«Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 қаулысына пресс релиз
«Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген, оған сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына тиісті өзгертулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 111-тармағының 2) тармақшасына сәйкес енгізілген.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы желісінде ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай, келісілген саясатын жүргізуді, бірыңғай өзара байланысты платформада желіні құру кезінде жүйелілік қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі