Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 588 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығын қараңыз.

      «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 588 қаулысымен   
бекітілген      

Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;
      мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға;
      мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі

      3. Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге дейін мұнай өнімдерін өндіруші тұжырымдаманы әзірлейді.
      4. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
      оның техникалық бөлігін қоса алғанда, инвестициялық бағдарламаның сипаттамасы;
      инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатының тұжырымы;
      инвестициялық бағдарламаны іске асырудың алдын ала күнтізбелік жоспарын белгілеу;
      инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық нәтижелерінің құнын алдын ала есептеу және бағалау;
      инвестициялық бағдарламаның тәуекелін алдын ала бағалау;
      техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің, қажетті консультациялық қызметтің (қажет болған жағдайда) құнын есептеу.
      5. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын уәкілетті орган күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.
      6. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын қарайды және мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын пысықтауды талап ететін бөлімдерге негізді ескертулерді көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.
      7. Ұсынылған тұжырымдаманың мазмұнына ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын мақұлдайды.
      8. Мақұлданған инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мұнай өнімдерін өндірушіге оның негізінде инвестициялық бағдарламаны әзірлеу үшін жіберіледі.
      9. Инвестициялық бағдарламалар мынадай өлшемдерге сай келуі тиіс:
      1) ең аз қаржы-экономикалық тәуекелдер;
      2) төмен нормативтік және/немесе нормативтен тыс шығындар;
      3) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері – табыстың (кірістіліктің) ішкі нормасы;
      4) нарық конъюнктурасына және төлем қабілетті сұраныстың болуына сәйкес оны барынша пайдалану мақсатында заем ресурстарын қарызға алу мен өтеу схемасын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды азайтумен, өндірісті әртараптандырумен қамтамасыз етілуі тиіс инвестицияларды өтеудің ең аз мерзімдері;
      5) өндірілетін мұнай өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру.
      10. Инвестициялық бағдарламаның мазмұны мынадай құрылымға сай келуі тиіс:
      1) мұнай өнімдерін өндірушінің қысқаша сипаттамасы:
      заңды тұлғаның атауы;
      ұйымдық-құқықтық нысан, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
      заңды тұлғаның басшысы;
      заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы;
      заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негізгі өндірістік көрсеткіштері. Соңғы есептік кезеңге мұнай өнімдерін өндірушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі;
      2) инвестициялық бағдарламаның қысқаша сипаттамасы:
      жобаның атауы;
      жобаның негізгі мақсаттары;
      жобаға тікелей қатысушылар;
      жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
      қысқаша мазмұны: шығарылуы болжанатын өнім, болуы мүмкін түрлендіру спектрін, мақсаты мен қолдану саласын көрсете отырып, тауардың немесе қызметтердің қысқаша сипаттамасы; болжанатын жобаның сипаты: жаңасын құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту; жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтарды жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттардың көшірмелері; жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері; ғимараттарды, құрылыстарды жалдауға арналған шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар); жоба бойынша іске асыру мен шектеулердің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу нарығы мен шикізат, су - энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсыныстар, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігі, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі, технологиялық үдерістердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптар;
      жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері: өз қаражаты;
      қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе грант;
      жобаны іске асыру мерзімдері (инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап (ай (жыл);
      3) инвестициялық бағдарламаның техникалық бөлімі:
      жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;
      технологиялық шешімді таңдау негіздемесі: жобаның орналасу орнын және көлемін (ауқымын) таңдау негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу қолайлылығы); ілеспе инфрақұрылым мен көліктік мүмкіндіктер; қазіргі үй-жайларды пайдалану немесе қайта жаңарту мүмкіндіктері; жоба бойынша тауарларды өндіру (қызметтер көрсету) көлемін анықтайтын факторлар;
      Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы (ұқсастармен салыстыруда тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтеме);
      шикізат ресурстарын пайдалану ұтымдылығының дәрежесі: шикізатты өңдеу дәрежесі; өндірістің рециклдігі (қалдықтарды өңдеу); жергілікті шикізатты пайдалану;
      Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес жобаны іске асыру кестесі;
      4) инвестициялық бағдарламаның коммерциялық бөлімі:
      шикізат пен жабдықтарды жеткізу: шикізат нарығын (отандық және импорттық) талдау; пайдаланылатын шикізат түрлерінің тізбесі; көлік шығыстарын есепке ала отырып, бағалардың қол жетімділігі мен деңгейі;
      жабдықтарды шығаратын жеткізушілерді таңдау: қажетті жабдықтар тізбесі және оған қойылатын негізгі техникалық талаптар; әлемдік және жергілікті нарықтардағы жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы;
      көлік шығыстарын, монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын есепке ала отырып жабдықтардың құны; жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда); қосалқы бөлшектермен немесе жұмсалатын материалдармен жабдықтау көздері;
      маркетинг: осы Қағидалардың 1-қосымшасының 3-кестесіне сәйкес шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі;
      қолданыстағы шектеулерді (квота, лицензиялар және т.б.) есепке ала отырып, өткізу нарықтарын болжамдау - (нарық сыйымдылығы): ішкі және сыртқы нарықтардағы әлеуетті төлем қабілетті сұраныс, қазіргі уақыттағы оны қанағаттандыру дәрежесі: жеткізу қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдердегі қандай елдерге көзделіп отырғанын көрсете отырып өткізу арналары;
      нарықта ұқсас, өзара ауыстырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғы, оларды өндірудің болашақтағы өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестері және олардың нарықтағы үлес салмағы;
      болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі нәтижесіндегі нарық болжамы;
      өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар: тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағалары деңгейінің болжамдық бағалау;
      коммерциялық тәуекел факторлары және негізгі маркетингтік іс-шаралар;
      5) инвестициялық бағдарламаның ұйымдық бөлімі:
      тартылатын ұйымдар: жобаны салушы; жабдықтарды өндірушілер; жабдықтарды жеткізушілер; қаржыландыратын ұйым; делдалдар;
      жобаны іске асыру үдерісінде оған қатысушылар арасындағы міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;
      ұйымдық құрылым және тауарлар сапасының менеджмент және бақылау жүйелері;
      6) инвестициялық бағдарламаның әлеуметтік бөлімі:
      еңбек ресурстарындағы жобаның қажеттіліктері (қажетті саны және біліктілігі): қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы; біліктілік көмегін тарту қажеттілігі, оның ішінде импорт;
      жобаның халықты жұмыспен қамтуға және білім беру деңгейін арттыруға әсері;
      7) инвестициялық бағдарламаның қаржылық бөлімі:
      инвестицияларды бағалау: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар); жобаны қаржыландыру және инвестиция құрылымы (инвестицияның жалпы көлемін бағалау: жобаны іске асыру үшін қаржының жеткіліктілігі, инвестиция құрылымы, қаржыландыру схемасы және шарттары, пайданың болжамды пайдаланылуы); инвестициялық бағдарламаның іске асырылуының ықпалы мұнай және газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызмет бағасына әсері;
      тәуекелдерді бағалау: тәуекелдер түрлері, тәуекел дәрежесі (дисконт ставкасы);
      қаржылық талдау: жобаның қаржылық үлгісі: үлгілерді инвестициялық артықшылықтарды ескермей-ақ және тиісті инвестициялық артықшылықтарды ескере отырып есептеу. Мыналарды: жобаның әрекет ету цикліндегі таза дисконтталған табысын (NPV); жобаның әрекет ету цикліндегі ішкі кірістілік нормасын (IRR); жобаның өзін-өзі ақтау мерзімін (жай және дисконтталған); жобаның әрекет етуінің әр жылына жай пайда нормасын (рентабельдігін); түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдерді; төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебін;
      8) инвестициялық бағдарламаның экологиялық бөлімі:
      жоба технологияларының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
      9) инвестициялық бағдарламаның экономикалық бөлімі:
      жобаның ел экономикасының қажеттілігіне (даму бағдарламасына, басқа да бағдарламалық құжаттарға) сәйкестігі: халық тұтынатын азық-түлік тауарларын және азық-түліктік емес тауарлардың шығарылуын ұлғайту; импортты алмастыру (қабылданған импорт алмастыру бағдарламаларына сәйкестігі); экспортты ұлғайту; жаңа жұмыс орындарын құру; халықтың білімін және біліктілік деңгейін арттыру; озық технологияларды игеру, «ноу-хау» жобаны іске асырудан мультипликатордың нәтижесі; сапа жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өндірісін ұйымдастыру.

3. Инвестициялық бағдарламаларды келісу және бекіту тәртібі

      11. Осы Қағидалардың 9, 10-тармақтарына сәйкес әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады.
      12. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде инвестициялық бағдарламаны бағдарламаға енгізілетін іс-шаралар бойынша жұмыстардың құнын растайтын негіздеуші материалдармен қоса, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.
      13. Табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны түскен күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды және инвестициялық бағдарламаны келісу туралы жауапты уәкілетті органға жібереді.
      14. Қажет болған жағдайда уәкілетті органдар мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
      15. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      16. Ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның жобасын табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.
      17. Инвестициялық бағдарламаға ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган пысықтауды талап ететін инвестициялық бағдарламаның бөлімдеріне негізделген ескертулерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.
      18. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама жобасының ескертулерін ескере отырып пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарау үшін жібереді.
      19. Уәкілетті орган мен табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі осы Қағидалардың 13,  14-тармақтарындабелгіленген мерзімнен аспауы тиіс.

4. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептілікті
ұсыну тәртібі

      20. Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде мұнай өнімдерін өндіруші мынадай есептілікті:
      1) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есепті;
      2) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық бөлігін іске асыру туралы есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жартыжылдық негізде ұсынады.
      21. Мұнай өнімдерін өндірушілер уәкілетті органға мынадай мәліметтерді қамтитын мәтіндік есепті:
      1) есептік кезеңде іске қосылған технологиялық қондырғылар туралы ақпаратты;
      2) инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өнімдердің сапалық сипаттамасының өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады.
      22. Мұнай өнімдерін өндірушілер табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын іске асыру туралы есепті береді.
      Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепке инвестициялық бағдарламаны іске асыруды растайтын құжаттар (тиісті шарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысаны), орындалған жұмыстардың құны және шығындар туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдау актілері, ішкі жүкқұжаттар, мұнай өнімдерін өндірушілердің пайдалануға беру және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса беріледі.
      Қажет болған жағдайда уәкілетті органдар мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
      23. Ұсынылатын құжаттардың әрбір парағына мұнай өнімдерін өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды, оған растайтын құжат қоса беріледі, ал қаржылық құжаттарға бас бухгалтер қол қояды.

Инвестициялық бағдарламаларды    
әзірлеу, бекіту және келісу,     
сондай-ақ олардың іске асырылуы   
туралы есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша                

1-кесте

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

Аналогтар


1.




2.



2-кесте

Іс-шаралардың атауы

Іс-шараның іске асырылу кезеңі _____ жыл

Іс-шараның жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері)


І тоқ.

ІІ тоқ.

ІІІ тоқ.

ІV тоқ.

Өлшем бірл.

Техникалық параметрлері

Өлшем бірл.

Инвестициялар сомасы

Өлшем бірл.

Инвест. көзі

1.








2.








3-кесте

Тауарлардың атауы

Өндіріс көлемі құндық мәнде (мың теңге)

Өндіріс көлемі заттай мәнде

Өнім белгісі

Ескертпе

Қолданыстағы

Жаңа

1.






2.






Инвестициялық       
бағдарламаларды әзірлеу,  
бекіту және келісу, сондай-ақ
олардың іске асырылуы   
туралы есептілікті ұсыну  
қағидаларына 2-қосымша  

________________________________инвестициялық бағдарламасының (Мұнай өнімдерін өндірушінің атауы)  іске асырылуы туралы есеп
 
Инвестициялық бағдарламаның атауы _____________ (қолданылу мерзімін көрсете отырып)
Кім бекітті _____________________(бұйрықтың күні, нөмірі)

р/с №

Іс-шараның атауы

Іс-шараның іске асырылу мерзімі

Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері)



I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Өлшем бірлігі

Техникалық параметрлер

Өлшем бірлігі

Инвестициялар сомасы

Өлшем бірлігі

Инвестициялар көзі













кестенің жалғасы

Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері) (өсімі бойынша қорытындысымен)

Ауытқуы

Ауытқу себебі

Өлшем бірлігі

Техникалық параметрлер

Өлшем бірлігі

Инвестициялар сомасы

Өлшем бірлігі

Инвестициялар көзі









Об утверждении Правил разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 588. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

     Примечание РЦПИ.
     В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 237.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены              
постановлением Правительства    
Республики Казахстан        
от 7 мая 2012 года № 588     

Правила
разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ,
а также представления отчетности об их реализации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработки, утверждения и согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» и определяют порядок разработки, утверждения, согласования инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации.
      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:
      инвестиционная программа - программа вложения и возврата средств, направленных на создание, модернизацию и реконструкцию существующих производственных мощностей производителей нефтепродуктов, на определенный период с целью получения планируемого технико-экономического эффекта, включающая в себя экономические показатели, в том числе инвестиционные составляющие, влияющие на цену нефтепродуктов;
      производитель нефтепродуктов - физическое или юридическое лицо, осуществляющее производство нефтепродуктов и имеющее паспорт производства;
      уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области государственного регулирования производства нефтепродуктов (далее - уполномоченный орган).

2. Порядок разработки инвестиционных программ

      3. До разработки инвестиционной программы производитель нефтепродуктов разрабатывает концепцию.
      4. Концепция инвестиционной программы должна содержать следующие разделы:
      описание инвестиционной программы, включая его техническую часть;
      формулировку целей реализации инвестиционной программы;
      определение предварительного календарного плана реализации инвестиционной программы;
      предварительный расчет стоимости и оценку финансово-экономических результатов инвестиционной программы;
      предварительную оценку рисков инвестиционной программы;
      расчет стоимости разработки технико-экономического обоснования, необходимых консультационных услуг (при необходимости).
      5. Концепция инвестиционной программы рассматривается уполномоченным органом в течение двадцати календарных дней.
      6. Уполномоченный орган рассматривает концепцию инвестиционной программы и при наличии замечаний к содержанию возвращает концепцию инвестиционной программы на доработку с указанием обоснованных замечаний к разделам, требующих доработки.
      7. В случае отсутствия замечаний к содержанию представленной концепции, уполномоченный орган одобряет концепцию инвестиционной программы.
      8. Одобренная концепция инвестиционной программы направляется производителю нефтепродуктов для разработки на ее основании инвестиционной программы.
      9. Инвестиционные программы должны отвечать следующим критериям:
      1) минимальные финансово-экономические риски;
      2) низкие нормативные и/или сверхнормативные потери;
      3) положительные значения основных финансово-экономических показателей проекта - внутренняя норма прибыли (доходности);
      4) минимальные сроки возмещения инвестиций, которые должны обеспечиваться оптимизацией схемы заимствования и возмещения заемных ресурсов, снижением производственных затрат, диверсификацией производства с целью его максимального использования в соответствии с конъюнктурой рынка и наличием платежеспособного спроса;
      5) увеличение объема и качества производимых нефтепродуктов.
      10. Содержание инвестиционной программы должно отвечать следующей структуре:
      1) краткая характеристика производителя нефтепродуктов:
      название юридического лица;
      организационно-правовая форма, дата государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;
      руководитель юридического лица;
      адрес юридического лица, телефон, факс, электронная почта;
      краткое описание основных направлений деятельности юридического лица, основные производственные показатели. Краткий отчет о финансово-хозяйственной деятельности производителя нефтепродуктов за последний отчетный период;
      2) краткая характеристика инвестиционной программы:
      название проекта;
      основные цели проекта;
      непосредственные участники проекта;
      место реализации проекта (область, район);
      краткое содержание: предполагаемая к выпуску продукция, краткое описание товара или услуг с указанием возможного спектра модификаций, назначения и области применения; характер предполагаемого проекта: создание нового, реконструкция или расширение действующего предприятия; наличие технической документации по проекту (технико-экономическое обоснование, проектно-сметная документация, копии договоров и контрактов на строительно-монтажные работы и поставку оборудования; копии документов, подтверждающих права на земельный участок; копии договоров на аренду зданий, сооружений и другие документы); особые условия реализации и ограничения по проекту: наличие лицензий (если вид деятельности относится к лицензируемым), патентов, разрешений, наличие экспортных и импортных квот, ограничения и рекомендации по рынкам сбыта и сырья, водо-, энергоснабжению, транспорту, связи, возможности утилизации отходов, потребности в иностранной рабочей силе, требования к экологической чистоте технологических процессов;
      стоимость реализации проекта, источники финансирования: собственные средства; заемные средства (кредиты или привлеченные средства хозяйствующих субъектов) и/или грант;
      сроки реализации проекта (месяцев (лет) с момента осуществления инвестиций);
      3) технический раздел инвестиционной программы:
      краткое описание технологии проекта;
      обоснование выбора технологического решения: обоснование выбора местоположения и размера (масштаба) проекта (удобство месторасположения для поставщиков и рынков); сопутствующая инфраструктура и транспортные возможности; возможности использования или реконструкции существующих помещений; факторы, определяющие объем производства товаров (услуг) по проекту;
      сравнительный анализ альтернативных решений по техническим и стоимостным характеристикам (технический уровень и стоимость предлагаемых для производства товаров, услуг в сопоставлении с аналогами, ссылки на источник информации) согласно таблице 1 приложения 1 к настоящим Правилам;
      степень рациональности использования сырьевых ресурсов: степень переработки сырья; рецикличность производства (переработка отходов); использование местного сырья;
      график реализации проекта согласно таблице 2 приложения 1 к настоящим Правилам;
      4) коммерческий раздел инвестиционной программы:
      поставки сырья и оборудования: анализ рынка сырья (отечественного и импортного); перечень видов используемого сырья; доступность и уровень цен с учетом транспортных расходов;
      выбор производителей поставщиков оборудования: перечень необходимого оборудования и основные технические требования к нему; новизна оборудования и технологии на мировом и местном рынках; стоимость оборудования с учетом транспортных расходов, монтажных и пусконаладочных работ; наличие ремонтной базы (в случае необходимости); источники снабжения запасными частями или расходными материалами;
      маркетинг: перечень видов и объемы выпускаемых товаров или оказываемых услуг согласно таблице 3 приложения 1 к настоящим Правилам;
      прогнозирование рынков сбыта с учетом действующих ограничений (квоты, лицензии и т.д.) - (емкость рынка): потенциальный платежеспособный спрос на внутреннем и внешнем рынках, степень его удовлетворения в настоящее время: каналы сбыта с указанием в какие регионы, каким потребителям, в какие страны за рубежом предполагается поставка;
      имеются ли на рынке аналогичные, взаимозаменяемые или взаимодополняемые товары, услуги, оценка будущего роста их производства, динамика импорта и/или экспорта товаров за последние несколько лет, объем и цены, основные конкуренты и их удельный вес на рынке;
      прогноз рынка в результате возможных изменений социально-экономической ситуации;
      документы, подтверждающие возможность сбыта: нотариально заверенные копии контрактов на поставку товаров или протоколов о намерениях;
      прогнозные оценки уровня цен на товары или на оказываемые услуги;
      факторы коммерческого риска и основные маркетинговые мероприятия;
      5) организационный раздел инвестиционной программы:
      привлекаемые организации: проектоустроитель; производители оборудования; поставщики оборудования; финансирующая организация; посредники;
      распределение обязанностей и ответственности в процессе реализации проекта между его участниками;
      организационная структура и системы менеджмента и контроля качества товаров;
      6) социальный раздел инвестиционной программы:
      потребности проекта в трудовых ресурсах (необходимая численность и квалификация): наличие кадров с необходимой квалификацией; потребность в привлечении квалифицированной помощи, в том числе импорт;
      влияние проекта на занятость и повышение образовательного уровня населения;
      7) финансовый раздел инвестиционный программы:
      оценка инвестиций: полные инвестиционные издержки (инвестиции в основной и оборотный капитал); финансирование проекта и структура инвестиций (оценка общего объема инвестиций: достаточность средств для реализации проекта, структура инвестиций, схема и условия финансирования, предполагаемое использование прибыли); влияние реализации инвестиционной программы на стоимость услуг по переработке нефти и газового конденсата;
      оценка рисков: виды рисков; степень риска (ставка дисконта);
      финансовый анализ: финансовая модель проекта: расчет моделей без учета инвестиционных преференций и с учетом соответствующих инвестиционных преференций. Определить: чистый дисконтированный доход (NPV) за жизненный цикл проекта; внутреннюю норму доходности (IRR) за жизненный цикл проекта; срок окупаемости проекта (простой и дисконтированный); простую норму прибыли (рентабельность) на каждый год жизни проекта; уплачиваемые налоги, таможенные пошлины и платежи в бюджет по видам; сводный расчет бюджетной эффективности по всем видам уплачиваемых налогов;
      8) экологический раздел инвестиционной программы:
      соответствие технологии проекта стандартам и нормативам по воздействию на окружающую среду;
      9) экономический раздел инвестиционной программы:
      соответствие проекта потребностям экономики страны (программам развития, другим программным документам): увеличение выпуска продовольственных товаров и непродовольственных товаров народного потребления; импортозамещение (соответствие принятым программам импортозамещения); увеличение экспорта; создание новых рабочих мест; повышение уровня образования и квалификации населения; освоение передовых технологий, «ноу-хау»; эффект мультипликатора от реализации проекта; организация производства соответствующего международным стандартам систем качества.

3. Порядок согласования и утверждения инвестиционных программ

      11. Разработанные в соответствии с пунктами 910 настоящих Правил инвестиционные программы представляются в уполномоченный орган на рассмотрение и утверждение.
      12. Уполномоченный орган в течение трех календарных дней со дня получения инвестиционной программы от производителя нефтепродуктов направляет инвестиционную программу на согласование в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках с приложением обосновывающих материалов, подтверждающих стоимость работ по мероприятиям, включаемым в инвестиционную программу.
      13. Уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, рассматривает инвестиционную программу в течение двадцати календарных дней со дня поступления и направляет ответ о согласовании инвестиционной программы в уполномоченный орган.
      14. В случае необходимости, уполномоченные органы запрашивают у производителя нефтепродуктов дополнительную информацию в письменной форме, необходимую для рассмотрения инвестиционной программы.
      15. Уполномоченный орган рассматривает инвестиционные программы, в течение тридцати календарных дней.
      16. В случае отсутствия замечаний, уполномоченный орган утверждает проект инвестиционной программы по согласованию с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках.
      17. При наличии замечаний к инвестиционной программе уполномоченный орган возвращает инвестиционную программу производителю нефтепродуктов на доработку с указанием обоснованных замечаний к разделам инвестиционной программы, требующих доработки.
      18. Производитель нефтепродуктов дорабатывает с учетом замечаний проект инвестиционной программы и направляет его на повторное рассмотрение в уполномоченный орган.
      19. Срок повторного рассмотрения инвестиционной программы уполномоченным органом и уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, не должен превышать сроков, установленных пунктами 1314 настоящих Правил.

4. Порядок представления отчетности о реализации
инвестиционных программ

      20. Производитель нефтепродуктов при реализации инвестиционных программ представляет следующую отчетность:
      1) в уполномоченный орган ежеквартально, не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, отчет о реализации технологической части инвестиционной программы;
      2) в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, на полугодовой основе не позднее 25 числа месяца, следующего за отчетным периодом, отчет о реализации финансово–экономической части инвестиционной программы.
      21. Производители нефтепродуктов представляют в уполномоченный орган текстовый отчет, содержащий следующие сведения:
      1) информацию о введенных за отчетный период технологических установках;
      2) информацию об изменениях качественных характеристик продукции в результате реализации инвестиционной программы.
      22. Производители нефтепродуктов представляют в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, отчет о реализации инвестиционной программы производителей нефтепродуктов в соответствии с приложением 2 к настоящим Правилам.
      К отчету о реализации инвестиционной программы прилагаются документы, подтверждающие реализацию инвестиционной программы (копии соответствующих договоров, акты о приемке выполненных работ (форма № 2), справка о стоимости выполненных работ и затрат (форма № КС-3), счет–фактуры, акты приемки в эксплуатацию государственных приемочных комиссий, внутренние накладные, внутренние приказы производителей нефтепродуктов о вводе в эксплуатацию и принятии на баланс).
      В случае необходимости, уполномоченные органы запрашивают у производителя нефтепродуктов дополнительную информацию в письменной форме, необходимую для рассмотрения отчета о реализации инвестиционной программы.
      23. Каждый лист представляемых документов парафируется руководителем производителя нефтепродуктов либо лицом, исполняющим его обязанности с приложением подтверждающих документов, а финансовые документы - главным бухгалтером.

Приложение 1              
к Правилам разработки,         
утверждения и согласования        
инвестиционных программ,         
а также представления           
отчетности об их реализации        

Таблица 1

Наименование показателей

Значение показателей

Предлагаемый образец

Аналоги

1.



2.



Таблица 2

Наименование
мероприятия

Период реализации
мероприятий
год ___________

Плановые параметры
(показатели) мероприятия

Ед.
изм.

Технические
параметры

Ед.
изм

Сумма
инвестиций

Ед.
изм

Источник
инвестиций

I
кв

II
кв.

III
кв.

IV
кв.

1.











2.











Таблица 3

Наименование
товаров

Объем производства
в стоимостном
выражении (тысяч
тенге)

Объем производства
в натуральном
выражении

Признак продукции

Примечание

Существующая

Новая

1.






2.






Приложение 2              
к Правилам разработки,         
утверждения и согласования        
инвестиционных программ,         
а также представления           
отчетности об их реализации        

Отчет об исполнении инвестиционной программы ________________________
                                           (наименование производителя нефтепродуктов)
наименование инвестиционной программы ______ (с указанием периода действия)
кем утверждена _________________________________ (дата, номер приказа)


п/п

Наименование
мероприятия

Период
реализации
мероприятий
год __________

Плановые параметры (показатели) мероприятия,
объекта предусмотренных утвержденной инвестиционной
программой

Ед. изм

Технические
параметры

Ед.
изм

Сумма
инвестиций

Ед.
изм

Источник
инвестиций

I
кв

II кв

III кв

IV кв













Продолжение таблицы

Исполнение, фактические параметры (показатели) мероприятия,
объекта предусмотренных утвержденной инвестиционной
программой (с нарастающим итогом)

Отклонение

Причины
отклонения

Ед.
изм

Технические
параметры

Ед.
изм

Сумма
инвестиций

Ед.
изм

Источник
инвестиций