Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 581 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 552 бұйрығын қараңыз.


      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, бiржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 7 маусымдағы 
№ 581 қаулысымен   
бекітілген     

Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн
атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының
салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол
қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      1. Осы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Бiржолғы өтемақы төлеу:
      1) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – оның мұрагерлеріне;
      2) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде - тиісті ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге жүргізіледі.
      3. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ олардың алған жарақатының, мертігуінің, ауруының мән-жайларын тексеру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      4. Жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған), сондай-ақ оның жарақатының, мертiгуінің не ауруының салдарынан мүгедектік белгілеуге әкеп соғу фактiсiн растайтын қорытынды қабылданған сәттен бастап, онымен еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) жұмыс беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтiнiш беру мүмкіндігі туралы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды (бұдан әрі – алушы) осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес күнтiзбелiк жеті күн iшiнде жазбаша хабардар етедi.
      5. Бiржолғы өтемақы алу үшін ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер немесе оны алуға құқығы бар тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi;
      азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қайтыс болу туралы куәлiгiнің нотариалды расталған көшiрмесi;
      біржолғы өтемақы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      төлемақыны алушы қаза тапқанның (қайтыс болғанның) мұрагері болып табылса, мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
      2) ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жарақатының, мертiгуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгілеуге әкеп соққан кезде:
      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi;
      медициналық қорытындының көшірмесі;
      халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi.
      6. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және өтінішті осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi.
      Талап етiлетін құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресiмделмеген жағдайда, өтiнiш тiркеуге жатпайды, өтiнiш берушiге қайтару себептерi көрсетiлiп, құжаттарды ұсынған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарылады.
      7. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды тіркей отырып, тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде біржолғы өтемақы төлеу туралы шешім шығарады.
      8. Алушыға бiржолғы өтемақы төлеудi уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен алушының Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынған сәттен бастап үш ай iшiнде жүзеге асырады.

Ғарышкерлікке кандидатқа,  
ғарышкерге қызметтiк     
мiндеттерiн атқару кезінде  
алған жарақатының, мертігуінің,
ауруының салдарынан болған  
мүгедектік белгіленген кезде,
сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін
атқаруға байланысты қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда, 
бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша       

Кiмге ____________________________
(Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті
орган басшысының Т.А.Ә.) мекенжайы
_______________ бойынша тұратын
_______________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiш иесiнiң СТН-i (ЖСН) __________

Бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш

      Сiзден ________________________________________________________
                  (залалды өтеу үшiн негiздеме көрсетiледi) байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған тиесiлi соманы __________________________________________
            (банктiң атауы, банктiң CTH-i, банктің БСК-сы, алушының
_____________________________________________________________________
жеке шотының нөмiрi немесе байланыс бөлiмшесi арқылы аударған жағдайда оның мекенжайы көрсетiледi)
аударуыңызды сұраймын.

Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:

1.
2.
3.
4.
5.
20 жылғы " "                                     ____________________
                                              (өтiнiш берушiнiң қолы)

Ғарышкерлікке кандидатқа,   
ғарышкерге қызметтiк      
мiндеттерiн атқару кезінде  
алған жарақатының, мертігуінің,
ауруының салдарынан болған  
мүгедектік белгіленген кезде,
сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін
атқаруға байланысты қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда, 
бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша        

Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы

р/н

Өтiнiштің тіркелген күні

Мертiккен, қаза тапқан ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің Т.А.Ә. және оның мекенжайы

Бiржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. және оның мекенжайы

Бiржолғы өтемақы төлеу үшiн негiздеме

Қарау нәтижесi

Бiржолғы өтемақының сомасы

Төлем құжатының нөмiрi мен күнi

Бас тарту себебi

1

2

3

4

5

6

7

8









Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации кандидату в космонавты, космонавту при установлении инвалидности, наступившей в результате травмы, увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 581. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 941

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2015 № 941 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 30.04.2015 г. № 552.
     

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты единовременной компенсации кандидату в космонавты, космонавту при установлении инвалидности, наступившей в результате травмы, увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены              
постановлением Правительства     
Республики Казахстан         
от 7 мая 2012 года № 581       

Правила
выплаты единовременной компенсации кандидату в космонавты,
космонавту при установлении инвалидности, наступившей в
результате травмы, увечья, заболевания, полученных при
исполнении служебных обязанностей, а также в случае его гибели
(смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей

      1. Настоящие Правила выплаты единовременной компенсации кандидату в космонавты, космонавту при установлении инвалидности, наступившей в результате травмы, увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей (далее – Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» и определяют порядок выплаты единовременной компенсации кандидату в космонавты, космонавту при установлении инвалидности, наступившей в результате травмы, увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей.
      2. Выплата единовременной компенсации производится:
      1) в случае гибели (смерти) кандидата в космонавты, космонавта при исполнении служебных обязанностей – его наследникам;
      2) при установлении кандидату в космонавты, космонавту инвалидности, наступившей в результате травмы, увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей – соответствующему кандидату в космонавты, космонавту.
      3. Расследование обстоятельств гибели (смерти) кандидата в космонавты, космонавта, а также получения ими травмы, увечья, заболевания производится в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      4. С момента принятия комиссией по расследованию несчастного случая заключения, подтверждающего факт гибели (смерти) кандидата в космонавты, космонавта в связи с исполнением служебных обязанностей, а также при получении ими травмы, увечья, заболевания, повлекших установление инвалидности, работодатель с которым они состоят (ли) в трудовых отношениях, в течение семи календарных дней письменно извещает лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации (далее – получатель), в соответствии с пунктом 2 настоящих Правил, о возможности подачи заявления на выплату единовременной компенсации по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам в уполномоченный орган в области космической деятельности (далее – уполномоченный орган).
      5. Для получения единовременной компенсации кандидат в космонавты, космонавт или лица, имеющие право на ее получение, представляют в уполномоченный орган следующие документы:
      1) в случае гибели (смерти) кандидата в космонавты, космонавта:
      заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      копию заключения комиссии по расследованию несчастного случая;
      нотариально заверенную копию свидетельства органов записи актов гражданского состояния о смерти;
      копию документа, удостоверяющего личность получателя единовременной компенсации;
      свидетельство о праве на наследство, если обратившийся за выплатой является наследником погибшего (умершего);
      2) при получении кандидатом в космонавты, космонавтом травмы, увечья, заболевания, повлекших установление инвалидности:
      заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      копию заключения комиссии по расследованию несчастного случая;
      копию медицинского заключения;
      копию справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения об установлении инвалидности.
      6. При обращении лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, с заявлением о выплате компенсации уполномоченный орган проверяет полноту и правильность оформления документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил, и регистрирует заявление в журнале регистрации заявлений на выплату единовременной компенсации по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      В случае неполного представления требуемых документов или их неправильного оформления, заявление не подлежит регистрации, возвращается заявителю с указанием причин возврата в течение трех календарных дней со дня представления документов.
      7. Уполномоченный орган, зарегистрировав представленные документы, в течение семи календарных дней со дня регистрации выносит решение о выплате единовременной компенсации.
      8. Выплата единовременной компенсации получателю осуществляется уполномоченным органом за счет бюджетных средств в установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан порядке, путем перечисления на лицевой счет получателя в банке второго уровня в пределах Республики Казахстан в течение трех месяцев с момента представления заявителем соответствующих документов.

Приложение 1           
к Правилам выплаты         
единовременной           
компенсации кандидату       
в космонавты, космонавту      
при установлении         
инвалидности, наступившей     
в результате травмы, увечья,    
заболевания, полученных       
при исполнении служебных      
обязанностей, а также в       
случае его гибели (смерти) в     
связи с исполнением         
служебных обязанностей        

Кому _______________________________
(Ф.И.О. руководителя уполномоченного органа в
области космической деятельности)
от _________________________________
(фамилия, имя, отчество заявителя)   
проживающего по адресу: _____________
РНН (ИИН) заявителя ___________________

Заявление на выплату единовременной компенсации

      Прошу вас выплатить мне единовременную компенсацию в связи

с ___________________________________________________________________
                   (указывается основание для возмещения ущерба)
      Причитающуюся мне сумму прошу перечислить
_____________________________________________________________________
          (указываются название банка, РНН банка, БИК банка, номер лицевого счета
              получателя или его адрес в случае перевода через отделения связи)

К заявлению прилагаю следующие документы:
1.
2.
3.
4.
5.
«____» ____________ 20 г.                      ______________________
                                                   (подпись заявителя)

Приложение 2           
к Правилам выплаты         
единовременной           
компенсации кандидату       
в космонавты, космонавту      
при установлении         
инвалидности, наступившей     
в результате травмы, увечья,    
заболевания, полученных       
при исполнении служебных      
обязанностей, а также в       
случае его гибели (смерти) в     
связи с исполнением         
служебных обязанностей        

Журнал
регистрации заявлений на выплату единовременной компенсации

п/н

Дата
регистрации
заявления

Ф.И.О.
кандидата в
космонавты,
космонавта,
получившего
увечье,
умершего,
и его адрес

Ф.И.О.
получателя
единовремен-
ной
компенсации
и его адрес

Основание
для выплаты
единовремен-
ной
компенсации

Результат рассмотрения

Сумма
единовре-
менной
компен-
сации

Номер и
дата
платеж-
ного
документа

Причина
отказа

1

2

3

4

5

6

7

8