Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 795 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.12.2016 № 795 қаулысымен.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай міндеттерді іске асыру үшін «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын:
      1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары (бұдан әрі – ҒА) транспондерлерін ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсету.
      2. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ғарыштық байланыс жүйелерін құруда және дамытуда бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;
      2) ғарыштық байланыс жүйелерін техникалық пайдалану және оларды басқару;
      3) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ҒА транспондерлерін ұсыну жөнінде қызметтер көрсету;
      4) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық ҒА транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ҒА қамту аймақтарын кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау.
      3. Мынадай міндеттерді іске асыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын:
      1) ғарыш түсірілімдерін жоспарлау;
      2) Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) деректерін алу;
      3) ЖҚЗ деректерін өңдеу;
      4) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ЖҚЗ деректерін тарату.
      4. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыштық жүйесін құру, пайдалану және дамыту;
      2) таратылатын ЖҚЗ деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру, енгізу және дамыту;
      3) жоспарлы ғарыш түсірілімдерін, шұғыл түсірілімдерді орындау және мұрағаттық ғарыш суреттерін беру;
      4) ЖҚЗ деректерін алу үшін ҒА жобалау, өндіру, сынау және пайдалану саласындағы технологиялар трансферті;
      5) ЖҚЗ деректерін өңдеу кезінде тұтынушыларды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету және табиғи ресурстардың, инфрақұрылымның, төтенше жағдайлар туындау тәуекелдерінің, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі туралы геокеңістікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
      6) қызметтер мен ғарыш түсірілімдерінің өнімдерін және өңделмеген шикі ЖҚЗ деректері түріндегі геокеңістікті ақпаратты, ғарыш түсірілімдерінің ортофотожоспарлары, рельеф пен жердің цифрлы модельдері, геоақпараттық жүйелер түріндегі өңделген деректерді ұсыну;
      7) ЖҚЗ деректерін қабылдау және өңдеу негізінде қазақстандық және шетелдік пайдаланушыларға геокеңістікті ақпарат пен қызметтер ұсыну;
      8) геокеңістікті ақпаратты және қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларға ұсынуды қамтамасыз ету;
      9) ЖҚЗ деректері мен қызметтер нарығына қатысушылар қызметін жүйелі және технологиялық үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесін Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігімен, салалық және ведомстволық бақылау және басқару жүйелерімен ақпараттық тоғыстыру;
      10) геоақпараттық қызметтерді инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау, ЖҚЗ деректерінің негізінде бәсекеге қабілетті өнімдер, сервистер және қызметтер құру үшін ұлттық ғылыми-зерттеу және өндірістік ресурстар ықпаладастығын және шоғырлануын жүзеге асыру және оларды ЖҚЗ деректерін жоспарлау мен тарату кезінде бұқаралық нарыққа шығару;
      11) ғарыш түсірілімдерін жоспарлау кезіндегі ЖҚЗ деректерінің әлемдік нарығын зерттеу, ЖҚЗ деректерін, қызметтерін өткізу, жерүсті және ғарыштық операторларымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      12) аса жоғары, жоғары, орта және төмен кеңістікті айыру қабілетімен ғарыш түсірулерді қабылдау және өңдеу негізінде қызметтерді ұсыну;
      13) ЖҚЗ деректерін тарату кезінде Қазақстан Республикасының кеңістікті деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру және оны енгізу мен дамытуды үйлестіру, Қазақстан Республикасының кеңістікті деректерінің ұлттық инфрақұрылымын кеңістікті деректер инфрақұрылымының халықаралық жүйесіне ықпалдастыру іс-шараларын жүзеге асыру.
      5. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында спутниктік навигациялық қызметтерді ұсыну міндетін іске асыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
      6. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін (бұдан әрі – ДжСНЖ) құру, пайдалану және дамыту, дифференциалдық станциялар желісін кеңейту;
      2) спутниктік навигациялық қызметтерді ұсыну және ілгерілету;
      3) спутниктік навигациялық қызметтер саласындағы қызметті нормативтік қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік органдарды және басқа да тұтынушыларды жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің (бұдан әрі – ЖНСЖ) навигациялық-уақыттық өрістерінің және олардың функционалдық толықтыруларының жай-күйі туралы спутниктік навигациялық деректермен ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      5) көлік процестерін диспетчерлеуді және маңызды объектілердің мониторингін, өңірлік және өңіраралық интермодальді тасымалдауды үйлестіруді қамтамасыз ететін қызметтерді ұсыну;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және басқа да тұтынушылардың мүддесінде құрылатын және енгізілетін навигациялық жүйелердің аппараттық құралдарын біріздендіруді, стандарттауды және сертификаттауды қамтамасыз ету;
      7) ЖНСЖ пайдаланушы қосымшаларын дамыту және ілгерілету;
      8) ДжСНЖ навигациялық-уақыттық ақпаратының негізінде тұтынушыларға координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) ұсыну жөніндегі басқарушы ұйым ретінде әрекет ету;
      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларға қызметтер ұсынуды қамтамасыз ету;
      10) қызметтер нарығына қатысушылардың қызметін жүйелі және технологиялық үйлестіруді жүзеге асыру, ДжСНЖ-ны Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігімен, салалық және ведомстволық бақылау және басқару жүйелерімен ақпараттық тоғыстыру;
      11) навигациялық және геоақпараттық қызметтерді инновациялық дамыту үшін жағдай жасау, ЖНСЖ пайдалана отырып бәсекеге қабілетті өнімдер жасау, сервистер мен қызметтер көрсету үшін ұлттық ғылыми-зерттеу және өндірістік ресурстарды ықпалдастыру мен шоғырлануды жүзеге асыру және оларды бұқаралық нарыққа шығару;
      12) навигациялық қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу, қызметтерді өткізу, ЖНСЖ және оның функционалдық қосымшаларының операторларымен халықаралық ынтымастықты жүзеге асыру;
      13) ЖНСЖ навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асыру;
      14) ЖНСЖ дифференциалдық түзету жүйесінің деректерін пайдалана отырып қызметтерді ұсыну;
      15) навигациялық аппаратураны өткізуді қамтамасыз ету, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетуді және оқытуды жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДжСНЖ мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Об определении национальных операторов космических систем, а также их задач и функций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 721. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2016 года № 795

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.12.2016 № 795.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      В соответствии с подпунктом 12) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить национальным оператором космической системы связи акционерное общество «Республиканский центр космической связи» для реализации следующих задач:
      1) обеспечение технической эксплуатации космической системы связи;
      2) оказание услуг по предоставлению транспондеров космических аппаратов (далее – КА) физическим и (или) юридическим лицам.
      2. Для выполнения возложенных задач национальный оператор космической системы связи осуществляет следующие функции:
      1) участие в планировании, формировании и анализе инвестиционных проектов и программ государственных органов в целях реализации единой технической политики в создании и развитии космических систем связи;
      2) техническую эксплуатацию космических систем связи и управление ими;
      3) оказание услуг по предоставлению транспондеров КА физическим и (или) юридическим лицам;
      4) взаимодействие с иностранными операторами космической связи в целях резервирования транспондеров национальных КА, а также расширения зон покрытия национальными КА за пределами Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом в области связи.
      3. Определить национальным оператором космической системы дистанционного зондирования Земли акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» для реализации следующих задач:
      1) планирование космических съемок;
      2) получение данных дистанционного зондирования Земли (далее – ДЗЗ);
      3) обработка данных ДЗЗ;
      4) распространение данных ДЗЗ физическим и (или) юридическим лицам, государственным органам Республики Казахстан.
      4. Для выполнения возложенных задач национальный оператор космической системы дистанционного зондирования Земли осуществляет следующие функции:
      1) создание, эксплуатация и развитие космической системы ДЗЗ Республики Казахстан;
      2) создание, внедрение и развитие национальной инфраструктуры пространственных данных Республики Казахстан на основе распространяемых данных ДЗЗ;
      3) выполнение плановых космических съемок, оперативных съемок и предоставление архивных космических снимков;
      4) трансферт технологий в области проектирования, производства, испытаний и эксплуатации КА для получения данных ДЗЗ;
      5) информационно-аналитическое обеспечение потребителей при обработке данных ДЗЗ и обеспечение геопространственной информацией о состоянии природных ресурсов, инфраструктуры, рисков возникновения чрезвычайных ситуаций, обеспечения обороны и безопасности Республики Казахстан;
      6) предоставление услуг и продуктов космических съемок и геопространственной информации в виде сырых необработанных данных ДЗЗ, обработанных данных в виде ортофотопланов космических снимков, цифровых моделей рельефа и местности, геоинформационных систем;
      7) предоставление геопространственной информации и услуг казахстанским и иностранным пользователям на основе приема и обработки данных ДЗЗ;
      8) обеспечение предоставления геопространственной информации и услуг государственным органам и организациям Республики Казахстан, юридическим и физическим лицам;
      9) осуществление системной и технологической координации деятельности участников рынка данных ДЗЗ и услуг, информационное сопряжение космической системы ДЗЗ Республики Казахстан с единым информационным пространством Республики Казахстан, отраслевыми и ведомственными системами контроля и управления;
      10) создание условий для инновационного развития геоинформационных услуг, осуществление интеграции и концентрации национальных научно-исследовательских и производственных ресурсов для создания конкурентоспособных продуктов, сервисов и услуг на основе данных ДЗЗ и их вывод на массовый рынок при планировании и распространении данных ДЗЗ;
      11) при планировании космических съемок исследование мирового рынка данных ДЗЗ, реализация данных ДЗЗ, услуг ДЗЗ, осуществление международного сотрудничества с операторами космических и наземных систем ДЗЗ;
      12) предоставление услуг на основе приема и обработки космических съемок сверхвысокого, высокого, среднего и низкого пространственного разрешения;
      13) при распространении данных ДЗЗ создание и осуществление координации по внедрению и развитию национальной инфраструктуры пространственных данных Республики Казахстан, мероприятий по интеграции национальной инфраструктуры пространственных данных Республики Казахстан в международную систему инфраструктуры пространственных данных.
      5. Определить национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» для реализации задачи предоставления спутниковых навигационных услуг на всей территории Республики Казахстан.
      6. Для выполнения возложенной задачи национальный оператор системы высокоточной спутниковой навигации осуществляет следующие функции:
      1) создание, эксплуатация и развитие системы высокоточной спутниковой навигации (далее – СВСН), расширение сети дифференциальных станций;
      2) предоставление и продвижение спутниковых навигационных услуг;
      3) нормативное обеспечение деятельности в области спутниковых навигационных услуг;
      4) информационно-аналитическое обеспечение государственных органов и других потребителей спутниковыми навигационными данными о состоянии навигационно-временных полей глобальных навигационных спутниковых систем (далее – ГНСС) и их функциональных дополнений;
      5) предоставление услуг, обеспечивающих диспетчеризацию транспортных процессов и мониторинг важных объектов, координацию региональных и межрегиональных интермодальных перевозок;
      6) обеспечение унификации, стандартизации и сертификации создаваемых и внедряемых в интересах государственных органов Республики Казахстан и других потребителей аппаратных средств навигационных систем;
      7) развитие и продвижение пользовательских приложений ГНСС;
      8) выступление в качестве управляющей организации по предоставлению координатно-временных и навигационных услуг (далее – услуги) потребителям, на основе навигационно-временной информации СВСН;
      9) обеспечение предоставления услуг государственным органам и организациям Республики Казахстан, юридическим и физическим лицам;
      10) осуществление системной и технологической координации деятельности участников рынка услуг, информационное сопряжение СВСН с единым информационным пространством Республики Казахстан, отраслевыми и ведомственными системами контроля и управления;
      11) создание условий для инновационного развития навигационных и геоинформационных услуг, осуществление интеграции и концентрации национальных научно-исследовательских и производственных ресурсов для создания конкурентоспособных продуктов, сервисов и услуг с использованием ГНСС и их вывод на массовый рынок;
      12) исследование мирового рынка навигационных услуг, реализация услуг, осуществление международного сотрудничества с операторами ГНСС и их функциональных дополнений;
      13) осуществление контроля целостности навигационного поля ГНСС;
      14) предоставление услуги с использованием данных системы дифференциальной коррекции ГНСС;
      15) обеспечение реализации навигационной аппаратуры, осуществление сервисного обслуживания и обучение потребителей;
      16) реализация государственной политики в области защиты государственных информационных ресурсов СВСН в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов