Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 685 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 881 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.18 № 1353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шiлдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 685  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2003 ж., N 29, 287-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiнде:
      1-тармақтағы "мемлекеттiк кәсiпорындардың" деген сөздердiң алдынан "лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқуы орындарының бiрiншi басшыларынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады