Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру,
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар):
1) 718-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
2) 739-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Банкпен банктік шот шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банктік шоттар ашылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз иелiк жасау құқығына кепiлдiк бере отырып, банктік шотта тұрған ақшаны пайдалана алады.";
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат, 2012 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 7 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы:
1) 30-баптың 1-4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1-4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мамандандырылған қаржылық сот өңірлік қаржы орталығы қатысушысының мүліктік және мүліктік емес сипаттағы даулар бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.";
2) 158-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарына консервациялау жүргізу жөніндегі дауға салынатын актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға жол берілмейді.";
3) 159-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берген лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;";
4) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.";
5) 312-6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өтінішін сот оны іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап бес күн ішінде қарайды.".
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; 2012 жылғы 7 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу";
мынадай мазмұндағы 168-6 және 168-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"168-6-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілік беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
168-7-бап. Ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін уәкілетті банктердің есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы";
169-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу";
171-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат (мәліметтер) беру талаптарын бұзу";
172-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану шеңберінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы";
175-1 және 175-2-баптардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу
175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау";
179-3 және 180-баптардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді немесе басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындамауы
180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептілікті, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін бұзу";
187-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау";
193-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарын бұзу";
201-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"201-1-бап. Инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзу";
356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"356-бап. Мемлекеттік инспекцияның және мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау";
587-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"587-бап. Заңды тұлғаның өкілдері";
2) 16-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде адамның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiпте ғана мүмкiн болады.";
3) 36-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған заңды тұлға жеке кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес оның мәртебесін айқындауға мүмкіндік беретін құжат беруге міндетті.";
4) 48-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы Кодекстің ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шектерде, әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр көлеміне сай келетiн мөлшерде ақшалай өндіртіп алу.
Осы Кодекстің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:
қоршаған ортаға келтірілген залал сомасының;
салық мiндеттемесінің орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының;
аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының,
келтірілген залал сомасының;
алынған табыс сомасының;
заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісінше есепке алынбаған соманың;
Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасының;
монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы немесе қаржы ұйымдарының қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;
есепке алынбаған ұлттық және шетел валюталары сомасының пайызымен көрсетіледі.
Егер осы Кодекстің ерекше бөлімінің баптарында көзделген айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілсе және мұндай операция шетел валютасында жүргізілсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік жаза қолдану күніне салық заңнамасына сәйкес анықталған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.";
5) 60-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн Кодекстің ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, қолданылады.";
6) 61-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;";
7) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын бюджеттік қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, заңсыз нормативтік құқықтық актіні басып шығару мен қолдануды және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн және ол жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмауға тиiс.";
8) 88-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"7. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі – лауазымды тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 158-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
10) 158-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
11) 158-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу
1. Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтер өзіне кәсіби немесе қызметтік іс-әрекетпен байланысты белгілі болған адамның олардың иесінің келісімінсіз сақтау міндетін бұзуы – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
12) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу
1. Уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізуі – ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған іс-әрекет – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
13) 168-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, олардың ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептілікті, ақпаратты беруі, не дәйексіз есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
жеке тұлғаға – елу, лауазымды тұлғаға – жүз, заңды тұлғаға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) – лауазымды тұлғаға – екі жүз, заңды тұлғаға – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (кейінгі күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы – заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн банктердiң бірнеше рет (кейінгі күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы – заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасында тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы – лауазымды тұлғаға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаға – мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден кем емес және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) – лауазымды тұлғаға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, заңды тұлғаға – мәмiле сомасының бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткiштердiң, не пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы онда бар мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiк жасауы – лауазымды тұлғаға – жүз, заңды тұлғаға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) – лауазымды тұлғаға – екі жүз, заңды тұлғаға – алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасалатын шарттарда дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндетін орындамауы – лауазымды тұлғаға – отыз, заңды тұлғаға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктің жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
14) мынадай мазмұндағы 168-6 және 168-7-баптармен толықтырылсын:
"168-6 -бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті уақтылы бермеуі – заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған іс-әрекет – орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша дәйексіз есептілікті беруі – заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған іс-әрекет – орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті бермеуі –
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-7-бап. Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
1. Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті уақтылы бермеуі – заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған іс-әрекеттер – заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін дәйексіз есептілікті беруі – заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған іс-әрекеттер – заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті бермеуі – заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
15) 169-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
1. Уақтылы жүргізілмеген акцепт немесе акцепттен бас тарту, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды Қазақстан Республикасының ақша төлемi мен аударымы туралы заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып уақтылы орындамауы – заңды тұлғаға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының үш пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда көрсетілгеннен басқа бенефициардың пайдасына, немесе нұсқауда көрсетілгеннен басқа сомаға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы – заңды тұлғаға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының үш пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз еткен;
2) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болмаған;
3) егер жөнелтуші ақша аударымы туралы нұсқауды жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтаған;
4) егер нұсқаудың акцептінен бас тарту Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген жағдайларға қатысты болмаған жағдайдағы ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды акцепттеуден негізсіз бас тартуы – заңды тұлғаға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомасының үш пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы – заңды тұлғаға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы акцепттелген нұсқауды бермеуі:
ақша төлемі мен аударымы туралы заңда көзделген жағдайларда ақша аударымын аяқтамауы;
қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жөнелтушіге қолма-қол ақша бермеуі түрінде ақша төлемдері немесе аударымдары бойынша нұсқауларды орындамауы – заңды тұлғаға ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылық ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың сомасы он айлық есептік көрсеткішке балама сомадан асқан жағдайларда басталады.
Осы баптың талаптары жауаптылығы осы Кодекстің 88-бабының бесінші бөлігінде, 88-1-бабының үшінші бөлігінде, 216 және 217-баптарында көзделген іс-әрекеттерге қолданылмайды.";
16) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты (мәліметтерді)
беру жөніндегі талаптарды бұзу
Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы ірі қатысушысының, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес талап етілетін мәліметтері жоқ есептілікті, ақпаратты беруі, не олардың дәйексіз есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі – жеке тұлғаларға жүз, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) 172-1, 172-2 және 173-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға
байланысты талаптарды бұзу
1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды жою туралы жазбаша нұсқамаларды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі жасауы – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бірнеше рет (кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп рет) дәйексіз есептілікті және Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген ақпаратты беруі, есептілікті және Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген қосымша ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мүлікті өткізу тәртібін бұзуы – тарату комиссиясы төрағасына не бөлімшесі басшысына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының бірнеше рет (кейінгі күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде екі және одан көп рет) кассалық тәртіп бойынша талаптарды бұзуы – тарату комиссиясы төрағасына не бөлімшесі басшысына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану шеңберінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы
1. Банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздеріне қабылдаған және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктеген міндеттерін орындамауы – орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, ислам арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздеріне қабылдаған және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктеген міндеттерін орындамауы – орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздеріне қабылдаған және (немесе) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктеген міндеттерін орындамауы – жеке тұлғаға – елу, лауазымды тұлғаға – жетпіс, заңды тұлғаға – төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – жеке тұлғаға – жүз, лауазымды тұлғаға – жүз қырық, заңды тұлғаға – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғалардың, актуарийдің өзіне қабылдаған және (немесе) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген міндеттерін орындамауы – жеке тұлғаға – елу, лауазымды тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі қатысушыларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздеріне қабылдаған және (немесе) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген міндеттерін орындамауы – жеке тұлғаға – елу, лауазымды тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (құрылтайшыларының) және үлестес тұлғаларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі не Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтер жоқ есептілікті, ақпаратты беруі не дәйексіз есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруi – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңына сәйкес есептiлiктi не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі, не дәйексіз есептілікті беруі – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға оны бермеуі не уақтылы бермеуі – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (кейінгі күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы – мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде елу және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларға өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауланған бөлімшесінің орналасқан жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте уақтылы хабарламауы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын тиісінше құжаттандыру, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшірмелерін орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтандыру құжаттамасы бланкілерінің есебін жүргізу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу ережелерін бұзуы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiктегі көрсеткiштерiнiң не пруденциалдық нормативтердiң және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілік жасауы – лауазымды тұлғаға – елу, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу – лауазымды тұлғаға – елу, заңды тұлғаға – екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептiлiгiн және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талапты бұзуы – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
18) 174-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды тұлғаға – елу, заңды тұлғаға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаға әрбір жоғалған құжат үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
19) 175-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті сақтандыру шартын заңнама талаптарына сәйкес келмейтін талаптармен мынадай сипатта жасауы:
1) сақтандыру сомаларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеу;
2) сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеу, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді қате (негізсіз) қолдану;
3) сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру;
лауазымды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – мәміле сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының жүз пайызы мөлшерiнде, бірақ айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден кем емес не екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
20) 175-1 және 175-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерiн келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзімдерін бұзу
1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерiн келісудің мерзімдерін бұзуы – заңды тұлғаға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер, заңды тұлғаға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметi және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау – лауазымды тұлғаға – елу, заңды тұлғаға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
21) 179-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"3. Бухгалтерлік есепте оның нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының операцияларды жүргізуі – заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ кемінде жүз және айлық есептік көрсеткіштің төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соқтырған, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұзып жүргізуі – заңды тұлғаға – жөнсіз есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ кемінде жүз айлық есептік көрсеткіш және айлық есептік көрсеткіштің төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
22) 179-3 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтердi немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ондағы көрсеткіштерді не пруденциалдық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соқтырған есептілікті жасауы –
лауазымды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (кейінгі күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан көп рет) орындамауы – заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептілікті, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша дәйексіз есептілік беруі – жеке, заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам іс-әрекет ететін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған iс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам іс-әрекет ететін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті уақтылы бермеу – жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам іс-әрекет ететін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған iс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам iс-әрекет ететін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті бермеу – жеке тұлғаларға – қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына әсер ететін жағдайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды уақтылы бермеу – дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған iс-әрекеттер – дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына әсер ететін жағдайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды бермеу – дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
23) 182-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) –";
24) 184-1-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудит жүргiзілуі мiндеттi қаржы ұйымдарына аудит жүргiзу нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарламау және аудиттелетiн осы ұйымдарды хабардар етпеу – аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiленген мерзiмде аудиторлық есептi беру туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептi бермеуі – аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не тоқтатпай, аудиторлық ұйымдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
25) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талаптарын
орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;
резиденттiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есептемеу түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамау – дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – есептелмеген ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
26) 188-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған iс-әрекеттер –";
27) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бірнеше рет (кейінгі күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы – эмитентке елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
28) 192-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жарнама берушiге жүз айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
29) 193-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі
уәкілетті органға есептілікті, ақпаратты,
мәліметтерді беру бойынша талаптарын бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтер жоқ есептілікті, ақпаратты, не дәйексіз есептілікті, мәліметтерді, не оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектiлерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың және (немесе) өтеудің қорытындылары туралы есепті бекіту, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны алу үшін өзге де сұратылатын ақпаратты беруі – лауазымды тұлғаға – жүз, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ мәлiметтердi беруі – заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
30) 194-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу
Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы – лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
31) 195-1 баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды тұлғаларға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
32) 197-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
33) 197-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"197-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне заңнамада белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне заңнамада белгiленген талаптарды бірнеше рет (кейінгі он екі күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзуы – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
34) 198-бап алып тасталсын;
35) 200-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
36) 201-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды тұлғаларға екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
37) 201-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңының талаптарын бұзу
1. Акционерлiк инвестициялық қордың, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңының өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы – лауазымды тұлғаларға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акционерлiк инвестициялық қордың, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы – лауазымды тұлғаларға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
38) 202-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
39) 216-баптың бірінші бөлігінің үшінші, төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"банк шоттарында клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін клиенттің ақшасы жеткілікті болған кезде салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сомасын аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамауы;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейiнгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөнiндегi инкассалық тапсырмаларын (өкімдерді) бiрiншi кезекте орындамау;";
40) 217-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"банк шоттарындағы клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомаларын алуға инкассалық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы;";
41) 356-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"356-бап. Мемлекеттік инспекцияның және мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау
1. Мемлекеттiк инспекциялар және мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық (алғашқы статистикалық деректердi қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, тексеру, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша – ревизия, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген қажетті әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер жасау не дәйексіз ақпарат беру – жеке тұлғаларға – үшке дейінгі мөлшерде, лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, – жеке тұлғаларға – жетiге дейiнгi мөлшерде, лауазымды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 130, 147-9, 172-1, 172-2, 216, 219, 219-10, 305, 313-баптарында, 317-баптың екiншi бөлiгiнде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау – жеке тұлғаларға – беске дейiнгi мөлшерде, дара кәсiпкерлерге – жиырмаға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, - жеке тұлғаларға - беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
42) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80–84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi бөлiктерiнде), 147-11, 147-12, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 168-4, 168-5, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 176 (бiрiншi және үшінші бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртiншi - алтыншы бөлiктерiнде), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгiнде), 222-226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде),
306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде), 310-1 (екінші бөлігінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342–344, 346–357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 – 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426–430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 – 518, 520 – 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
43) 567-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 173 (екінші және жетінші бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
44) 572-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (төртiншi бөлiгiнде), 168-6, 168-7, 169, 169-2, 172-2 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 179 (үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 180, 182, 188 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 188-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ жиналуы олардың құзыретiне кiретiн бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
45) 573-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1-1, 1-2, алтыншы және жетінші бөлiктерінде), 158-1, 158-2, 167-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 168-2 (бiрiншi - үшінші, бесінші - оныншы бөлiктерінде), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2 (үшінші – алтыншы бөліктерінде), 173 (бірінші, үшінші – бесінші, жетінші - он бесінші бөліктерінде), 174, 175 (бiрiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197, 197-1, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
46) 585-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болса, оның өкiлiнен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.";
47) 587-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"587-бап. Заңды тұлғаның өкілдері
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның өкiлдерi жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның атынан іс-қимыл жасайтын заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып табылады. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнің өкiлеттiгi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
Заңды тұлғаның мүдделерін білдіретін өзге тұлғалар тапсырма бойынша өкілдер болып табылады, олардың өкілеттіктері заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлға атынан берген және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенімхатта айқындалады.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның және жәбірленушінің өкiлдері осы Кодексте олар өкілдігін білдіретін тұлғаларға қатысты көзделген құқықтарға ие және жауаптылық атқарады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Осы адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған жағдайларда, олардан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспесе ғана iс оның өзi болмаған кезінде қаралуы мүмкiн.
5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу немесе өтеулі негізде алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соқтыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылатын заңды тұлғаның өкiлiнiң болуы мiндеттi.
6. Заңды тұлғаның өкiлi iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда көрсетілген адамға судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органның (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн.";
48) 590-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қорғаушыны өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсырмасы бойынша немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.";
49) 601-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сарапшы мен аудармашы, егер: олардың білікті емес екені анықталса; олар әкiмшiлiк жауапқа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушысымен, өкiлiмен, осы iстi жүргiзiп жатқан прокурормен, судьямен, алқалы органның мүшесiмен немесе лауазымды тұлғамен туыстық қатынастарда болса, не олар бұған дейiн осы iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, бұл адамдарды осы iске жеке өз басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздемелер болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға жiберiлмейдi.";
50) 611-баптың сегізінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жәбірленушілерге сараптама олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың өкілдері береді.";
51) 612-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"612-3-бап. Үлгілерді алу кезінде тұлғаның құқықтарын қорғау
Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуға тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға үлгілер алынуға тиіс адам жазбаша келісім бергенде, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, оның өкілдерінің келісімімен ғана жол беріледі.";
52) 619-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi болып, оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке тұлғаны, тұлғаның өкiлiн мына жағдайларда:";
төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оны көзделген мерзімдерде жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмағанда, өтініш беруші органның (лауазымды тұлғаның) атына жеткізілмеу себептерін көрсетіп, жазбаша хабарлама жіберіледі.";
53) 625-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғасы не тұлғаның өкiлi, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi алып келінеді.";
54) 626-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөніндегі хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де ұқсастық белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың типі, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.";
55) 627-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көлiк құралдарын, шағын көлемді кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға не оның өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады.";
56) 627-2-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның өкіліне тапсырылады.";
57) 628-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.";
58) 629-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткізу үшін көлік құралын жүргізуден шеттетілген күні, уақыты, орны, негіздері көрсетіледі. Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның өкіліне тапсырылады.";
59) 631-бапта:
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де ұқсастық белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.";
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды тұлға, өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Көрсетілген заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда оған тиiстi жазба жасалады.";
60) 632-1-бапта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне оларға билік етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы хабарлай отырып, көрсетілген тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды тұлға тағайындаған басқа да адамдардың жауаптылықпен сақтауына берiлуi мүмкiн.";
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.";
61) 633-бапта:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.";
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде жiберiледi.";
62) 635-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды тұлға жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi және күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң көрсетілген құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекенжайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлғаның өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, техникалық құралдың көрсеткіштері; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам (адамның заңды өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам болмаған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жазады.
7. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Көрсетілген адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 4-2-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі бар болса, ол көрсетіледі.";
63) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1. тармақшада:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 168-4, 168-5, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 176 (үшінші бөлігі) 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктер), 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);";
отыз үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (158, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 168-3, 184-1 (үшiншi және жетінші бөлiктері), 190, 192, 200, 202, 356-баптар);";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 168-6, 168-7, 179 (үшінші және төртінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);";
64) 638-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 168, 168-6, 168-7, 169-баптарында, 172-2-баптың бірінші және екінші бөліктерінде, 179-баптың үшінші және төртінші бөліктерінде, 180, 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.";
65) 639-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ескерту немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда және тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.";
66) 642-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарайтын лауазымды тұлға (уәкілетті мемлекеттік орган) орналасқан жер бойынша қаралады.";
67) 644-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса;";
68) 645-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды тұлғадан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.";
69) 646-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жауапқа тартылушы адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iстi қараушы судья, орган (лауазымды тұлға) көрсетілген адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.";
70) 648-бапта:
бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлiнiң өкiлеттiктерiн тексереді;";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады.";
71) 652-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаулының көшірмесі өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) ол хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе).жіберіледі. Әкімшілік тыйым салу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.";
72) 658-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлға атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттi басқа адам қол қояды.";
73) 663-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) iс бойынша өзi қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;";
74) 671-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде оған қатысты iс бойынша қаулы шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, өзi шағым берген жағдайда немесе оның өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге, наразылық келтiрген прокурорға тапсырылады немесе жiберiледi.";
75) 700-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкiлiне өздерiне қатысты шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ жәбiрленушiге өтiнiшi бойынша оның қолхатымен берiледi. Көрсетілген адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iске тиiстi жазу жазылады.";
76) 701-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болғанда, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, қаулыны шығарған орган (лауазымды тұлға) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.";
77) 705-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал көрсетілген адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күндік мерзiмде жiберiледi.";
78) 708-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiнде ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiпте жүргiзiледi.";
79) 709-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп
орындату
1. Сот, уәкiлеттi орган (лауазымды тұлға) айыппұл салу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, ақша төлемдері мен аударымдары жөніндегі мәселелер және атқарушылық іс жүргізу мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы мәселелер жөніндегі заңнамада белгiленген тәртiпте ақша алу үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.
Салық қызметiнiң органдары қарастыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiпте салық қызметiнiң органдары орындайды.
2. Банк немесе өзге кредиттік мекеме айыппұл сомасын белгіленген тәртіпте мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.";
80) 709-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға мемлекеттік сот орындаушысына жiберген кезде оған әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі және әкімшілік жазаны қолданған органның айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы анықтамасы мiндеттi түрде қоса берiледi.".
4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):
1) мазмұнында:
28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"28-Тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, ҚҰҚЫҚ
ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"257-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу.";
2) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"28-Тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, ҚҰҚЫҚ
ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ";
3) мынадай мазмұндағы 257-1-баппен толықтырылсын:
"257-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның
ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулерді белгіленген ерекшеліктермен осы Кодекспен реттеледі.".
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат;№ 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар):
1) мазмұнындағы 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және еншілес ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі";
2) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
3) 62-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.";
4) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және еншілес ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі".
6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 151, 161-құжаттар; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11,15-құжаттар; № 3, 21, 22, 27-құжаттар; № 4, 31-құжат; № 5, 32-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 541-бапта:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, ведомстволары және өкілдіктері – олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыз берген кезде;";
21) тармақша алып тасталсын;
2) 542-баптың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
3) 581-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтау шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа резиденті еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашқан кезінде, уәкілетті органды хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникативтік желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғандығы туралы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 4), 6), 9), 12) тармақшаларында көзделген міндеттерін орындауы мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіпте ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттардың ашылғандығы туралы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз тасымалдауышта салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру жолымен заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға мұндай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;";
8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) нұсқамасы болған жағдайда тексерілетін заңды тұлғаның, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның ақшаның болуын және банк шоттары бойынша жүргізілетін операцияларды тексеруге салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасын жіберуге;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
10) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған кезде қарыз алушыда – салық төлеушіде (соңғысында) міндеттемелерін есептен шығарудан кіріс пайда болғаны туралы оның орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын отыз күн ішінде хабардар етуге;";
12) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"салық салуға байланысты мәселелер бойынша – дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;";
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіпте расталған және салық есептілігін берудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, оны бермеген заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіпте әрекетсіз заңды тұлғаның, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;".
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат):
1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметін тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.";
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi – заңды тұлға
Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы бар және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi оған жүктелген функцияларды Қазақстан Ұлттық Банкiнің жүзеге асыруын ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және қызметіне қатысады, оның ішінде Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың құрылтайшысы ретінде іс-әрекет жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өзінің консультативтік-кеңес органдарын құрады, сондай-ақ осы Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнің халықаралық және өзге ұйымдарға қатысуы туралы шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.";
3) 7-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттеу;
6) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер.";
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары және өкiлеттiктерi Қазақстан Ұлттық Банкі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;
2. мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
3. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;
4. банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5. қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларын орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6. банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесіндегі ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
7. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерiн және аударымдарын реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсуі бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлер банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн белгiлеуге құқылы;
8. Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
9. екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;
10. шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
11. бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
13. дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
14. соңғы сатыдағы қарыз беруші болып табылады, Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға қарыздар беруге құқылы, оларды қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырады;
15. қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
16. статистикалық әдіснаманы әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындайды;
17. статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылауды жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
18. қаржы секторына, ақша-кредит және банк статистикасына, төлем балансына, халықаралық инвестициялық позицияға және сыртқы борышқа шолу бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
19. осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20. қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;
21. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидалары мен тәртібін белгілейді;
22. Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
23. халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
24. қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
25. Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіу бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;
26. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
27. мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
28. сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
29. банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
30. Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
31. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
32. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
33. қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді береді;
34. мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
35. қаржы және өзге де ұйымдарға олар Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
36. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37. банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды анықтайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтары мен банктердің филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай - ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
38. осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.";
5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)
Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiпте жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға ғана арналады. Алтын-валюта резервтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен, iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен кредиттерді, депозиттерді, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша арнайы провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.";
6) 11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алтын-валюта резервтерін қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, сондай-ақ негізгі
құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.";
7) 12-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттер мен басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар және ұйымдар кiредi.";
8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның
өкiлеттiгi Қазақстан Ұлттық Банкінің ең жоғары органы
Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1. ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды;
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын;
4. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
6. Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;
7. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
8. банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
9. ұлттық валютаның айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын;
10. қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу қағидаларын;
11. кассалық операцияларды және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
12. тиiстi уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету және орналастыруды ұйымдастыру жөнiндегi орындалуы мiндеттi қағидаларды;
13. банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
14. банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау және реттеу қағидаларын;
15. Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауларды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
16. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мәселелері жөніндегі қағидаларды және нұсқаулықтарды, оның ішінде банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару қағидаларын, клиринг жүйесінде операциялар жүргізу қағидаларын, операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелері жұмысының қағидаларын;
17. банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
18. Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру қағидаларын;
19. төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларын, инкассалық өкімдерді, чектерді ресімдеу, пайдалану және орындау, банк шотын тікелей дебетке алуды, аккредитивтермен операциялар жүргізуді, вексельдерді есепке алуды және қайта есепке алуды, жай және аударым вексельдерімен операциялар жүргізуді, төлем карточкаларын шығару және пайдалану тәртібі мен талаптарын және қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәсілдерін, ақшаны пайдаланумен төлемдерді, сондай-ақ банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың тәртібі мен талаптарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
20. банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету қағидаларын;
21. Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырған кезінде электрондық құжаттармен алмасу қағидаларын;
22. электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақшаның эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
23. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптар белгілейтін қағидаларды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
24. банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілейтін қағидаларды;
25. электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланумен жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
26. экономика секторларының және төлемдер мақсатының кодтарын қолдану және оған сәйкес төлемдер жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
27. Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру қағидаларын;
28. Қазақстан Ұлттық Банкі және банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
29. банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
30. банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;
31. клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзіндінің мазмұнына қойылатын талаптарды;
32. қаржы ұйымдарын жүйе құрушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайтын қағидаларды;
33. екінші деңгейдегі банктердің құймадағы тазартылған алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;
34. осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
35. Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
36. айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегiн белгiлеу қағидаларын;
37. қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
38. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
39. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісім-шарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын;
40. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын;
41. барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және инвестициялық қорлар орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықты, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
42. бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
43. халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес келетiн нысандар не нысандарға қойылатын талаптар, қаржылық есептiлiктiң тiзбесi, оны қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың беру мерзiмдерi мен тәртiбi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
44. қаржылық есептiлiктiң тiзбесi, оны акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының жариялау тәртібі мен мерзімдері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
45. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп саясатын, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін;
46. салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
47. валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолу қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемі мен аударымы, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері жөніндегі әкімшілік деректерді жинау бойынша нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтер беру жөніндегі нұсқаулықты және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;
48. бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;
49. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау қағидаларын;
50. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
51. бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алу үшін мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;
52. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындаудың және еңбек шартын тоқтатудың қағидаларын;
53. Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ұйымдарының және акционерлік қоғамдарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидаларын;
54. ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді;
55. Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтары мен банктердің филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы туралы және Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
56. осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;
2) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін белгiлейдi;
3) ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау және айналысқа шығару, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастаудың тәртiбiн белгiлейді;
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;
6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау тиражын, қоспасын, шығарылатын мерзiмi мен күнiн айқындайды;
7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;
8) уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшерін және тәртібін белгілейді;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;
10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
11. Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
12. Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
13. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi,
сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
14. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;
15. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
16. Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары және ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, оған ақы төлеудi, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды айқындайды, оны бекiтеді;
17. өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару бойынша шұғыл шешiмдер қабылдау кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды тұлғаны (өкiлеттi өкiл) айқындайды;
18. қаржы және өзге де ұйымдар оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулi ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдану тәртібін айқындайды;
19. банктерге соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етiлген қарызды ұлттық және сол сияқты шетел валюталарымен беру туралы мәселені қарайды;
20. Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және қатысу туралы шешім қабылдайды;
21. аудиторлық тексерудің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
22. осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.";
9) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл кiредi.";
10) 19-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.";/
11) 20-бапта тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары және ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi және ведомстволары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.";
12) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ВЕДОМСТВОЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары
қызметкерлері лауазымдарының құрамы және
қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері – Қазақстанның Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында лауазым атқарып жүрген, еңбекақысы Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражатынан төленетін мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілер болып табылмайтын адамдар.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамына:
1) саяси мемлекеттік қызметшілердің,
2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері – мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар.
Лауазымдық өкілеттіктер – Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында қызметшілердің Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік қызметінде көзделген құқықтар мен міндеттер.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілері – азаматтық қызметшілер болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жұмыс істеуіне қызмет көрсету мен қамтамасыз ету бойынша еңбек міндеттерін орындайтын адамдар.
Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің еңбегіне бірыңғай ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.
20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының
қызметшілерін лауазымдарына тағайындау талаптары
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымды атқаруы үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуы тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу азаматтардың міндетті арнайы тексеруден өтуінен кейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:
1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiпте жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген тұлғаларды тағайындауға болмайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және еңбек шартын тоқтату қағидасын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітеді.
20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының
қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату:
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi беруі;
5) осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;
6) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында сатып алынған облигацияларын және акцияларын сенімгерлік басқаруға бермеуi;
7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруі;
8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары
қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің:
1) республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Еңбек кодексімен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды тұлғалар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;
9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;
10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері:
1) республиканың Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің актісінде бекiтілген тәртiппен ант беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңнамада белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және қызметтік мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;
5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
6) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы дереу басшылыққа немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға;
9) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерімен жұмыс істеген кезде (оларға қол жетімділік болған кезде) алған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарған кезде кез келген тасымалдауыш түрінде, қабылдау үшін кез келген қол жетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясын және өзге де ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде ашық және аралық инвестициялық пай қорларының тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алынған облигацияларын және акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне тапсыруға міндетті.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы акцияларын сатып алуға құқылы емес.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты қаржы ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізген жағдайда лауазымдық міндеттерін нақты және адал орындауына кедергі келтіретін барлық жағдайлар туралы, оның ішінде:
тексерілетін қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары) туралы;
тексерілетін қаржы ұйымдарында жұмыс істейтін жақын туыстары
(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе жұбайлары туралы;
қаржы ұйымдарынан алған қарыздары және тексерілетін қаржы ұйымдарының алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының
қызметкерлерінің жауаптылығы
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері өздерiне жүктелген мiндеттердi және еңбек тәртібін орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауапты болады.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, егер онда қызметтік жаза салынатын іс-әрекеттің белгілері болмаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің және ведомстволарының қызметшілеріне тәртіптік жазаның мынадай түрлері:
1) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
2) лауазымын төмендету;
3) еңбек шартын бұзу қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған кезде қолданылады.
Еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негіздер бойынша қолданылады.
3. Тәртiптiк жазаны:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін лауазымына тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға қолданады;
2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің актiсiнде белгiленетiн тәртiппен қолданылады.
4. Тәртiптiк терiс қылыққа жол берген Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін оны лауазымына тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
6. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi тоқтатқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.
7. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерінің еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бiр жылдық және үш айлық тәртiптiк жаза қолдану мерзiмi еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
9. Жауапқа тартылушы Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері Қазақстан Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сотқа шағым жасай алады.
10. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.
13) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi қағидаттары Қазақстан Ұлттық Банкi заңдарда берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы билік органдарының Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнің, ведомстволарының және ұйымдарының заңда бекiтiлген өкiлеттiгiн іске асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес.";
14) 22-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелік қаржы дағдарысының туындауының алдын алу және оның салдарларын барынша азайту мақсатында қаржы тұрақтылығы, келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау жолымен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.";
15) 32-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi резервтiк талаптар туралы қағидаларды, банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгi резервтiк талаптарды орындау шарттарын, резервтеу тәртібін бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.";
үшінші бөлік алып тасталсын;
16) 35-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары, тәуелсіз қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн.";
17) 36-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары – міндеттемелері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi жауаптылық алатын және эмиссиялайтын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар.";
18) 41-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.";
19) мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
"8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
ЖӘРДЕМДЕСУ
51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкi өз дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:
1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;
2) қаржы жүйесін макропруденциалдық реттеуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртіпте, талаптарда және мерзімде банктер үшін соңғы сатыдағы заем беруші болып табылады.
51-2-бап. Макропруденциалдық реттеу
Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін реттеуге бағытталған әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық шаралар кешені макропруденциалдық реттеуді білдіреді.
Жүйелік тәуекелдер деп тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақсыздануына әкелетін және оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржы жүйесінің тәуекелдерін білдіреді. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тәуекелдерін де қамтиды.
Жүйе құраушы қаржы ұйымдары деп тұтастай алғанда, тұрақты жұмыс істеуінен қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдарын білдіреді. Қаржы ұйымдарын жүйе құраушыларға жатқызу тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру мақсатында:
1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
2) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;
3) қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу үшін пруденциалдық нормативтерді және жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы;
4) жүйелік қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі болған жағдайда өз бетінше немесе Үкіметпен бірлесе отырып қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.";
20) 56-бапта
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының тәртібін белгілейді және мониторингін жүзеге асырады (валюталық мониторинг);";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резиденті еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілік беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;"
21) 57, 58 және 59-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"57-бап. Шетел валютасындағы активтермен және бағалы
металдармен жасалатын операциялар
Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы активтермен және бағалы металдармен мынадай операцияларды жүзеге асырады:
шетел валютасын сатып алады және сатады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізеді;
өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шетел орталық банктерiнде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашады;
өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамалары бойынша тиiстi құқығы бар шетел орталық банкі, шетел банктері және басқа қаржы институттары, шет елдер үкіметтері мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шоттар ашады және жүргiзеді, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасайды;
тазартылған алтынды, басқа бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырған кезде оларды бағалауды жүзеге асырады;
ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүргiзеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығарады;
талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын бағалы қағаздармен операциялар жүргізеді;
ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операциялардың кез келген түрлерін шектеусіз жүзеге асырады.
Осы Заңда көзделген мақсатқа қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі активтерді салу тәуекелін ескере отырып және оларды басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдардың ұзақ мерзімді болашақта сақталуын, өтімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ете отырып, оларды басқару бойынша қызметті жүзеге асырады.
58-бап. Алтын-валюта резервтері
Алтын-валюта резервтері халықаралық капитал нарығында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Ұлттық Банкі активтерінен Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады және:
тазартылған құйма алтынды және металл шоттардағы алтынды;
Халықаралық валюта қорындағы резервтік позицияны және Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз беру құқығындағы активтерді;
қолма-қол ақшаны, шетел банктерінде орналастырылған депозиттерді қоса алғанда, еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді және эмитенттері шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын бағалы қағаздарды;
өтімділігі және шектеу талаптарынсыз пайдалану мүмкіндігі бар, еркін айырбасталатын номиналы шетел валютасында көрсетілген басқа да сыртқы активтерді қамтиды.
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алтын-валюта резервтерін Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденті еместері кредиттер (қарыздар, несиелер) беру және кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер беру нысанында пайдалануға жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді:
Қазақстан теңгесi мен шетел валютасына тазартылған алтынды сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый монеталарын қоса) және шетел валютасына Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденті еместерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сатып алу;
шетел валютасымен депозит, салым, дилинг операцияларынан және номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздармен операциялардан, сондай-ақ оларға шетел валютасында берілген кредиттерден түсетiн еркін айырбасталатын шетел валютасындағы комиссиялық және басқа сыйақы түсімдері;
номиналы тазартылған алтында көрсетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарымен операциялардан түскен түсiмдерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды сатудан, депонирлеуден және онымен басқа операцияларды жүргізуінен түскен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;
Қазақстан Ұлттық Банкінің шетел валютасындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруынан түскен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететін қызметтерден түскен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер жолымен жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің құрылымын азайтуды және өзгертуді:
айырбастау бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын жүргiзу және iшкi валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңгерімсіздікті деңгейлестіру мақсатында еркін айырбасталатын валютаны сату;
бюджет қаражаты және Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын өтеу және қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
өнiм (жұмыс, қызметтер) импортын төлеу, шет елдегі дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау, iссапар және өкілдік шығыстарын төлеу;
басқа шетел валютасын сатып алу үшін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сату;
Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу;
Қазақстан Ұлттық Банкі алған кредиттер бойынша негiзгi соманы және сыйақыны қайтару, сондай-ақ комиссиялық және олардың басқа iлеспе шығыстарын төлеу;
Қазақстан теңгесіне және шетел валютасына тазартылған алтынды сату;
шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару мен сақтауға байланысты шығыстарды төлеу;
шығынды алтын-валюта резервтерін есептен шығару жолымен жүргізеді.
Алтын-валюта резервтерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ
алтын-валюта резервтеріне кіретін активтердің нарықтық құнының өзгеруі және Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған еркін айырбасталатын валютадағы банк шоттары иелерінің-резиденттердің операциялары нәтижесінде жүргізіледі.
59-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін
тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым
құқығы
Қазақстан Республикасының өндіріп шығару субъектілерімен бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу бойынша мәмілелер жасауға басым құқығы бар.
Қазақстан Ұлттық Банкі өндіріп шығару субъектілерінен бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырушы орган болып табылады.
Өндіріп шығару субъектілері тазартылған алтынды сатқан кезде ол басым түрде Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсынылады.
Мемлекеттің басым құқығы көлік шығыстарын, өткізу шығындарын және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондон сапалы жеткізілімі" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін тазартылған алтынды сатып алған жағдайда қолданылатын сапа жеңілдіктерін шегергендегі халықаралық нарықта қалыптасқан бағаны пайдалана отырып есептелген бағалар бойынша тазартылған алтынды сатып алу жолымен іске асырылады.
Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартқан жағдайда өндіріп шығару субъектілері оны өздерінің қалауынша іске асырады.".
22) 11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"11-тарау. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
ЗАҢНАМАСЫ САЛАСЫНДА БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
61-бап. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаттары
1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы банк қызметі, сақтандыру қызметi, валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша төлемі мен аударымы, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптардың бұзылуын анықтаған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы банк қызметі, сақтандыру қызметi, валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша төлемі мен аударымы, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауына қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтаған жағдайда әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының сұрау салуы бойынша қаржы құжаттарын қоса алғанда, құжаттарды, есептілікті және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау мен қадағалау функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты өтеусіз беруге міндетті.
5. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен әрі бақылау мен қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының
бақылау мен қадағалау жөніндегі өкілеттіктері
1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, төлем жүйелерін пайдаланушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, уақытша әкімшіліктердің (уақытша басқарушылардың), банктердің тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктеп жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексеру жүргізеді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының жоспарлы тексеруі жылына бір реттен жиі емес тексерілетін субъектіге бара отырып, тексеру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының тексеруді жоспарлауы жартыжылдық негізде жүзеге асырылады. Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тексеру жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тиісті бұйрығы негізінде өзге де уәкілетті лауазымды тұлғалар бекітеді.
3. Жоспардан тыс тексеру – тексерілетін субъектіге бара отырып мына жағдайларда:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, арыздары, шағымдары және мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген тәртіпте ұсынылған сұрау салуларының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп болған кезде;
4) бұрын алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға бақылау жасау мақсатында жүзеге асырылатын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша қызметін қамтуы мүмкін.
4. Құжаттамалық тексеру – бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді талдау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде не жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан өтініштердің, арыздардың, шағымдардың және Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты тексерілетін субъектіге бармай-ақ құжаттар мен ақпаратты сұрау салу нысанында жүзеге асырылатын тексеру.
62-2-бап. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастырудың және
жүргізудің жалпы тәртібі
1. Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды тұлғалар бекіткен тексеру белгілеу туралы акт негізінде жүргізеді.
Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру белгіленген жағдайда, оны белгілеу туралы акт тексеру белгілеу туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері, аумақтық филиалдары және ведомствосы тексеру белгілеу туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органда тексеру белгілеу туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей тіркейді.
Тексеру белгілеу туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің нөмірі және күні;
2) тексеру жүргізетін қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруді басқару жүктелген тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
3) оған қатысты тексеру жүргізу белгіленген тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
4) тексеру түрі;
5) тексеруге жататын мәселелер;
6) тексеруді жүргізу мерзімі;
7) тексерілетін кезең.
2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесін тапсырған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталған күні болып саналады. Тексерілетін субъектіге тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылған соң оның түпнұсқасына актінің алынғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.
Тексеру белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі жасалған жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғасы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеру белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде онда тиісті жазба жазылады. Тексеру белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тарту тексеруді тоқтату үшін негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруді белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соқтырған тексеруші топтың сұрау салуында көрсетілген мерзімде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, осы баптың шарттарын орындамаған жағдайда, тексеруді белгілеу туралы актіні бекітуге уәкілетті лауазымды тұлғаның келісімімен тексеру басшысының шешімі бойынша тексеру жүргізілмеген деп саналады.
Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) болмаған жағдайда тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) түпнұсқасына қол қойдыра отырып тапсырылады.
Тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тексеру белгілеу туралы акті тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының лауазымды тұлғаларына берілуге тиіс.
Тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген орны бойынша хабарлана отырып, пошта бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі. Хат қайта қайтарылған және тексеру белгілеу туралы актіні тексеру жүргізу белгіленген мерзімде тапсыру мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеген болып саналады. Бұл ретте тексеру басшысы тексеру белгілеу туралы актіні бекітуге уәкілетті лауазымды тұлғаға бұл жайлы жазбаша хабардар етеді.
3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеру басшысының немесе тексеру жүргізетін қызметкерінің атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталуы туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуға және қол қоюға жауапты басшы және оның орнындағы адам;
2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеру жүргізетін қызметкерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеру жүргізетін қызметкерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректері бар хатты береді.
4. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды тұлғалары бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша акті негізінде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде тексеру белгілеу туралы алдыңғы актінің нөмірі және күні көрсетіледі.
5. Тексерілетін субъект тексеру жүргізетін қызметкерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, ұйымдастыру техникасымен және халықаралық байланыспен жабдықталған жұмыс істеуге арналған жеке үй-жайды ұсынуға, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде нақты уақыт режимінде деректерді түзету мүмкіндігінсіз (деректерді қағаз тасымалдауышқа шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелерге және деректер базаларына кіруді қамтамасыз етуге, тексеру жүргізетін қызметкерлерге қажетті құжаттардың, оның ішінде электрондық түрде көшірмелерін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеру жүргізетін қызметкерлердің сұрақтарына (ауызша және жазбаша) түсініктемелер беруді қамтамасыз етуге және тексеруші қызметкерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдемдесуге міндетті.
6. Тексеру жүргізетін қызметкерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге уәкілетті қызметкеріне белгіленген мерзімде орындалуға тиіс жазбаша сұрау салу жібереді.
Тексерілетін субъект тексеру жүргізетін қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімдерде тексеру материалдарына тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін беруге міндетті.
7. Тексеру жүргізетін қызметкерді ауыстырған (тексеруші топтың құрамын өзгерткен) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеру белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеру жүргізетін қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.
8. Тексерілетін субъектіге тексеруді аяқтау туралы акті тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді аяқтау күні болып саналады. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді аяқтау туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және тексерілетін субъектіге тексеру белгілеу туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей тапсырылады.
62-3-бап. Құжаттамалық тексеру жүргізу ерекшеліктері
1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.
2. Қосымша жағдайларды анықтау мақсатында құжаттамалық тексеру кезінде тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:
1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
2) құжаттамалық тексерудің негізі;
3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына беруге міндетті құжаттардың тізбесі;
4) сұратылған материалдарды беру мерзімі;
5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіруді талап ететін мәліметтер көрсетіледі.
3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда басқаша белгіленбесе, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қоюды талап етпейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталғаны болып табылады.
62-4-бап. Тексерудің өзге де мәселелері
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеру жүргізетін қызметкерлері қажет болғанда тексерілетін субъектіге танысу үшін берілетін аралық актілерді жасайды.
2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда тексеру басшысына өзінің жазбаша қарсылықтарын береді.
Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалады және тексерілетін субъектінің берген қарсылықтары мен қосымша ақпараты, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.
3. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру аяқталған соң отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъекті басшысының атына Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні және орны;
2) тексеру жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру белгілеу туралы актінің күні және нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тексерілетін субъекті басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) тексеру жүргізу орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
8) тексерілетін субъекті басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының актімен не осы баптың 7-тармағында көрсетілген өзге тұлғаның тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы туралы мәліметтер;
9) тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қолы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына тегін, атын, әкесінің атын, лауазымын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген тексеру нәтижелерін оның атқарушы және басқа басқару органдарына жібереді.
5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша түрде береді.
6. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болғанда, тексерілетін субъектінің басшыларын шақыра отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі және (немесе) оның ведомствосы басшысының немесе олардың орынбасарларының, Қазақстан Ұлттық Банкі және (немесе) оның ведомствосы бөлімшелері басшыларының немесе олардың орынбасарларының, тексеру басшысының төрағалық етуімен өтетін мәжілісте қаралады.
Мәжіліс нәтижелері мәжіліс төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысуға жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда тексерілетін субъект мәжіліс хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомствосына жазбаша түрде береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы тексерілетін субъектінің хаттамаға қарсылықтарымен келіспеген жағдайда соңғы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының басшысы немесе олардың орынбасары қабылдайды және тексерілетін субъектінің басшысына жіберіледі.
7. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы болмаған кезде жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъект атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын өзге қызметкері қол қояды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдар болмаған кезде және оларға қол қою үшін тексеру нәтижелері туралы актіні тапсыру мүмкін болмаған кезде, тексеру тексеруші адамдар оның нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап аяқталған деп саналады.
9. Тексеру нәтижелері Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының өз функцияларын орындау мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.
10. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге мақсатта өзінің қаржылық
жай-күйін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкімен немесе оның ведомствосымен келіспей, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.
11. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына берген қаржылық және өзге есептіліктердің құжаттамалық деректері жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтермен сәйкес келмеген кезде тексерілетін субъект өзінің есептілігін, оның ішінде өткен есепті күндерге арналған есептілігін, Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының нұсқауы бойынша тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге сәйкес келтіреді.
12. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралары, жауапты орындаушылары және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосымен іс-шаралардың жоспары келісілген соң тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсініктемелер береді.
13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 62-2-бабындағы 2-тармақтың төртінші бөлігінің, 3, 5 және 6-тармақтарының, 62-3-баптың 3-тармағының, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарының талаптарын бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдану үшін негіз болып табылады.
14. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
15. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
62-5-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
1) заңнама талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін олардың қызметін талдау (қашықтан қадағалау);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын, келісімдер беруді келісу, беру және кері қайтарып алу, қызметті лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;
4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің үй-жайлардың техникалық жарақталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау;
5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша деректер базасына қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіпте қаржы ұйымдарына өзінің өкілін жіберу;7) аккредитациялау, тізілімдерді жүргізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасайтын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу;
8) белгіленген пруденциалдық нормативтердің және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттердің, оның ішінде шоғырландырылған негізде орындалуымен немесе сақталуымен байланысты қызметті талдау;
9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктері (уақытша басқарушылары), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге ақпаратты қарау;
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып тарату комиссияларын тағайындау және босату;
11) мәжбүрлеп таратылатын банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының аралық тарату балансын және талаптар тізілімін, ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;
12) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату туралы есебін және тарату балансын келісу;
13) валюталық бақылау агенттеріне валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында олардың орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;
14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
15) қаржы ұйымдарының және сақтандыру топтары бас ұйымдарының немесе банктік конгломераттың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуымен немесе сақталуымен байланысты қызметті талдау;
16) актуарийлердің біліктілік емтиханын өткізу жолымен жүзеге асырады;
17) орындалған жұмыс туралы банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімші), жинақтаушы зейнетақы қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның есебін бекіту.";
23) 66-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
24) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiк
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуі тиiс.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша қаржы құжаттарын қоса алғанда, құжаттарды, есептілікті және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.";
25) 70-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға өтеусіз негізде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.";
26) 71 және 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"71-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап қоюдың ескіру мерзiмi қолданылмайды.
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауаптылық атқарады.".
8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі ? әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен белгiленедi.";
2) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) банкаралық клиринг – төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың ? банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) депозит – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық пошта операторына оның номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа) қайтарылу талабымен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;";
3) 3-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі – уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен белгiленедi.
Уәкілетті орган өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомстволарымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, Қазақстан Республикасында мамандандырылған салалық банктер құруға тыйым салынады.";
4) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңдар мен Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.";
5) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйым
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым –уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңына сәйкес осы Заңда көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға.";
6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу
Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
Уәкiлеттi органның лицензиясыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық пошта операторының, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі операторының, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады.";
6) 8-баптың 9-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) банкаралық клирингті жүзеге асырумен;";
7) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.";
8) 11-1-бапта:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шараларының және(немесе) уәкілетті органның банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) болжанған еншілес ұйымды сатып алуға қатысты қолданған санкцияларының болуы;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатын кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе банк және (немесе) банк холдингі рұқсатты кері қайтарып алу туралы өтінішті берген күнінен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
9) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктердің, өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.";
10) 17-1-бапта:
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын фактіні анықтаған күнінен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға банк акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні дербес анықтаған жағдайда оны анықтаған күнінен бастап екі ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіпте бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
11) 24-баптың 1-тармағы г-1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;";
12) 26-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес белгiленген тәртiпте бередi.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.";
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауы, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауы, тиісті персонал жалдауы, бұдан кейін уәкілетті органға мынадай құжаттарды беруге тиіс:";
2) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте беруге мiндеттi.";
"4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.";
13) 28-баптың 1 және 2-тармақтары алып тасталсын;
14) 29-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
15) 30-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызмет берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын қаржылық қызметтен басқа, көрсетілетін қызметтер үшін тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдау, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызмет берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін берілуге тиіс.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген банк операциялары уәкілетті орган белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Банктерге осы бапта көзделген банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, "электрондық үкімет" төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге де түрлерімен (операциялармен) айналысуларына тыйым салынады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялаудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
10. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуларына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.";
16) 34-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.".
17) 36-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіпте өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса);";
18) 40-3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:
"4. Қарыз алушы жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтініштері бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ кездесулер өткізу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Өтінішті қарау нәтижелері оны тараптарға жібере отырып, хаттамамен ресімделеді.";
19) 46-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
20) 47-баптың 6-1-тармағы алып тасталсын;
21) 48-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшiн негiздер";
1-тармақтың ж) және з) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрінеу дәйексіз етiп беру;
з) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерін жүйелі (кейінгі күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғаны не жазбаша ұйғарымдарын жүйелі (кейінгі күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамағаны;";
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
"1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның қолданылуын тоқтату "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен лицензиатты алып тастаған кезде жүзеге асырылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны тоқтата тұрады не одан айырады.
Уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасау көрсетілген шешімдерді орындауды тоқтатпайды.";
22) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) банктердің салық органдарын заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға банк шоттарының ашылғаны туралы міндетті түрде хабардар етуі;";
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
11) банкроттық саласындағы уәкілетті органға және конкурстық басқарушыға соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банк шоты бойынша мәліметтер беруі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Банк шоттарының бар болуы және нөмiрлерi туралы анықтамалар шот (шоттар) иесi қарыз алушысы, кепілгері, кепiлдік берушiсi, лизинг алушысы немесе кепiл берушiсi болып табылатын банкке банк басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде, кредиттің алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда берiледi.";
6-тармақта:
д) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;";
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
д-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және соттың санкциялаған қаулысы, не оның жеке мөрімен расталған көшірмесі негізінде.";
7-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзiндiде болуы тиiс мәлiметтер уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.";
23) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-бап. Банктердегi есеп және есептілік
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесін, нысандарын не нысандарға талаптарды, сондай-ақ оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті орган белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Банктер уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
3. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіпте өздері ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
4. Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте жауапты болады.";
24) 55-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы
4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде жариялайды.
Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық растауынсыз-ақ жариялайды.";
25) 57-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның, қолданыстағы заңнаманың және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестiгi;";
26) 59-3-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Банк соттың банкті қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде тиісті хабарландыру жариялау арқылы депозиторларға, кредиторларға және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
Банк соттың қайта құрылымдау туралы шешімінің көшірмесін оны алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмейтін мерзімде корреспондент-банктерге жібереді.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Банктер соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімінің көшірмесін оны алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмейтін мерзімде корреспондент-банктерге жібереді.";
27) 61-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне бергеннен кейін сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындалу мерзімі басталған міндеттемелерді тұрақтандыру банкі орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.";
28) 73-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Таратылатын банктің мүлкін өткізуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте банктің тарату комиссиясы жүргізеді.";
29) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитетінің олармен заңнамада белгіленген талаптарды ескере отырып, жасалатын келісімімен реттеледі.";
30) 74-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
31) 75-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзу бойынша лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн мүмкіндігінше шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.";
3-тармақ алып тасталсын;
32) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне шағым жасау
Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.".
9. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат):
21-баптың 1-тармағының 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лауазымды тұлғаларын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткiзуге;".
10. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14,
205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 5-4-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) ескерту беруге;
4) ипотекалық ұйыммен жазбаша келісім жасау.";
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Егер уәкілетті орган ипотекалық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған немесе орын алып отырған кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмаған жағдайда, жазбаша ескерту осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды ипотекалық ұйымға қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабарламасы болып табылады.
Жазбаша келiсiм – бұл анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы ипотекалық ұйым мен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
Ипотекалық ұйым міндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаманың құжатта көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.";
3) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмағаны және жеке тұлға болып табылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл беруші ипотека тіркелген жердегі органда тіркелген ипотеканы өткізуді сот тәртібінен тыс жүргізуден жазбаша бас тартуды бермегені туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, бiрақ көрсетілген хабарлама кепiл берушiге тапсырылған немесе жiберiлген кезден күнтізбелік отыз күннен ерте емес (осы тармақтың 1-тармақшасы), сенiм бiлдiрген тұлға кепiлге берiлген мүлiкке сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жасап, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, оны кепiл берушiге, сондай-ақ кепiл ұстаушыға тапсырады немесе кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жібереді және осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы ресми хабарландыру жариялайды;".
11. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3,
22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 1-бапта:
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, шарттарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;";
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";
2) 22-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) уәкілетті орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға жатады.";
3) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық қағидалары және инвестициялық декларациялары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
5) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың шарттарын;
6) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;
7) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәліметтерді;
8) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы қағидаларын белгiлейдi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір қалыптастырылатын инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялар қабылдайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрбір инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында жариялануға тиіс.
Инвестициялық декларациялар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне қатысты заңнамаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
3. Зейнетақы қағидаларын және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi.
4. Зейнетақы қағидалары және инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және нұқсан келтiрмеуге тиiс.";
4) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір кешіктірілген күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы төлемегені үшін құқықтары бұзылған тұлғаның пайдасына әрбір кешіктірілген күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.
Орталық жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір кешіктірілген күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.";
5) 36-1-бапта:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіпте бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
6) 37-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда әдiлет органдары жүзеге асырады.";
7) 41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген тәртiпте және мерзімдерде қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіпте өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiктер немесе уәделер бар ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;";
8) 42-бапта:
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын және (немесе) инвестициялық декларацияда көзделген ережелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;";
14-тармақ алып тасталсын;
9) 42-7-баптың 1-тармағы 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және оның ірі қатысушысы, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастардың болуы.";
10) 43-баптың 1-тармағындағы үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру нысанында жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктерін мемлекеттің, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкiлеттi органның қатысуымен уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Ерікті қайта ұйымдастыруды жүргiзуге уәкiлеттi органның рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай ішінде қолданылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшхатқа мынадай құжаттар:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатты құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.";
11) 45-1-баптың 1-тармағындағы бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратуға рұқсат алуы туралы өтінішін уәкілетті орган тиісті ресімделген құжаттарды алған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.";
12) 45-2-баптың 7-тармағы:
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істерін және мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитетінің олармен заңнамада белгіленген талаптарды ескере отырып, жасайтын келісімімен реттеледі.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өткізуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріңде белгіленген тәртіпте оның тарату комиссиясы жүргізеді.";
13) 45-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
14) 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте уәкiлеттi органға жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілікті және бастапқы статистикалық мәліметтерді жеке-жеке береді.".
12. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат ):
1) 6-бапта:
1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиентіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 581-бабының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жаңа банк шотын ашуға";
2-1-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттармен, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару жолымен қайтаруға;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша үшінші тұлғалардың клиенттің ақшасын алуы туралы өкімін орындауға байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.";
2) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясының не кепілдік берудің фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының банк қарызы бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қарыз алушыдан, кепілгерден өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан акцептсіз ақшаны алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ол ақшаны жөнелтуші банкке ұсынылады.";
3) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Инкассалық өкiм берiлген кезде пайдаланылатын құжаттар
Ақша жөнелтушiнің келiсiмiнсiз ақшаны алып қоюға берiлген инкассалық өкiм соттың шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары және қаулылары немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы бойынша берiлетiн атқару құжаттары немесе бұйрықтары негiзiнде берiледi.";
4) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару
1. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару:
1) ақша аудару жолымен жүзеге асырылатын төлемнiң санкцияланбау фактiсi анықталған;
2) ақша жалған төлем құжаты негiзiнде аударылған;
3) қате берiлген нұсқау орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Бенефициардың банкі қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың ақша қате салынған банк шотынан ақшаны акцептеусіз алу жолымен жүзеге асырады.
3. Бенефициардың банкі қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың банк шотындағы ақша есебінен, оның ішінде банк шоты бойынша уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның банк шотындағы ақшаға тыйым салу және (немесе) банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі және (немесе) белгіленбеген мерзімде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.
4. Бенефициардың банк шотында ақша жеткілікіз не болмаған жағдайда қате нұсқау бойынша ақшаны қате нұсқауға жол берген жөнелтуші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде өз ақшасы есебінен қайтарады.
5. Ақша санкцияланбаған немесе қате нұсқау орындалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін қайтарылмайды.
6. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысқан әрбiр жөнелтушiнiң (оның iшiнде делдал банктiң) осындай ақша аударымына байланысты және ақшаны қайтару нәтижесінде шеккен нақты шығындарды өндiрiп алуға құқығы бар.";
5) 38-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау кезеңінде алушы банк қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін банк тоқтатқан және қайта құрылымдау жоспарында міндіттемелер бар нұсқауларды қабылдауға және сақтауға міндетті.
Олар бойынша тоқтатылмаған және қайта құрылымдау жоспарына кірмеген міндеттемелер бар нұсқаулар осы Заңда, Қазақстан Республикасының Салық және Азаматтық кодекстерінде белгіленген тәртіпте орындалады.".
13. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар):
3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері.";".
14. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1 (2578), 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
18-1-баптың бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін жасау және оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру мерзімдері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.".
15. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды:
1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
2) мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері.";
2) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары есебiнен төленедi."
16. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., 2012 жылғы 28 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы арыз беруi (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұрады.".
17. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.";
2) 26-бапта:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап бір ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіпте бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
3) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi органның оны құруға берген рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырады.";
4) 31-бап алып тасталсын;
5) 32-бапта:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) сатып алу болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты уәкілетті органның қолданылып жүрген шектеулі ықпал етудің шарасының және (немесе) санкциясының болуы;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсат кері қайтарып алынған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
6) 37-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;";
7) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау";
8) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалау;";
9) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"42-бап. Уәкілетті орган
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады. Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады.";
10) 43-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;";
11) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгiн және қаржылық тұрақтылығын бақылау мен қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.";
12) 53-2-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
13) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтінішті уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.";
14) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитетінің олармен заңнамада белгіленген талаптарды ескере отырып жасалатын келісімінде реттеледі.";
4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріңде белгіленген тәртіпте оның тарату комиссиясы жүргізеді.";
15) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
16) 74-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептiлігінің тiзбесін, нысандарын не нысандарына қойылатын талаптарды, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгілейдi.";
2-1-тармақ алып тасталсын.
18. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат):
1) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.";
2) мынадай мазмұндағы 28-баппен толықтырылсын:
"28-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Даму Банкіне мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмдерде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруді;
2) мiндеттеме-хат талап етуді;
3) Даму Банкімен жазбаша келiсiм жасауды қолданады.
Даму Банкі жазбаша нұсқаманың, мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша келiсiмнiң оларда белгіленген мерзiмде орындалғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етуге мiндеттi.".
19. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):
20-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шекті мөлшерден аспауға тиіс.".
20. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат):
1) 1-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) корпоративтік веб-сайт – интернет-ресурстағы қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;";
2) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоғамнан жария компанияның мәртебесін кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган жария компанияның мәртебесін кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе қоғам жария компанияның мәртебесін кері қайтарып алу жөніндегі өтінішті берген күннен бастап екі ай ішінде қоғамды жария компания деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";
3) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.";
4) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде олар төленбеген жағдайда, акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніндегі уәкілетті органның ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.";
5) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген болса, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек тиісті кезеңде қоғамның қаржылық есептілігіне аудит өткізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады. Жай акциялар бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы жалпы жиналыстың шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.";
6) 68-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызы болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;";
7) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында белгіленеді.";
8) 76-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте және мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға мiндеттi."
21. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";
3) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қордың банк шоттары уәкілетті органда ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.";
4) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін Қор уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан заемдар тартуға не уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлеме бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс.".
22. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат):
8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.".
23. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат):
8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.".
24. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат, № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар):
1) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың тәртiбiн белгілейді.";
2) 1-баптың 88) тармақшасы алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) өз құзыретi шегiнде эмитенттердiң, орталық депозитарийдiң және лицензиаттардың қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;";
4) 3-1-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
5) 31-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, уәкілетті орган немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiсті және облигациялардың нақты құнын өтеу кезiнде эмитенттiң кiнәсiнен олар төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда, эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеме сомасын және әрбір мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiндегi уәкілетті органның ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін негiзге ала отырып, есептелетін өсiмпұл төлеуге мiндеттi.";
6) 32-6-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ислам арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";
7) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілері уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді беруге міндетті.";
8) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның құқықтық жағдайы
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызметiнiң түрiн көрсетуге, сондай-ақ онда "Қауымдастық", "Одақ" немесе "Бiрлестiк" деген сөздер болуға тиiс.";
9) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шеңберiнде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алуға құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жариялануға жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалары туралы ақпаратты бередi.".
25. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау туралы";
2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу үшін жағдайлар жасауға бағытталған.";
3) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi де, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
5) 3-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi";
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:";
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:
1) реттеудің ресурстарын және құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары қызметінің шынайылығы;
3) қаржы ұйымының жауаптылығы.";
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:/
"4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады:";
6) 7-бап алып тасталсын;
7) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қаржы ұйымдарының қызметiн peттeу, бақылау мен қадағалау стандарттарының және әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету шараларын пайдалану болып табылады.";
8) 9-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары және өкiлеттiктерi";
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу, бақылау мен қадағалау мақсатында:";
7) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
9) 9-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері қатарынан тағайындалатын өзінің өкілін банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жібереді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өкіл өзінің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясын, сақтандыру немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейінгі үш жыл ішінде жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
10) 10-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Банк қызметiн реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
11) 11-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Сақтандыру қызметiн реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
12) 12-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
14-1) тармақша алып тасталсын;
13) 13-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:";
5) тармақша алып тасталсын;
14) 13-1-бап алып тасталсын;
15) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Ақпарат алу бойынша өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
16) 15-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
17) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнаманың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.".
26. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
7-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ тілінде және орыс тілінде, уәкілетті органның жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын жариялап отыруға міндетті.".
27. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органда ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы ағымдағы шоттан қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы ағымдағы шоттың кiрiс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретін бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кiрiстердiң есебінен құралады.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы ағымдағы шоттың шығыс бөлiгi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға және қоғамдарға төленетін сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
Қаржы жылының аяғында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдағы ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.".
28. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беруші акцияларының жетпіс бес немесе одан астам пайызы уәкілетті органға тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.".
29. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау
1. Инвестициялық қор активтерiнің, инвестициялық қордың таза активтерiнің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптармен, әдiстеме бойынша және тәртiпте жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiннен орналастыру немесе сатып алу бағасын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын бағалау әдiстерi дұрыс қолданылмаған немесе олардың құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.
4. Инвестициялық қор активтерiнің бухгалтерлік есебін жүзеге асыру және олар бойынша қаржылық есептілікті жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";
3) 42-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнің бухгалтерлік есебін бөлек жүргiзудi және олар бойынша қаржылық және өзге де есептілікті берудi жүзеге асыруға;".
30. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат):
6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкілетті ұйымдарды құру тәртібін, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерге талаптарды қоса, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат – айырбастау пунктiн тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтайшылардың құрамына, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына, жарғылық капитал мөлшерiне және оны қалыптастыру тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу бойынша шектеулер қосымша белгіленедi.".
31. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 6-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
2. Уәкілетті орган реттелуі өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган арнайы қаржы компаниясына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым береді;
2) міндеттеме-хат талап етеді;
3) арнайы қаржы компаниясымен жазбаша келісім жасайды.
3. Арнайы қаржы компаниясының міндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және арнайы қаржы компаниясы басшысының жоспарланған іс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою бойынша кепiлдігi болуы тиiс.
4. Жазбаша келісім – арнайы қаржы компаниясы мен уәкілетті орган арасындағы анықталған кемшіліктерді тез арада жою қажеттігі туралы және оған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім.
5. Жазбаша нұсқама – анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы арнайы қаржы компаниясына берілген нұсқау.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотта шағым жасау оның орындалуын тоқтатпайды.
6. Арнайы қаржы компаниясы жазбаша нұсқаманың, міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің оларда белгіленген мерзімдерде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге міндетті.
7. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.".
32. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, маусым, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
2) 3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны капиталдың халықаралық нарықтарымен кіріктіруді қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығы арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және қаржы орталығының арнайы сауда орталығына шетелдік эмитенттердің қол жеткізуін қамтамасыз ету.";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.";
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады.";
2-тармақта:
1-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау;";
5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері
Өз міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында уәкілетті органның мынадай өкілеттіктері болады:
1) қаржы орталығының қатысушысын – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті беру;
2) заңды тұлғаларды - қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) ережесін бекіту;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қаржы орталығының атынан әрекет ету;
4) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізілетіні көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу;
6) рейтингілік бағаларын уәкілетті орган танитын рейтингілік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібін белгілеу;
9) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу;
10) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау саласында реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
11) уәкілетті орган танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
12) қаржы орталығымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттердің қор биржаларымен келісімдер жасау;
13) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына тексеру жүргізу;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері.";
6) 7-бап алып тасталсын;
7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес
1. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанынан құрылады.
2. Қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу және даму бағыттарын айқындау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
3. Кеңестің функциялары:
1) қаржы орталығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу;
3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
4. Кеңес туралы ереже және оның құрамы уәкілетті органның құқықтық актісімен бекітіледі.";
8) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары
1. Мыналар қаржы орталығының қатысушылары болып табылады:
1) уәкілетті орган берген қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке;
2) уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.
2. Мыналар қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды:
1) банктер;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
3) жинақтаушы зейнетақы қорлары.
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың талаптары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтердің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
5. Қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлға атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы уәкілетті органның оны мемлекеттік тіркеуінің міндетті талабы болып табылады.
12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы
1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган белгілейтін қор биржасының қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.
Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетілген, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылдайтын ережесі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.";
9) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік органдарға беруі қажет болған жағдайда ағылшын тілінен мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударуды уәкілетті орган жүзеге асырады.".
33. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) қоғамдардың тізілімін жүргізеді;
2) қоғамдардың қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, есептілігінің тiзбесiн, нысандарын, ұсынылу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жазалау шараларын қолданады;
4) қоғамның активтерін инвестициялаудың тәртібі мен көлемін белгілейді;
5) қоғамдардың қаржылық есептілігінің тізбесін, нысандарын және оның ұсынылу мерзімдерін белгілейді;
6) қоғамдардың бастапқы статистикалық деректерінің тізбесін, нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".
34. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.";
3) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 8-бап алып тасталсын;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Осы Заңда көзделген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органнан қарыз алуға құқылы.
4. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қаржылық есептiлiгiнiң көлемiн, оны ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерiн, сондай-ақ оның активтерiн инвестициялау тәртiбiн айқындайды.";
6) 23-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлей бастау уәкiлеттi органмен келiсім бойынша қарыз алу үшiн қажеттi мерзiмге, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.".
35. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 6-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін біліктілік талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын қоспағанда, біліктілік талаптарын бекіту;";
5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын бекіту;";
2) 10-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.";
3) 42-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган да белгілей алады.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібі мен талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.";
4) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілей алады.".
36. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) синтетикалық (қорытынды) есепке алуды талдамалық (егжей-тегжейлi) есепке алумен сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.";
2) 7-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бар болса – бизнес-сәйкестендіру нөмiрi не жеке сәйкестендіру нөмiрi).";
3) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде бухгалтерлік есепте ұйым жүргізетін барлық операцияларды көрсету тәртібін реттейтін бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына қолданылмайды.";
4) 20-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және оның ведомстволарынан басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеу ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.
4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы жүзеге асырады.";
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) инвестициялық қорлар және Қазақстанның Даму Банкі үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.";
5) 20-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға және өзге де заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.".
37. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат):
1) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;";
2) 4-баптың 1-тармағында:
18) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтемсiз негiзде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;";
32) тармақша алып тасталсын;
3) 5-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзiлуге жатпайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды қоспағанда, жылдық мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жоспарында (жылдық мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.";
4) 7-бапта:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы.
Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.";
5) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.";
6) 23-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.";
7) 23-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.";
8) 35-5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджеттiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледi.";
9) 37-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда тапсырыс беруші қаржы жылы біткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық төлемін өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.".
38. "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
16-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып, осы Заңның мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін айқындайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.".
39. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
42-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе қаржы ұйымын консервациялауды жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;".
40. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 14-құжат; № 3, 21, 25, 27-құжаттар):
1) 3-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін заңдарында белгіленеді.";
2) 26-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) тексеру аяқталған күнi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде тексерілетін субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiн беруге;".
41. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру мен таратуды жүзеге асырады;".
2-бап. Осы Заң бұрын туындаған қатынастарға қолданылатын осы Заңның 1-бабының 8-тармағы 15) тармақшасының он бірінші және он екінші және 21) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабының 7-тармағының 8) тармақшасының елу сегізінші абзацында және 37-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу субъектілерінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және оның ұйымдары мен акционерлік қоғамдарын шығаруға қатысты нормалар
2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған және 2011 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімге тиісті өзгерістер күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын және осы Заңның 1-бабының 8-тармағы 15) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарында көрсетілмеген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай ішінде осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларды уәкілетті органға қайтаруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті