2012 жылғы 21 мамырдағы № 645 «Дәлдігі жоғары спутниктік
навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық
қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз-релизі
Осы Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалар «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін белгілейді.
Қағидаларды қабылдаудың мақсаты дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін нормативтік-құқықтық акті дәрежесінде регламенттеу болып табылады.
Жобаның қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі