2012 жылғы 7 мамырдағы «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 588 қаулысына баспасөз хабарламасы
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 588 қаулысы бекітілді (бұдан әрі - Қағида).
Қағиданы қабылдау мақсаты инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ оларды іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібін белгілеу туралы нормативтік-құқықтық актілерді регламенттеу болып табылады.
Жобаны қабылдаған жағдайда жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар болмауы мүмкін.
Қазақстан Републикасының
Мұнай және газ министрлігі