Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы
«Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн
атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының
салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол
қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда, бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту
туралы» № 581 қаулысына
баспасөз релиз
Осы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу қағидалары «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
Қағиданы қабылдау мақсаты ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындауы болып табылады.
Осы Қағиданы қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі