Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11300 тіркелді.

      "Ғарыш қызметi туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 524 бұйрығымен бекітілді

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.05.2019 № 102/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалардың қолданылу аясы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсетумен байланысты құқықтық қатынастары.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғарыш аппараты транспондерінің сыйымдылығы – транспондерлердің жиілік-энергетикалық ресурсы;

      2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;

      3) ғарыш аппаратының транспондері (бұдан әрі – транспондерлер) – ғарыш аппаратына орнатылған және Жер–ғарыш–Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;

      4) ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      5) спутниктік байланыстың жер станциясы – Жердің бетінде орналасқан және бір немесе бірнеше ғарыш аппараттарымен немесе бір немесе бірнеше қайталайтын ғарыш аппараттарының көмегі арқылы осыған ұқсас жер станцияларымен немесе ғарыштағы басқа да объектілермен байланысты жүзеге асыруға арналған станция;

      6) спутниктік байланыстың жер станциясының ғарыш аппаратына қолжетімділігі – ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы беретін, спутниктік байланыстың жер станцияларының транспондерлерге қосылуының техникалық мүмкіндігін растайтын құжат.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2016 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2019 № 102/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлердің қызметтерін ұсыну тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.05.2019 № 102/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтерді алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторына (бұдан әрі – ұлттық оператор) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге өтінім береді.

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айлар бөлінісіндегі ғарыш аппараттары транспондерлерін жүктеу кестесі;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылатын спутниктік байланыс арналарының параметрлері;

      3) осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес пайдалануға жоспарланып отырған спутниктік байланыстың жер станцияларының тізбесі.

      5. Ұлттық оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және қарау нәтижелері бойынша өтінім берушіні транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсету мүмкіндіктері туралы хабардар етеді немесе дәлелді бас тартуды құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жібереді.

      6. Ұлттық оператор мынадай жағдайларда транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсетуден:

      1) өтініш беруші ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынса;

      2) транспондерлер бос болмаса немесе резервтелген болса;

      3) транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсетудің техникалық мүмкіндігі болмағанда бас тартады.

      7. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсету мүмкіндігі туралы хабардар еткенде осы қызметтерге үлгілік шарттың жобасы қоса беріледі. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтерді көрсету шартына хабарлама жіберілген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қойылады.

      8. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтерді көрсету шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жер станцияларының қолжетімділігін алуы тиіс.

      9. Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жер станцияларының қолжетімділігінің техникалық талаптарын ұлттық оператор айқындайды және өзіне спутниктік байланыстың жер станцияларын сынауды қамтиды.

  Жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерін ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге өтінім

      1. Өтініш беруші ____________________________________________________

      (заңды тұлға атауы) Т.А.Ә.

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің мекенжайы (заңды және почталық) _________________

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің деректемелері ___________________________________

      (банктік деректемелері, сәйкестендіру

      нөмірі (ЖСН,БСН) резиденттік елде салықты тіркеу нөмірі)

      4. Телефон, факс, интернет-ресурс ___________________________________

      5. Байланысатын тұлға _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      6. Сұрау салынған жиілік-энергетикалық ресурс _______________________

      _____________________________________________________________________

      (ғарыш аппаратының атауы, сұрау салынған ресурс көлемі, МГц)

      6.1. Ресурсты пайдаланудың барлық мерзіміне МГц жалпы көлемі ________

      7. Ресурсты пайдалануды бастау ______________________________________

      (күні, айы, жылы)

      8. Пайдаланудың жоспарлы мерзімі ____________________________________

      (ай, жыл саны)

      9. Өтініш берушінің айрықша талаптары _______________________________

      Өтінімге берілетін қосымшалар:

      1. Айлар бөлінісіндегі ғарыш аппараттары транспондерлерін жүктеу кестесі.

      2. Ұйымдастырылатын спутниктік байланыс арналарының параметрлері.

      3. Пайдалануға жоспарланып отырған спутниктік байланыстың жер станцияларының тізбесі.

      Басшы______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қолы_______________________

      Күні______________________

      М.О.

  Жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерін ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Айлар бөлінісіндегі ғарыш аппараттары
транспондерлерін жүктеу кестесі

р/с №

Кезең, ай-жыл

Жүктелетін ресурс, МГц











      Басшы_________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қолы__________________________

      Күні_________________________

      М.О.

  Жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерін ұсыну қағидаларына
3-қосымша

Ұйымдастырылатын спутниктік байланыс арналарының параметрлері

Параметрлер

Параметрлердің мәндері

1 арна үшін

2 арна үшін

3 арна үшін

№* арна үшін

Спутниктік байланыстың таратушы жер станциясының белгісі (сәйкестендіру нөмірі**)





Спутниктік байланыстың қабылдаушы жер станциясының белгісі (сәйкестендіру нөмірі**)





Ақпараттық жылдамдық, кбит/с





Қызмет арнасының ақпараттық жылдамдығы, кбит/с





Модуляция түрі





Кодтың салыстырмалы жылдамдығы





Блоктық кодтау (мысалы: Рида-Соломон коды және т.б.)





Бір бит энергиясының шу қуатының спектрлі тығыздығына қатынасы, дБ





Тасушы/шу қатынасы, дБ





Қосымша мәліметтер (айрықша талаптар)






      Ескертпе:

      * Ғарыш аппараты арқылы бір уақытта жұмыс жасайтын арналардың саны

      ** Спутниктік байланыстың жер станцияларының сәйкестендіру нөмірлері мынадай тәртіппен беріледі:

      ААА-ВВВ-XXXХ, мұнда

      ААА – өтініш берушіге тиесілігі (мысалы: "Достық" ЖШС - DOS);

      ВВВ – спутниктік желінің атауы немесе спутниктік байланыстың жер станцияларының орналасқан жері (мысалы: SkyStar Advantage – SSA желісі; Алматы қ. – ALM);

      XXXХ – станцияның төрт таңбалы коды (желідегі реттік нөмірі).

      Егер өтініш беруші осы сәтте ұлттық оператордың есептік кешенінің деректер базасында жоқ модуляция түрі мен сигналдар кодын пайдаланса, онда өтінім беруші иеленетін жолақты есептеуді дербес жүргізуге және нәтижелерін ұлттық операторға беруге құқылы. Өтініш беруші спутниктік байланыстың жер станцияларының параметрлері бойынша толық ақпаратты 4-қосымшаға сәйкес ұсынады. Ұлттық оператор өз кезегінде өтініш берушінің сигналдар параметрінің ұсынылған ақпаратқа сәйкестігіне өлшеуді жүргізеді.

      Басшы______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қолы_______________________

      Күні______________________

      М.О.

  Жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерін ұсыну қағидаларына
4-қосымша

Пайдалануға жоспарланып отырған спутниктік байланыстың жер
станцияларының тізбесі

Параметрлер

Параметрлердің мәні

№ 1 спутниктік байланыстың жер станциясы үшін

№ 2 спутниктік байланыстың жер станциясы үшін

№ 3спутниктік байланыстың жер станциясы үшін

№__

спутниктік байланыстың жер станциясы үшін

Спутниктік байланыстың жер станциясының cәйкестендіру нөмірі*





Орналасқан елі*





Жақын орналасқан елді мекеннің атауы *





Мекенжайы (почталық индекс көрсетілген)*





Әкімшіліктің телефоны, факсы, e-mail





Ауысымдық персоналдың телефоны, факсы, e-mail*





Бойлық, град: мин: сек*





Ендік, град: мин: сек*





Теңіз деңгейінен биіктігі, м*





Антеннаның диаметрі, м





Антеннаның жасаушысы (түрі)





Автосүйемелдеу жүйесінің болуы





Сапалылықтың номиналды мәні, дБ/оК





Антеннаның қабылдауын күшейту, дБи





Антеннаның қабылдауын күшейтудің өлшеу жиілігі, МГц (шығарушының деректері бойынша)





Шуы аз күшейткіштің шу температурасы, оК





Қабылдаудың антенналық-толқын өткізгіш жолындағы шығындар, дБ





Таратудың жиілік диапазоны, МГц





Антеннаның таратуын күшейту, дБи





Антеннаның таратуын күшейтудің өлшеу жиілігі, МГц (шығарушының деректері бойынша)





Ең жоғарғы баламалы изотропты сәуле шығару қуаты, дБВт





Ең төменгі орнатудың баламалы изотропты сәуле шығару қуаты, дБВт





Баламалы изотропты сәуле шығару қуатының мәнін орнату қадамы, дБВт





Баламалы изотропты сәуле шығару қуатын ұстаудың дәлсіздігі, дБВт





Баламалы изотропты сәуле шығару қуатында бақылау блогының болуы





Таратқыштың қуаты, Вт*





Таратудың антенналық-толқын өткізгіш трактындағы шығындар, дБ





Таратқыш түрі (қума толқыны лампасы, қатты дене және т.б.)





Кроссполяризациялық шешіліс, дБ





Қосымша мәліметтер






      Ескертпе: * Спутниктік байланыстың бір типтік жер станциялары үшін әр типтің бір станциясы үшін ғана барлық жолдар толтырылуы қажет, ал осы типтегі қалған станциялар үшін "*" жолдарда белгіленген деректер бөлек тізіммен қоса берілуі қажет.

      Басшы______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қолы______________________

      Күні_______________________

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады