Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1518 Қаулысы

      «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 234 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 25, 299-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1518 қаулысымен 
бекітілді      

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын
арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және 2011 жылға арналған 030 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасында (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жөніндегі шығындарын ішінара өтеу тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады, ол 2011 жылға арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуын жүзеге асырады.
      3. Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының көлемі Министрлік ұсынған сома негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бұл ретте облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың сомасын Министрлік мелиоративтік жақсартуға жататын суармалы жерлердің алаңына және мелиорацияланған жердің 1 гектарына субсидиялаудың мөлшеріне сәйкес айқындайды.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылық басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия көлемі бөлінген тауар өндірушілердің жиынтық тізілімін (бұдан әрі - жиынтық тізілім) алған күннен бастап 3 (үш) банк күні ішінде бюджеттік субсидиялардың көлемін бөліп, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша жеткізеді.
      5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) су беруші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншігінде немесе уақытша пайдаланылуда суармалы жері бар, белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      3) мелиоративтік іс-шаралар – суармалы жерді терең қопсыту және тегістеу, сондай-ақ суару және коллекторлық-дренаж желілерін тазалау жөніндегі жұмыстар;
      4) топырақты терең қопсыту – топырақ қабатын айналымсыз терең қопсыту (төрт жылда бір рет жүргізіледі);
      5) алқаптарды ағымдағы тегістеу – алқапты жыртудан кейін топырақты тегістеу;
      6) суару жүйелерін тазарту – суару жүйелерін арам-шөптерден және лайдан қолмен немесе экскаватормен тазарту;
      7) коллекторлық-дренаж желілерін тазарту – коллекторлық-дренаж желілерін арам-шөптерден және лайдан механикалық тазарту;
      8) Комиссия – аудан әкімінің шешімімен жергілікті бюджеттен мелиоративтік іс-шараларды жүргізу бойынша шығындарының бір бөлігі субсидияланатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тізімін және оларға бөлінген субсидиялар сомасын бекіту жөнінде ұсыныстарды қарау және енгізу үшін құрылатын жұмыс органы.
      6. Субсидиялар тауар өндірушілерге мелиоративтік іс-шараларды нақты орындағаны үшін төленеді.
      7. Мелиорацияланған жердің 1 гектарында орындалған жұмыс көлемі үшін субсидия көлемі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті ақпарат құралдарында субсидия алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін көрсете отырып, Комиссияның жұмыс тәртібін жариялауды қамтамасыз етеді.

2. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды
субсидиялау тәртібі

      8. Тауар өндірушілер ағымдағы жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей суармалы жерлерде Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы ұсынған мерзімде мелиоративтік жұмыстарды жүзеге асырады.
      9. Тауар өндірушілер ағымдағы жылғы 30 қарашаға дейін барлық қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырып, осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша Бөлімге өтінім тапсырады.
      Тауар өндірушілер өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес суару және дренаж желісінің су қабылдауға дайындығын растайтын, алдағы суару маусымында суару үшін су жеткізу қызметін көрсету туралы САТК мен су беруші арасындағы шарттың көшірмесі;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);
      3) әрбір тауар өндірушінің нөмірі көрсетілген банк шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;
      4) жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      5) нормасы және мерзімі бойынша топырақты мелиоративтік қопсыту жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстарымен топырақтың тығыз қабаты туралы Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы әзірлеген аудандастырылған карта.
      11. Бөлім өтінімді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны тексеруді жүзеге асырып, кейіннен аудан әкімінің шешімімен құрылған Комиссияның қарауына енгізе отырып, материалдарды қалыптастырады.
      12. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және агроөнеркәсіптік кешеннің аумақтық инспекциясының мамандары, су берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссияны аудан әкімінің орынбасары басқарады. Бөлім Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      13. Комиссия жергілікті бюджеттен мелиоративтік іс-шараларды жүргізу бойынша шығындарының бір бөлігі субсидияланатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тізімін және оларға бөлінген субсидиялар сомасын бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Осы Қағиданың 9 мен 10-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаса немесе өтінім қате ресімделген жағдайда, Бөлім тауар өндірушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша жауап жібереді.
      14. Комиссия үш жұмыс күні ішінде Бөлім ұсынған материалдарды қарап, жалпы белгіленген тәсілдермен жұмыс көлемін анықтау мақсатында тиісті жер учаскелеріне барады. Тексеру қорытындысы бойынша суармалы жерді мелиоративтік жақсарту бойынша осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нақты орындалған жұмыстардың актісі жасалады. Комиссия бұдан кейін жүргізілген мелиоративтік іс-шаралар бойынша субсидия алуға үміткер тауар өндірушілердің тізімін аудан әкіміне бекітуге енгізу туралы шешім қабылдайды және оны хаттамамен ресімдейді.
      Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Бөлім үш жұмыс күні ішінде жиынтық тізілімді дайындайды және оған Комиссия хаттамасын тіркеп, аудан әкіміне бекітуге ұсынады. Бөлім жиынтық тізілімді аудан әкімі бекіткеннен кейін Басқармаға барлық материалдарды қосып жібереді.
      Аудан бойынша белгіленген субсидиялау көлемінен тауар өндірушілер өтінімдерінің саны асып кеткен жағдайда, қаражат берілген өтінімдерге тең бөлінеді.
      15. Басқарма аудан әкімі тапсырған материалдарды тексеріп, үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге субсидиялар төлеуге ведомость қалыптастырады.
      16. Басқарма төлем жүргізу кезінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын екі данада ұсынады.
      17. Басқарма Министрлікке белгіленген нысанда мынадай ақпарат ұсынады:
      1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, суармалы жердің ауданын көрсетіп, тауар өндірушілерге төленген субсидияның көлемі туралы. Субсидиялаудың бекітілген көлемі игерілмеген жағдайда игерілмеген субсидия көлемі және оның себептері көрсетіледі;
      2) ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тікелей және түпкі нәтижелерге нақты жеткендігі туралы аралық есеп;
      3) есепті қаржы жылынан кейінгі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей қорытынды жылдық есеп.
      18. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлiк Республикалық бюджет комиссиясының оң шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2011 жылға арналған бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде бюджеттiк субсидияларды төлеуге қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің 
өсімдік шаруашылығы өнімінің  
шығымдылығын арттыруды    
субсидиялауға 2011 жылға    
арналған ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
1-қосымша          

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға
субсидиялар көлемі

Мелиоративтік жұмыстардың түрлері

Мелиорацияланған жердің 1 га-ға субсидиялар көлемі, теңге

Алқаптарды ағымдағы тегістеу (тереңдігі 10 см дейін алқапта жер жыртудан кейін топырақты тегістеу)

715

Топырақты терең қопсыту (топырақ қабатын тереңдігі кемінде 40 см айналымсыз терең қопсыту)

1465

Суару желісін тазарту (1 га есептегенде 10 м3 елегінде арам-шөптерден және лайдан тазарту)

1624

Коллекторлык-дренаж желісін тазарту (1 га есептегенде 55 м3 шегінде арам-шөптерден және лайдан тазарту)

2496

Барлығы:

6300

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің 
өсімдік шаруашылығы өнімінің 
шығымдылығын арттыруды    
субсидиялауға 2011 жылға    
арналған ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
2-қосымша         

Орындалған жұмыстардың
20 __ жылғы «___» ___________ №____
актісі

      Біз, төменде қол қойғандар, Комиссия, ______ жылғы № __ хаттама құрамында:
____________________________________________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
       (заңды немесе жеке тұлғаның (тауар өндірушінің) Т.А.Ә.)
20 __ жылы ауданы ____ гектар алаңда мелиоративтік жұмыстарды орындағаны туралы осы актіні жасадық.
Оның ішінде:
топырақты терең қопсыту _________ гектар;
алқапты ағымдағы тегістеу _________ гектар;
суару желісін тазарту _________________ м3;
коллекторлық дренаж желісін тазарту ___ м3.

Комиссия мүшелерінің қолдары
____________________________________________________________________
            (лауазымы, Т.А.Ә.)               (қолы)
____________________________________________________________________
            (лауазымы, Т.А.Ә.)               (қолы)
____________________________________________________________________
            (лауазымы, Т.А.Ә.)               (қолы)
____________________________________________________________________
            (лауазымы, Т.А.Ә.)               (қолы)
____________________________________________________________________
            (лауазымы, Т.А.Ә.)               (қолы)

      Тауар өндіруші: ______________________________________________
                                 (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің  
шығымдылығын арттыруды    
субсидиялауға 2011 жылға   
арналған ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
3-қосымша           

______________________ облысы
________________ ауданының комиссиялары

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға
бюджеттік субсидиялар алуға арналған өтінім

____________________________________________________________________
(құрылтай құжаты және ________ жылғы № ____)
_________________________________________ негізінде іс-әрекет ететін
______________________________________________________________ атынан
                          (тауар өндірушілер)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (Т.А.Ә.)
құрылтайшылар атынан _______________ ауданы _____ гектарға өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға бюджеттік субсидиялар
алушылардың тізбесіне енгізуді өтінеді, оның ішінде:
      1) алқапты ағымдағы тегістеу _________ гектар;
      2) топырақты терең қопсыту _________ гектар;
      3) суару желісін тазарту _________________ м3;
      4) коллекторлық дренаж желісін тазарту ___ м3.
      Осы өтінімге:
      1) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес суару және дренаж
желісінің су қабылдауға дайындығын растайтын, алдағы суару маусымында
суару үшін су жеткізу қызметін көрсету туралы су пайдаланушы мен су
беруші арасындағы шарттың көшірмесі;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын
құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);
      3) әрбір тауар өндірушінің нөмірі көрсетілген банк шотының бар
екендігі туралы банктің анықтамасы;
      4) жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін
құжаттың көшірмесі;
      5) нормасы және мерзімі бойынша топырақты мелиоративтік қопсыту
жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстарымен топырақтың тығыз қабаты
туралы Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы
әзірлеген аудандастырылған карта.
      Барлығы: _____ парақ.

_____________________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің  
шығымдылығын арттыруды    
субсидиялауға 2011 жылға   
арналған ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
4-қосымша          

Суландыру үшін суару суын жеткізу жөніндегі қызметтер
көрсету туралы шарт

_________________ ауылы (қаласы) ______ жыл «______» ____________

бұдан әрі «Су беруші» деп аталатын кәсіпорынның жарғысы негізінде
әрекет ететін __________________________ бір тараптан және бұдан әрі
«Су пайдаланушы» деп аталатын _______________________________________
                                     (заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
____________________________________________________ екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар субсидиялауда ескере отырып, осы Тарифтер бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
      Осы шартта төменде келтірілген ұғымдардың мынадай түсініктер бар:
      1) Шарт – осы шарт барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен, сондай-ақ келісімшартта сілтемелері бар барлық құжаттамаларымен;
      2) Қызметтер – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тарифтер бойынша суару суын жеткізу жөніндегі қызметтерді білдіреді, оны Су беруші шарт шеңберінде Су пайдаланушыға көрсетеді;
      3) Су беруші – шартта көрсетілген талаптармен суару суын жеткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) Су пайдаланушы – қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өсіру үшін суармалы жерлерді пайдалануымен байланысты жеке немесе заңды тұлға;
      5) Тариф – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суару суын жеткізу жөніндегі қызметтер үшін тариф.

1. Шарт мәні

      Осы шарт бойынша Су беруші Қызметтер көрсетуге, ал Су пайдаланушы қабылдауға және тариф бойынша суару суын жеткізу жөніндегі ақы төлеуге міндеттенеді.

2. Тараптардың міндеттері

      1. Су беруші:
      1) ________ жылға белгіленген ____________ мың текше метр су пайдаланудың лимиті шегінде онкүндік шығыстар кестесіне сәйкес су шаруашылығы жүйелерінің бөлу орындарында Су пайдаланушыға барлық суару маусымы бойы су беруге;
      2) Су пайдаланушыны су берудегі күтілетін өзгерістер туралы кемінде 2 тәулік бұрын хабардар етуге;
      3) Су көзінде су ресурстарының тапшылығы кезінде әрбір су пайдаланушылар үшін белгіленген кесте бойынша су беру көлемін теңдей азайтуға;
      4) Қолда бар суды есепке алу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      2. Су пайдаланушы:
      1) Шаруашылықішілік суландыру желісін жарамды күйде ұстауға және оларға үнемі тазарту жүргізуге;
      2) Су берушіні суды қабылдау кестесіндегі күтілетін өзгерістер туралы кемінде 2 тәулік бұрын хабардар етуге;
      3) Жіберілген суару суын мақсаты бойынша, яғни тек суландыру үшін ұтымды пайдалануға;
      4) Суару суын мақсатсыз пайдаланған жағдайда бюджетке субсидия сомасын қайтаруды және мақсатсыз пайдаланғаны үшін __________________ мөлшерінде айыппұл төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Қосымша шарттар

      1. Суды жіберу-қабылдау су берудің бекітілген кестелеріне сәйкес суды бөлу орындарында жүзеге асырылады. Суды жіберу-қабылдау екі данада (біреуі Су берушіде, екіншісі Су пайдаланушыда сақталады) белгіленген нысандағы журналдарда тіркеледі. Жазу қара немесе көк сиялы шарикті немесе қаламұш қаламсаппен жүргізіледі.
      2. Суды жіберу-қабылдау журналдарында нәтижелерді белгілей отырып, келісілген мерзімдерде тәулігіне кемінде 2 рет тараптардың ресми уәкілетті өкілдерінің бірлесе бақылауымен жүргізіледі.
      Тараптардың бірі келмеген жағдайда екінші тараптың жазбасына дау айтылмайды.
      3. Шаруашылықаралық арналар мен өзендерде сорғыларды орнату міндетті түрде Су берушімен келісілуі тиіс.
      Судың жеткізілген көлемін суарудан басқа мақсаттарда пайдалануға болмайды. Керісінше болған жағдайда су тоғаны өз бетімен тартып алынған су болып есептеледі.

4. Есептеулер тәртібі

      1. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суды жеткізу жөніндегі қызмет үшін тариф _________ жылға ҚҚС ескеріліп ___________ мың текше метр үшін теңгені құрайды.
      (Су пайдаланушы тариф бойынша көрсетілген қызметтерге толық көлемде төлейді) немесе (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтер құнының 50%, ал қалған 50% субсидия алғаннан кейін төлейді) немесе (Су пайдаланушы осы шартқа қол қойғаннан кейін жылдық көлемнің __% мөлшерінде аванс төлейді және кейіннен Су берушімен авансты өтегеннен кейін нақты көрсетілген қызметтер көлемін ай сайын төлейді)
(уағдаластық бойынша қажеттісін қалдыру)
      2. Су пайдаланудың жылдық лимиті, барлығы ___________ мың текше метр.
      3. Тариф бойынша су пайдаланудың жылдық лимитінің құны ҚҚС ескеріліп ____________ теңге.
      4. Суару маусымы басталғанға дейін осы шартқа қол қоймаған жағдайда Су беруші Су пайдаланушыға су жіберуді жүзеге асырмайды.

5. Ақы төлеу шарттары

      1. Осы Шарт бойынша ақы төлеу теңгемен жүргізіледі.
      2. Қызметтер ішінара немесе толықтай көрсетілмеген жағдайда Су беруші аванстық төлемнің тиісті сомасын осы Шарт мерзімі аяқталған сәттен бастап _____ күннен кешіктірмей қайтарады және Су пайдаланушыға _____________________ мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
      3. Жазылған шоттар Су пайдаланушыға берілгеннен кейін 20 күн мерзімде төленуі тиіс.

6. Айыппұл санкциялары

      Тарифтер бойынша уақтылы төленбеген жағдайда Су пайдаланушы Су берушіге мерзімі өткен әр күн үшін төлем сомасынан _________ мөлшерінде өсімпұл төлеуі тиіс. Айыппұл санкцияларының (өсімпұлдың) жалпы сомасы төлем сомасының ____%-нан аспауы тиіс.

7. Дауларды реттеу тәртібі

      1. Осы Шарт бойынша туындаған немесе соған байланысты барлық келіспеушіліктер мен даулар тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілуі тиіс.
      2. Егер талаптар келісімге келе алмаса, онда келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелуі тиіс.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      Осы Шарт бойынша тараптар міндеттерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

9. Форс-мажорлық жағдайлар

      1. Егер бұл дүлей апаттар, суландыру көздеріндегі су тапшылығы салдарынан болса, Су беруші осы Шарт бойынша су көлемін Су пайдаланушыға толық жеткізбегені үшін жауапты болмайды.
      2. 9.1-тармақта көрсетілген жағдайлар, егер оларды тиісті мемлекеттік органдар растаған болса, заңды болып табылады.
      3. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап екінші тарапты жоғарыда көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны және олардың ұзақтығы туралы ________ күн мерзімде хабардар етуге міндетті.

10. Басқа да шарттар

      1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде жасалған және тараптар өкілдерінің қолдары қойылған болса, қолданыста болып табылады.
      2. Осы Шарт тараптардың әрқайсысы үшін заңды күші бірдей бір-бір данадан ____ тілінде ____ данада жасалды.
      3. Шарт өзара келісім бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін. Ол үшін бұл туралы өтініш білдірген тарап екінші тарапты Шартты бұзудың болжамды мерзіміне дейін __________ ай бұрын хабардар етеді.

11. Шартқа қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат (су көзінен жеке су тоғаны болған кезде).
      2. СТН, жеке басының куәлігі, банк деректемелері.
      3. Суландыру үшін бекітілген тариф бойынша, су алуға арналған өтінім.
      4. Су пайдаланушыға суды он күндеп беру кестесі.
      5. Су беруді күн сайын есепке алу журналы.
      6. Жерге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.

12. Қорытынды ережелер

      1. Осы Шарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Шарттың қолданылу мерзімі:
                    басталуы 20 ___ жылғы «_____» ________________
                    аяқталуы 20 ___ жылғы «_____» ________________

Мекенжай:

Су беруші:                          Су пайдаланушы:
_____________________________       _______________________________
_____________________________       _______________________________
(индекс, облыс, аудан, ауыл)                 (толық атауы)
_____________________________       _______________________________
_____________________________       _______________________________
      (республика)                             (мекен-жайы)
_____________________________       _______________________________
_____________________________       _______________________________
(банктың атауы және тағы басқа)             (телефон факс)
_____________________________       _______________________________
_____________________________       _______________________________
      (есеп шоты)                                 (СТН)
_____________________________       _______________________________
_____________________________       _______(есеп шоты)________
_____________________________       _______________________________
_____________________________       _______________________________
(қол қоюшының лауазымы, Т.А.Ә.,
телефонының қызметтік нөмірі)

Басшы:                              Басшы:
_______________________________     ________________________________
Бас бухгалтер:                      Бас бухгалтер:
_______________________________     _______________________________

      Ескертпе: Шарттың нөмірі облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) бекіткен, субсидия алушы Су пайдаланушылардың тізбесіндегі Су пайдаланушының реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.
      Шартқа, егер суландыру және дренаж желісі, сондай-ақ су пайдаланушының суландыру жерлері суару маусымына толық дайын болған жағдайда ғана су беруші қол қояды.

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды     
субсидиялауға 2011 жылға     
арналған ағымдағы нысаналы     
трансферттерді пайдалану қағидасына
5-қосымша         

«Бекітемін»
Аудан әкімі
________________ _______________
(қолы)         (Т.А.Ә.)

201__ ж. «___» _________________

_______________ облысы _______________ ауданы бойынша
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға
субсидия көлемін бөле отырып, тауар өндірушілердің
201 ____ жылға арналған жиынтық тізілімі

Р/с

Тауар өндірушілердің атауы

Суармалы жерлердің болуы, га

Оның ішінде, мелиоративтік іс-шаралар өткізілгені, га

Алқаптарды ағымдағы тегістеу

Топырақты терең қопсыту

Суару желісін тазарту

Коллекторлық-дренаж желісін тазарту

1

2

3

4

5

6

7

1

ш/қ __________






2

ш/қ __________







Барлығы






кестенің жалғасы:

1 га орындалған жұмыс көлемі үшін субсидиялардың мөлшері, теңге

Тиесілі субсидиялардың сомасы, теңге

Алқаптарды ағымдағы тегістеу

Топырақты терең қопсыту

Суару желісін тазарту

Коллекторлық-дренаж желісін тазарту

Алқаптарды ағымдағы тегістеу

Топырақты терең қопсыту

Суару желісін тазарту

Коллекторлық- дренаж желісін тазарту

8

9

10

11

12

13

14

15

























Аудан бойынша

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
___________________ ___________________
      (қолы)             (Т.А.Ә.)
201 __ жылғы «___» ____________

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды     
субсидиялауға 2011 жылға     
арналған ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
6-қосымша          

«Бекітемін»
______________ облысы

Ауыл шаруашылығы   
басқармасының бастығы
_____________________
(Т.А.Ә.)     
«___» _____ 20 __ жыл

Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосты

р/с

Тауар өндірушінің атауы

Тауар өндірушінің Т.А.Ә.

Төленуге жататын бюджеттік субсидиялардың көлемі, теңге

1

2

3

4

1




2




3




4








Облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы бөлімінің бастығы ________
_____________________________________________________________________
                              (қолы, Т.А.Ә.)

Бөлім бастығы _______________________________________________________
                               (қолы, Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады