Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 645 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 496 бұйрығын қараңыз.


      «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы
6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық
операторының спутниктік навигациялық қызметтерді
ұйымдастыру және ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің арнайы секторы (бұдан әрі – ДжСНЖ арнайы секторы) – жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің (бұдан әрі – ЖНСЖ) функционалдық толықтыруларын әскери тұтынушылардың пайдалану, Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде спутниктік навигациялық технологияларды енгізу рәсімдерін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшесі;
      2) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (бұдан әрі – ДжСНЖ) – кеңістікті координаталарын, жылдамдық пен сағат түзетудің құрауыштарын айқындаудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен тұтынушыларды қамтамасыз етуге арналған жерүсті және (немесе) ғарышта орналасқан техникалық құралдарды қамтитын ЖНСЖ-ның функционалдық толықтыруы;
      3) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДжСНЖ операторы) – спутниктік навигациялық қызмет саласында технологиялық қамтамасыз етудің тұтастығын іске асыратын, сондай-ақ оны пайдалану негізінде қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін басқаруды және пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
      4) жаһандық навигациялық спутниктік жүйе – жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйесі;
      5) кеңістікті деректер инфрақұрылымы (бұдан әрі – КДИ) – ақпараттық қызметтер алу мақсатында заңды және жеке тұлғаларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе;
      6) навигациялық қызмет объектілері – навигация құралдарымен жабдықталған және (немесе) оларды навигациялық қызмет мақсатында пайдаланатын объектілер;
      7) цифрлық навигациялық карта – тұтынушылардың навигациялық аппаратураларында пайдалануға және навигациялық міндеттерді шешуге арналған деректерді ұсынудың цифрлық нысанында жасалатын арнайы карта;
      8) спутниктік навигациялық қызметтерді тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) – ДжСНЖ операторының қызметтерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
      9) спутниктік навигациялық ақпарат – ұсынылу нысанына қарамастан, координаталық - уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын заттар, фактілер және құбылыстар туралы мәліметтер (хабарламалар, деректер) жиынтығы;
      10) стандарттық дәлдіктегі навигациялық сигналдар – санкцияланған қол жеткізу режимімен байланысты, шектеусіз координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету міндеттерін шешуге арналған ЖНСЖ сигналдары;
      11) тұтынушыларды координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз етудің ерекше режимі – Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, режимді объектілері мен стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері орналасқан аудандарда, мұндай объектілерді қорғау және шетелдік техникалық барлауға қарсы әрекет ету шараларын ұйымдастыру қажеттілігіне байланысты радиотехникалық құралдар жұмысының ерекше режимі.
      3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану кезінде спутниктік навигациялық қызметтер ұсынуды жүзеге асыру үшін ДжСНЖ операторының, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес сертификатталған есептеу техникасының құралдары және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаға сәйкес рұқсаты мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі штаттық бөлімшесінде берілген.
      4. ДжСНЖ операторы жылына кемінде бір рет ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға спутниктік навигациялық қызметтерді тұтынушыларды координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету аудандарын көрсете отырып, осы Қағидалар талаптарының сақталуы жөнінде толық есеп береді.
      Есептің мазмұны мен оны ұсыну тәртібі ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
      5. Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде ДжСНЖ пайдалануды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ДжСНЖ жерүсті басқару кешенінде ДжСНЖ арнайы секторын құрды.

2. ДжСНЖ операторының спутниктік навигациялық
қызметтерді ұйымдастыру тәртібі

      6. Спутниктік навигациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларды координаталық- уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету дәлдігін, сенімділігі мен қол жетімділігін арттыру мәселелерін шешу мақсатында ЖНСЖ функционалдық толықтыру ретінде ДжСНЖ құрады.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, заңды және жеке тұлғалардың спутниктік навигациялық қызметтерге мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін ЖСНЖ операторы республикалық бюджет қаражаты есебінен ДжСНЖ құрады.
      8. Стандарттық дәлдіктегі навигациялық сигналдарды пайдалану бөлігінде ЖНСЖ-ның функционалдық толықтыруларын қалыптастыру және одан әрі пайдалану міндеттері ДжСНЖ-ның операторына жүктеледі.
      9. Спутниктік навигация аппаратурасы мен жабдығына сертификаттық сынау жүргізу және тексеру мақсатында, ДжСНЖ операторының бөлімшесі болып табылатын спутниктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау зертханасы (бұдан әрі – зертхана) құрылады.
      Спутниктік навигация аппаратурасы мен жабдығын сынау және тексеру сәйкестендіру (топтастыру тобына және партиясына тиістілігі, техникалық құжатқа сәйкестігі, шығу тегі), спутниктік навигация аппаратурасы мен жабдығының адам өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін растау арқылы орындалады, сертификаттық сынаулар, сондай-ақ өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын белгілеу техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау және растау жүргізіледі.
      10. ЖНСЖ-ның функционалдық толықтыруларының жабдыққа, тұтынушылардың навигациялық аппаратураға қажеттіліктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағында навигациялық қызмет объектілерін басқару жүйелерін жаңғырту үшін тиісті құрастыру өндірісі құрылады.
      11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ДжСНЖ операторы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылдар кезінде қауіпсіздік және халықты төтенше жағдайлар туралы ақпараттандыру саласындағы іс-шараларды жүргізу үшін спутниктік навигациялық қызметтерді пайдаланудың абсолютті басымдығын қамтамасыз етеді.

3. ДжСНЖ операторының спутниктік навигациялық
қызметтерді ұсыну тәртібі

      12. ДжСНЖ операторы ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың, стандарттар мен ұйым ұсынымдарының, навигациялық аппаратураны құруға және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы тұтынушылардың пайдалануына арналған техникалық шарттардың талаптарына, ережелері мен нормаларына сәйкес координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) ұсынуды жүзеге асырады, сондай-ақ спутниктік навигация аппаратурасын тексереді және сертификаттық сынауды жүргізеді. Осы мақсатта ДжСНЖ операторы басқа жүйелердің ақпараттық ресурстарын және телекоммуникациялық құралдар ресурстарын пайдалана алады.
      Бұл ресурстарды пайдалану ДжСНЖ операторының қызметтері құнының өсуіне, координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз етудің тұтастылығының, сенімділігі мен қолжетімділігі дәрежесінің төмендеуіне апарып соқпайды.
      13. ДжСНЖ операторының қызметтері ДжСНЖ негізінде, сондай-ақ тұтынушылардың навигациялық аппаратураға, сандық навигациялық карталарға және тиісті КМИ қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы қалыптастырылады.
      14. ДжСНЖ операторы қызметтерді тарату, қызмет көрсету орталықтарын, спутниктік навигациялық қызметтерді көрсету, қолдану саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құрады және дамытады.
      15. ДжСНЖ операторының қызметтері тіркелген тұтынушыларға ақылы негізде ұсынылады.
      16. ДжСНЖ операторы қазақстандық тұтынушыларға спутниктік навигациялық ақпаратты табыс ету мүмкіндігін Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде, ал жекелеген жағдайларда бақылау және басқару ведомстволық жүйелерімен қатынас жасау арқылы қамтамасыз етеді.
      17. ДжСНЖ операторының ДжСНЖ арнайы секторымен өзара іс-қимыл жасауының технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін нұсқаулықта айқындалады.
      18. ДжСНЖ операторының координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтерін (бұдан әрі – 1-қызмет) алу үшін тұтынушылар шарт жасасқаны туралы өтінішті ДжСНЖ операторына береді.
      Өтініште қызмет түрлері, координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтерді пайдалану мақсаты, 1-қызметті көрсету ауданы мен деректемелері көрсетіледі.
      Өтініште көрсетілген қызмет түрімен айналысуға құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ жеке тұлға үшін тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік (филиалды немесе өкілдікті есепті тіркеу туралы куәлік) қоса беріледі.
      19. ДжСНЖ операторы үш жұмыс күн ішінде тұтынушының 1-қызметті алу құқығының, сондай-ақ сұратылған ауданда 1-қызметті көрсетудің техникалық мүмкіндіктерінің болуы тұрғысынан өтінішті қарайды. ДжСНЖ операторы қарау нәтижелері бойынша тұтынушыға 1-қызметті көрсетуге келісімі не бас тартуы туралы хабарлама жолдайды.
      20. 1-қызмет көрсету келісілген жағдайда тұтынушы хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде ДжСНЖ операторы мен тұтынушының арасында 1-қызмет көрсетуге шарт жасасады.
      Шартқа қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде тұтынушы 1-қызметке қосылады.
      21. Тұтынушы сертификатталмаған жабдықты пайдалану фактісі анықталған жағдайда, сондай-ақ 1-қызметке уақтылы ақы төлемегенде, бұзушылық туралы жазбаша хабарламадан кейін күнтізбелік он күн өткен соң ДжСНЖ операторы жабдықтың сертификатталғанын растайтын құжаттарды ұсынғанға дейін, сондай-ақ 1-қызметке ақы төленгенге дейін тұтынушының 1-қызметке кіруін тоқтата тұрады.
      22. 1-қызметті ақы төлеу нысаны мен тәртібі шартта көрсетіледі.
      23. ДжСНЖ операторы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спутниктік навигация аппаратурасына (бұдан әрі - СНА) тексеру және СНА сертификаттық сынау жүргізу қызметтерін (2-қызмет) көрсетеді.
      24. Зертхана сертификаттау мақсатында тексеру және сынау жөніндегі қызметті шартты, сондай-ақ шартсыз негізде жүзеге асырады.
      Зертхана өзіне берілген аккредиттерге сәйкес тексеру және сынау нысанының барлық болу мерзімінің ұзақтығында үлгілерді (ӨҚ сынау жағдайында) іріктеуді, қабылдауды, тасымалдауды, сақтауды, тексеруді және сынау нысанын бұзылудан қорғауды жүзеге асырады және 2-қызметті тұтынушының мүдделерін қорғауға кепілдік береді.
      25. Зертхана ӨҚ тексеруге және сынауға қабылдауды және тексеру/сынау өткізілгеннен кейін белгіленген үлгідегі ӨҚ қабылдау-табыстау актісіне сәйкес тапсыруды жүзеге асырады.
      Тексеруді және сынауды жүзеге асыру мерзімі мен әдістері берілген акредиттеуге сәйкес рәсімдік түрде айқындалған. Өткізілетін тексеру және сынау нәтижелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделеді.
      26. Тұтынушыларды координаттық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз етудің ерекше режимін қамтамасыз ету тәртібі уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және қарамағында аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, режимді объектілер мен стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары басшыларының бірлескен бұйрықтарымен бекітілетін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарда айқындалады.
      27. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының навигациялық қызметтегі объектілерін навигация құралдарымен жабдықтау ДжСНЖ операторына жүктеледі.
      28. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының навигациялық қызмет объектілерін навигация құралдарымен жабдықтау, координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз етудің геоақпараттық және автоматтандырылған жүйелерін кешенді дамыту ДжСНЖ пайдалану мүмкіндігін есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2012 года № 645. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1063

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.12.2015 № 1063 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 28.04.2015 г. № 496.


      В соответствии с подпунктом 11) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 мая 2012 года № 645

Правила
организации и предоставления спутниковых навигационных услуг
национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» и устанавливают порядок организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) специальный сектор системы высокоточной спутниковой навигации (далее – специальный сектор СВСН) – подразделение Министерства обороны Республики Казахстан, обеспечивающее процедуры использования военными потребителями функциональных дополнений глобальных навигационных спутниковых систем (далее – ГНСС), внедрения спутниковых навигационных технологий в интересах обеспечения обороны и безопасности Республики Казахстан;
      2) система высокоточной спутниковой навигации (далее – СВСН) – функциональное дополнение ГНСС, включающее технические средства наземного и (или) космического базирования, предназначенные для обеспечения потребителей дополнительной информацией, позволяющей повысить точность определения их пространственных координат, составляющих скорости и поправки часов;
      3) национальный оператор системы высокоточной спутниковой навигации (далее – оператор СВСН) – организация, осуществляющая управление и эксплуатацию системы высокоточной спутниковой навигации Республики Казахстан, реализующая единство технологического обеспечения в сфере спутниковой навигационной деятельности, а также оказывающая услуги на основе ее использования;
      4) глобальная навигационная спутниковая система (далее - ГНСС) – космическая система, предназначенная для определения координатно-временных параметров (географических координат и высот, скорости и направления движения, времени) наземных, водных и воздушных объектов;
      5) инфраструктура пространственных данных (далее – ИПД) – информационно-телекоммуникационная система, обеспечивающая доступ юридических и физических лиц с целью получения информационных услуг;
      6) объекты навигационной деятельности – объекты, оснащенные средствами навигации и (или) использующие их в целях навигационной деятельности;
      7) цифровая навигационная карта – специальная карта, создаваемая в цифровой форме представления данных, предназначенная для использования в навигационных аппаратурах потребителей и решения навигационных задач;
      8) потребитель спутниковых навигационных услуг (далее – потребитель) – физическое или юридическое лицо, использующее услуги оператора СВСН;
      9) спутниковая навигационная информация – совокупность сведений (сообщений, данных) о предметах, фактах и явлениях, использующихся для решения задач координатно-временного и навигационного обеспечения, независимо от формы их представления;
      10) навигационные сигналы стандартной точности – сигналы ГНСС, предназначенные для решения задач координатно-временного и навигационного обеспечения без ограничений, связанных с режимом санкционированного доступа;
      11) особый режим координатно-временного и навигационного обеспечения потребителей – особый режим работы радиотехнических средств, в районах расположения особо важных государственных, стратегических, режимных объектов и объектов отраслей экономики Республики Казахстан, имеющих стратегическое значение, обусловленный необходимостью организации мер защиты таких объектов и противодействия иностранным техническим разведкам.
      3. Для осуществления предоставления спутниковых навигационных услуг при использовании сведений, составляющих государственные секреты, оператор СВСН имеет штатное подразделение по защите государственных секретов, средства вычислительной техники, сертифицированные в соответствии с требованиями по обеспечению безопасности, и разрешения в соответствии с законодательством о государственных секретах.
      4. Оператор СВСН представляет полный отчет по соблюдению требований настоящих Правил, с указанием районов координатно-временного и навигационного обеспечения потребителей спутниковых навигационных услуг в уполномоченный орган в области космической деятельности не реже одного раза в год.
      Содержание и порядок представления отчета определяются в соответствии с нормативными правовыми актами уполномоченного органа в области космической деятельности.
      5. С целью организации использования СВСН в интересах обеспечения обороны и безопасности Республики Казахстан, в наземном комплексе управления СВСН Министерством обороны Республики Казахстан сформирован специальный сектор СВСН.

2. Порядок организации спутниковых навигационных услуг
оператором СВСН

      6. В целях внедрения спутниковых навигационных технологий, а также решения задач повышения точности, надежности и доступности координатно-временного и навигационного обеспечения потребителей на территории Республики Казахстан, в качестве функционального дополнения ГНСС создается СВСН.
      7. СВСН создается оператором СВСН для обеспечения нужд государственных органов Республики Казахстан, юридических и физических лиц в спутниковых навигационных услугах за счет средств республиканского бюджета.
      8. Задачи формирования и дальнейшей эксплуатации функциональных дополнений ГНСС, в части использования навигационных сигналов стандартной точности, возлагаются на оператора СВСН.
      9. С целью проведения сертификационных испытаний и поверки аппаратуры и оборудования спутниковой навигации создается лаборатория по оценке соответствия аппаратуры спутниковой навигационной (далее - лаборатория), являющаяся подразделением оператора СВСН.
      Испытание и поверка аппаратуры и оборудования спутниковой навигации выполняются посредством идентификации (принадлежность к классификационной группировке и партии, соответствие технической документации, происхождение), подтверждения соответствия аппаратуры и оборудования спутниковой навигации требованиям, обеспечивающим безопасность жизни и здоровья человека, охрану окружающей среды, проводятся сертификационные испытания, а также определения и подтверждения соответствия средств измерений техническим и метрологическим требованиям, установления пригодности к применению.
      10. Для обеспечения потребностей в оборудовании функциональных дополнений ГНСС в навигационной аппаратуре потребителей и модернизации систем управления объектов навигационной деятельности на территории Республики Казахстан оператором СВСН создается соответствующее сборочное производство.
      11. При возникновении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера оператор СВСН при взаимодействии с уполномоченным органом в области гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций обеспечивает абсолютный приоритет использования спутниковых навигационных услуг для проведения мероприятий в области безопасности и информирования населения о чрезвычайных ситуациях.

3. Порядок предоставления спутниковых навигационных
услуг оператором СВСН

      12. Оператор СВСН осуществляет предоставление координатно-временных и навигационных услуг (далее – услуги), а также проводит поверку и сертификационные испытания аппаратуры спутниковой навигационной в соответствии с требованиями, положениями и нормами национальных и межгосударственных стандартов, стандартов и рекомендаций организаций, технических условий на создание и применение навигационной аппаратуры потребителям на всей территории Республики Казахстан. С этой целью оператор СВСН может использовать информационные ресурсы других систем и ресурсы телекоммуникационных средств.
      Использование данных ресурсов не влечет за собой повышения стоимости услуг оператора СВСН, снижения степени целостности, надежности и доступности координатно-временного и навигационного обеспечения.
      13. Услуги оператора СВСН формируются на основе СВСН, а также путем обеспечения потребностей в навигационной аппаратуре пользователей, цифровых навигационных картах и соответствующей ИПД.
      14. Оператор СВСН создает и развивает систему распространения услуг, сервисных центров, подготовки, переподготовки и повышения квалификации специалистов в области оказания, использования спутниковых навигационных услуг.
      15. Услуги оператора СВСН потребителям предоставляются на платной основе.
      16. Оператор СВСН обеспечивает возможность передачи спутниковой навигационной информации казахстанским потребителям в едином информационном пространстве Республики Казахстан, а в отдельных случаях путем сопряжения с ведомственными системами контроля и управления.
      17. Технологические и организационные особенности взаимодействия оператора СВСН со специальным сектором СВСН определяются инструкцией, утверждаемой совместным приказом уполномоченного органа в области космической деятельности и Министерства обороны Республики Казахстан.
      18. Для получения координатно-временных и навигационных услуг (далее - услуга 1) оператора СВСН потребители подают заявление о заключении договора оператору СВСН.
      В заявлении указываются виды деятельности, цели использования координатно-временных и навигационных услуг, район оказания услуги 1 и реквизиты.
      К заявлению прилагаются документы, подтверждающие право на занятие указанным видом деятельности, а также для физического лица документы, удостоверяющие личность потребителя, для юридических лиц - свидетельство о государственной регистрации или перерегистрации (свидетельство об учетной регистрации филиала или представительства).
      19. В течение трех рабочих дней оператор СВСН рассматривает заявку на предмет наличия прав получения услуги 1 потребителем, а также технической возможности оказания услуги 1 в запрашиваемом районе. По результатам рассмотрения оператор СВСН направляет потребителю уведомление о согласии либо мотивированном отказе в предоставлении услуги 1.
      20. В случае согласия в предоставлении услуги 1 в течение трех рабочих дней после получения уведомления потребителем, между оператором СВСН и потребителем заключается договор на оказание услуги 1.
      Потребитель подключается к услуге 1 в течение одного рабочего дня с момента подписания договора.
      21. В случае установления факта использования не сертифицированного оборудования, а также при несвоевременной оплате услуги 1 потребителем, оператор СВСН по истечении десяти календарных дней после письменного уведомления о нарушении приостанавливает доступ потребителя к услуге 1 до представления документов, подтверждающих сертификацию оборудования, а также до оплаты услуги 1.
      22. Формы и порядок оплаты за услугу 1 указываются в договоре.
      23. Услуги по проведению поверки аппаратуры спутниковой навигационной (далее - АСН) и сертификационных испытаний АСН (услуга 2) осуществляются лабораторией для целей сертификации средств измерений (далее – СИ).
      24. Лаборатория осуществляет деятельность по поверке и испытаниям, как на договорной, так и на бездоговорной основе.
      Лаборатория согласно присвоенным аккредитациям осуществляет отбор образцов (в случае испытаний СИ), приемку, транспортировку, хранение, идентификацию на протяжении всего срока пребывания объекта поверки и испытаний, защиту от порчи объекта поверки и испытаний и гарантирует защиту интересов потребителя услуги 2.
      25. Лаборатория осуществляет прием СИ на поверку и испытания и выдачу СИ после проведения поверки и испытаний согласно акта приема - передачи СИ установленного образца.
      Сроки и методы осуществления поверки и испытаний процедурно определены в соответствии с присвоенными аккредитациями. Результаты проводимых поверок и испытаний оформляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области обеспечения единства измерений.
      26. Порядок обеспечения особого режима координатно-временного и навигационного обеспечения потребителей определяется инструктивно-методическими документами, утверждаемыми совместными приказами уполномоченного государственного органа, Министерства обороны Республики Казахстан и руководителей государственных органов Республики Казахстан, в чьем ведении находятся соответствующие особо важные государственные, стратегические, режимные объекты и объекты отраслей экономики Республики Казахстан, имеющих стратегическое значение.
      27. Оснащение объектов навигационной деятельности государственных органов и организаций Республики Казахстан средствами навигации возлагается на оператора СВСН.
      28. Оснащение объектов навигационной деятельности государственных органов и организаций Республики Казахстан средствами навигации, комплексное развитие геоинформационных и автоматизированных систем координатно-временного и навигационного обеспечения осуществляется с учетом возможности использования СВСН.