Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 565-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат, № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бөлім. Сот үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау»;
      420-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердің қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою»;
      422 және 423-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «422-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны»;
      «423-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды
күшіне енуі»;
      423-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «423-3-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бiрiншi саты бойынша қарау»;
      446-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «446-1-бап. Сот үкімдеріне, қаулыларына кассациялық тәртіппен шағымданудың жалпы шарттары»;
      446-9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «446-9-бап. Кассациялық сатының үкімнің, қаулының күшін жоюының немесе оларды өзгертуінің негіздері»;
      446-15-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «446-15-бап. Істі жаңадан қарауға жібере отырып, үкімнің күшін жою»;
      446-22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «446-22-бап. Үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші, апелляциялық сатыда қарау»;
      50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауы»;
      458 - 461-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін сот актілері»;
      «459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға негіздер»;
      «460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш жасауға, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар»;
      «461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне сот қадағалауы тәртібімен шағымдану мерзімдері»;
      61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «61-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енбеген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi»;
      575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi»;
      62-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi»;
      мынадай мазмұндағы 575-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыда қайта қарау»;
      576 және 577-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау»;
      «577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу»;

      2) 7-бапта:
      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «апелляциялық саты» – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәні бойынша қарайтын сот;»;
      4-1), 5), 6) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) «кассациялық саты» – бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын сот;
      5) «қадағалау сатысы» – заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтініштер, наразылықтар бойынша істі қадағалау тәртібімен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы;
      6) «судья» – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);»;
      34) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) «үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi;»;

      3) 23-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Сот тараптарға істің бiрiншi және апелляциялық саты бойынша қаралу құқығын қамтамасыз етедi; айыпталушыға және оның қорғаушысына iстi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық және қадағалау тәртібімен қарау кезiнде қатысуға рұқсат етіледі. Сот әрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттік не жеке айыптаушысы болуға тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.»;

      4) 43-баптың төртінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер сот iстi апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, көрсетiлген әрекеттердi бiрiншi саты бойынша қараған сот жүргiзедi.»;

      5) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «58-бап. Соттың құрамы

      1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде), 165166166-1167168 (бірінші бөлігінде), 169171233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қарайды.
      2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара, ал алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде – кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
      3. Кассациялық сатыда істерді қарауды облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының төрағалық етуімен кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
      4. Істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
      5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 476-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.
      6. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.»;

      6) 59-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін осы мән-жайлар мен фактілерге тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.»;

      7) 75-баптың алтыншы бөлігінде:
      13), 14) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;
      14) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі сот талқылауына қатысуға;»;
      21) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;»;

      8) 90-бапта:
      бірінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешіміне санкция беруге қатысқан болса;»;
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiмен қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған істі тоқтату туралы үкімнің немесе қаулының күшін жою жағдайында, бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан, оның ішінде алқабилердің қатысуымен қарауға қатыса алмайды.
      4. Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін оны осы сатыда жаңадан қарау кезінде, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде қарауға қатыса алмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қайта қарау кезінде қатыса алмайды.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті қадағалау сатысында қарауға қатыса алмайды.»;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға (наразылық келтірілуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы уәждер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымына енгiзiлуi мүмкiн.»;

      9) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «112-бап. Соттың үкіміне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар

      Бiрiншi сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 46-тарауының қағидаларына сәйкес берiледi. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтiнiштер осы Кодекстiң 48-1 және 50-тарауларының қағидаларына сәйкес берiледi.»;

      10) 131-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбімен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды.»;

      11) 153-баптың он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Осы бапта белгіленген, айыпталушыны қамауға алу мерзімін есептеу мен ұзартудың тәртібі кассациялық немесе қадағалау сатысында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күшін жою және соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, істі жаңа тергеуге жіберуі кезінде де қолданылады.»;

      12) 291-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
      3. Облыстық және оған теңестірілген сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.»;

      13) 292-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғарғы Сот:
      1) істерді кассациялық сатыда қарағаннан кейін ғана бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына;
      2) кассациялық сатыдағы соттың қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді алқа болып қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді.»;

      14) 293-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
      3. Әскери сот гарнизондардың соттары, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және Әскери Соттың апелляциялық сатыдағы соттары шығарған, заңды күшіне енген үкімдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.»;

      15) 328-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Хаттама компьютерлік, электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.
      Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары да сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі және істің материалдарымен бірге сақталады.»;

      16) 343-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Төрағалық етушi тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғы туралы сұрайды. Өтiнiшiн мәлiмдеген адам қандай мән-жайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдемелердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн сот мәлiмделген әрбiр өтiнiштi, оның ішінде медиация рәсімін өткізу туралы өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.»;

      17) 387-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және заңды басқа да бұзушылықтарды байқаған кезде де шығарылуы мүмкiн.»;

      18) 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бөлім. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау»;

      19) 396-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.»;

      20) 397-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
      2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.»;

      21) 398-бапта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші сөйлемдегі «үкiм қабылдаған» деген сөздер «үкім, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемдегі «үкiм қабылдаған» деген сөздер «үкім, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.»;

      22) 400-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақытында жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға аудармасы жоқ сот актісінің көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеу), сондай-ақ оған уақытында шағым беруге немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.»;

      23) 401-баптың бірінші бөлігіндегі «Үкімді қабылдаған» деген сөздер «Үкім, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi

      Iс ол келiп түскен күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс ол келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуы тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімін әрбір ұзарту бір айдан аспауға тиіс.»;

      25) 411-баптың бірінші бөлігінде:
      5) тармақ алып тасталсын;
      7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы;»;

      26) 411-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық
                  талап арызды қарауы

      1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкімнің азаматтық талап арыз бөлігінде заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 169-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді азаматтық талап арыз бөлігінде өзгертуге құқылы.
      3. Азаматтық талап арыз бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті уәждер болған кезде ғана жол беріледі.».

      27) 414-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, сот оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешім қабылдауға құқылы.»;

      28) 420-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердің
                қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім істі үкiм шығарған сотқа, бiрақ соттың өзге құрамында жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген негіздер бойынша толық немесе бiр бөлiгiнде күші жойылуға жатады.»;

      29) 420-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «420-1-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою

      1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып:
      1) осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
      2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға құқылы.
      2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкімдеріне ол жарияланған күннен бастап алты ай ішінде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстің 396-бабында аталған тұлғалар, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам өзіне үкімнің көшірмесі табыс етілген кезден бастап нақ сондай мерзімде кассациялық шағым беруі мүмкін.
      4. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге негіздер бойынша кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық беру мерзімдермен шектелмейді.»;

      30) 421-баптың бірінші бөлігінде:
      10) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) үкімге азаматтық талап арыз, оның ішінде іс жүргізу шығындарын өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде өзгерістер енгізуге;»;
      11) тармақшадағы «қолдануға құқылы.» деген сөздер «қолдануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) айыптау тарапының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау қажеттігі туралы шағымын, наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға құқылы.»;

      31) 422423 және 423-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «422-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны

      1. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1)-3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы, үкімді өзгерту туралы, істі тоқтатып, істі қосымша тергеуге жібере отырып үкімнің күшін жою туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
      Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттау-дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.
      2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:
      1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
      2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;
      3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
      4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
      3. Қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актісінің мәнін, берiлген шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың уәждерін, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерiн, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерiн қысқаша баяндау қамтылуға тиiс.
      4. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде, апелляциялық қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
      Апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы сотта қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде жаңа уәждер негізсіз деп танылған негіздер көрсетілуге тиіс.
      5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне олар бойынша өзгерiстер енгiзілген негiздер көрсетiлуге тиiс.
      6. Апелляциялық қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.
      7. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақтарында көзделген жағдайларда (айыптау үкімінің күшін жою туралы және ақтау үкімін шығару туралы, ақтау үкімінің күшін жою туралы және айыптау үкімін шығару туралы), осы Кодекстің 44-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарылады.
      8. Апелляциялық үкімде қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтар неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмi олар бойынша заңсыз болып танылатын негiздер көрсетiлуге тиiс.
      9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi олар бойынша дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлау негiздерi келтiрiлуге тиiс.
      10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету туралы және олардағы түсініксіздіктерді түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.

      423-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды
               күшіне енуі

      1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оларға судья (судьялар) қол қояды және олар судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында оқылады.
      2. Сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, апелляциялық үкімнің, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда апелляциялық үкімнің, қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап он тәулік ішінде жасалып, оларға судья (судьялар) қол қояды.
      3. Апелляциялық үкім, қаулы оларды жариялаған кезден бастап заңды күшіне енеді.

      423-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын
                 орындауға кiрiсу

      1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы олар шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 423-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге бірінші сатыдағы сотқа жiберiледi.
      2. Осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес iс қосымша тергеуге қайтарылған кезде апелляциялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда бiрiншi сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi.
      3. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиiс болатын үкім, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлiгiнде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкімнің, қаулының көшiрмесi немесе оның қарар бөлiгiнен үзiндi сотталған адамды күзетпен қамауда ұстаудан босату туралы шешiмдi орындау үшiн қамау орнының әкiмшiлiгiне дереу жiберiледi.
      4. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа үкім шығарған кезде, іс үкімді орындауға кірісу үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.»;

      32) 423-2-бапта:
      бірінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шағымданудың, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін сот істі апелляциялық сатыда процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер жаңадан шығарылған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкіміне, қаулысына қайшы келсе, алқа төрағасы облыстық және оған теңестірілген соттың кассациялық алқасына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным енгізеді.»;

      33) 423-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «423-3-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң
                  күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша
                  қарау

      1. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс осы Кодекстің 57-тарауында көзделген тәртiппен қаралуға жатады.
      2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте апелляциялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
      3. Алқабилердің қатысуымен болған соттың ақтау үкімін апелляциялық саты, прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзған, сондай-ақ осы Кодекстің 575-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күшін жоя алмайды.
      4. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға болады.»;

      34) 446-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-1-бап. Соттың үкімдеріне (қаулыларына) кассациялық
                  тәртіппен шағымданудың жалпы шарттары

      1. Осы тараудың қағидалары бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың (оның ішінде мамандандырылған ауданаралық соттардың) заңды күшіне енген үкімдері, қаулылары, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулылары қайта қаралуға жатады.
      2. Соттардың мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартқызбау шарасына санкция беру және оның мерзімін ұзарту мәселелері, анықтауды немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне немесе істі алдын ала тергеу сатысында прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды шешу бойынша шығарылған үкімдері, қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
      3. Кассациялық шағымдар жасау құқығына ие тұлғалар тобы және шағым жасау тәртібі осы Кодекстің 396 және 398-баптарында көрсетілген қағидалар бойынша айқындалады.
      4. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор келтіруі мүмкін, сондай-ақ Бас прокурор мен оның орынбасарлары осы Кодекстің 398-бабында көрсетілген қағидалар бойынша келтіре алады.
      Қылмыстық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар осы Кодекстің 460-бабының 2-1-бөлігінде көрсетілген мерзімдерде талап етіп алуы мүмкін.
      5. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың (оның ішінде мамандандырылған ауданаралық соттардың) заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына олар заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам оған үкімнің, қаулының көшірмелері тапсырылған кезден бастап нақ сондай мерзімде кассациялық наразылық немесе кассациялық шағым беруі мүмкін.
      Апелляциялық сатының үкімдеріне, қаулыларына олар жария етілген күннен бастап алты ай ішінде, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам оған үкімнің көшірмесі тапсырылған кезден бастап нақ сондай мерзімде кассациялық наразылық немесе кассациялық шағым беруі мүмкін.
      6. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты, немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге негіздер бойынша кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық беру мерзімдермен шектелмейді.»;

      35) 446-3-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкіміне, қаулысына шағым жасалған жағдайда, кассациялық шағымда, наразылықта апелляциялық сатының үкімімен, қаулысымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы негіздер көрсетілуге тиіс.»;

      36) 446-5-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шағым, наразылық келіп түскен кезде кассациялық сатының судьясы істі талап етіп, ол келіп түскеннен кейін оны қарау күнін белгілейді.»;
      төртінші бөліктегі «үкім (қаулы)» деген сөздер «үкім, қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 446-6-баптың 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уақыт, кеңістіктік тұрғысынан заңның қолданысын айқындау үшін және бірінші және апелляциялық сатылардағы сот істі шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшін қажетті мәліметтерді талап етіп алуға құқылы.»;

      38) 446-7-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кассациялық шағымда немесе наразылықта келтірілген уәждерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер кассациялық сатыға қосымша материалдар беруге, бұл ретте олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын хабарлауға құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сот тараптардың пікірін тыңдап, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Істің шешілуі үшін маңызы бар болса, қосымша материалдар, егер мұндай материалдардағы деректер немесе мәліметтер қосымша тексеруді талап етпесе, үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жою және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған болса, істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу үшін негіз болуы мүмкін.»;

      39) 446-8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-8-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер

      Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бірінші саты үкімін және апелляциялық саты қаулысын өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) сот актілерінің күшін жояды және істі тоқтатады;
      3) апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және бірінші саты үкімін өзгеріссіз қалдырады;
      4) апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді;
      5) бірінші сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған болса, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралған болса, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді;
      6) бірінші саты үкімін және апелляциялық саты қаулысын өзгертеді;
      7) үкімнің күшін жояды және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жібереді;
      8) осы Кодекстің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.»;

      40) 446-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-9-бап. Кассациялық сатының үкімнің, қаулының күшін
                  жоюының немесе оларды өзгертуінің негіздері

      Кассациялық тәртіппен үкімнің, қаулының күшін жоюға немесе оларды өзгертуге:
      1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
      2) қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы;
      3) үкімнің әділетсіздігі негіз болып табылады.

      41) 446-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-12-бап. Үкімнің әділетсіздігі

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 52-бабының талаптарына сәйкес келмейтін жаза тағайындалған үкім әділетсіз деп танылады.
      2. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстің 446-17-бабының қағидалары бойынша үкімнің әділетсіздігіне байланысты оны өзгертуге құқылы.
      3. Егер үкім негізсіз ақтау, онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану салдарынан немесе жазаның шамадан тыс жеңілдігіне байланысты әділетсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот осы негіздер бойынша келтірілген прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, оның өкілінің шағымы болған кезде жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы.»;

      42) 446-15-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «446-15-бап. Істі жаңадан қарауға жібере отырып, үкімнің күшін
                   жою»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, кассациялық саты үкімнің заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылғанын анықтаған жағдайда ғана, іс жаңадан апелляциялық қарауға немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберіліп, үкімнің күші жойылуға жатады.»;

      43) 446-17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-17-бап. Yкімді өзгерту

      1. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда, кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы, сондай-ақ ол неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және тағайындалған жазаны күшейтуге құқылы.
      2. Кассациялық сатыдағы сот, егер шамадан тыс қатаңдығы салдарынан жаза әділетсіз деп танылса, сотталған адамға тағайындалған жазаны саралануын өзгертпестен төмендетуге құқылы.
      3. Кассациялық сатыдағы сот, егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала күзетпен ұстау мерзімін есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса, үкімдер мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтін қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерін ұлғайтуға құқылы. Кассациялық сатыдағы сот, сотталған адамға түзеу мекемесінің заңда көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл түрінің үкімде дәлелденбей тағайындалуының күшін жоюға және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес түзеу мекемесінің түрін тағайындауға құқылы.
      4. Кассациялық сатыдағы сот осы бапта көзделген сотталған адамның жағдайын нашарлататын өзгерістерді, егер осы негіздер бойынша прокурордың наразылығы енгізілсе немесе жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымдары берілген жағдайда ғана енгізуге құқылы.
      5. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді. Сот актісіне кассациялық шағымда (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ кассациялық шағым (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге өзіне қатысты кассациялық шағым берілген сотталған адаммен бірге қатысып жасалған қылмысты саралауды өзгерту кезінде ғана жол беріледі, бұл ретте олардың жағдайы нашарламайды. Сот прокурордың наразылығында немесе кассациялық шағымда көрсетілген сотталған адамдарға ғана қатысты жағдайларын нашарлату туралы шешім қабылдауға құқылы. Соттың сотталған адамның немесе оның қорғаушысының не өкілінің кассациялық шағымы бойынша оның жағдайын нашарлатуға құқығы жоқ.»;

      44) 446-18-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде кассациялық қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
      Кассациялық шағымда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қараудың нысанасы болып табылмайтын уәждер келтірілген жағдайда, сипаттау-дәлелдеу бөлікте жаңа уәждер негізсіз деп танылатын негіздер көрсетілуі тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Қаулының қарар бөлігінде кассациялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.»;

      45) 446-19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-19-бап. Кассациялық қаулы шығару

      1. Кассациялық қаулы осы Кодекстің 423-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, кеңесу бөлмесінде шығарылады.
      2. Кассациялық қаулы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.»;

      46) 446-20-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кассациялық сатының қаулысы ол шығарылғаннан кейін үш тәуліктен кешіктірілмей, іспен бірге үкім шығарған бірінші сатыдағы сотқа орындау үшін жіберіледі. Іс қосымша тергеуге жіберілген кезде кассациялық сатының қаулысы іспен бірге тиісті прокурорға жіберіледі. Бұл жағдайда үкім шығарған бірінші сатыдағы сотқа кассациялық саты қаулысының көшірмесі жіберіледі.»;

      47) 446-21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер қандай да бір себептер бойынша кейбір сотталған адамдарға қатысты белгіленген мерзімде берілген шағым немесе наразылық кассациялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін келіп түссе, сондай-ақ егер сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің кассациялық шағымы, осы сотталған адамға қатысты іс процеске басқа қатысушының кассациялық шағымы немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралып кеткеннен кейін келіп түскен болса, кассациялық сатыдағы сот мұндай  ағымды немесе наразылықты қарауға және ол бойынша қаулы шығаруға міндетті.»;

      48) 446-22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «446-22-бап. Үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші,
                   апелляциялық сатыда қарау

      1. Үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады.
      2. Егер айыптау тарапының кассациялық шағымында, наразылығында мұндай өтініш болса және оны кассациялық сатыдағы сот үкімнің күшін жою негіздерінің бірі ретінде көрсетсе, бірінші, апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан қараған кезінде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол беріледі.
      3. Істі жаңадан қараған кезде бірінші, апелляциялық сатыдағы сот:
      1) егер айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінде күші жойылмаса, сотталған адамды айыптаудың бастапқы үкіммен алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;
      2) егер бастапқы үкімнің күші айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша жойылғанымен, ол осы негіздерге байланысты болмаса, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеуді немесе жазаны неғұрлым қатаң режимдегі колонияда өтеуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес.»;

      49) 446-23-баптың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Істі жаңадан қараған кезде бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға болады.»;

      50) 447-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға жатады.
      2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, үкім апелляциялық сатының шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы қаулысы шығарылған күні заңды күшіне енеді.
      3. Бірінші сатыдағы сот үкім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға кіріседі.»;

      51) 448-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы, үкімі жария етілген кезінен бастап күшіне енеді.
      5. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары осы Кодекстің 423-1-бабында көзделген тәртіппен орындалады.»;

      52) 457-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «457-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық келтіру

      Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 46, 47 және 48-1-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.»;

      53) 50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауы»;

      54) 458-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы тәртібімен
                қайта қаралуы мүмкін сот актілері»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
      1) бірінші, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары олар кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана;
      2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасында қайта қаралуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, Бас прокурор бірінші сатыдағы соттың апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қаралмаған үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың кассациялық тәртіппен қайта қаралмаған үкімдері мен қаулыларына наразылық келтіруі мүмкін.»;

      55) 459-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын
                сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау негіздері

      1. Істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының:
      1) кінәсізді соттауға;
      2) ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз тоқтатуға;
      3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
      4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;
      5) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеуге;
      6) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға негіз болып табылады.
      2. Заңды күшіне енген сот актілері де, егер:
      1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса;
      2) үкіммен адам өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталса;
      3) осы Кодекстің 446-21-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным бар болса, сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралады.
      3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.»;

      56) 460-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын
                сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш
                жасауға, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен
                қаулыларына наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар»;
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы жүгінулер өтініш жасау деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.
      2. Бас прокурор заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.
      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Прокурордың істі талап ету туралы сауалын сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей орындайды. Сауалдар байланыс арналары пайдаланылып жіберілуі мүмкін.
      Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын енгізу туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қарауы тиіс.»;

      57) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне сот қадағалауы
                тәртібімен шағымдану мерзімдері

      1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге де негіздер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш жасау, наразылық беру мерзіммен шектелмейді.
      2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкелетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш, наразылық беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.
      3. Соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы заңды күшіне енген қаулысына өтінішті, наразылықты, егер іс бойынша қосымша тергеу жүргізілмесе немесе оны сот қабылдамаса, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау туралы өтiнiш жасауға, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар сот қаулысын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде беруі мүмкін.»;

      58) 467-бапта:
      алтыншы бөліктің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) үкімнің және кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, сондай-ақ егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралса, істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Егер істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.»;

      59) 469-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртiбiмен жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған жағдайда ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкiмге iстi жаңадан талқылау кезiнде жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық келтірілуi мүмкiн.»;

      60) 476-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы
                мәселені шешуі

      Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот, ал алқабилер қатысқан істер бойынша - судья жеке-дара шешеді. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық саты қаулысы шығарылса – сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше көрсетілген сатылар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралған болса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Іс кассациялық және қадағалау сатыларында істерді көрсетілген сатыларда қарау үшін белгіленген қағидалар бойынша алқалы түрде қаралады. Тиісінше көрсетілген сот сатылары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жөнінде іс жүргізуді қайта бастауға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыларына шағымдарды қарайды.»;

      61) 478-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «478-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу

      Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеу және сот талқылауы, сондай-ақ шығарылған жаңа сот шешiмдерiне шағым жасау және наразылық келтіру осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
      Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс бойынша сот талқылауын бірінші сатыдағы сот алқабилердің қатысуымен жаңа құрамда жүзеге асырады.»;

      62) 518-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына – осы Кодекстің 47-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, ісі қаралған адамның заңды өкілі немесе жақын туысы осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген кассациялық тәртіппен шағымдануы, сондай-ақ прокурор наразылық келтіруі мүмкін. Осы Кодекстің 511-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесі бұған кедергі жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.»;

      63) 61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «61-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енбеген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi»;

      64) 574-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «574-бап. Алқабилердің қатысуымен сот шығарған, заңды күшіне
                енбеген үкімдер мен қаулыларға шағымдану және
                наразылық келтіру

      Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық келтіру тәртібі, осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 46 және 47-тарауларында көзделген қағидалармен айқындалады.»;

      65) 575-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi
                апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:»;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте, кассациялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
      3. Қылмыстық iс жүргiзу заңын прокурордың, жәбiрленушiнің немесе оның өкiлінің дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылықтар, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген, оның ішінде жол берілетін дәлелдемелер негізсіз алып тасталған жағдайларды қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкiмi апелляциялық сатыда күшін жоймауға тиiс.»;

      66) 62-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi

      575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген
                 үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта
                 қайта қарау

      1. Егер сот талқылауы барысында қылмыстық іс жүргізу заңын:
      1) үкімді алқабилер алқасының заңсыз құрамымен шығаруына әкеп соққан;
      2) жәбірленушіні сотта қорғалу құқығынан айырған елеулі түрде бұзушылықтарға жол берілсе, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімін және апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауға жол беріледі.
      2. Мыналар:
      1) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс айқындамау;
      2) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеу;
      3) үкімді орындау тәртібімен заңсыз қаулы да қайта қаралуға жатады.
      3. Кассациялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберіледі.

      576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген
               үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау

      Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау туралы iс жүргізу осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген негiздер бойынша және тәртіппен облыстық және оған теңестірілген соттардың кассациялық сатысында жүзеге асырылады. Жоғарғы Соттың алқасында қайта қарау кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана осы Кодекстің 459-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мүмкiн болады.

      577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімін,
               қаулысын қайта қараған кезде сотталған адамның
               жағдайын нашарлатуға жол бермеу

      Соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.».

      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар;  2012 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      134-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру»;
      216-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «216-бап. Шешімді жария ету»;
      220-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      229-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «229-бап. Шешім жасау»;
      344-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «344-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасау, наразылық келтіру»;
      360-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны»;
      368-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің күшіне енуі»;
      42-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына шағым жасау және наразылық келтіру»;
      383-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртіппен кассациялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы»;
      383-21-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының кассациялық тәртіппен күшін жою негіздері»;
      383-22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері»;
      391-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны»;

      2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «37-бап. Соттың құрамы

      1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.
      2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.
      3. Iстердi кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады, оның міндетін тиісінше облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиісті алқасының төрағасы не олардың тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады.»;

      3) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «39-бап. Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол
               берілмейтіндігі

      1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісі күшін жойған жағдайда апелляциялық сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
      3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
      4. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда, аталған сатыларда осы iстi қарауға қайта қатыса алмайды.
      5. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарау кезінде қатыса алмайды.»;

      4) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық немесе төрелік сотқа беруді, медиация жүргізу туралы келісім не медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасуды, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), сот актісіне шағым жасауды, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.»;

      5) 128-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің аудармасы жоқ көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеулер), сондай-ақ оған уақытында шағым немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.»;

      6) 129-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қажет болған жағдайларда, іске қатысушы адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар тапсырылғаны туралы хабарлай отырып, тапсырыстық хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша қысқа мәтіндік хабарлама арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»;
      «4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.»;

      7) 130-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада:
      1) хабардар етілетін немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не ұйымның атауы);
      2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;
      3) келетін жері мен уақытын көрсету;
      4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша атауы;
      5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
      6) хабарлама жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.
      Хабарламаның жіберілгендігін растайтын құжат істің материалдарына қоса тіркеледі.»;

      8) 134-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы
                байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық
                мекенжайды ауыстыру

      Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткізілді деп есептеледі.»;

      9) 146-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «жергілікті» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 149-баптың үшінші бөлігіндегі «Жергілікті» деген сөз «Тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 150-баптың екінші бөлігінде:
      2) тармақша «өкілдің атауы мен мекенжайы» деген сөздерден кейін «, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;»;

      12) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «167-бап. Істі сот талқылауына әзірлеу мерзімдері

      Азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, ерекше күрделі істер бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша айрықша жағдайларда, бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.»;

      13) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «216-бап. Шешiмді жария ету

      1. Соттың шешімі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін, судья сот отырысы залында сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді және шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.
      2. Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге оның көшірмесін қашан алуға болатынын жариялауға міндетті.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.»;

      14) 220-бап алып тасталсын;

      15) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «229-бап. Шешім жасау

      Іс талқыланғаннан кейін дереу шешім шығарылады. Дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жарияланған қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалына тіркелуге тиіс.»;

      16) 235-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.»;

      17) 242-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) тараптар медиацияны жүргізу туралы келісім жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімі ұзартылған кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауы тиіс.»;

      18) 243-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған;
      3) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын ауруы болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған;»;

      19) 257-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары сот отырысының хаттамасына тіркеледі және іс материалдарымен бірге сақталады.»;

      20) 259-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелерді қарау

      1. Хаттамаға жасалған ескертпелерді оған қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады.
      2. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда олар істі қарауға қатысқан адамдарға хабарлана отырып, сот отырысында қаралады. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға ескертпелерді қарау үшін кедергі болып табылмайды. Ескертпелерді қарау нәтижесінде төрағалық етуші олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе ішінара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды, бірақ ұйғарымға қарсылық апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін. Барлық ескертпелер іске тіркеледі.
      3. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап бес күн ішінде қаралуға тиіс.
      4. Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар іс материалдарына тіркеледі.»;

      21) 336-баптағы «қаулы», «қаулысына» деген сөздер тиісінше «ұйғарым», «ұйғарымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 337-бапта:
      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:
      1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарымдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;»,

      23) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «344-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру,
                наразылық келтіру

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы, істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына, осы Кодекстің 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруі (келтіруі) мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
      2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына жеке шағымдар мен наразылықтар берілмейді, бірақ бұл ұйғарымдарға қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.
      3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық келтірілген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына шешімге шағым беруге белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым жасалса, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.
      4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық сол ұйғарымды шығарған сотқа беріледі. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алған соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге міндетті. Қарау нәтижелері бойынша:
      1) ұйғарымды – өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
      2) ұйғарымның күшін толық немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
      3) ұйғарымның күшін толық немесе бір бөлігінде жою;
      4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.
      5. Апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»;

      24) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

      Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында белгіленген жағдайда және тәртіппен жеке ұйғарым шығаруы мүмкін.»;

      25) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «349-бап. Істі қарау мерзімдері

      Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
      Егер жаңа материалдарды, дәлелдемелерді зерттеуге және жаңа шешiм шығаруға қажеттілік болса, онда апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралуға тиіс.»;

      26) 355-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «3-1. Тараптар өздеріне бірінші сатыдағы сот жауап алуға рұқсат бермеген куәларды шақыру және олардан жауап алу туралы және зерттеуге рұқсат бермеген дәлелдемелерді талап ету туралы өтініштер мәлімдеуге құқылы.»;

      27) 357-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда дәлелді сот актісі iстi қараған күннен бастап бес күн мерзiмде жазылып, оған судья қол қояды.»;

      28) 358-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      29) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «359-бап. Апелляциялық сатының сот актілері

      1. Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді шығарады:
      1) осы Кодекстің 341-бабының екінші бөлігі мен 358-бабының 1), 2), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаулы;
      2) осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда шешім;
      3) ұйғарым.
      2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күн ішінде шығарылуға тиіс.»;

      30) 360-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны

      1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; іске қатысушы басқа тұлғалар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәні; бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы; бірінші сатыдағы сот шешім немесе ұйғарым шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуге тиіс.
      2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
      1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
      2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негіздемелері;
      3) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруының, оның күшін жоюының не оны өзгертуінің негіздері;
      4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары көрсетіледі.
      3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымдар, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодекспен көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
      Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, қаулының дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждер негізсіз деп танылған негіздемелер көрсетілуге тиіс.
      4. Осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда қабылданған апелляциялық шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      5. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша шешім, қаулы шығаруға немесе шығарылған шешімнің, қаулының мәнін өзгертпей оны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер жөніндегі шешімі, қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.»;

      31) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің
                заңды күшіне енуі

      Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.»;

      32) 42-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру»;

      33) 383-1 және 383-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың
                  заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және
                  ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағымдану және
                  наразылық келтіру құқығы

      1. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.
      2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттар олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.
      3. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтіру құқығы істі осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы.

      383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын
                 соттар

      Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.»;

      34) 383-4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кассациялық шағым немесе наразылық бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі, қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.»;

      35) 383-5-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің, қаулының және ұйғарымның көрсетілуін;
      4) шешімнің, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместігі, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші неге саятындығының көрсетілуін;»;

      36) 383-6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған қаулы, шешім және ұйғарым көрсетілмеген немесе барлық қажетті көшірмелер қоса тіркелмеген кассациялық шағым немесе наразылық берілген кезде облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.»;

      37) 383-7-баптың 3) тармақшасындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) қарауға тағайындалған істер туралы прокурорға хабарлауға міндетті.»;

      38) 383-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

      Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген шешімдердің, қаулылардың және ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.»;

      39) 383-15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.»;

      40) 383-17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «383-17-бап. Істі баяндау

      Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.»;

      41) 383-20383-21383-22 және 383-23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

      Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
      1) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын және ұйғарымын – өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, бірінші сатыдағы сотқа немесе егер кассациялық саты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, апелляциялық сатыдағы, бірақ судьялардың өзге құрамындағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
      3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;
      4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға;
      5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші сатыдағы соттың шешімінің немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының күшін жойып, шешімді қаулыны, ұйғарымды өзгертуге немесе жаңа сот актісін шығаруға құқылы.

      383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың
                  заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және
                  ұйғарымдарының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың
                  негіздері

      Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күші осы Кодекстің 364-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға жатады.

      383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

      1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар нысанында шығарылады.
      2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында:
      1) қаулының шығарылған күні мен орны;
      2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
      3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
      4) шағым жасалған бірінші және/немесе апелляциялық сатылардағы соттың актісінің, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
      5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
      3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде кассациялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу немесе оны жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
      Кассациялық шағымда, наразылықта бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждерді негізсіз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс.
      4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда жасалып болуға тиіс. Іс материалдарына қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.
      5. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны түсіндiруге құқылы. Кассациялық сатыдағы соттың аталған мәселелер бойынша қаулысы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.

      383-23-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысының заңды күші

      Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.»;

      42) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жататын сот
                актілері

      1. Жергілікті және өзге де соттардың заңды күшіне енген сот актілерін, оларға шағым жасалудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, іске қатысушы адамдардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.
      Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшіне енген бірінші сатыдағы соттың шешімі немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының жергілікті және өзге соттарының заңды күшіне енген, кассациялық тәртіппен шағым берілмеген актілері сот қадағалауы тәртібімен тексеруге жатпайды.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін айрықша жағдайларда сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.»;

      43) 385-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтініштерді тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына беруі мүмкін.»;

      44) 386-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшіне енген қаулысына осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың актілерін кемінде бес судья құрамында қарайды.»;

      45) 387-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзу заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.»;

      46) 391-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау
                наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін сот актісіне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер:»;

      47) 393-баптың бірінші бөлігіндегі «актісін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау» деген сөздер «актісіне сот қадағалауы тәртібімен дау айту» деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 397-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «заңдылығы мен негізділігін» деген сөздер «заңдылығын» деген сөзбен ауыстырылсын;

      49) 398-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың шешімінің күшін толық немесе бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс және қандай қаулының қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;»;

      50) 399-баптың бірінші бөлігіндегі «апелляциялық сатыдағы актілер» деген сөздер «апелляциялық қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «403-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші
                жойылғаннан кейін істі қарау

      1. Қадағалау тәртібімен сот актілерінің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс.
      2. Бұрын қабылданған сот актілерінің апелляциялық, кассациялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылғаннан кейін шығарылған жаңа сот актілеріне өтініш, наразылық олардың күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде берілуі, келтірілуі мүмкін.».

      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      548-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасаған;».

      4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 8-тармағындағы «34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат):

      1) 23-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қажет болған жағдайда, тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, медиацияны жүргізу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.»;

      2) 27-баптың 5-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте төленген мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.».

      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      3-бап. 2012 жылғы 1 шілдеге дейін іс жүргізуге қабылданған, соттарда жатқан істерді қарау осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылып келген іс жүргізу заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады