
      4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталған күн. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн еткеннен кейін аяқталады.
      11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
      6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.
      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.
      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.
      13. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
      14. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
      Сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
      15. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және Комиссия хаттамасына қоса тіркелетін.
      Талқылау барысы және Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
      Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      16. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін екі үміткерден кем конкурстық өтінім ұсынылса немесе конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
      17. Комиссия отырысын өткізу кезінде бейне немесе аудио жазу жүзеге асырылады.

2.1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
басшысының кандидатурасын келісу

      18. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау мәселесі жөнінде ұсынысты байқау кеңесіне келісуге енгізеді.
      19. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын енгізген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған кандидатураны келіседі.
      20. Байқау кеңесі ұсынылған кандидатура бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) кәсіпорын басшысын таңдау бойынша қайта конкурс өткізеді. Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) ұсынған мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын көп дегенде екі рет келіспеуге құқылы.

2.2. Басшыны қызметке тағайындау

      21. Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушымен және осы Қағидалардың 2.1-кіші бөлімінде көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы еңбек шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасады және кәсіпорынның басшысы танысуы тиіс қызметке тағайындау туралы бұйрық шығарады.
      Сонымен бір мезгілде Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 2.1-кіші бөлімінде көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес:
      1) тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) кадр қызметіне өзінің мәртебесін және оған негізделген беделін жеке, топтық және қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкелуі мүмкін іс-қимылдарға жол бермеу мақсатында шектеулерді қабылдауға жазбаша келісімін;
      2) тұрғылықты жері бойынша салық органына:
      табысы туралы декларацияны;
      көрсетілген мүліктің бағалау құны мен орналасқан жерін көрсете отырып, салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі мүлкі туралы декларацияны;
      мыналар:
      банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі салымдар туралы және бағалы қағаздар туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі бағалы қағаздар туралы, сондай-ақ осы тұлғалар жеке немесе басқа тұлғалармен бірлесіп иелік етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
      жарғылық капиталдағы қатысу үлесін және көрсетілген ұйымдардың толық банктік және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционер немесе заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің тікелей немесе делдалдық қатысуы туралы;
      егер тұлға немесе оның зайыбы (жұбайы) осы трасттардың бенефициары болса, тиісті банктік шоттардың нөмірлерін көрсете отырып, трасттар мен олар тіркелген мемлекеттер;
      тұлғаға немесе зайыбына (жұбайына) тиесілі, айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық немесе қаржылық қаражатты ұстау немесе уақытша сақтау жөніндегі тұлғамен шарттық қатынастары, келісімдері мен міндеттемелері (оның ішінде ауызша) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәліметтерді беруі қажет.
      22. Шарт тараптардың келісімімен анықталатын кемінде бір жыл мерзімге жасалады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Шарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.
      Шартта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Шартты тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес бұза алады.
      23. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
      республикалық мемлекеттік кәсіпорын - тиісті саланың уәкілетті органымен;
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын - жергілікті атқарушы органмен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.
      Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан басқа, мемлекеттік кәсіпорын басшысының:
      таза табыстың белгіленген бір бөлігінің бюджетке уақтылы аударылуы;
      қаржы-шаруашылық қызметінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
      мемлекеттік мүлікті пайдалану кезіндегі заңсыз әрекеттері;
      мемлекеттік мүліктің тізіліміне ақпараттың уақтылы және сапалы берілуі;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
      24. Шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұзылуы мүмкін.
      25. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) кәсіпорын басшысымен шартты бұзу мәселесін алдын ала байқау кеңестерімен келіседі.

3. Аттестаттау жүргізу тәртібі

      26. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемі кәсіпорын басшысының өзіне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
      27. Кәсіпорынның басшысы кәсіпорын басшысы қызметінде болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді.
      Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
      28. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы аттестаттау өткізу мерзімдері және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі бекітілетін бұйрық шығарады.
      Аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) құрылымдық бөлімшелерінің, кадр және заң қызметтерінің басшылары енгізіледі.
      Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға, хатшы тағайындалады.
      29. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау өткізу күніне дейін бір айдан кешіктірмей оны өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
      30. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысына кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) құрылымдық  бөлімшілерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының кәсіби, жеке басының қасиеттері негізделген бағалауын, қызметінің нәтижелерін қамтитын қызметтік мінездеме ресімдейді.
      31. Кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау коммиссиясының отырысына дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмейтін мерзімде оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.
      32. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) кадр қызметі аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі енгізілетін аттестаттау парағын ресімдейді.
      33. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарын жібереді.
      34. Аттестаттау әңгімелесу нысанында жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде, заңды деп саналады.
      Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      Аттестаттау комиссиясының мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және Комиссия хаттамасына қоса тіркеледі.
      35. Комиссия отырысына дәлелді себептермен қатыспаған кәсіпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.
      Комиссияның отырысына аттестатталатын басшы дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы мінездеменің негізінде оның қатысуынсыз аттестаттауды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      36. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделегеннен және аттестатталатын басшымен әңгімелесуден кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне сәйкес келеді;
      2) қайта аттестаттауға жатады;
      3) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.
      37. Комиссия отырысын өткізу кезінде бейне немесе аудио жазу жүзеге асырылады.
      38. Аттестаттау комиссиясының атқаратын қызметке сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.
      39. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық немесе құпия дауыс берумен қабылданады. Дауыс беру тәсілі аттестаттау комиссиясының қалауы бойынша таңдап алынады.
      40. Қайта аттестаттау осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне сәйкес келеді;
      2) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.
      41. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.
      42. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін бір ай мерзімде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы бекітеді.
      43. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) басшысы бекіткен аттестаттаудың теріс нәтижелері кәсіпорын  басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіздеме болып табылады.

4. Қорытынды ережелер

      44. Кәсіпорын басшысы қызметінің бос орнына орналасуға конкурс өткізу, оны тағайындау және аттестаттау кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 18 қарашадағы
№ 1353 қаулысымен
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 287-құжат);
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі № 881 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 379-құжат);
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат);
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 976 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 287-құжат).

Об утверждении Правил назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2011 года № 1353. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 960

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.11.2015 № 960 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70.
 

      В соответствии с пунктом 3 статьи 139 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 18 ноября 2011 года № 1353

Правила
назначения и аттестации руководителя государственного
предприятия, а также согласования его кандидатуры

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» и регламентируют порядок конкурсного отбора, назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры, за исключением первых руководителей отдельных государственных предприятий образования, назначаемых на должность и освобождаемых от должности Президентом Республики Казахстан (далее - предприятия).
      2. Конкурсный отбор, назначение и аттестация руководителя предприятия, а также согласования его кандидатуры производятся уполномоченными органами соответствующей отрасли (местными исполнительными органами).
      3. Согласование кандидатуры руководителя государственного предприятия осуществляется в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения с наблюдательным советом.

2. Порядок назначения руководителя государственного предприятия

      4. Основными требованиями при отборе кандидатур на должность
руководителя предприятия являются:
      1) наличие высшего образования по необходимому профилю и уровня профессиональной подготовки, соответствующих квалификационным требованиям, утвержденным уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом);
      2) наличие стажа работы по специальности на руководящих должностях в соответствующей профилю предприятия отрасли экономики не менее 5 лет.
      5. Не может принимать участия в конкурсе лицо:
      1) моложе восемнадцати лет;
      2) ранее совершившее коррупционное правонарушение;
      3) имеющее непогашенную или не снятую в установленном законодательством Республики Казахстан порядке судимость;
      4) иные случаи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      6. Уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган):
      1) принимает решение о проведении конкурса;
      2) определяет условия, дату и место проведения конкурса;
      3) формирует конкурсную комиссию (далее - Комиссия), назначает председателя Комиссии из числа представителей уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) и секретаря Комиссии.
      7. Количество членов Комиссии составляет нечетное число, не менее пяти человек.
      8. Комиссия осуществляет следующие функции:
      1) подготавливает конкурсную документацию;
      2) обеспечивает публикацию объявления о проведении конкурса за счет средств соответствующего предприятия;
      3) производит прием, регистрацию и хранение представленных для участия в конкурсе документов;
      4) по итогам конкурса вносит в уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган) решение.
      9. Объявление о проведении конкурса на занятие должности руководителя республиканского, областного и районного предприятия опубликовывается в официальных республиканских средствах массовой информации, а также на интернет-сайте уполномоченного органа (местного исполнительного органа) на государственном и русском языках за пятнадцать календарных дней до даты проведения конкурса.
      10. Объявление о проведении конкурса содержит следующие сведения:
      1) дату и место проведения конкурса;
      2) наименование предприятия с указанием местонахождения, почтового адреса, телефона, краткое описание его основной деятельности;
      3) требования, предъявляемые к участникам конкурса;
      4) срок представления заявлений об участии в конкурсе;
      5) дату начала приема документов у лиц, изъявивших желание принять участие в конкурсе, которая определяется со дня размещения объявления о проведении конкурса в средствах массовой информации. Прием документов для лиц, изъявивших желание принять участие в конкурсе, заканчивается по истечении пятнадцати календарных дней со дня объявления о проведении конкурса в средствах массовой информации.
      11. Лицо, изъявившее желание принять участие в конкурсе, представляет в сроки, указанные в объявлении о проведении конкурса, Комиссии следующие документы:
      1) заявление об участии в конкурсе;
      2) резюме на государственном и русском языках;
      3) автобиографию, изложенную в произвольной форме;
      4) копии документов об образовании;
      5) копию трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора, либо выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора с последнего места работы;
      6) справку о состоянии здоровья по установленной форме.
      Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, стажа работы, уровня профессиональной подготовки (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, а также рекомендации от руководства с предыдущего места работы и т.п.).
      12. При наличии всех документов, указанных в пункте 11 настоящих Правил, а также соответствии лица требованиям настоящих Правил Комиссия принимает решение о допуске подавшего документы лица к участию в конкурсе в течение пяти рабочих дней со дня окончания приема документов. Список лиц, допущенных к участию в конкурсе, утверждается протоколом Комиссии.
      13. После утверждения списка лиц, допущенных к участию в конкурсе, Комиссия изучает представленные участниками конкурса документы и проводит собеседование с участниками конкурса в течение десяти календарных дней.
      14. При проведении Комиссией собеседования с участниками конкурса проверяются знания нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих отношения в сфере деятельности государственного предприятия.
      Также определяются профессиональные знания участников конкурса на основании квалификационных требований и должностной инструкции руководителя соответствующего предприятия, утвержденных уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом).
      15. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием простым большинством голосов от общего числа членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим. Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.
      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, излагается в письменной форме и прикладывается к протоколу Комиссии.
      Ход обсуждения и принятое Комиссией решение оформляются в виде протокола, который подписывается всеми членами Комиссии и секретарем Комиссии.
      Оформление протокола заседания Комиссии осуществляет секретарь Комиссии.
      16. Если на участие в конкурсе представили конкурсные заявки менее двух кандидатов, соответствующих требованиям, установленным настоящими Правилами, либо конкурсные заявки не поступили или были отозваны, а также в результате конкурса Комиссией не были выявлены кандидаты, то конкурсная комиссия признает конкурс несостоявшимся и принимает решение о проведении повторного конкурса.
      17. При проведении заседания Комиссии осуществляется видео- или аудиозапись.

2.1 Согласование кандидатуры руководителя государственного
предприятия на праве хозяйственного ведения

      18. В государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения с наблюдательным советом уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган) на основании решения Комиссии вносит предложение по вопросу назначения руководителя государственного предприятия на согласование наблюдательному совету.
      19. Наблюдательный совет государственного предприятия на праве хозяйственного ведения в течение десяти рабочих дней со дня внесения уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) кандидатуры руководителя государственного предприятия согласовывает представленную кандидатуру.
      20. В случае отрицательного решения наблюдательного совета по предлагаемой кандидатуре уполномоченный орган соответствующей отрасли (местный исполнительный орган) проводит повторный конкурс по избранию руководителя предприятия. Наблюдательный совет вправе не согласовывать кандидатуру руководителя государственного предприятия, представленной уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) не более двух раз.

2.2 Назначение на должность руководителя

      21. С участником конкурса, получившим положительное решение Комиссии, и, в случае, предусмотренном подразделом 2.1 настоящих Правил, согласование наблюдательного совета государственного предприятия на праве хозяйственного ведения руководитель уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) заключает трудовой договор (далее - Договор) и издает приказ о назначении на должность, с которым руководитель предприятия ознакамливается.
      Одновременно участнику конкурса, получившему положительное решение Комиссии, и, в случае, предусмотренном подразделом 2.1 настоящих Правил, согласование наблюдательного совета государственного предприятия на праве хозяйственного ведения в соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией» необходимо представить:
      1) в кадровую службу уполномоченного органа соответствующей отрасли (местный исполнительный орган) - письменное согласие на принятие ограничений в целях недопущения действий, которые могут привести к использованию его статуса и основанного на нем авторитета в личных, групповых и иных неслужебных интересах;
      2) в налоговый орган по месту жительства:
      декларацию о доходах;
      декларацию об имуществе, являющемся объектом налогообложения, в том числе, находящемся за пределами территории Республики Казахстан, с указанием оценочной стоимости и местонахождения указанного имущества;
      сведения о:
      вкладах в банковских учреждениях и о ценных бумагах, в том числе за пределами территории Республики Казахстан, с указанием банковского учреждения, а также о финансовых средствах, которыми данные лица вправе распоряжаться лично или совместно с другими лицами;
      своем прямом или опосредованном участии в качестве акционера или учредителя (участника) юридических лиц с указанием доли участия в уставном капитале и полных банковских и иных реквизитов указанных организаций;
      трастах и о государствах, в которых они зарегистрированы, с указанием номеров соответствующих банковских счетов, если лицо или его супруг (супруга) является бенефициаром этих трастов;
      названиях и реквизитах других организаций, у которых с лицом имеются договорные отношения, соглашения и обязательства (в том числе и устные) по содержанию или временному хранению материальных и финансовых средств, принадлежащих лицу или супругу (супруге) в размере, превышающем тысячекратный размер месячного расчетного показателя.
      22. Договор заключается на срок не менее одного года, определяемый соглашением сторон. По окончании срока действия договор по соглашению сторон может быть продлен или заключен на новый срок.
      В Договоре устанавливается испытательный срок. По истечении испытательного срока, в случае обнаружения несоответствия руководителя предприятия занимаемой должности, Договор может быть расторгнут уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) в соответствии с требованиями трудового законодательства Республики Казахстан.
      23. Трудовые отношения с руководителем государственного предприятия оформляются посредством заключения трудового договора в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан:
      республиканского государственного предприятия - с уполномоченным органом соответствующей отрасли;
      коммунального государственного предприятия - с местным исполнительным органом.
      В трудовом договоре, помимо условий, установленных Трудовым кодексом Республики Казахстан, определяется ответственность руководителя государственного предприятия за:
      своевременные перечисления установленной части чистого дохода в бюджет;
      неудовлетворительные результаты финансово-хозяйственной деятельности;
      неправомерные действия при использовании государственного имущества;
      своевременное и качественное представление информации в реестр государственного имущества;
      непринятие мер, направленных на противодействие коррупции.
      24. Договор может быть расторгнут в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      25. В государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения с наблюдательным советом уполномоченные органы соответствующей отрасли (местные исполнительные органы) предварительно согласовывают с наблюдательными советами вопрос расторжения договора с руководителем предприятия.

3. Порядок проведения аттестации

      26. Основным критерием оценки при аттестации является способность руководителя предприятия выполнять возложенные на него обязанности.
      27. Руководитель предприятия проходит аттестацию по истечении каждых последующих трех лет пребывания на должности руководителя предприятия.
      При этом аттестация проводится не позднее шести месяцев со дня наступления указанного срока.
      28. Руководитель уполномоченного органа соответствующей отрасли (местный исполнительный орган) издает приказ, которым утверждаются сроки проведения аттестации и состав аттестационной комиссии, а также график ее работы.
      В состав аттестационной комиссии включаются руководители структурных подразделений, кадровой и юридической служб уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа).
      Количество членов Комиссии составляет нечетное число, не менее пяти человек.
      Из числа членов аттестационной комиссии назначается председатель, секретарь.
      29. Кадровая служба уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) письменно уведомляет аттестуемого руководителя предприятия о сроках проведения аттестации не позднее, чем за месяц до даты ее проведения.
      30. На аттестуемого руководителя предприятия кадровой службой совместно со структурными подразделениями уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) оформляется служебная характеристика, которая содержит обоснованную оценку профессиональных, личностных качеств, результатов деятельности руководителя предприятия.
      31. Кадровая служба обязана ознакомить аттестуемого руководителя предприятия с представленной на него служебной характеристикой в срок не позднее, чем за двадцать календарных дней до заседания аттестационной комиссии.
      32. На аттестуемого руководителя предприятия кадровой службой уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) оформляется аттестационный лист, в который заносится утвержденное решение аттестационной комиссии.
      33. Кадровая служба направляет аттестационные материалы в аттестационную комиссию.
      34. Аттестация проводится в форме собеседования. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.
      Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Решения аттестационной комиссии оформляются протоколом, который подписывается членами аттестационной комиссии и секретарем, присутствовавшими на ее заседании.
      Члены аттестационной комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, излагается в письменной форме и прикладывается к протоколу комиссии.
      35. Аттестуемый руководитель предприятия, отсутствовавший на заседании комиссии по уважительным причинам, проходит аттестацию после выхода на работу.
      В случае неявки аттестуемого руководителя на заседание комиссии без уважительных причин аттестационная комиссия вправе принять решение о проведении аттестации в его отсутствие на основе характеристики.
      36. Аттестационная комиссия после изучения представленных материалов и собеседования с аттестуемым руководителем принимает одно из следующих решений:
      1) соответствует занимаемой должности;
      2) подлежит повторной аттестации;
      3) не соответствует занимаемой должности.
      37. При проведении заседании Комиссии осуществляется видео- или аудиозапись.
      38. Принятие аттестационной комиссией решения о несоответствии занимаемой должности является отрицательным результатом аттестации.
      39. Решение аттестационной комиссии принимается открытым или тайным голосованием. Способ голосования избирается по усмотрению аттестационной комиссии.
      40. Повторная аттестация проводится через шесть месяцев с момента проведения первоначальной аттестации в порядке, определенном настоящими Правилами. Аттестационная комиссия, проведя повторную аттестацию, принимает одно из следующих решений:
      1) соответствует занимаемой должности;
      2) не соответствует занимаемой должности.
      41. Аттестуемый руководитель предприятия ознакамливается с решением аттестационной комиссии.
      42. Решения аттестационной комиссии в месячный срок утверждаются руководителем уполномоченного органа соответствующей отрасли (местным исполнительным органом).
      43. Утвержденные руководителем уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) отрицательные результаты аттестации являются основанием для прекращения трудовых отношений с руководителем предприятия.

4. Заключительные положения

      44. Споры, возникающие при проведении конкурса на занятие вакантной должности, назначении и аттестации руководителя предприятия, рассматриваются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 18 ноября 2011 года № 1353

Перечень утративших силу некоторых решений Правительства
Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года № 685 «Об утверждении Правил назначения и аттестации руководителей государственных предприятий» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 29, ст. 287).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2006 года № 881 «О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года № 685» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 35, ст. 379).
      3. Пункт 13 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 13, ст. 157).
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2009 года № 976 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года № 685» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 31, ст. 287).