"Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 298 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҚ

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы
Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы қоса берілген Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі – Венеция комиссиясы) Жарғысына қосылсын.
      2. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары болып тағайындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады